Кәсiпорындардың еңбектi қорғау қызметi туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi 1994 жылғы 11 наурыз N 20. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 11 қарашада тіркелді. Тіркеу N 20. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

     "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы қаңтардың 22-сiндегi N 19-15-ХII қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы желтоқсанның 17-сiндегi N 1270 қаулысына сәйкес Еңбек министрлiгi қаулы етедi:
     1. Кәсiпорындардың еңбектi қорғау қызметi туралы үлгi ережесi бекiтiлсiн /қоса тiркелiп отыр/.
     2. Еңбектi қорғау департаментi /Ю.А.Романов жолдас/ ереженi еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларына, министрлiктер мен ведомстволарға, мемлекеттiк қадағалау және бақылау органдарына жеткiзетiн болсын.

    Министр

Қазақстан Республикасы   
Еңбек министрлiгiнiң    
                                    1994 жылғы 11 наурыздағы
49 қаулысымен      
бекiтiлген       
 

Кәсiпорындардағы еңбектi қорғау қызметi туралы
ҮЛГI ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

     1.1. Еңбектi қорғау қызметi кәсiпорынның дербес құрылымдық бөлiмшесi болып табылады және олардың ұйымдық-құқықтық формалары мен меншiк түрлерiне қарамастан әрбiр кәсiпорында құрылады.
     1.2. Еңбектi қорғау қызметi өзiнiң жұмысында "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, еңбектiң қауiпсiздiгi және өндірiстiк ортаның гигиенасы жөнiндегi заңдық және нормативтiк актiлердi, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулылары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Еңбектi қорғау департаментiнiң басшы, нұсқау, әдiстемелiк, нормативтiк-техникалық құжаттарын, мемлекеттiк қадағалау органдарының шешiмдерiн, кәсiпорынның бұйрықтары мен өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
     1.3. Еңбектi қорғау қызметi мәртебесi жөнiнен негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңеледi, ал еңбектi қорғау мәселелерi жөнiнде бұл қызметтiң шешiмдерiн, барлық бөлiмшелердiң басшылары мен қызметкерлерi орындауға мiндеттi.
     1.4. Еңбектi қорғау қызметiнiң құрылымы мен адам саны осы Ережеде бекiтiлген мiндеттерi мен қызметiне сәйкес белгiленедi.
     1.5. Еңбектi қорғау қызметiнiң басшылық қызметiне жоғары бiлiмi және практикалық жұмыстан тәжiрибесi бар, Еңбектi қорғау департаментi бекiткен бағдарлама бойынша бiлiктiлiгiн арттыру курсынан өткен iскер маман тағайындалады. Еңбектi қорғау қызметiнiң басшысы белгiленген тәртiп бойынша еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасынан аттестациядан өтедi.
     1.6. Министрлiктер, ведомстволар, бiрлестiктер, концерндер, холдингтер, кәсiпорындар Еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасымен келiсе отырып, осы үлгi Ереже негiзiнде өндiрiстiң ерекшелiктерi мен айрықшылықтарын есепке алып өз ережелерiн талдап жасаулары мүмкiн.
     1.7. Еңбектi қорғау қызметi кәсiпорын өзiнiң өндiрiстiк қызметiн тоқтатқан жағдайда ғана жойылады.

2. Еңбектi қорғау қызметiнiң мiндеттерi

     Еңбектi қорғау қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып саналады:
     2.1. Өндiрiсте қауiпсiз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету жөнiнде әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-сақтандыру шаралар кешенiн талдап жасау және жүзеге асыру.
     2.2. "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, еңбектi қорғау жөнiндегi белгiленген ережелер мен нормаларды, техника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқауларды жұмыс iстеушiлердiң сақтауына, еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қадағалау және қорғау органдарының ұйғарымдарының орындалуына бақылау жасау.

