"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi әкiмшiлiк ережелерi туралы" нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң нұсқауы 1995 жылғы 29 желтоқсан N 365. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 12 шілде тіркелді. Тіркеу N 11. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      11. Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 1 шiлдедегi N 43 бұйрығымен бекiтiлген "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегі әкiмшiлiк ережелерi туралы" Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 365 V950080_ бұйрығы. -----------------------------------------------------

 

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы

"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне және Қазақстан

Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгертулер мен

толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995

жылғы 21 желтоқсандағы Заң күшi бар N 2703 


U952703_


  Жарлығын орындау

мақсатында жоғарыда аталған нұсқаулыққа мынадай өзгертулер мен

толықтырулар енгiзедi:

     1. ХIХ тараудан кейiнгi тарауларды нөмiрлеу былай жалғастырылсын:

     ХХ - Салық қызметi органдарының салықтарды өндiрiп алуы.

     ХХI - Салықтардың төленуiн қамтамасыз ету.

     ХХII - Салық төлеушiнiң мүлкiне шара белгiлеу тәртiбi.

     ХХIII - Иеленуге шектелген мүлiктi өткiзу.

     ХХIҮ - Салық төлеушiге тиесiлi соманы өндiрiп алу.

     ХХҮ -  Экспорттық операцияларды тоқтата тұру.

     ХХҮI - Төлем көзiнен табыс салығын ұстап қалмағаны үшiн

жауапкершiлiк.

     ХХҮII - Мерзiм өткен салық төлемдерi бойынша төленетiн өсiм.

     ХХҮIII - Декларацияны мезгiлiнде бермегенi үшiн төленетiн

айыппұлдар.

     ХХIХ - Салықтарды, ағымдағы төлемдер мен салық салынатын

объектiлердi кемiтiп көрсеткенi үшiн төленетiн айыппұлдар.

     ХХХ - Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асырушы

банктер мен ұйымдардың жауапкершiлiгi.

     ХХХI - Салық қызметiнiң шешiмдерiн қайта қарау.

     ХХХII - Сотқа шағыну.

     2. III тараудың 2-тармағының екiншi абзацы "салық төлеушiнiң" деген

сөздерден кейiн мынадай мәтiнмен толықтырылсын:

     "сондай-ақ қылмыстық-iс жүргiзу заңдарында белгiленген жағдайларда".

     3. ХIҮ тарау мынадай редакцияда жазылсын:

     "ХIҮ. Талап қою мерзiмiнiң ұзақтығы.


 
       Қайта қаралған салық сомасын немесе бұдан бұрын есептелген салық сомасын төлеу туралы салық қызметi органдарының талаптарына сондай-ақ артық төленген салық сомасын қайтару немесе есептеу туралы салық төлеушiлердiң талаптарына талап қою мерзiмiнiң ұзақтығы бес жыл болып белгiленедi".
      4. ХХI тарауда (жоғарыда келтiрiлген нөмiрлеуге сәйкес):
      1-тармақтағы "салық төлеушiнiң мүлкiне Министрлер Кабинетi айқындаған тәртiпте тиым салу" деген сөздер "Үкiмет айқындаған тәртiпте салық төлеушiнiң мүлiк иеленуiн шектеу туралы шешiм шығару" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2 және 3-тармақтардағы "тиым салынған" және "тиым салу туралы" деген сөздер тиiсiнше "иелену шектелген" және "иеленудi шектеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. ХХII тараудың 1 және 2-тармақтарындағы "тиым салынған", "тиым салу туралы", "мүлiкке тиым салу" және "тиым салу" деген сөздер тиiсiнше "иеленуi шектелген", "иеленудi шектеу туралы", "мүлiктi иеленудi шектеу" және "иеленудi шектеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. ХХIII тараудың атауындағы және 1-тармағындағы "тиым салынған" және "тиым салған" деген сөздер тиiсiнше "иеленуi шектелген" және "иеленуге шектелген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      7. ХХҮII тараудың 2-тармағында:
      бiрiншi және екiншi абзацтардағы "артық төленген салық сомасы" деген сөздерден кейiн, үшiншi абзацтағы "есептi кезеңде" деген сөздерден кейiн, төртiншi абзацтағы "(салықтар, ағымдағы төлемдер, өсiмдер, айыппұлдар)" деген сөздерден кейiн, бесiншi абзацтағы "(соның iшiнде ағымдағы төлемдер)" деген сөздерден кейiн "өтелуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасынан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
      Мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Егер салық төлеушi салық қызметi тексергенге дейiн, болмаса аудиторлық қызметтiң көмегiмен тексеру жүргiзiлгенге дейiн өткен салық жылында салық заңдарында олар жiберген бұрмалаушылықтарды өз бетiнше байқаса, онда ол бұрмалаушылыққа жол берiлген сәттен бастап қосымша салық сомасы бюджетке енгiзiлген сәтке дейiнгi кезең үшiн белгiленген мөлшердегi тиесiлi салық пен өсiм сомасын бюджеттiң кiрiсiне белгiленген мерзiмде енгiзуге, сондай-ақ салық қызметiне жазбаша арыз жолдап, онда түзетiлген бұрмалаушылықтардың сипатын баян етуге және қосымша есептелген және

 

бюджеттiң кiрiсiне енгiзiлген салық пен өсiм сомасын көрсетуге мiндеттi.

Салық қызметi төлемдердiң бюджетке нақты келiп түсуiн алдын ала тексере

отырып, салық төлеушiнiң арызын және өзгертулер енгiзiлген декларацияны

(есептi) қабылдап алуға мiндеттi".

     8. ХХХ тараудың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "күнгi" деген сөз

алынып тасталсын.

     Министрдiң бiрiншi орынбасары -

     Бас салық инспекциясының бастығы,

     салық қызметiнiң бiрiншi дәрежелi

     мемлекеттiк кеңесшiсi







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады