Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының "Қосылған құнға салынатын салықты есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" 26.06.95 ж. N 77 Нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы 1995 жылғы 5 шілде N 77. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 16 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 8. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      10. "Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 26 маусымдағы N 37 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Бас салық инспекциясының 1998 жылғы 29 желтоқсандағы N 364 V950008_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 21.12.95 ж. Заң күшi бар N 2703 U952703_ Жарлығын орындау мақсатында жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi:
      1. IV тараудың 12-тармағындағы "ең төменгi айлық жалақының" деген сөздер "айлық есептi көрсеткiштiң" (төменде келтiрiлген есептеу мысалдарына сәйкес) деген сөздермен ауыстырылсын;
      2. IХ тараудың 31-тармағы:
      мынадай мазмұндағы жаңа 8) тармақшасымен толықтырылсын:
      "8) геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстары";
      8), 9), 10) тармақшалары тиiсiнше 9), 10), 11) тармақшалар болып есептелсiн;
      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) бюджет қаржылары есебiнен сатып алынған және мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландырылатын ұйымдар сырттан әкелетiн тауарлар импорты, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген шетелдiк кредиттiк арналар бойынша сатып алынған тауарлар импорты".
      3. ХIII тарау және 38- тармақ алынып тасталсын.
      4. ХҮIII тарауда:
      54-тармақтың бiрiншi абзацы "тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жабдықтар мен дәрi-дәрмектердiң импорты бойынша қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiлер төлеуге тиiстi қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 55-"а" тармақпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша жабдықтар мен дәрi-дәрмектердiң импорты жөнiндегi қосылған құнға салынатын салықты қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiлер Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы белгiлейтiн тәртiпте төлейдi.
      Кеден органдары аталған тауарларды (жабдықтарды, дәрi-дәрмектердi) еркiн айналыс үшiн шығаруды салық төлеушi салық органы берген және оның қосылған құнға салынатын салық төлеушi ретiнде тiркелгенiн дәлелдейтiн анықтама берген жағдайда, сондай-ақ қосылған құнға салынатын салық жөнiнде салық декларациясында қосылған құнға салынатын салықтың кеден рәсiмдеуi кезiнде төленбеген сомасын көрсету жөнiнде мiндеттеме толтырғанда қосылған

 

құнға салынатын салық төлетпей жүргiзедi".

     5. ХIХ тараудың 57-тармағындағы "ең төменгi айлық жалақы" деген

сөздер "айлық есептi көрсеткiш" (төменде келтiрiлген есептеу мысалына

сәйкес) деген сөздермен ауыстырылсын.

     6. Осы өзгертулер мен толықтырулар 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап

қолданылады.

     Қазақстан Республикасы

     Қаржы министрлiгi

     Бас салық инспекциясының

     бастығы, салық қызметiнiң 1-дәрежелi

     Мемлекеттiк кеңесшiсi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады