Е Р Е Ж Е
Осы ереже ақылы құқықтық және техникалық қызметтер көрсетуде жұмыс тиiмдiлiгi мен сапасын, қызмет көрсету мәдениетiн көтеру, Республика мемлекеттiк нотариалдық кеңселерi қызметкерлерiнiң қызметiн материалдық ынталандыру негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың қажеттiлiктерiн барынша толық қанағаттандыру мақсатында дайындалды және ақылы қызмет көрсету үшiн алынатын ақшалай қаражатты құру мен бөлудi белгiлейтiн негiзгi құжат болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық сипаттағы ақылы қызметтер көрсету нәтижесiнде алынған қаражаттар:
- құқықтық мәселелер жөнiнде кеңес беру;
- шарттардың техникалық жобаларын құру, құжаттардың
көшiрмелерiн және олардан алынған жазбаларды жасау;
- құқықтық және техникалық сипаттағы басқа қызметтер көрсету есебiнен құрылады.
Аталған бюджеттен тыс қаражаттар Ұлттық банк мекемелерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашылатын әдiлет-басқармаларының есеп айырысу есепшоттарына белгiленген тәртiпте түседi.
Көрсетiлген қызметтер үшiн ақы алу қолма-қол есеп айырысумен де, аудару арқылы есеп айырысумен де жасалады. Азаматтардан қолма-қол ақша қабылдау белгiленген үлгiдегi төлем-түп бойынша, ақылы қызмет көрсету кезiнде тiкелей жасалады.
Мемлекеттiк нотариалдық кеңселер қызметкерлерiнiң көрсетiлгенi үшiн
мемлекеттiк баж төлету белгiленбеген қызметтерi үшiн төленетiн ақылар
анықтамалығын Әдiлет министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi бекiтедi.
Ақылы қызметтердi жүзеге асырудан алынған қаражаттар төмендегi
қорларға бөлiнедi:
- нотариустардың, нотариалдық кеңселердiң басқа қызметкерлерiнiң
еңбегiне ақы төлеу қорына - 25 % ;
- нотариат органдарын өндiрiстiк дамыту қорына - 45 % ;
- Әдiлет басқармасының орталықтандырылған қорына - 30 % ;
1. Еңбекке ақы төлеу қоры мыналарға жұмсалады:
- нотариустардың, кеңесшiлердiң және нотариалдық кеңселердiң
басқа қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына үстеме ақы
белгiлеуге;
- нотариалдық кеңсенiң орнында уақытша жоқ қызметкерiнiң
мiндеттерiн өз жұмысымен қатар 3 күннен артық орындағаны үшiн
нотариустарға үстеме ақы белгiлеуге;
- жарты жыл және бiр жыл iшiндегi жұмыс нәтижелерi бойынша
(нотариалдық кеңселердiң қызметкерлерiне) сыйақы төлеуге,
бiрақ дербес үстеме ақыларды қосқанда бiр жылдық бiр
лауазымдық жалақыдан артық емес.
Аталған үстеме ақылар мен қосымша ақыларды төлеу мына мiндеттi
шарттар қадағаланып жасалады:
- азаматтарға қызмет көрсету мәдениетiне нотариалдық әрекеттер жасаудан негiзсiз бас тартуға жүйелi түрдегi негiздi шағымдардың жоқтығы;
- нотариалдық Кеңселер жұмыс режимiнiң сақталуы;
- нотариалдық әрекеттердiң сапалы орындалуы (бұларға кезектi тексерулер немесе нотариалдық практиканы қорытындылау өткiзу кезiнде әдiлет басқармасы баға бередi);
- жоспарлы шаралардың өз уақытында орындалуы;
- атқару тәртiбiнiң қадағалануы;
- құқықтық насихатқа қатысу;
- тиiстi нотариалдық Кеңседе ақылы қызмет көрсетуден түсетiн кiрiстердiң болуы еңбекке ақы төлеу қорынан төленетiн үстеме ақылар мен қосымша ақылар мөлшерiн барынша дифференцияланған түрде белгiлеу мақсатында әрбiр нотариустың ортақ қорды құрудағы еңбектiк қатысу коэффициентi белгiленсiн, ол төмендегi үлгi бойынша есептеледi;
- айлық немесе тоқсандық қор жұмыс iстейтiн нотариустардың жалпы санына бөлiнедi және орташа коэффициент шығарылады.
Орташа коэффициенттен асқан жағдайда немесе оған тең болған жағдайда және жоғарыда белгiленген шарттар қадағаланғанда, нотариус ең жоғары үстеме ақыға құқылы. Бұдан төмен көрсеткiш болған жағдайда коэффициент қандайда бiр мөлшердегi қосымша ақылар белгiлеу үшiн шешушi фактор болып табылмайды, ол жиынтық түрiнде жоғарыдағы барлық көрсеткiштермен бағаланады.
Нотариалдық кеңсенi басқаруды жүзеге асыратын аға нотариус жұмысы бағаланған кезде:
- нотариалдық кеңсе жұмысын жалпы ұйымдастыру;
- жасалған нотариалдық әрекеттердiң саны мен сапасы;
- азаматтарға қызмет көрсету мәдениетi;
- жас нотариустарды оқыту және стажировкаға жiберудi өткiзу;
- өткiзiлген нотариалдық практиканы қорытындылаулардың сапасы;
- әдiлет басқармасы өткiзетiн тексерулерге және құқықтық
насихат жөнiндегi жұмысқа қатысу;
- нотариалдық Кеңселер қызметiне қатысы бар басқа мекемелермен
және ұйымдармен өзара қатынас есепке алынады:
Шағымдардың, нотариалдық әрекеттер жасау кезiндегi бұзушылықтар мен қателiктердiң саны мен сипатына қарай Әдiлет басқармасымен бiрiге отырып Нотариустар Кеңесi, әрбiр нақты жағдайда олардың мөлшерiн белгiлеп, үстеме ақылар мен қосымша ақылардың бiр бөлiгiн төлеу туралы шешiм қабылдайды, не нақты қызметкердi қосымша ақылар мен сыйақылардан айыру туралы шешiм қабылдай алады.
Үстеме ақылар мен қосымша ақылардан толық немесе олардың бiр бөлiгiмен айыру тиiстi кезеңде нотариустар жұмысындағы кемшiлiктер табылған соң және бағаланған соң жасалады.
Есеп берушiлiктiң бұрмалануына және қаржылық тәртiптiң бұзылуына әдейi немесе немқұрайдылықпен жол берген нотариустар үш ай iшiнде барлық түрдегi үстеме ақылар мен қосымша ақылардан айырылады және осы әрекеттер үшiн заң белгiлеген тәртiпте жауап бередi.
Сыйақыларды төлеу жарты жыл және бiр жыл нәтижелерi бойынша дәл осы
шарттарда жасалады.
Үстеме ақыларды, қосымша ақыларды, сыйақыларды бөлудi, олардың
мөлшерiн белгiлеудi, олардан толық немесе олардың бiр бөлiгiнен айыруды,
қаржылық есеп берулер мен құжаттар белгiленген тәртiпте тапсырылған және
өңделген соң, Нотариустардың жалпы жиналысында сайланған Нотариустар
Кеңесi жасайды, бiрақ келесi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей.
2. Өндiрiстiк дамыту қорының қаражаттары:
- жаңа тұрақ-жайларды салу жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға,
тұрақ жайларды кеңейтуге және қайта жабдықтауға, нотариалдық
кеңселердi кезектегi және күрделi жөндеуге;
- нотариалдық кеңселердiң жұмыс жасауын қамтамасыз ететiн
құрал-жабдықтарды, ұйымдастыру-техникалық құралдарды және
басқа материалдық құндылықтарды сатып алуға;
- құқықтық қызмет көрсетудiң және заңды көмектiң жаңа түрлерiн
енгiзу жөнiндегi шығындарға, кадрлар дайындауға;
- басқа өндiрiстiк қажеттiлiктердi қаржыландыруға бағытталады.
3. Әдiлет басқармасының Орталықтандырылған қоры:
- Әдiлет басқармаларының материалдық базасын нығайтуға
бағытталады.
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.