Қазақстан Республикасы жоғары мектебiндегi экстернат туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Бiлiм Министрлiгi 14 маусым 1994 ж. N 233 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 20 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 51. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2003 жылғы 13 тамыздағы N 554 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары бiлiм алудағы мүмкiндiктерiн толық қанағаттандыру және Қазақстан Республикасы "Жоғары бiлiм туралы" Заңына (II бап) сәйкес жоғары оқу орындарында оқыту формаларын кеңейту мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы жоғары мектебiндегi экстернат болсын.
      2. Қазақстан Республикасы жоғары мектебiндегi экстернат Ережесi бекiтiлсiн (қоса берiледi).
      3. Экстернат оқытудың ерекше формасы, оны жоғары оқу орнына ендiру және оған экстерiндердi қабылдау жеке түрде үлкен жауапкершiлiкпен қарастыру керектiгi басшылыққа алынсын.

      Министр

Қазақстан Республикасы бiлiм
Министрлiгiнiң "14" 06 1994 ж.
N 233 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына
экстернат туралы ереже

      1. Экстернат бекiтiлген сынақтар мен емтихандарды тапсырған, сабақтарға қатыспай өздiгiмен толық жоғары бiлiм курсын немесе оқу тәртiптерiн меңгерген Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары оқу орындарында өздiгiнен бiлiм алу түрi болады.
      2. Бiлiм Министрлiгiнiң рұқсаты бойынша, атап айтқанда филологиялық, жалпы экономикалық және социалды-гуманитарлық мамандықтар бойынша, мемлекеттiк жоғары оқу орындарында ерекше жағдайларда экстернат құрылуы мүмкiн.
      3. Құрамын ректор бекiткен арнайы комиссия экстернатқа қабылдау жүргiзедi.
      Экстернатқа қабылданады:
      - орта бiлiмi бар, инвалидтiгiне байланысты жоғары бiлiм алуға өндiрiстен қол үзiп немесе қол үзбей оқуға мүмкiндiгi жоқ азаматтар;
      - жоғары бiлiмi бар, сонымен бiрге екiншi жоғары бiлiмдi экстерлi түрде алғысы келетiн азаматтар.
      4. Экстернатқа қабылданғандарға белгiленген үлгiде есеп кiтапшасы берiледi. Студенттер үшiн белгiленген жеңiлдiктер, экстерндерге таратылмайды.
      5. Экстерндермен сабақтар мен консультациялар жүргiзiлмейдi.
Декандардың бағыттамалармен емтихандар мен сынақтарды профессорлар немесе доценттер қабылдайды.
      6. Бес жылдан көп емес уақытта оқу бағдарламасы бойынша барлық курстық емтихандар мен сынақтарды ойдағыдай тапсырған экстерiндер мемлекеттiк емтихандар мен дипломдық жұмыстарға рұқсат алады.
      Жоғары бiлiм туралы диплом экстерндерге жалпы негiздер бойынша берiледi.

      Қазақстан Республикасы
      бiлiм Министрлiгiнiң
      Жоғары бiлiм бас басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады