Iшкi кедендiк транзит тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi 1995 жылғы 19 қыркүйектегi N 112-П. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен. ~V011441

      Кеден органдары арасындағы тасылатын тауарларға кедендiк бақылауды күшейту мақсатында бұйрық етемiн:
      1. "Iшкi кедендiк транзит туралы Ереже" бекiтiлсiн және ол бастап күшiне ендiрiлсiн (N 1 қосымша).
      2. Кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары:
      - Ереженiң 4 Қосымшасында көрсетiлген жаңа үлгiдегi мөртаңбалар күшiне енгiзiлгенше қолдағы бар осындай мөртаңбалардың қолданылуын қамтамасыз етсiн;
      - жiберiлген кеден органдарына тауарлардың белгiленген мерзiмдерде жеткiзiлуiне бақылау ұйымдастырылсын;
      - жөнелтушi кеден органдары iшкi кедендiк транзит процедурасы бойынша тауарларды тасуды аяқтау туралы дер кезiнде хабарлансын;
      - әр айдың 5 күнi Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасына iшкi кедендiк транзит процедурасын бұзу жағдайлары және алдындағы айда басқа кеден органдарының белгiленген талаптарды орындамағаны жөнiндегi жағдайлар туралы ақпарат берiлiп отырылсын.
      3. Автоматтандыру және кедендiк статистика басқармасы (Грязнов) Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасымен (Качкаев) бiрге дейiн Ресей Федерациясы МКК-iн ГНИВЦ бағдарламалық қамтамасыз ету негiзiнде Қазақстан Республикасы кеден органдарында тауарлар жеткiзуге бақылау бойынша

бағдарламалық құралдарды өндiру жөнiнде iс-шаралар жоспарын жасасын.
     4. Автоматтандыру және кедендiк статистика басқармасы iшкi кедендiк 
транзит процедурасын қазiргi заманғы байланыс және ақпарат беру 
құралдарымен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар дайындасын.
     5. Осы бұйрықтың шығуына байланысты мынадай нормативтi құжаттар:
     - Бас кеден басқармасының 1994 ж. 10.02. N 7 бұйрығы;
     - Бас кеден басқармасының 1994 ж. 4.11. N 47 бұйрығы күшiн жойған 
болып танылсын.

     Төраға

                                              Қазақстан Республикасы
                                                Министрлер Кабинетi
                                                 жанындағы Кеден
                                                комитетiнiң 1995 ж.
                                              19 қыркүйектегi N 112-П
                                               Бұйрығымен бекiтiлген
                                               Ішкi кедендiк транзит
                                                процедурасы туралы
                                               Ережеге N 1 Қосымша

                Iшкi кедендiк транзит туралы
                          Ереже

                 1. Жалпы ережелер

     1.1. Осы Ережеде:


      - iшкi кедендiк транзит процедурасы (IКТ) - жөнелтушi кеден органынан жiберiлген кеден органына дейiн кеден бақылауымен тауарларды тасудың белгiленген тәртiбi;
      - жөнелтушi кеден органы - (IКТ) процедурасы бойынша тауарлардың барлық топтамасы немесе оның бөлiгiн тасу басталатын кез келген кеден органы;
      - жiберiлген кеден органы - (IКТ) процедурасы бойынша тауарлардың барлық топтамасы немесе оның бөлiгiн тасу аяқталатын кез келген кеден органы;
      - аралық кеден органы - (IКТ) процедурасы бойынша тауарлар тасылатын көлiк құралдарына немесе контейнерлерге iшiнара қосымша тиеу немесе түсiру жүргiзiлетiн кеден органы;
      - ауырсалмақты ауыр немесе орасан көлемдi тауарлар өзiнiң салмағы, көлемi немесе сипатына қарай жабық көлiк құралында немесе жабық контейнерде тасылмайтын кез келген ауыр немесе орасан зат;
      - қазақстандық тауарлар - Қазақстан Республикасының аумағында еркiн айналымға шығарылатын тауарлар;
      - тасымалдаушы - тауарларды өткiзушi не көлiк құралын пайдалануға жауапты адам деп түсiндiрiледi.
      1.2. Тауарлар IКТ процедурасы бойынша жөнелтушi кеден органынан жiберiлетiн кеден органына дейiн тасымалдаушының жауапкершiлiгiмен тасылады. Тауарлар IКТ процедурасы бойынша бiр немесе бiрнеше аралық кеден органдары арқылы тасылуы мүмкiн.
      1.3. Кеден органдары арасында тауарлар мөр басылған жүк қойылатын жайдан, көлiк құралынан немесе контейнерден заттар алынбайтындай немесе ашқанда бiлiнетiн iздер қалмайтындай немесе кедендiк қамсыздандыру бүлiнбейтiндей күйде орналастырылатын орамаға, көлiк құралдары немесе контейнерлерге салынып кедендiк қамсыздандырумен (қорғасын мөртаңбалар, мөрлер, сондай-ақ теңестiру шаралары) тасылады.
      Жүк жөнелтушiлер немесе тасымалдаушылардың қорғасын мөртаңбаларымен тауарларды тасуға жол берiледi.
      1.4. Кеден органдары жiберiлген кеден органына дейiн тауарларды жеткiзудiң мерзiмiн көлiктiң түрiнiң, аталған маршруттың мүмкiндiктерiн және тасымалдаудың басқа шарттарын ескере отырып, жеткiзудiң әдеттегi мерзiмдерiне сәйкес, бiрақ бiр айға 2000 километр деп есептелiнетiн шектi мерзiмнен аспайтындай етiп белгiлейдi.
      Тасымалдаушылар тасылатын тауарларды және осы Ережеде көрсетiлген құжаттарды жiберiлген кеден органына дейiн белгiленген мерзiмдерде жеткiзуге мiндеттi.

         2. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарларды
            жiберiлетiн кеден органына дейiн тасымалдаудың
                               тәртiбi

      2.1. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлар шекарада өткiзу күзетiнде орналасқан кеден органынан (бұдан әрi осы бөлiмде - жөнелтушi кеден органы) қызметi аймағында оларды алушы орналасқан кеден органына (бұдан әрi осы бөлiмде - жiберiлген кеден органы) кедендiк ресiмдеу үшiн мынадай шарттар:
      - iшкi транзиттiк құжатты жасау (бұдан әрi - IТҚ);
      - 1 Қосымшаға сәйкес ресiмделген шот-фактураны көрсету;
      - жiберiлетiн кеден органына тауарды көрсетпеген жағдайда алуы кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерiн және салықтарды, қосымша құнға салықты және акциздердi (бұдан әрi мәтiн бойынша кеден төлемдерi мен салықтар) төлегенi жөнiндегi кепiлдiк мiндеттеменi тауар алушының көрсетуi сақталатын жағдайда жiберiледi. Тауарларды мемлекеттiк темiржолмен тасығанда, Қазақстан Республикасы кеден төлемдерi мен салықтары салынбай-ақ тауарларды әкелу режимiн берген мемлекеттерден шыққан тауарларды тасығанда, сондай-ақ кеден төлемдерi және салықтар, қосымша құнға салық және акциздер салынбайтын тауарларды басқа елдерден тасығанда кепiлдiк мiндеттеменi көрсету талап етiлмейдi.
      2.2. Егер тасымал, халықаралық жүк тасымалы туралы Кеден конвенциясына сәйкес, ХЖТ кiтапшасын (ХЖТ Конвенциясы, 1975 ж.) қолдана отырып жүзеге асырылса, iшкi транзит құжаты жасалмайды және кепiлдiк мiндеттеме көрсетiлмейдi.
      2.3. Осы ереженiң 2.1. тармағында көзделген шарттар сақталынбағанда еркiн айналым үшiн әкелiнетiн тауарларды шекарадағы өткiзу күзеттерiнде орналасқан кеден органдарында ресiмдеуге болады. Бұл ретте ресiмдеу қызмет аймағы осы тауарларды алушылар орналасқан кеден органдарының келiсiмiнсiз жүргiзiледi.
      Мұнда кедендiк ресiмдеу үшiн алымдар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi көздеген тәртiппен алынады.
      2.4. Шекарадағы өткiзу күзеттерiнде орналасқан кеден органдары көлiк құралдарының шекарада осы көлiк құралдарымен әкелiнетiн тауарларды кедендiк ресiмдеуге байланысты тұрып қалғандығы үшiн жауап бермейдi.
      Кеден органдары көрсетiлген күзеттерде тауарларды ресiмдеуге кедергi жасамауы тиiс.
      2.5. Iшкi транзит құжатын тауарлар топтамасына кедендiк жүк декларациясының бланкiсiнде, қажет болған жағдайда қосымша қағаздарда кеден органы, декларант немесе тасымалдаушы жасайды. Iшкi транзит құжаты үш данада осы Ереженiң 2 Қосымшасында баяндалған ережелерге сәйкес толтырылады.
      2.6. Кепiлдiк хат осы Ереженiң 3 Қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша жасалады.
      Кепiлдiк хатқа тауар алушы кәсiпорынның немесе ұйымның жетекшiсi немесе бас бухгалтер қол қояды.
      2.7. Тауарларды iшкi кеден транзитi бойынша тасымалдау барысында iшкi транзит құжатының барлық даналарына және жүк құжатының барлық даналарына (жүк құжаттамасы, коносаменттер және т.б.) осы Ереженiң 4 қосымшасындағы 2 суретте көрсетiлген мөртаңба қойылады. Мөртаңба iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша тасымалды ресiмдеудi жасаған кеден органы қызметкерлерiнiң жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады.
      2.8. Iшкi транзит құжатының екiншi және үшiншi парақтары дара тауармен бiрге жiберiлген кеден органына көрсету үшiн тасымалдаушыға берiледi, ал бiрiншi парағы - жөнелтушi кеден органында бақылауды (бақылау парағы) қалады.
      Iшкi транзит құжатының бақылау парақтары реттiк нөмiрлерi бойынша жеке папкiде сақталады. Iшкi транзит құжатының барлық бақылау парақтарын осы Ереженiң 5 Қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша кеден органы арнаулы журналға тiркеуi тиiс.
      2.9. Iшкi кеден транзитi бойынша тасымалданатын тауар келiп түскеннен кейiн, тасымалдаушы жiберiлген кеден органына бұл туралы заңмен белгiленген мерзiмiнде хабарлайды және оған мөртаңба қойылған құжаттарды тапсырады (4 Қосымша, 2 Сурет). Жiберiлетiн кеден органы тауардың жеткiзiлуiн журналға тiркейдi (6 Қосымша) және кеден органы қызметкерiнiң жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылған, осы Ереженiң 4 Қосымшасының 3 суретiнде көрсетiлген мөртаңба iшкi транзит құжатының екi парағында және көлiк құжаттарында қойылады және үшiншi парақты тасымалдаушыға қайтарады әрi дәл сол күнi жедел байланыс каналдары арқылы жөнелтушi кеден органына iшкi транзит құжатының нөмiрiн көрсете отырып, iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша тауарларды тасымалдаудың бiткенi туралы жазбаша хабарлайды.
      2.10. Iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша келiп түскен тауарлар топтамасын жiберiлген кеден органында кедендiк ресiмдеуден кейiн iшкi транзит құжатының екiншi парағы кеден органында жеке папкiде сақталады.
      Iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша тауарларды шетел автокөлiк құралдарымен тасымалдау жағдайында осы автокөлiк құралын шетелге қайтару кезiнде iшкi транзит құжатының үшiншi парағын шекарадан өткiзу күзетiнде орналасқан кеден органына тасушы ұсынуы тиiс.
      2.11. Тауарларды және кеден құжаттарын жiберiлетiн кеден органына тасымалдаушылардың жеткiзуi бойынша мiндетiн орындауына бақылауды жөнелтушi кеден органдары жүзеге асырады.
      2.12. 10 тәулiк аралығында iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша белгiленген мерзiм бiткеннен кейiн жiберiлген кеден органының растамауы барысында жөнелтушi кеден органы жiберiлетiн кеден органына "Жеткiзу жөнiнде растау түскен жоқ" белгiсiмен iшкi транзит құжатының көшiрмесiн, осы Ереженi 2.7. тармағында көрсетiлген мөртаңба қойылған жүк құжатының көшiрмесiн, шот-фактураны және тауар алушының кепiлдiк мiндеттемесiн жiбередi.
      Мұндай жағдайда iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша құжаттардың осы тармағында көзделген тасымалдауды тiркеу журналында жiберiлетiн кеден органына тауардың түспегендiгi және жiберiлген кеден органына жiберiлген күнi көрсетiледi.
      Жiберiлген кеден органы жөнелтетiн кеден органына оның мекен-жайына осы тармақта көрсетiлген құжаттардың түскендiгi туралы құжаттардың түскен күнiн, атауларын және нөмiрлерiн көрсете отырып жазбаша хабарлауы тиiс.
      2.13 Iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша тауарларды бiр немесе бiрнеше аралық кеден органдары арқылы тасымалдау барысында iшкi транзит құжатында жiберiлетiн кеден органының сондай-ақ аралық кеден органының атауы көрсетiледi.
      Аралық кеден органдары жүк құжаттарында және iшкi транзит құжатында жаңадан салынған кедендiк қамсыздандыру туралы, сондай-ақ көлiк құралдарына немесе контейнерлерiне iшiнара қосымша тиелген немесе олардан түсiрiлген тауарлар туралы белгi жасайды.
      Жiберiлген кеден органдарына тауарлардың түсуiн бақылау жасау осы Ереженiң 2.9.-2.12. тармақтарында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      2.14. Жiберiлген кеден органы алынған құжаттарды тексередi және Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайда тауарды алушыдан төлеуге жататын кедендiк төлемдер мен салықтарды өндiрiп алады және кеден заңдарына сәйкес тасымалдаушының кеден ережелерiн бұзғандығы туралы iс ашады.

           3. Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн
              тауарларды жiберiлетiн кеденге дейiн
                      тасымалдау тәртiбi

      3.1. Қазақстан Республикасынан әкелiнетiн қазақстандық тауарларды кедендiк ресiмдеуден кейiн қызмет аймағы тауарды жөнелтушi орналасқан кеден органында (бұдан әрi осы бөлiмде - жөнелтушi кеден органы) жүк құжаттарының барлық даналарында, сондай-ақ тауарға iлеспе құжатының барлық даналарында (7 Қосымша) немесе ерекшелiгi бар құжаттарда осы Ереженiң 4 қосымшасының 1 суретiнде көрсетiлген мөртаңба қойылады. Жүк құжатының оң жақ жоғары бұрышында сол сияқты тауар ресiмделген кеден жүк декларациясының нөмiрi қойылады. Декларацияның мөртаңбасы және нөмiрi тауарды кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органы қызметкерлерiнiң жеке нөмiрлiк мөрiмен куәландырылады. Көрсетiлген мөртаңбалар шекарадағы өткiзу күзетiнде орналасқан кеден органының (бұдан әрi осы бөлiмде - жiберiлетiн кеден органы) кеден қаржыларының, өзге де қамсыздандырулардың, көлiк құралдары жүк бөлiмдерiнiң, контейнерлердiң немесе жекелеген орындардың орауының сақталуы жағдайында ғана тауарларды өткiзу үшiн негiз болып табылады.
      3.2. Жiберiлген кеден органына тауар келiп түскеннен кейiн жүк құжатында, сондай-ақ тауарға iлеспелi құжатта немесе ерекшелiгi бар құжаттарда осы Ереженiң 4 Қосымшасындағы 3 суретте көрсетiлген, ресiмдеу жүргiзген кеден органы қызметкерiнiң жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген мөртаңба қойылады.
      Жүк құжатының немесе ерекшелiгi бар құжаттың көшiрмесi жiберiлген кеден органында қалады және Қазақстан Республикасынан тауарды әкету фактiсiн растауға жәрдемдеседi.
      3.3. Жiберiлген кеден органдары Қазақстан Республикасынан тауарлардың iс жүзiнде әкетiлгенi туралы осы Ереженiң 8 Қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша журнал жүргiзедi. Көрсетiлген кеден органдары 10 күн iшiнде кемiнде бiр рет барлық жөнелтушi кеден органдарына тауарлардың iс жүзiнде әкетiлгенi туралы журналдың нысанына ұқсас нысан бойынша мәлiметтердi жiберiп тұрады.
      Көрсетiлген мәлiметтер жөнелтетiн кеден органындағы тiркелген кеден жүк декларацияларымен салыстырып тексеру үшiн пайдаланылады. Егер жүк құжатында нөмiрi көрсетiлген кеден жүк декларациясы жөнелтушi кеден органында тiркелмесе, талдап тексеру жүргiзiледi.
      3.4. Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн кеден қоймасы бажсыз сауда дүкенi, уақытша әкелу, ұқсату режимдерiнде тұрған тауарларды кедендiк ресiмдеуден кейiн көрсетiлген кедендiк режимдерге сәйкес мұндай тауарлар жiберiлген кеден органына осы Ереженiң 2 бөлiмiне сәйкес жiберiледi.
      Мұндай жағдайда кепiлдiк мiндетi тауарды жөнелтушiге көрсетiледi.
      Iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша тасымалдың жiберiлген кеден органына белгiленген мерзiмiнде аяқталғаны расталмаған кезде, жөнелтушi кеден органы төлеушiлердiң шоттарынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - мәтiн бойынша Жарлық) Жарлығының 140 бабына сәйкес төленбеген кеден төлемдерiн және салықтарды өндiрiп алады. Қосымша құнға салықты және акциздердi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығы, 154 бап) салық қызметi органдары өндiрiп алады. Жөнелтетiн кеден органы Қазақстан Республикасы кеден заңдарына сәйкес тасымалдаушының кеден ережелерiн бұзғандығы туралы iс ашады.

          4. Кейбiр тауарларды ресiмдеудiң ерекшелiктерi

      4.1. Ауырсалмақты және көлемдi тауарларды, сондай-ақ бос тасылатын тауарларды (құм, қиыршық тас және т.б.) iшкi кеден транзитi процедурасы бойынша ашық көлiк құралдарымен тасуға болады.
      Бұл жағдайда осындай тауарларды айырбастауға мүмкiндiк бермейтiн шаралар қолдану қажет (жүк тауарға iлеспе және өзге де құжаттарда толығымен суреттеу, тауарларға таным белгiлерiн салу және т.б.).

          5. Жауапкершiлiк

      5.1. Жiберiлген кеден органына тапсырылуға тиiстi және бiр кеден

органынан екiншiсiне тасымалданатын тауарлар және құжаттарды әкелмеу, 
сондай-ақ кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдау ережесiн өзге де 
бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк кеден заңдарына сәйкес туындайды.
     5.2. Жiберiлген кеден органына тауарлардың жолда авария немесе 
тежеусiз күш әрекетi салдарынан жеткiзiлмеуiне байланысты ұйымдар кеден 
төлемдерi мен салықтарынан босатылады.
   
                                              Қазақстан Республикасы
                                               Министрлер Кабинетi
                                           жанындағы Кеден комитетiнiң
                                             1995 ж. 19 қыркүйектегi       
                                                N 112-П Бұйрығымен
                                             бекiтiлген iшкi кедендiк
                                            транзит процедурасы туралы
                                                 Ережеге N 1 Қосымша

                Шот-фактураны ресiмдеу
                      Тәртiбi

     1. Шот-фактура кедендiк бақылаудың мақсаты үшiн қажеттi мәлiметтердi 
қамтиды.
     2. Шот-фактура орыс, қазақ немесе ағылшын тiлдерiнде жасалуы тиiс.
     3. Шот-фактура төмендегi мәлiметтерден:
     - оның жасалу күнiнен;
     - экспорттаушы және импорттаушының атауы және почталық мекен-жайынан;
     - шарттың, келiсiмнiң нөмiрi және күнiнен;
     - жеткiзiлiм шарттарынан;
     - СЭҚ ТН немесе Үйлестiрiлген жүйе бойынша атауы және тауар кодынан;
     - жүк орындарының түрi және саны және олардың таңбалануы туралы 
деректерден;
     - брутто салмағынан;
     - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде бағаланатын валюта 
бойынша тауардың құнынан;
     - экспорттаушының мөртаңбасынан тұрады.

     Ескерту: шот-фактураны, егер ондағы мәлiмдеуге жататын
              мәлiметтер кеден органына ұсынылатын тауарға
              iлеспе басқа да құжаттарда бар болса, ұсынбауға
              болады.


                                                Қазақстан Республикасы

жанындағы Кеден Комитетiнiң 19.09.1995 ж. N 112-П Бұйрығымен белгiленген iшкi кедендiк транзит туралы Ережеге N 2 Қосымша


             Iшкi транзиттiк құжаттарды толтыру
                       Ережесi

      1. Iшкi транзит құжаты белгiленген нысандағы кедендiк жүк декларациясының парақтарына толтырылады.
      2. Iшкi транзит құжатының мынадай: 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 15; 17; 18; 21; 22; 29; 31; 32; 33; 35; 42 бағандары; 2; 7 тармақтары 44; 50; 53; 54; А; С; Д бағандары толтырылады.
      3. Бағандарды кеден органының лауазымды адамы, декларант немесе тасымалдаушы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 127-П бұйрығымен бекiтiлген "Кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi туралы нұсқаумен" белгiленген тәртiппен төмендегi ерекшелiктер ескерiлiп толтырады:
      - 1 бағанда екiншi бөлiмше толтырылмайды, ал үшiншi бөлiмшеде IКТ көрсетiледi;
      - 2 және 8 бағандарда ЖКҰЖ кодтары және теңдестiру нөмiрлерi көрсетiлмейдi;
      - 8 бағанда тауарларды темiржол көлiктерiмен тасымалдау жағдайында жiберiлетiн кеден органының қызметi аймағындағы темiржол станциялары көрсетiледi;
      - 22 бағанның сол жақ бөлiмшесiнде шот-фактураға және басқа тауарға iлеспе құжаттарға сәйкес, валютаның цифрлық коды және тауарлардың жалпы фактуралық құны көрсетiледi;
      - 33 бағанда СЭҚ ТН бойынша тауардың нақты кодын анықтау мүмкiндiгi болмағанда тауар позициясы (тауар коды цифрлық кодтың төртiншi таңбасының деңгейiнде) көрсетiледi;
      - 42 бағанда тауарлардың фактуралық құны шот-фактураға немесе басқа тауарға iлеспе құжаттарға сәйкес көрсетiледi;
      - 44 бағанның 7 тармағында шот-фактураның нөмiрi және күнi көрсетiледi;
      - 50 бағанда тауарды жiберiлетiн кеден органына дейiн жеткiзудiң мерзiмi және IКТ процедурасына сәйкес тауарларды тасуға қабылдап алған тасымалдаушы жөнiнде мәлiметтер (тасымалдаушының атауы, мекен-жайы, мөрi, жiберiлетiн кеден органына тауарды жеткiзу туралы мiндеттеме, тасымалдаушының өкiлiнiң тегi, әкесiнiң және өзiнiң аты мен қолы);
      - 53 бағанда жiберiлетiн кеден органының атауы көрсетiледi;
      - "А" бағанының 1 тармағында жеткiзетiн жердiң мекен-жайы, ал "А" бағанының 2 тармағына - жеткiзетiн жердiң телефоны жазылады;
      - "С" және "Д" бағандарына 2 және 3 қосымшаларда көрсетiлген суреттерге сәйкес мөртаңба қойылады және жеке нөмiрлiк мөрмен расталады.
      Iшкi транзиттiк құжатқа кедендiк жүк декларациясының нөмiрiне ұқсас (7 баған) нөмiр берiледi.
      4. IКТ процедурасы бойынша тауарларды бiр немесе бiрнеше аралық кеден органы арқылы тасу кезiнде осы кеден органының атауы iшкi транзиттiк құжаттың артқы бетiне көрсетiледi.
      5. Егер тасымалдаушы не декларант iшкi транзиттiк құжаттың қандай да бiр бағаналарын толтыра алмайтын болса, кеден органының лауазымды адамы жетiспейтiн мәлiметтердi өз бетiнше көрсетедi.
                                                Қазақстан Республикасы

жанындағы Кеден комитетiнiң 19.09.1995 ж. N 112-П Бұйрығымен белгiленген iшкi кедендiк транзит туралы Ережеге N 3 Қосымша


                     Кепiлдiк мiндеттеме

                     (IКТ процедурасы)

_______________________________________________________________
(кәсiпорынның толық атауы, ЖКҰЖ коды, мекен-жайы, телекстiң,
_______________________________________________________________
факстiң нөмiрi, банкiнiң атауымен банкiдегi шот нөмiрi)
(одан әрi "Кәсiпорын") осы мiндеттемемен 199  ж "  "  _________
________________________(кеден органына)_______________________
(кеден органынан) iшкi кедендiк транзит процедурасы бойынша
тасылатын тауарларды көрсетуге мiндеттенедi
_______________________________________________________________
          (тасымалдаушының атауы және мекен-жайы)
iшкi транзиттiк құжаттың және жүк құжатының N/N
_______________________________________________________________
               (кеден органы көрсетедi).

     Кәсiпорын кеден заңдарына сәйкес белгiленген мерзiмде
тауарларды көрсете алмаған жағдайда кеден төлемдерiн және
салықтарды, қосымша құнға салықты және акциздердi төлеуге
мiндеттенедi.

     Кәсiпорын жетекшiсi              _________________________
                                                (қолы)
     Бас бухгалтер                    _________________________
                                                (қолы)
     Кәсiпорын мөрi

                                                Қазақстан Республикасы
                                                  Министрлер Кабинетi
                                               жанындағы Кеден комитетiнiң
                                                1995 ж. 19 қыркүйектегi
                                                  N 112-П Бұйрығымен
                                                бекiтiлген iшкi кедендiк
                                                транзит процедурасы туралы
                                                   Ережеге N 4 Қосымша

       __________________________
       | Қазақстан Республикасы  |
       | Министрлер Кабинетi     |
       | жанындағы Кеден комитетi|
       |(Кеден органының атауы)  |
       |  Шығаруға рұқсат        |
       |  Инспектор ____________ |
       |  199__ж. "___"_________ |
        __________________________
              63 х 22
              1 сурет

        ___________________________________
        |  | Қазақстан Республикасы        |
        |  | Министрлер Кабинетi жанындағы |
        |  |     Кеден комитетi            |
        ---    (Кеден органының атауы)     |
        |  | Кеден бақылауымен_______саны  |
        |  |_______орны________мөртаңбасы  |
        |  |____________көлiгiндегi тауар  |
        |  |              ------------     |
        |  | -------------жүк орны         |
        |  |              (кеден органына) |
        |  |  19__ж._______дейiн жеткiзiлуi|
        |  |  тиiс.________________IКТ     |
        |  | Инспектор _______________     |
        |  |  199__ж "__"  ____________    |
        |  |_______________________________|
                   85 х 60
                   2 сурет
        _______________________________________
        | | Қазақстан Республикасы Министрлер |
        | |  Кабинетi жанындағы Кеден комитетi|
        | |  (Кеден органының атауы)          |
        | |          Тауар түстi              |
        | | Инспектор __________________      |
        | | 19___ж.  "___" _______________    |
        _______________________________________
                    63 х 22
                    3 сурет

     Ескерту: сол бағанада кеден органының мөр нөмiрi мен коды 
көрсетiледi. Мәселен, N 1 "Шығаруға рұқсат" мөрi Алматы қаласы мен Алматы 
облысы бойынша Кеден басқармасына жатады.


                                              Қазақстан Республикасы

Министрлер кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 ж. 19 қыркүйектегi N 112-П Бұйрығымен бекiтiлген iшкi кедендiк транзит процедурасы туралы Ережеге N 5 Қосымша


             Iшкi транзит құжаттарды

                 (IТҚ) тiркеу
                   Журналы
__________________________________________________________________
N | Күнi|   Алушы/жөнелтушi |Тасымал. |Тауар |Орын| Брутто | Құн
  |     |(атауы, мекен-жайы,|даушы    |(атауы,саны|салмағы |бiрлiгi
  |     |жiберiлетiн темiр  |(атауы,  |код)  |    |(тонна. |
  |     |жол стансасы       |мекен-.  |      |    | мен)   |
  |     |                   | жайы)   |      |    |        |
__________________________________________________________________
 1|  2  |         3         |    4    |   5  |  6 |    7   |  8
__________________________________________________________________

_________________________________________________________________
 Құны|Жiберiле.| Инспек.  | Жеткiзу   |  Құжаттар |Жiберiлетiн
     |летiн    |тордың    |туралы рас.|жiберiлетiн|кеден органының
     |кеден    |аты-тегi  |тау (құжат.|кеден орга.|құжаттардың
     |органы   |жеке  нө. |тың күнi,  |нына жiбе. |түскенi туралы
     |         |мiрлiк мөрi нөмiрi)   |рiлдi (күнi|растауы
     |         |          |           | қолы)     |
________________________________________________________________
  9  |    10   |     11   |     12    |     13    |     14
________________________________________________________________


                                               Қазақстан Республикасы  

Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 ж. 19 қыркүйектегi N 112-П Бұйрығымен бекiтiлген iшкi кедендiк транзит процедурасы туралы Ережеге N 6 Қосымша


                Тауарлардың түсуiн есепке алу

                       Журналы
_________________________________________________________________
N |Күнi |IКҚ нөмiрi|Алушы (атауы, |Тасымалдаушы|Тауар |Брутто
  |     |          |мекен-жайы    |(атауы,     |(атауы|салмағы
  |     |          |              | мекен-жайы)|коды) |тоннамен)
_________________________________________________________________
1 |  2  |    3     |      4       |      5     |   6  |    7
_________________________________________________________________

_________________________________________________________________
 Валюта  |  Тауарлардың түскенi    |  КЖД  | Кеден органы
(фактура |туралы хабар берген      | нөмiрi|лауазымды адамның
 құны)   |адамның лауазымы,аты-тегi|       | аты-тегi
________________________________________________________________
    8    |            9            |  10   |        11
________________________________________________________________


                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 ж. 19 қыркүйектегi N 112-П Бұйрығымен бекiтiлген iшкi кедендiк транзит процедурасы туралы Ережеге N 7 Қосымша


           Қазақстан Республикасынан тауарларды әкетудiң

                        есепке алудың   
                          Журналы
__________________________________________________________________
 КЖД |СЭҚ ТН  |Брутто |Мөртаң. |Шығарыл.|Жөнелтушi  |Жiберiлген
нөмiрi бойынша|салмағы|нөмiрi  |ған күнi|(атауы,жайы|кеден органы
     | тауар. |(тонна.|        |        |жiберiлетiн|
     |коды,   | мен)  |        |        |темiржол   |
     | атауы  |       |        |        |стансасы)  |
_________________________________________________________________
 1   |    2   |  3    |   4    |    5   |     6     |     7
_________________________________________________________________
        


Оқыған:
     Багарова Ж.А.      
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады