Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаратөбе ауданы әкiмдiгiнiң "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 142 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26424 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 1- тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауданының әкімі | К. Суйеугалиев |