3. Еңбектi қорғау қызметiнiң мiндеттi iсi

     Кәсiпорынның еңбектi қорғау қызметi белгiленген мiндеттерге сәйкес:
     3.1. Кәсiпорында еңбектi қорғауды басқару жүйесiн талдап жасауды, енгiзудi және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.
     3.2. Еңбек қауiпсiздiгi мәселелерiнде кәсiпорынның, мiндеттiлiк және өндiрiстiк бөлiмшелерiнiң жұмысын үйлестiрiп отырады, кәсiподақ ұйымдарының еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлдерiмен және еңбектi қорғаудың аймақтық басқармасы қызметкерлерiмен өзара бiрлесiп әрекет жасайды.
     3.3. Кәсiпорынның еңбек қауiпсiздiгi жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиясының қызметiн ұйымдастырады.
     3.4. Тиiстi бөлiмдермен және қызметтермен бiрлесе отырып, еңбектi қорғау жағдайына бақылау жасайды және жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен оны қорғаудың ахуалдары туралы әрбiр қызметкердi дәл және толық ақпаратпен уақтылы қамтамасыз етедi, сондай-ақ адамның жеке басын қорғаудың тиесiлi құралдары, жеңiлдiктер мен өтемақылар туралы да хабардар жасайды.
     3.5. Еңбек жағдайлары жөнiнен жұмыс орындарын аттестациядан өткiзудi ұйымдастыруға және өткiзуге басшылық етедi.
     3.6. Өндiрiстiк процестер мен жұмыстарды жүргiзудiң қауiпсiздiгiне, өндiрiстiк жабдықтар, үйлер мен құрылыстардың, тұрмыстық үйлердiң техникалық жағдайлары мен оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жасайды.
     3.7. Жұмыс iстеушiлердiң сүтпен, сабынмен, жуғызу және зиянсыздандыру құралдарымен, жоғары сапалы, ГОСТ-ға, техникалық шарттар мен өндiрiс жағдайларына сай келетiн аяқкиiмдермен және жеке басты қорғаудың басқа да құралдарымен қамтамасыз болуын бақылайды, оларды қабылдаудың, сақтаудың, тазартудың, жуудың және жөндеудiң ұйымдастырылуын бақылап отырады.
     3.8. Жұмыс iстеушiлердi жұмыстың қауiпсiз әдiстерiне кезiнде оқытуды және оның сапалылығын, жұмысшыларға жолжоба берудi және олардың бiлiмiн тексерудi, жолжобаларды тiркеу журналының дұрыс жүргiзiлуiн бақылайды.
     3.9. Еңбектi қорғау мәселелерi жөнiнде кәсiпорын бөлiмшелерi үшiн стандарттарда, ережелерде және нормативтiк басқа құжаттарда көзделген техникалық құжаттардың бар-жоғына және олардың дұрыс жүргiзiлуiне бақылау жасайды.
     3.10. Жұмысшылар мен инженер-техник қызметкерлердiң кiрiспе жолжоба бағдарламаларын талдап жасайды, кәсiпорынға жұмысқа тұрған қызметкерлермен кiрiспе жолжоба өткiзедi.
     3.11. Басшылармен мамандардың бiлiмдерiн тексеру жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн емтихан комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және оның қызмет iстеуiн қамтамасыз етедi. Комиссия жұмысына бiлiмiн тексеруден өткен адамдар қатыстырылады. Басшылар мен мамандардың бiлiмдерiн тексерудiң нәтижесi хаттамалармен түзiледi.
     3.12. Жұмыста анықталған кемшiлiктердi және қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларының бұзылуын жою туралы бөлiмше басшылары мен басқа да лауазымды адамдарға ұйғарымдар бередi.
     3.13. Жаңа жолжобаларды, кәсiпорын стандарттарын (КСТ), жұмысшы қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi жаднамаларды талдап жасауды және қолданылып жүргендерiн қайта қарауды ұйымдастырады, жолжобаларды талдап жасауда цехтар мен қызмет бастықтарына әдiстемелiк көмек көрсетедi.
     3.14. Еңбектi қорғау кабинетiнiң-жұмысын ұйымдастырады және оны қажеттi оқу және көрнектi құралдармен, оқытудың техникалық құралдарымен және т.с. жабдықтау жөнiнде шаралар қабылдайды.
     3.15. Кәсiпорын бөлiмшелерiн еңбектi қорғау жөнiндегi нормативтi құжаттармен, ережелермен, жолжобалармен, плакаттармен және басқа да оқу құралдарымен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар алады.
     3.16. Жұмыс iстеушiлердiң барлық санаттарының, "Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын зерттеп үйренуiн, белгiленген тәртiп бойынша байқаулар, конкурстар өткiзу, лекциялар оқу, көрмелер, витриналар мен стендiлер жасау, ережелер, жолжобалар мен плакаттар тарату, кино, диафильмдер және т.с. көрсету жолымен еңбектi қорғау мәселелерiн насихаттауды ұйымдастырады.
     3.17. Тиiстi бөлiмдермен, қызметтермен бiрлесе отырып, еңбек жағдайларын жақсарту және сауықтыру шараларын талдап жасауды ұйымдастырады, бұл шараларды қорытындылап, талдау жасайды.
     3.18. Бөлiмшелердегi еңбек жағдайларының жалпы ахуалына (сирек дегенде тоқсанда бiр рет), сондай-ақ қауiпсiздiк ережелерi мен нормаларының, жұмысты қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi жолжобалардың бұзылуына талдау жасайды, жүргiзiлген шаралар мен қабылданған шешiмдердiң тиiмдiлiгiн зерттейдi.
     3.19. Ұжымдық шарттың "Еңбектi қорғау" бөлiмiнiң даярлауды, еңбектi қорғау жөнiндегi номенклатуралық шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
     3.20. Өндiрiстегi жазатайым жағдайларды, кәсiби аурулар мен апаттарды тергеуге қатысады, олардың есебiн жүргiзедi. Тергеу материалдарын облыстық еңбектi қорғау басқармасында тiркейдi. Жазатайым жағдайларға талдау жасаудың нәтижелерi бойынша тиiстi бөлiмшелердiң қызметкерлерiмен бiрлесе отырып, олардың алдын алу жөнiнде шараларды талдап жасайды, және бұлардың орындалуына бақылау жасайды.
     3.21. Кәсiпорын цехтарының, бөлiмдерi мен қызметтерiнiң басшыларын кәсiпорында, сондай-ақ басқа кәсiпорындарда болған жазатайым жағдайлар туралы хабардар етедi.
     3.22. Өндiрiстiк жабдықтар мен объектiлердiң қауiпсiздiк құралдарымен жабдықталуына бақылау жасайды.
     3.23. Өндiрiске сақтандырудың алдын алатын және қорғайтын неғұрлым жетiлдiрiлген құрамалық қондырғыларды, басқа құралдарды талдап жасауға және енгiзуге қатысады, жүргiзiлген шаралардың тиiмдiлiгiне талдау жасайды.
     3.24. Стандартты емес жабдықтарға, жаңа өндiрiстер салуға, жекелеген цехтарды, санитарлық-тұрмыстық үйлердi қайта құруға, үйлердi, құрылыстарды және технологиялық жабдықтарды күрделi жөндеуден өткiзуге жобалау-техникалық құжаттарды қарап талқылауға қатысады.
     3.25. Жаңа және қайта құрылған өндiрiстiк объектiлердi, санитарлық-тұрмыстық, және қойма үйлерiн, жабдықтарды, сондай-ақ технологиялық процестердi пайдалануға қабылдау, жаңа техникалар үлгiлерiн сынақтан өткiзу және өндiрiске енгiзу жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысады.
     3.26. Бұйрықтардың, шешiмдердiң, нұсқаулардың өкiмдердiң жобаларын, еңбектi қорғау мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк және шолу құжаттарын даярлайды.
     3.27. Қызметтiң құзырына жататын мәселелер жөнiнде еңбектi қорғаудың аймақтық басқармаларымен, мемлекеттiк қадағалаудың жергiлiктi органдарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және басқа ұйымдармен оперативтi байланыс жасайды. Ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың еңбектi қорғау саласындағы нұсқаулары мен ұсыныстарын өндiрiске енгiзудi ұйымдастырады және оған бақылау жасайды.

4. Еңбектi қорғау қызметiнiң құқықтары

     Еңбектi қорғау қызметiнiң мынадай құқықтары бар:
     4.1. Кәсiпорынның бөлiмшелерiнен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiнде материалдар сұратуға және алуға, еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормаларды, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi жолжобаларды бұзуға жол берген адамдардан жазбаша түсiнiктемелер талап етуге.
     4.2. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшыларынан белгiлi бiр жұмысты атқаруға рұқсат етiлмеген немесе еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормаларды, қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi жолжобаны өрескел бұзған адамдарды жұмыстан босатуды талап етуге. Бұл талаптар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
     4.3. Егер жұмыс iстеушiлердiң өмiрiне және денсаулығына, қауiптi болса немесе апатқа соқтыруы мүмкiн болса, жекелеген учаскелерде машиналарды, жабдықтарды пайдалануға және жұмыс iстеуге тыйым салуға, бұл жөнiнде кәсiпорын басшысын немесе қожайынын хабардар ету керек.
     4.4. Кәсiпорын басшысымен келiсе отырып, еңбектi қорғау жағдайын тексеруге басқа бөлiмшелердiң тиiстi мамандарын қатыстыруға.
     4.5. Кәсiпорын басшысына салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын жасау жөнiнде белсендi жұмыс атқарған жекелеген қызметкерлердi көтермелеу туралы ұсыныстар жасауға және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер мен нормалардың бұзылуына, өндiрiсте орын алған жазатайым жағдайларда кiнәлi адамдарды белгiленген тәртiп бойынша тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге.
     4.6. Кәсiпорынның өндiрiстiк, қызмет және тұрмыстық үйлерiн кедергiсiз қарауға, еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi құжаттармен танысуға, бөлiмше басшыларына анықталған тәртiп бұзушылықты жою жөнiнде орындалуы мiндеттi болып табылатын ұйғарымдар беруге.
     4.7. Мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдарда еңбектi қорғау мәселелерi талқыланған жағдайда кәсiпорын басшысының (қожайынының) нұсқауы бойынша өкiл болуға.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады