Кеден тасымалдаушысы туралы Ереженi бекiту жайында

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi 1995 жылғы 25 қыркүйек N 125-П. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 26 қазанда N 118 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 20 шiлдесiндегi N 2368 Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының ережелерiн жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса тiркелiп отырылған кеден тасымалдаушысы туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Кеден органдарының бастықтары осы бұйрықтың күшiне енген күнiнен бастап екi ай мерзiм iшiнде кеден органының қызмет аймағында орналасқан көлiк ұйымдарына ең болмағанда бiр кәсiпорынның кеден тасымалдаушысы ретiнде жұмыс iстеуiн ескере отырып, бекiтiлген Ереженi түсiндiру бойынша қажеттi шараларды қолдансын.
      3. Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы (Качкаев) облыстар бойынша кеден басқармаларымен бiрлесе отырып:
      - Кеден комитетiнiң автоматтандыру және кеден статистикасы басқармасымен (Грязнов) бiрлесе отырып, кеден тасымалдаушыларының республикалық және аймақтық және аймақтық тiзiмдерiн жүргiзсiн;
      - жүйелi түрде (үш ай сайын бiр реттен кем емес) орналасқан орнын көрсете отырып, кеден тасымалдаушыларының тiркелген тiзiмiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Кеден органдары бастықтары:
      - Кеден комитетiне (кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы) ресiмделген күнiнен бастап үш күн мерзiм iшiнде кеден тасымалдаушыларының тiркеу карточкаларының көшiрмелерiн жiберудi қамтамасыз етсiн;
      - кеден тасымалдаушылары акцизделетiн тауарларды тасымалдау туралы шешiм қабылдаған кезде осындай тауарларды тасымалдауға, егер кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияда және кеден тасымалдаушының тiркеу карточкасында көрсетiлген қамсыздандыру сомасы кеден тасымалдаушысы туралы Ереженiң 2.1. тармағының 2 тармақшасында көрсетiлген мөлшерiне тең немесе асып кеткен жағдайда ғана рұқсат етiледi.
      5. Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы (Мұхамедов) бiр ай мерзiм iшiнде:
      - Кеден комитетiн кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияларын бланкiлерiмен;
      - кеден органдарын кеден тасымалдаушысының тiркеу карточкалары бланкiлерiмен қамтамасыз етсiн.
      6. Кеден комитетiнiң баспасөз қызметi (Мұратбаева) бұқаралық ақпарат құралдарында осы Бұйрықты жариялауға кiрiссiн.
      7. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi Төрағасының орынбасары В.В.Шклярға жүктелсiн.

     Төраға

Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетi
жанындағы Кеден комитетінің
1995 жылғы 25 қыркүйектегi
N 125-П бұйрығымен
бекiтiлген

Кеден тасымалдаушысы туралы ереже 1. Жалпы ережелер
 

        1.1. Кеден тасымалдаушысы деп Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылдың 20 шiлдесiндегi N 2368 "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығына (бұдан әрi - Жарлық) және осы Ережеге сәйкес кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауды жүзеге асырушы тасымалдаушы танылады.
      1.2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң (бұдан әрi мәтiн бойынша - Кеден комитетi) кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензиясын алған заңды тұлға құқығы бар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған ұйым (бұдан әрi - ұйым) кеден тасымалдаушысы бола алады.
      1.3. Кеден тасымалдаушысы кеден бақылауындағы тауарларды кедендiк алып жүрусiз және кеден төлемдерi мен салықтарды (тауарларға және көлiк құралдарына кепiлдi, үшiншi адамның кепiлiнсiз, тиесiлi сомаларды депозитке өндiрусiз) төлеудi қамтамасыз етпей-ақ тасымалдауға құқылы.
      1.4. Кеден тасымалдаушысы:
      - аймақтық (тек бiр ғана кеден басқармасы аймағында кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыру кезiнде);
      - республикалық (Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыру кезiнде) болуы мүмкiн.

2. Лицензия беру тәртiбi

      2.1. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн:
      1) Жабдықтау Кеден комитетiнiң 1995 жылдың 25 қыркүйегiндегi 124 N - П Бұйрығымен (бұдан әрi - жабдықтау Ережелерi) бекiтiлген кеден мөрлерiмен және қорғасын таңбаларымен тауарларды тасымалдау үшiн көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтау Ережелерiне сәйкес келетiн, техникалық себептер бойынша осындай көлiк құралдарында тасымалдана алынатын, тек қана солармен тасымалдануы тиiстi тауарларды ескере отырып, ұйым тұрған қызмет аймағындағы кеден органдарында анықталатын көлiк құралдарының бар болуы:
      2) Өз қызметiн қамсыздандыруға шарт жасауы қажет. Әрбiр қамсыздандыру жағдайына байланысты кеден органдарының алдында жауап берудi қамсыздандыру бойынша қамсыздандыру сомасы:
      а) Қазақстан Республикасында акциз салынбайтын тауарларға қатысты 50000 ЭКЮ-ден;
      б) Қазақстан Республикасында акциз салынатын тауарларға қатысты 100000 ЭКЮ-ден аз болмауы керек.
      3) Жабдықтау ережелерiне сәйкес кеден тасымалдаушысы тiркелген кеден органы қызмет аймағындағы кедендiк ресiмдеу орнына 24 сағат iшiнде ең болмағанда бiр көлiк құралының келуiн қамтамасыз ететiндей сандық мөлшерде жабдықталған көлiк құралдарын өз меншiгiнде немесе толық шаруашылығында иемденуге не кемiнде үш жылдық мерзiмге жалдауы қажет. Мұнда жалдаудың күшi бар мерзiмi лицензияның күшi бар мерзiмiн толық қамтуы тиiс.
      4) мөлшерiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi анықтайтын лицензияны бергенi үшiн алымды төлеуi қажет;
      5) өз меншiгiнде немесе толық шаруашылығында бухгалтерлiк есеп бойынша қолданылып жүрген нормативтi актiлерге сәйкес негiзгi қорлар (қаржылар) ретiнде ескертiлетiн, баланс құны кемiнде:
      - аймақтық кеден тасымалдаушысы ретiнде болжамдалынған қызметiн жүзеге асыру жағдайына - 250000 ЭКЮ;
      - республикалық кеден тасымалдаушысы ретiнде болжамдалынған қызметiн жүзеге асыру жағдайында - 500000 ЭКЮ осындай қорларды (қаржыларды) - ғимараттар, құрылғылар, машиналар және құрал-жабдықтар, көлiк құралдары және өзге заттарды иемденуi қажет.
      2.2. Кеден тасымалдаушысы лицензиясын алу үшiн ұйым Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне өтiнiшпен қайырылуға тиiстi.
      2.3. Өтiнiште ұйымның толық және қысқартылған заңдық атауы, ЖКҰЖ коды, заңдық және iс жүзiндегi мекен-жайы, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң тiркеу нөмiрi, сұралынған мәртебесi, қолда бар көлiк құралдарының түрi және саны, банктердегi теңгелiк және валюталық шоттарының нөмiрлерi, осы банктердiң атауы, мекен-жайы және ЖКҰЖ кодтары, ұйымның өз мiндетiне алған 24 сағат iшiнде ең болмаса бiр көлiк құралының келетiн елдi мекендердiң (егер кедендiк ресiмдеу орны елдi мекеннен, iрi қалалардың аудандарынан тыс жерлерде болса, аудандардың) тiзбесi, және лицензия беру туралы шешiмдi қабылдау үшiн пайдалануы мүмкiн өзге мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
      Өтiнiштiң үлгiсi N 1 Қосымшада келтiрiлген.
      2.4. Өтiнiшке төмендегi құжаттар:
      - ұйымның құру және тiркеу құжаттарының көшiрмелерiн (жарғы, құру шарты, мемлекеттiк тiркеу туралы және т.б.)
      - тасымал қызметiн (көлiк-экспедиторлық) қызметтi (темiр жол тасымалдарын қоспағанда); жүзеге асыруға лицензияның көшiрмесi;
      - кеден мөрлерi және қорғасын мөртаңбаларымен тауарларды тасымалдау үшiн көлiк құралдарының жiберiлуi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
      - меншiктiк, шаруашылықты толық жүргiзуге немесе көлiк құралдарына қатысты үш жылдан кем емес мерзiмге жалдауға құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi;
      - қамсыздандыру куәлiгiнiң (полистiң, сертификаттың) көшiрмесi;
      - кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияны бергенi үшiн алымның төленгенiн растайтын төлем құжаты;
      - ұйымда уәкiлдiгi бар ұйым (салық инспекциясы, аудиторлық ұйым, мемлекеттiк немесе муниципалдық мүлiктi басқару жөнiндегi орган) куәлендiрген, белгiленген мөлшерден кем емес негiзгi қорлардың (қаржылардың) барын растайтын құжат тiркеледi.
      Ұсынылатын құжаттардың көшiрмелерiн ұйым басшылығы және бас (аға) бухгалтер куәлендiруi тиiс.
      2.5. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруды болжамдайтын ұйымнан сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне осы ұйымның қызмет аймағында орналасқан кеден органынан қатынас талап етiледi.
      Мұндай қатынаста кеден органы ұйым ұсынған мәлiметтердi растайды, көлiк құралдарының техникалық жағдайына сипаттама бередi, кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензия берудiң мүмкiндiгi және мақсаттылығы туралы қорытындысын баяндайды.
      Кеден органы ұйымға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өз қатынасын бередi. Өтiнiш оны алған күннен бастап 30 күн iшiнде қаралуы тиiстi.
      Кеден органының онда баяндалған қорытындыға қарамай-ақ қатынасты беруден бас тартуға құқысы жоқ.
      2.6. Кеден комитетi өтiнiштi алған күннен бастап 30 күн iшiнде қарайды.
      Көрсетiлген мерзiмде Кеден комитетi ұйым мәлiмдеген мәлiметтердiң осы Ереженiң талаптарына сәйкес келуiн тексередi.
      Кеден комитетi мемлекеттiк ұйымдардан, банкiлерден, өзге ұйымдардан ұсынылған мәлiметтердi растайтын қосымша құжаттарды сұрауға құқылы. Мұндай жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмi осы құжаттардың түскен күнiнен бастап есептелiнедi.
      Өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi екi айдан аспауы тиiс.
      2.7. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензия екi данада ресiмделедi, оның бiреуi Кеден комитетiнде қалады. Лицензияның нысаны N 2 Қосымшада келтiрiлген. Лицензияның бланкiлерi есеп берудiң қатаң қаржы құжаттары болып табылады.
      2.8. Егер мәлiмделген мәлiметтер толық емес немесе жалған болатын, егер ұйым осы Ереженiң талаптарына жауап бере алмайтын жағдайларда, сондай-ақ бас тарту үшiн жеткiлiктi негiз болған өзге де жағдайларда лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Лицензия беруден бас тарту кезiнде Кеден комитетi бас тарту себебiн баяндай отырып, бұл туралы ұйымды хабардар етедi.
      2.9. Лицензия беруден бас тарту туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шағым берiлуi мүмкiн.
      2.10. Лицензияның күшi бар мерзiмi - 3 жыл.
      2.11. Кеден тасымалдаушысы Кеден комитетi куәлендiрген лицензияның көшiрмелерiн аймағында кеден тасымалдаушысы өзiнiң қызметiн жүзеге асыруға құқылы барлық кеден органдарына жiбередi.

3. Лицензияны қайтарып алу немесе күшiн кiдiрту

      3.1. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияны Жарлыққа сәйкес кеден органының өтiнiшi бойынша Кеден Комитетi қайтарып алуы не оның күшiн кiдiртуi мүмкiн.
      Кеден ережелерiн бұзғандығы үшiн жазалау шарасы ретiнде лицензияны Жарлыққа сәйкес кеден органы бастығының өтiнiшi бойынша Кеден комитетi қайтарып алуы мүмкiн.
      3.2. Лицензия мына жағдайларда:
      1) егер ол мәлiмдеушi көрсеткен толық емес немесе жалған мәлiметтер негiзiнде берiлсе;
      2) тауарларды және олардың құжаттарын тасымалдауға негiзделмеген бас тартуларды, Жабдықтау ережелерiне сәйкес жабдықталмаған көлiк құралдарын пайдалануды және көрсетiлетiн қызметтiң орташа құнының мөлшерiне сәйкес емес тасымалдау ақысын белгiлеудi қосқанда кеден тасымалдаушысының мiндеттерi бiрнеше рет орындалмаса;
      3) кеден iсi саласында құқықтардың бұзылуы;
      4) тауарларды және олардың құжаттарын жiберушiге сотпен айқындалғандай, оның iшiнде коммерциялық құпияны немесе жасырын ақпаратты құрайтын мәлiметтердi заңсыз пайдалану жолымен айтарлықтай жолсыз зиян келтiрсе;
      5) кеден тасымалдаушысы лицензияны беру шарттарын сақтамаса, оның iшiнде егер қамсыздандыру сомасы осы Ереженiң 2.1. тармағының 2 тармақшасында көрсетiлгеннен аз болса, ал тасымалдаушы аталған тармақшаның шарттарына жауап беретiн өз қызметiн қамсыздандырудың жаңа шартын жасамаса.
      6) кеден тасымалдаушысы шамасы келмейдi деп танылса не оның шамасы келмейтiндiгi жарияланса қайтарылып алынады.
      Лицензия сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кеден ережелерiн бұзғаны үшiн өндiрiп алу шарасы ретiнде керi қайтарып алынуы мүмкiн.
      Керi қайтарылып алу туралы шешiм лицензияны берген күннен ал лицензияны кеден ережелерiн бұзғаны үшiн өндiрiп алу шарасы ретiнде керi қайтарып алу - iстi орындау бойынша қаулы алынған күннен бастап қолданылады.
      3.3. Лицензияның күшi кеден тасымалдаушысы өзiнiң құқығын терiс пайдаланды деп ойлауға жеткiлiктi негiз бар кезде үш ай мерзiмге дейiн кiдiртiлуi мүмкiн.
      Лицензияның күшiн кiдiрту кезiнде ұйымның кеден тасымалдаушысы ретiнде жаңа тасымалдарды немесе кеден бақылауындағы өзге де тауарларды тасымалдауды бастауға және кiдiрту мерзiмi iшiнде өзiнiң коммерциялық қызметiнде "кеден тасымалдаушысы" атауын пайдалануға құқысы жоқ.
      3.4. Лицензияның күшiн кiдiрту кеден органы бастығының өтiнiшi бойынша Кеден комитетi басшылығының өкiмiмен ресiмделедi. Осы өкiмде осындай шешiмнiң себептерi мiндеттi түрде көрсетiледi.
      Лицензияны қайтарып алу кеден органы бастығының өтiнiшi бойынша Кеден комитетi басшылығының өкiмi не кеден ережелерiн бұзу туралы iс бойынша өндiрiп алу жазасын қолдану туралы қаулысы нысанында ресiмделедi.
      3.5. Лицензияны керi қайтарып алу кезiнде тасымалдаушы шешiм қабылдаған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей оны осындай шешiм қабылдаған кеден органына беруi тиiс. Лицензияны кеден ережелерiн бұзғаны үшiн өндiру шарасы ретiнде керi қайтарып алу кезiнде көрсетiлген мерзiм ол туралы қаулының берiлген немесе жiберiлген күнiнен бастап, ал осындай қаулыға шағым жасау немесе қарсылық бiлдiру жағдайында шағымды немесе немесе қарсылықты қанағаттандырусыз қалдырғаны туралы шешiм шығарылған күнiнен бастап есептеледi.
      3.6. Лицензияның күшi кiдiртiлгеннен кейiн оның күшiн қалпына келтiру үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлеген мөлшерде алым алынады.
      3.7. Лицензияны беру туралы екiншi рет берiлген өтiнiш лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм шыққан күннен бастап, оны керi қайтарып алуға негiз болған себептердi болдырмаған жағдайда бiр жыл толғанда ғана қаралуы мүмкiн.
      3.8. Лицензияны керi қайтарып алу не күшiн кiдiрту кезiнде лицензияны бергенi үшiн және оның күшiн қалпына келтiргенi үшiн алымдар қайтаруға жатпайды.
      3.9. Лицензияны керi қайтарып алу немесе күшiн кiдiрту кезiнде Кеден комитетi бұл туралы кеден тасымалдаушысы тiркелген аймақта орналасқан кеден органдарын хабардар етедi.

4. Кеден тасымалдаушысын тiркеу.

      4.1. Лицензияны берген Кеден комитетi 24 сағат iшiнде ең болмаса бiр көлiк құралының келуiн қамтамасыз етуге дайындығы туралы тасымалдаушының өтiнiшi негiзiнде бұл жайлы қызмет аймағы тасымалдаушы көрсеткен елдi-мекендерде (аудандарда) орналасқан кеден органдарын хабардар етедi.
      4.2. Кеден тасымалдаушысы лицензияны берген күннен бастап екi апта iшiнде өз функцияларын орындауды қалайтын қызмет аймағындағы кеден органдарында тiркелуге мiндеттi.
      4.3. Кеден органдары кеден тасымалдаушыларын тiркеудi (оның iшiнде кеден тасымалдаушысы орналасқан орыннан басқа жерде орналасқан кеден тасымалдаушысының жеке құрылымдық бөлiмшелерi үшiн жеке тiркеудi) N 3 Қосымшада белгiленген нысан бойынша тiркеу карточкаларын жүргiзу жолымен жүргiзедi.
      4.4. Кеден тасымалдаушысының әрбiр көлiк құралына кеден органы куәлендiрген тiркелген карточканың көшiрмесi берiледi.
      Тiркеу карточкасының көшiрмесiн кеден тасымалдаушысы ретiндегi кәсiпорын тауардың әрбiр тасымалы сайын жөнелтушi кеден органына көрсетедi.
      4.5. Кеден органдары тiркелген кеден тасымалдаушыларының тiзбесiн өздерi орналасқан және кедендiк ресiмдеу орындарында жалпыға ортақ танысу үшiн ұсынады.
      4.6. Кеден тасымалдаушысы тiркеу кезiнде кеден органымен бiрлесе отырып, көлiк құралының келу қажеттiлiгi туралы хабардар ету тәртiбiн анықтайды, сондай-ақ олардың кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдау есебiн жүргiзетiн кеден органын көрсетедi.

5. Кеден тасымалдаушысының мiндеттерi

      5.1. Кеден тасымалдаушысы:
      - қалыпты тасымалдау, сақтаудың кезiнде табиғи тозуы немесе кемуi салдарынан өзгерiстердi қоспағанда, әкелуден басқа жөнелтушi кеден органы анықтаған орынға жеткiзудi қоспағандағы өзге мақсаттарға пайдаланбай, тауарларды және олардың құжаттарын орамдары және жай-күйлерi ешқандай өзгерiссiз жеткiзуге және келгеннен кейiн осы орында болуға;
      - тауарларды және құжаттарды жеткiзудiң және қозғалыс бағытының жөнелтушi кеден органы белгiлеген мерзiмiн сақтауға. Жеткiзу мерзiмi көлiк құралының, белгiленген бағыттың және тасымалдың басқа да шарттарының мүмкiндiгiн ескере отырып, бiрақ бiр айда екi мың шақырым есебiнен белгiленген шектеулi мерзiмiнен аспайтын, әдеттегi мерзiмге сәйкес белгiленедi;
      - кеден бақылауындағы тауарлармен бiр мезгiлде басқа тауарларды тасымалдауға;
      - тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
      - жiберiлген кеден органына тауарларды беруге және құжаттарды тапсыруға, ал осы кеден органының талап етуi бойынша тауарларды iс жүзiнде көрсетуге;
      - кеден органы жұмысынан тыс уақытта жiберiлген орынға келген тауарларды кеден бақылауы аймағында орналастыруға;
      - жiберiлген кеден органының рұқсатынсыз тауарларды жеткiзгеннен кейiн оларды қараусыз қалдырмауға, тұрған аялдамасын өзгертпеуге, тауарларды түсiрмеуге не артық салмауға, тауарлардың бастапқыда тұрған орнын өзгертпеуге, орамдарын ашпауға, тауарларды орамау және қайта орамауға, кедендiк теңестiру құралдарын өзгертпеуге, алып тастамау және жоймауға Осы мiндеттердi бұзу кеден тасымалдаушысына мына жағдайда, егер көлiк құралы экипажының өмiрiне және денсаулығына нақты қауiп-қатер, жойып жiберу қаупi, тауарларды немесе көлiк құралдарын мүлде жоғалту немесе айтарлықтай бұзылу төнгендiгiн дәлелдей алса, жауапкершiлiк жүктемейдi.
      - өз адамдарын кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдау ережелерiне үйрету;
      - кеден бақылауындағы тасымалдар есебiн жүргiзуге және ол тiркелген кеден органына осындай тасымалдар туралы есеп берудi ұсынуға;
      - көлiк құралдарын тиiстi техникалық жағдайда ұстауға және көлiк құралдарын жабдықтаудың Жабдықтау ережелерiне үнемi сәйкестiгiн қамтамасыз етуге;
      - өз көлiк құралдарына тауарларды тиеу және асыра тиеудi, олардан өз күшiмен немесе басқа да кәсiпорындармен немесе ұйымдармен шарт негiзiнде түсiру және асыра тиеудi қамтамасыз етуге;
      - жiберiлген кеден органының талап етуi бойынша дереу не осы орган белгiлеген мерзiмде аялдама, тауарларды түсiру және асыра тиеу орнын өзгертудi, тауарлардың бастапқы орнын өзгертудi, тауарлар орамдарын ашуды, орауды және қайта орауды, теңестiру құралдарын өзгерту, алып тастау немесе жойып жiберудi қамтамасыз етуге;
      - авария немесе тежеусiз күш салдары кезiнде тауарларды сақтауды және оларды рұқсатсыз пайдалануды болдырмауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi барлық шараларды қолдануға, жақын жердегi кеден органына iстiң жайы, тауарлардың және көлiк құралдарының орналасқан орны туралы ұзартпай хабарлауға, жақын жердегi кеден органына тауарларды тасымалдауды қамтамасыз етуге және кедендiк бақылауды қамтамасыз ету үшiн осы кеден органы анықтайтын басқа да шараларды алдын ала қолдануға мiндеттi.

6. Тауарларды тасымалдаушы, жөнелтушi, алушы,
кеден тасымалдаушысы және кеден органдары
арасында өзара қарым-қатынас

      6.1. Тауарларды тасымалдаушы, жөнелтушi, алушы және кеден тасымалдаушысы арасындағы өзара қарым-қатынас шартты негiзде құрылады.
      6.2. Кеден тасымалдаушысы кеден бақылауындағы тауарларды мүдделi адамдардың бастамасы бойынша немесе жөнелтушi кеден органының шешiмi бойынша осы Ереженiң 7 бөлiмiнде көзделген жағдайларда тасымалдай алады.
      6.3. Кеден тасымалдаушысының тауарларды тасымалдауы туралы жөнелтушi кеден органының шешiмi тауарларды тасымалдаушы, жөнелтушi және алушы үшiн, сондай-ақ тасымалдаушысы үшiн мiндеттi болып табылады.
      6.4. Кеден тасымалдаушысының тауарларды тасымалдауына байланысты тасымалдаушыда, жөнелтушiде, алушыда туындаған шығыстар тасымалдаушы, жөнелтушi немесе алушы арасында реттелуге жатады және кеден органдары оларды өтемейдi.
      6.5. Кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауға байланысты кеден тасымалдаушысында туындаған шығыстар бiр жағынан тауарларды тасымалдаушы, жөнелтушi, алушы, екiншi жағынан және кеден тасымалдаушысы арасында реттеуге жатады және кеден органдары оларды өтемейдi.

7. Кеден тасымалдаушысының тауарларды
тасымалдауы

      7.1. Кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдау егер кеден органында әдеттегi тасымалдаушы не оның көлiк құралы кеден заңдары ережелерiн сақтауға кепiлдiк бере алмайды деп ойлануға негiз болса, кеден тасымалдаушысына тапсырылады.
      7.2. Кеден бақылаушысының кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауы туралы шешiмдi тасымалданатын тауарлардың сипатын және мәртебесiн және тасымалдау жағдаяттарын анықтау нәтижесiнде жөнелтушi кеден органының лауазымды адамы қабылдайды. Мүдделi адам кеден органының рұқсатымен өз бетiнше кеден тасымалдаушысының қызмет көрсетулерiн пайдалануға құқылы.
      7.3. Кеден тасымалдаушысының тауарларды тасымалдауы не әдеттегi тасымалдаушының тасымалдауды жалғастыруы туралы шешiм қабылдау кезiнде:
      - әдеттегi тасымалдаушының көлiк құралдарын жабдықтауының Жабдықтау ережелерiмен белгiлеген талаптарға сәйкестiгi;
      - кедендiк алып жүрудiң мүмкiндiгi (тауарларды, көлiк құралдарын және оларға құжаттарды кеден органдары лауазымды адамдарының алып жүруi);
      - тауарлар сипаты (акцизделген тауарлар, арттырылған кедендiк әкелiм төлемдерi мен салықтар салынатын тауарлар, мемлекеттiк басқа органдар бақылауына жататын тауарлар);
      - кедендiк мақсат үшiн тауарлар мәртебесi (кеден төлемдерiн және баждарды, қосымша құнға салықты, акциздердi алмаудың нақты кедендiк режимi және экономикалық саясат шараларын қолданбау: квоталау, лицензиялау және т.б. қосыла ма);
       - кеден органында әдеттегi тасымалдаушы туралы бар мәлiметтер (кеден органдары алдында мiндеттерiн адал орындауы, төлем төлеу қабiлеттiлiгi, мүлiктiң иесi, ұйымдастыру - құқықтық нысаны, негiзгi қорлар (қаржылардың) құны, тасымал қызметiмен айналысу сипаты (тұрақты немесе бiр жолғы тасымалдар, қызметтiң негiзгi және қосымша түрi), тасымал қызметi нарқындағы танымалдығы және осыған ұқсас басқа да мәлiметтер;
      - жiберiлген кеден органына тауарлардың, көлiк құралдарының және оларға құжаттардың жеткiзiлмегенi не тиесiлi кеден төлемдерiнiң төленбегендiгiнiң мүмкiн екенi туралы ойлауға негiз беретiн басқа да факторлар ескерiледi.
      7.4. Кеден тасымалдаушысының тауарларды мiндеттi тасымалдауы:
      - тауарлар МПД кiтапшасын (МПД Конвенциясы 1975 ж.) қолдана отырып, халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден конвенциясына сәйкес тасымалданатын;
      - тауарлар кедендiк алып жүрумен тасымалданатын жағдайларда талап етiлмейдi.
      7.5. Кеден төлемдерiн және салықтарды төлеудi қамтамасыз ету кезiнде (тауарлардың және көлiк құралдарының кепiлi, тиесiлi сомаларды депозитке салу, үшiншi адамның кепiлi) кеден тасымалдаушысының тауарларды тасымалдауы туралы шешiм тасымалдаудың барлық жағдайларын есепке ала отырып және тек қана:
      - кеден органдары арасында оларды тасымалдау қажет болатын жағдайда Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған;
      - лицензиялауға жататын әкелiнген тауарларға;
      - мемлекеттiк өзге органдардың бақылауына жататын егер осы органдардың бақылауы жүзеге асырылмаса;
      - сертификаттауға жататын тауарларға қатысты ерекше жағдайларда қабылдануы мүмкiн.
      7.6. Кеден тасымалдаушысы тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк ресiмдеу және жiберiлген кеден органына тауарлардың жеткiзiлуiне бақылау жасау транзиттiң кедендiк режимiн пайдалану және кедендiк бақылаудағы тауарларды жеткiзуге қатысты Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiндегi көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      7.7. Кеден тасымалдаушысы тауарларды тасымалдау осы Ережеге сәйкес өз көлiк құралдарында ғана емес және өз көлiк жабдықтарын ғана емес сонымен қатар өзге адамдардың тiркемелерiн, жартылай тiркемелерiн, контейнерлерiн және басқа көлiк жабдықтарын пайдалану арқылы жүзеге асыруға құқылы.

8. Кеден тасымалдаушысының кеден бақылауындағы
тауарларды тасымалдауды есепке алу және олар
туралы есеп беру

      8.1. Кеден тасымалдаушысы және оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесi, сондай-ақ кеден органдары кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдаудың есебiн жүргiзедi.
      8.2. Кеден тасымалдаушысының кедендiк бақылауындағы тауарларды кеден органдары тарапынан тасымалдауын есепке алуды кеден тасымалдаушысының немесе оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесi қызмет аймағында орналасқан кеден органы жүргiзедi.
      8.3. Кеден тасымалдаушысының (оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесiнiң) кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауын есепке алу N 4 Қосымшада келтiрiлген нысан бойынша кiтап жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      Есепке алу кiтаптары күнтiзбелiк жылдар бойынша жүргiзiледi. Кiтаптар алдын ала тiгiлуi, нөмiрленуi, кiтапшалануы және қызмет аймағында кеден тасымалдаушысы немесе оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесi орналасқан кеден басқармасы бастығының, не кеден органы бастығының орнындағы адамның қолымен бекiтiлуi тиiс.
      Соңғы жазу өндiрiлгеннен кейiн есепке алу кiтабы кеден органына тексеруге берiледi. Тексеру аяқталғаннан кейiн есепке алу кiтабы кеден тасымалдаушысына қайтарылады және оны тасымалдаушы кемiнде үш жыл сақтайды. Есепке алу кiтабын тексергеннен кейiн қосымша жазуларды ендiруге және түзетуге болмайды.
      Кеден органы лауазымды адамдарына есепке алу кiтабы олардың алғаш қойған талабы бойынша-ақ көрсетiледi.
      8.4. Кеден тасымалдаушысының кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауын есепке алуды жүргiзушi кеден органы оның нысанын, оның iшiнде кеден тасымалдаушысы (оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесi) тiркелген кеден органдарымен мәлiметтер алмастыру тәртiбiн өз бетiнше анықтайды.
      Кеден тасымалдаушысы тауарларды әрбiр тасымалдау кезiнде кеден бақылауындағы тауарларды жеткiзу кезiнде немесе транзиттiң кедендiк режимi кезiнде пайдаланылған кедендiк құжаттың қосымша парағын толтырады. Көрсетiлген қосымша парақ кеден тасымалдаушысының кеден бақылауындағы тауарларды есепке алуын жүргiзген кеден органына жiберiледi.
      8.5. Кеден тасымалдаушысы және оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесi тоқсан сайын келесi тоқсанның бiрiншi айының 5-күнiнен қалдырмай, тасымалдауды немесе кеден бақылауындағы тауарларды есепке алуды жүргiзушi кеден органына есеп беру кезеңi үшiн барлық тасымалдар туралы қорытындыланған есебiн ұсынады, ал олар тiркелген кеден органына осы кеден органының шешiмi бойынша немесе оның рұқсатымен жүзеге асырылған барлық тасымалдар туралы есеп бередi. Есеп беру N 4 Қосымшада келтiрiлген тасымалдауды есепке алу нысанына сәйкес жасалады, кеден тасымалдаушысы немесе оның айрықшаланған құрылымдық бөлiмшесi басшысының қолы қойылады және мөрмен куәлендiрiледi.
      8.6. Ұйымның тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензиясы бар болғанымен кеден тасымалдаушысы емес ретiнде тауарларды, оның iшiнде кеден бақылауындағы тауарларды тасымалдауы жалпы тәртiппен жүзеге асырылады және осы Ережеге сәйкес ескерiлмейдi.

9. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн доғару

      9.1. Ұйым кеден тасымалдаушысы ретiнде:
      - кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияны керi қайтарып алу жағдайында;
      - (көлiк экспедиторлық) тасымал қызметiн жүзеге асыруға лицензияның күшiн тоқтату кезiнде;
      - кеден тасымалдаушысының қалауы бойынша;
      - лицензия күшiнiң мерзiмi аяқталған соң, егер ұйым кеден органына осы мерзiмнiң аяқталуына дейiн кеден органдарына осы Ереженiң 2 бөлiмiне сәйкес жаңа лицензия беру туралы қайырылмаса, өз қызметiн тоқтатады.
      9.2. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензия күшi мерзiмiнiң аяқталған соң, тасымалдау (көлiк - экспедиторлық) қызметiн жүзеге асыруға лицензияның күшi доғарылған кезде не кеден тасымалдаушысының қалауы бойынша кеден тасымалдаушысы ретiнде ұйым қызметiн доғару туралы шешiм Кеден комитетi басшылығының өкiмi нысанында ресiмделедi.
      Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияны керi қайтарып алуға байланысты кеден тасымалдаушысы ретiнде ұйым қызметiн доғарған кезде қосымша бұйрық (өкiм) шығарылмайды.
      9.3. Кәсiпорын кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдау кезiнде кеден бақылауындағы олардың тауарларды тасымалдауын есепке алуды жүргiзетiн кеден органына осы Ереженiң 8.5. тармағында баяндалған тәртiпке қатысты кеден тасымалдаушысы ретiнде осы кәсiпорынмен орындалған барлық тасымалдар туралы есеп беруге мiндеттi.

10. Кеден тасымалдаушысының жауапкершiлiгi

      10.1. Кеден тасымалдаушысы кеден төлемдерi және салықтарды төлеудi қоса отырып, жiберiлген кеден органының рұқсатымен осы органға тауарларды жеткiзгеннен кейiн тауарлар жеткiзiлген не осы тауарларға қатысты уәкiлдiгi бар адамға тауарларды iс жүзiнде берген жердегi уақытша сақтау қоймасының иесiне тауарларды iс жүзiнде беруге дейiн кеден органдары алдында жауап бередi.
      10.2. Кеден бақылауындағы тауарларды жеткiзу немесе транзиттiң кедендiк режимi кезiнде пайдаланылатын, жiберiлген кеден органының лауазымды адамы "Тауар келiп түстi" мөртаңбасын қойған, осы лауазымды адамның қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген құжат тауарлардың жеткiзiлуiн растайтын құжат болып есептеледi.
      10.3. Тауарлар кеден органы рұқсатынсыз берiлген, жоғалған немесе жiберiлген кеден органына жеткiзiлмеген кезде тауарлар аварияның салдарынан немесе тежеусiз күштердiң әсерiнен мүлде жоғалып, жойылып кеткен, табиғи тозудың немесе тасымалдау және сақтаудың қалыпты жағдайларында кемiп кетудiң салдарынан жетiспеген не Қазақстан Республикасы заңдары бойынша шет мемлекеттiң органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерi салдарынан иелiктен шыққан жағдайларды қоспағанда тиiсiнше еркiн айналым үшiн шығарудың немесе экспорттың кедендiк режимдерi кезiнде төлеуге жатқызылуы мүмкiн кеден төлемдерi мен салықтарын кеден тасымалдаушысы төлеуге мiндеттi.
      Кеден төлемдерi және салықтары құқық бұзушылық жасалынған күнге, ал осындай күндi белгiлеу мүмкiн болмаса құқық бұзушылық анықталған күнге есептелiнедi.
      10.4. Кеден тасымалдаушысының кеден төлемдерi және салықтарды төлеуi оны кеден ережелерiн бұзғандығы үшiн жауапкершiлiктен босатпайды.

11. Қорытынды ережелерi

      11.1. Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияның басқа адамға беруге болмайды.
      11.2. Өтiнiште, сондай-ақ өтiнiшке тiркелген құжаттарда көрсетiлген кез-келген мәлiметтердiң өзгеруi кезiнде кеден тасымалдаушысы Кеден комитетiн 7 жұмыс күнi iшiнде бұл туралы хабардар етуi тиiс.
      11.3. Егер мәлiметтердiң өзгеруi егер ұйым лицензия беру туралы өтiнiште не өтiнiшке тiркелген құжаттарда осындай мәлiметтердi көрсете алса да, кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн жүзеге асыруға лицензияның берiлуi мүмкiн болмайтындай сипатқа ие болса, онда бұл туралы жазбаша хабардар ету кеден тасымалдаушысының қалауы бойынша кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметiн тоқтату туралы ұйымның өтiнiшi ретiнде қарастырылады. Кеден комитетi ұйымды лицензияның күшiн сақтаудың мүмкiн еместiгi туралы дәлелдi түрде хабардар етедi. Кеден комитетiнiң шешiмiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым беруге болады.
      11.4. Егер кеден тасымалдаушысы өз мәртебесiн өзгертудi қаласа, ол осы Ереженiң 2 бөлiмiнде көзделген жаңа лицензия беру туралы өтiнiш беруi тиiс. Мұнда бұрын берiлген лицензияның күшi кеден тасымалдаушысының қалауы бойынша тоқтатылуы мүмкiн. Жаңа лицензияны бергендiгi үшiн алымдарды төлеу кезiнде бұрын берiлген лицензия бергенi үшiн төленген алымдар есептелiнбейдi.
      11.5. Өзгертулердi лицензияға өндiрудi талап ететiн өзге мәлiметтердi кеден тасымалдаушысының өзгертуi кезiнде бұрынғыларды, ал өзгертiлген бөлiгiнде - жаңа мәлiметтердi көрсете отырып, лицензияның жаңа бланкiсiн толтыру жолымен лицензияны қайта тiркеу жүргiзiледi. Лицензияның бұрынғы реттiк нөмiрiне алфавитпен анықталған әрiптiк белгiлердiң реттiлiгi қосылады.

Қазақстан Республикасы  
Министрлер Кабинетi   
жанындағы Кеден комитетiнiң
Кеден тасымалдаушысы туралы
ережесiне        
N 1 Қосымша

                                 ___________________________
                                 (кәсiпорынның толық атауы)

Өтiнiш

     ______________________________________кеден тасымалдаушысы
          (республикалық, аймақтық)
ретiнде___________________________________________________аумағында
                   (облыс)
қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi өтiнемiн
     Кәсiпорын туралы төмендегiлердi хабарлаймын:
     1.____________________________________________________________
       (толық және қысқартылған заңды атауы, ЖКҰЖ коды, заңды және
       iс жүзiндегi мекен-жайы, мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң
       тiркеу нөмiрi)
     2.____________________________________________________________
         (ұйымдастыру - құқылық нысаны және кiм құрды)
     3.____________________________________________________________
       (кәсiпорынның теңгелiк және валюталық шоттары; осы есептер
       ашылған банктердiң атаулары, ЖКҰЖ коды және мекен-жайы)
     4.____________________________________________________________
                 (кәсiпорын қызметiнiң түрлерi)
     5.____________________________________________________________
     (көлiк-экспедиторлық) тасымал қызметiн жүзеге асыруға лицензия
       беру күнi және нөмiрi; лицензия берген орган; лицензия
       күшiнiң мерзiмi)
     6.____________________________________________________________
     (жабдықталған көлiк құралдарына жататын бар түрлерi және саны)
     7.____________________________________________________________
       (елдi мекендердiң (егер кедендiк ресiмдеу орны елдi
       мекендерден, тыс iрi қалалар аудандарынан тыс болса,
       аудандардың) тiзбесi) ең болмағанда бiр көлiк құралының 24
       сағат iшiнде келуi бойынша мiндеттi кәсiпорын өзiне алады)
     8.____________________________________________________________
              (айрықшаланған құрылымдық бөлiмшелердiң тұрған орны)
     9.____________________________________________________________
       (лицензия беру туралы шешiм қабылдау үшiн пайдаланылуы мүмкiн
       өзге мәлiметтер)
     Кәсiпорын жетекшiсi               қолы    аты-жөнi

Кеден тасымалдаушысы
туралы Ережеге
N 2 Қосымша

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк елтаңбасының
бейнесi Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетi жанындағы Кеден комитетi
Кеден тасымалдаушысы ретiнде қызметтi
жүзеге асыруға
N лицензия

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi
осы Ережемен_______________________________________________________
           (кәсiпорынның атауы және заңды мекен-жайы)
___________________________________________________________________
                   (көлiк түрi)
___________________________________кеден тасымалдаушысы ретiнде
  (республикалық, аймақтық)
__________________________________аумағында қызметiн жүзеге асыруға
     (аймақ)
рұқсат етедi.
Кеден органдары алдында жауап берудi қамсыздандыру шарты
N________________ _____________________________________сомаға
Осы лицензияның күшi бар мерзiмi 199__ж "__________________"
аяқталады.

                                      _____________________________
                                      (кеден комитетiнiң уәкiлдiгi
                                       бар лауазымды адамның қолы)
                                      199__ж. "__"_________________     М.О.
    _____________________________

    Ескерту. Қамсыздандыру шарты бағаның қызмет аймағында кеден
тасымалдаушысы қызметiн жүзеге асыруды болжамдайтын кеден органы толтырады.

Кеден тасымалдаушысы туралы
Ережеге N 3 Қосымша   

Кеден тасымалдаушысының тiркеу
карточкасы

_________________________________________________________________
1. Кеден тасымалдаушысы (толық | 4. Кеден тасымалдаушысының
және қысқартылған атауы; ЖКҰЖ   | (айрықшаланған құрылымдық
коды                            | бөлiмшенiң) заңды және iс
                                | жүзiндегi мекен-жайы
___________________________________________________________________
2. N________________Лицензия   | 5. Қызмет аумағы
____________дейiн қолданылады   |
Кеден органдары алдында жауап   |
берудi қамсыздандыру шарты      |
N__________сомаға_____________  |
___________________________________________________________________
3. Теңгелiк және валюталық     | 6. Көлiк құралын шақырту үшiн
шоттар, осы шоттар ашылған      | телефондар, телефакстер,
банкiлердiң атауы, олардың      | телекстердiң нөмiрлерi
ЖКҰЖ коды
___________________________________________________________________
7. Көлiк құралының түрi        | 8. Саны
___________________________________________________________________
9. Көлiк құралының жiберiлгендiгi туралы куәлiктiң нөмiрi
___________________________________________________________________
10. Өзге ақпарат               | 11. Кеден тасымалдаушысының кеден
                                |бақылауындағы тауарларды тасымалдау
                                | есебiн жүргiзушi Кеден органы
___________________________________________________________________
                                | 12. Жүргiзудi бастау күнi
                                | Кеден органы лауазымды адамның
                                | тегi, аты-жөнi, лауазымы, қолы
                                | мен жеке нөмiрлiк мөрi
___________________________________________________________________

ҚР МК жанындағы КК 1995 ж.
25 қыркүйегiндегi N 125-П
Бұйрығымен бекiтiлген  
кеден тасымалдаушысы
Ережесiне     
Қосымша N 4   

Кеден бақылауындағы тауарларды кеден
тасымалдаушысының есепке алу
Кiтабы

___________________________________________________________________
N | Күнi | Жөнелтушi | Жiберiлген |Алушы жөнелтушi| Автомашинаның
   |      | кеден     | кеден      |(атауы,        | мемлекеттiк
   |      | органы    | органы     | мекен-жайы)   | нөмiрi және
   |      |           |            |               | маркасы
___________________________________________________________________
1 |  2   |     3     |      4     |       5       |       6
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
IТҚ   | Тауар |Орынның| Брутто|Валюта   | Тауар және     | Ұйым
нөмiрi,|(атауы |  саны |салмағы|және фак.|iлеспе құжаттар |жетекшi.
КЖД   | код)  |       |(тонна)|туралық  |жiберiлген кеден|шiсiнiң
нөмiрi |       |       |       |құны     |органына (күнi) | қолы
       |       |       |       |         |ұсынылды        |
___________________________________________________________________
   7   |    8  |   9   |   10  |   11    |        12      |  13
___________________________________________________________________   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады