"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.
2. Жаңақала ауданы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2022 жылғы 5 наурыздағы №37 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27125 болып тіркелген).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Кажиев |
2025 жылғы 30 қаңтардағы № 8 қосымша |
Жаңақала ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№ | Орналасқан орны | Алатын алаңы (шаршы метр) | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл) | Қызмет саласы | Жақын маңдағы инфрақұрылым (тауарлардың ұқсас ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері) |
1 | Жаңақала ауылдық округі, Жаңақала ауылы, Сапаров көшесімен Тайманов көшесінің қиылысы "Жігер" сауда үйінің жанында | 120 | 5 | Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларын сату | "Болашақ" дүкені |