Жалпы типтес орта бiлiм беретiн мектеп-интернатта балаларды оқыту және тәрбиелеу үшiн қолайлы жағдай туғызу және жұмысты одан әрi жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы және Денсаулық сақтау министрлiктерi мен келiсiлген жалпы типтес орта бiлiм беретiн мектеп-интернаттар туралы Ереже күшiне енгiзiлсiн.
2. Облыстық, Алматы қалалық бiлiм басқармаларына:
2.1. Осы бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын.
2.2. Бұйрықты және жалпы типтес орта бiлiм беретiн мектеп-интернаттар туралы Ереженi барлық аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiне және мектеп-интернаттарға жеткiзсiн.
3. ССРО Халыққа бiлiм беру мемлекеттiк комитетi бекiткен уақытша жалпы типтес орта бiлiм беретiн мектеп-интернаттар туралы Ереженiң 13.07.1990 ж. күшi жойылған болып есептелсiн.
4. Осы бұйрықтың жүзеге асырылуын бақылау Интернаттар және балалар құқын қорғау мекемелерi бөлiмiне (Саламахин А.Ф.) жүктелсiн.
Министр
Бекiтемiн: Келiсiлген:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Бiлiм министрi Қаржы министрiнiң
орынбасары
Келiсiлген:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары
Жалпы типтес орта бiлiм беретiн мектеп-интернаттар
туралы ереже 1. Жалпы ереже
1.1. Жалпы типтес орта бiлiм беретiн мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңына жас ұрпақтың қоғамдық тәрбиелеу өрiсiн одан әрi кеңейту мақсатында бала тәрбиелеуде жанұяға көмек көрсету, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау үшiн ұйымдастырылады.
1.2. Жалпы типтес мектеп-интернат жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмiмен балаларды оқытуға, тәрбиелеуге және тұруға қажеттi жағдай жасалған, педагогикалық кадрлармен қамтамасыздандырылған жерлерде ашылады.
1.3. Жалпы типтес мектеп-интернат өз жұмысында Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" заңын, осы Ереженi, бiлiм және денсаулық сақтау туралы басқа да нормативтi құжаттарды басшылыққа алады.
1.4. Жалпы типтес мектеп-интернат жүзеге асыратын мiндеттердiң түрлерiне сәйкес Бiлiм министрлiгiнiң, облыстық (Алматы, Ленинск қалалық), аудандық бiлiм басқармалары мен бөлiмдерiнiң сонымен қатар министрлiктер мен мекемелердiң қарауында болуы мүмкiн.
1.5. Жалпы типтес мектеп-интернат құрамында бастаушы және негiзгi мектептер (I және II сатылар) немесе бастауыш, негiзгi және жоғары мектептер (I, II, III сатылар) болуы мүмкiн. Мектеп-интернатта интернат типтес мекемелерде тұруға қайшы келетiн көрсеткiштерi жоқ 6 жастан 18 жасқа дейiнгi қос жыныстың балалары оқып, тәрбиеленедi.
1.6. Жалпы типтес мектеп-интернаттың барлық кластары мен тәрбиелiк топтарында балалар жиынының саны 25 адамнан аспауға тиiстi.
1.7. Бiлiм органдары мектеп-интернатта тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау үшiн жүйелi түрде бақылауды, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруда әдiстемелiк көмек көрсетудi, басшы және педагогикалық кадрларды дұрыс iрiктеудi және орналастыруды жүзеге асырады.
1.8. Тәрбиеленушiлер, педагогикалық қызметкерлер, мектеп-интернаттың әкiмшiлiгi және көрсетушiлерi ата-аналармен немесе оларды ауыстырушы адамдармен, жұртшылықпен бiрлесе отырып мектеп-интернат ұжымын құрайды және өздерiнiң құқы мен мiндеттерiне сәйкес жас өспiрiмдердi оқыту мен тәрбиелеуде алға қойылған тапсырмаларды жүзеге асырады.
Мектеп-интернаттың оқу-тәрбие жұмысын, тәрбиеленушiлердiң тұрмыс жағдайын, қаржы шаруашылық iсiн жариялылық принципiмен басқарудың демократиялық формасына сәйкес ұйымдастыру дербестiлiгiн арттыру мақсатында белгiленген тәртiп бойынша өзiн-өзi басқару ұжымдары құрылады.
1.9. Осы Ереже негiзiнде мекеменiң ерекшелiгiн, оның келешекте дамуын, климаттық және аймақтық жағдайларын ескере отырып әр жалпы типтес мектеп-интернат ұжым мүшелерiнiң құқы мен мiндетiн оның өмiр мөлшерi мен ережесiн анықтайтын өз жарғысын жасай алады.
2. Тәрбиеленушiлер
2.1. Жалпы типтес мектеп-интернатқа бiрiншi кезекте қабылданатындар:
- көп балалы және жеткiлiктi қамтамасыз етiлмеген жанұяның балалары;
- қамқорлыққа алынған балалар;
- жалғыз ана (әке) балалары;
- ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың денсаулығына, өмiр мен еңбек жағдайларына байланысты қоғамдық тәрбиенi қажет ететiн балалар;
Жалпы типтес мектеп-интернатқа жолдама беру Бiлiм министрлiгi, облыстық, аудандық, қалалық (қаладағы аудандық) бiлiм басқармалары және бөлiмдерi, сонымен қатар мекемелер бағынатын сәйкес министрлiктер мен ведомстволар органдары арқылы жүзеге асырылады.
2.2. Балаларды жалпы типтес мектеп-интернатқа анықтау ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың тiлегiне кейбiр жеке жағдайларда қамқорлыққа алған органдардың, бiлiм беру туралы кеңестiң шешiмдерiне сәйкес жүргiзiледi.
Өздерiнiң жанұясында тұратын оқушылар жалпы типтес мектеп-интернатқа, тек сол территорияда жалпы бiлiм беретiн мектеп болмаған жағдайда ғана, оқи алады. Мектеп-интернатқа қабылданған бала, оның, кеңесiнiң келiсiмiмен, кейбiр жағдайда өз жанұясында тұра алады.
2.3. Жалпы типтес мектеп-интернатқа баланы қабылдау үшiн ата-аналар немесе оларды алмастырушы адамдар мынадай құжаттар тапсырады: өтiнiш, баланың тууы туралы куәлiктiң көшiрмесi, оқушының жеке қағаздары, баланың денсаулығы жөнiндегi анықтама, жанұяның құрамы және табысы туралы анықтама.
2.4. Жалпы типтес мектеп-интернатқа балаларды қабылдау жөнiндегi өтiнiштердi бiлiм органдары тамыз айының 25 жұлдызына дейiн қабылдайды.
2.5. Бiр жанұяның мүшесi болатын балалар мен жас өспiрiмдер (медициналық көрсеткiштерге және басқа себептерге байланысты әрқайсысы бөлек тәрбиеленуге тиiстi жағдайлардан басқа) бiр мектеп-интернатқа қабылданады.
2.6. Жалпы типтес мектеп-интернатта балаларды асырау үшiн ата-аналардан бюджет қорына түсетiн төлемақы алынады.
Жалпы типтес мектеп-интернатта балаларды асырау үшiн ата-аналардан алынатын төлемақы белгiленген тәртiп бойынша "Интернаттық мекемелерде балаларды асырау үшiн есептеу және ақы төлеу тәртiбi жайындағы нұсқауға" сәйкес жүргiзiледi.
2.7. Жалпы типтес мектеп-интернатта тәрбиеленушiлер белгiленген мөлшерге сәйкес киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен, жеке гигиена заттарымен, сондай-ақ оқулықтармен, жазу құралдарымен, ойыншықтармен, шаруашылық құралдарымен қамтамасыз етiледi.
2.8. Жалпы типтес мектеп-интернатты бiтiрген тәрбиеленушiлерге мектеп-интернатта оқыған кезде өздерi пайдаланған жазғы киiм және аяқ киiм тегiн берiледi. Ал, ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың тiлегi бойынша, жанұяларының материалдық жағдайларын ескере отырып оларға оқу кезiнде өздерi пайдаланған қысқы киiммен аяқ киiмдi тегiн беруге болады.
Басқа себептермен мектеп-интернаттан шығып кеткен мезгiлдегi киiм және аяқ киiм тегiн берiледi.
2.9. Жалпы типтес мектеп-инетрнатта тәрбиеленушiлер балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы әдiстемелiк нұсқауға және бекiтiлген мөлшерге сәйкес күнiне 4 рет тамақпен қамтамасыздандырылады.
2.10. Жалпы типтес мектеп-интернатта тәрбиеленетiн жетiм балалар және ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар киiммен, аяқ киiммен, жұмсақ жабдықтармен қамтамасыз етiледi, осы дәрежедегi балалар үшiн белгiленген мөлшерге сәйкес жеңiлдiктердi және артықшылықтарды пайдаланады.
3. Оқу-тәрбие жұмыстары және тәрбиеленушiлердiң тұрмыс
жағдайын ұйымдастыру
3.1. Жалпы типтес мектеп-интернатта тұратын оқушыларды оқыту және тәрбиелеу, оқу жылы тоқсандарының, демалысының ұзақтығы, емтихандарды өткiзу және басқа оқу-тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн орта мектеп туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi.
3.2. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу оқытуды жергiлiктi жағдайды және мұқтаждықты ескере отырып, қоғамдық пайдалы, өнiмдi еңбекпен жалғастыру негiзiнде, өзiн қоршаған ортаны қорғауға арналған жұмыстарға, клуб және үйiрме, оқу шеберханалары, қосалқы шаруашылық, оқушылар кооперативi және басқа оқушылардың өнерпаздық бiрлестiктер, мекемелер, колхоздар мен совхоздар жұмысына ынтасына қарай қатысу арқылы жүзеге асырылады.
Үйлесiмдi жағдай болған кезде тәрбиеленушiлердi кәсiптiк оқыту жұмысын, белгiленген тәртiп бойынша мамандық алған куәлiгiн беру арқылы, ұйымдастыруға болады.
3.3. Күн тәртiбi балалардың оқуы мен еңбегiн және демалысын педагогика тұрғысынан дәлелдi үйлестiру мақсатында, тәрбиеленушiлердiң жалпы типтес мектеп-интернатта тәулiк бойы болуын ескере отырып, мекеме кеңесiнiң шешiмiмен бекiтiледi.
3.4. Тәрбиеленушiлердiң әралуан тәрбиелiк мәнi бар еңбек, спорт, мәдени-көпшiлiк жұмыстарға қатысуы өз еркiмен, ынтасымен және дербестiлiк негiзiнде жүзеге асырылады. Тәрбиеленушiлер ұжымының жұмысы оқушылардың өзiн-өзi басқару негiзiнде жүргiзiледi.
Жалпы типтес мектеп-интернат әкiмшiлiгi, мұғалiмдер, тәрбиешiлер тәрбиеленушiлердiң ынтасын, балалар және жас өспiрiмдер ұйымдарының, оқушылар бiрлестiгiнiң белсендiлiгiн жүзеге асыруға жағдай жасап отырады.
3.5. Жалпы типтес мектеп-интернат тәрбиеленушiлерi музыка, көркемөнер және спорт мектептерiнiң сабақтарына, кәсiподақ, мәдени-ағарту, мектептен тыс және басқа мекемелер (өздерiнiң базасында немесе мектеп үйiнде) ұйымдастырған түрлi үйiрмелер мен секцияларға, сонымен қатар оқушылар арасында өткiзiлетiн түрлi, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрмелерге қатыса алады.
3.6. Жазғы демалыс кезiнде мектеп-интернат әкiмшiлiгi тәрбиеленушiлердiң балалар емдеу-денсаулығын жақсарту мекемелерiнде, еңбек және демалыс лагерлерiнде демалуын ұйымдастыруға көмектеседi.
3.7. Ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың сұрауы бойынша жалпы типтес мектеп-интернат директоры тәрбиеленушiлердi демалыс кезiнде, жексенбi және мейрам күндерi, ал кейбiр себептi жағдайларда басқа да күндерi үйлерiне жiбере алады.
3.8. Белгiленген тәртiп бойынша жалпы типтес мектеп-интернаттардың әрқайсысына қамқоршы ретiнде базалық мекемелер бекiтiледi, ал жергiлiктi өкiмет органдарының шешiмi бойынша мектеп-интернаттарды басқа да мекемелер, кәсiпорындар мен шаруашылықтар қамқорлыққа алуы мүмкiн.
4. Мектеп-интернатты басқару. Басшы, педагогикалық және
медицина қызметкерлерi
4.1. Жалпы типтес мектеп-интернатты мемлекеттiк-қоғамдық басқару жариялылық, демократиялық және өзiн-өзi басқару принципi негiзiнде жүзеге асырылады.
4.2. Оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру, мұғалiмдер мен тәрбиешiлердiң творчестволық көтерiлу және кәсiптiк шеберлiгiн ұштастыру мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мектеп-интернаттың әдiстемелiк (педагогикалық) кеңесi құрылады.
4.3. Мектеп-интернаттың барлық қызметкерлерiнiң мiндеттi мен құқы Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң Ережесiмен, осы Ережемен, iшкi еңбек тәртiбi Ережесiмен, мамандандырылған мiнездемемен, лауазым туралы нұсқаумен және мектеп-интернаттың жарғысымен анықталады.
4.4. Жалпы типтес мектеп-интернат дәрiгерiнiң мiндетiне:
- тәрбиеленушiлердiң денсаулық күйiн, денесiнiң, нерв-психология жүйесiнiң жетiлуiн бақылау және қаралуына байланысты дәрiгерлiк көмек көрсету;
- қазiргi кезде күшi бар құжаттарға сәйкес территориялық поликлиникалармен бiрлесе отырып балаларды диспансерлеудi және тереңдетiлген профилакториялық байқаудан өткiзудi қамтамасыз ету;
- қоғамдық пайдалы өнiмдi еңбектi ұйымдастыруға бақылау жасау;
- тәрбиеленушiлерге денсаулығын ескере отырып кәсiптiк бағдар беру шараларына қатысу;
- оқушыларға гигиеналық тәрбие беру, тәрбиеленушiлер, ата-аналар немесе оларды алмастырушы адамдар және қызметкерлер арасында санитарлық гигиеналық бiлiмдi насихаттау жұмыстарын жүргiзу кiредi.
5. Оқу-материалдық базасы, қаржылануы және есебi
5.1. Жалпы типтес мектеп-интернат оқу, кластан тыс және көпшiлiк-спорттық тәрбие жұмыстарының жоспарларына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесi үшiн қажеттi мектеп үй-жайымен, ғимараттармен, жабдықтармен қамтамасыз етiлуге тиiстi. Осы интернаттың талапқа сай жұмыс iстеуi үшiн үй-жай жиынтығына бұлардан басқа: өздiгiнен дайындалуға, ойнауға арналған, гигиеналық, психологиялық демеу бөлмелерi, акт залы, кинозалы, дәрiгерлiк құрама, киiм-кешек сақтайтын, төсек-орын сақтайтын, ванна-душ қабылдайтын, шаруашылық, қосалқы және тұрмыс-қызмет көрсететiн, кептiргiш, кiр жуатын, қонақ қабылдайтын бөлмелерi, көкөнiс сақтағыш, бассейiн кiредi.
5.2. Мекеменiң жұмыс жасау барысындағы серуенге шығуға, мәдени-спорт жұмыстарына, тәрбиеленушiлердiң денсаулығы мен өмiрiн сақтауға байланысты шараларды жедел шешу үшiн мектеп-интернатқа көлiк берiледi.
5.3. Жалпы типтес мектеп-интернат бiлiм мекемелерi үшiн белгiленген тәртiп бойынша қаржыландырылады. Қазақстан Республикасының банк бөлiмшелерiнде өз счетi болуы мүмкiн.
5.4. Мемлекет тарапынан бөлiнген бюджеттi жұмсау, жалпы типтес мектеп-интернаттың жеке қаржысын құру және оны жұмсау, мекеменiң қаржы-шаруашылық iстерiн анықтау тәртiбi қазiргi кезеңде күшiн жоймаған нормативтi құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
5.5. Жалпы типтес мектеп-интернат белгiленген тәртiп бойынша қосалқы шаруашылығын, оқу-өндiрiс шеберханасын, оқушылар кооперативiн құрып, халыққа әр түрлi ақылы қызмет көрсете алады. Одан түскен пайда мектеп-интернаттың жеке қорына құйылады.
5.6. Жалпы типтес мектеп-интернат белгiленген жүйе бойынша iс қағазадарын жүргiзедi және бағынатын бiлiм органдарына есеп бередi.
5.7. Жалпы типтес мектеп-интернат заңды мекеме болып есептеледi, мектеп-интернаттың аты жазылған мөрi және штампы болады.