Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлдiктерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1995 жылғы 8 қарашадағы N 16 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 7 мамыр N 301 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша). 
      2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
      3. Сайлау комиссиялары шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушыларымен, депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiмен жұмыста осы Ережелердi басшылыққа алатын болсын. 

      Комиссиясы төрағасы
     Комиссия хатшысы

N 1 Қосымша 

            Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары
       сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
                        байқаушылары туралы
                              ЕРЕЖЕ 

       I. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
          байқаушыларын тiркеу тәртiбi 

     1. Байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тiркеледi.
     2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша өз мәжiлiсiнде тиiстi шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу туралы шешiм қабылдайды.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚР Орталық    сайлау комиссиясының 1997.08.18. N 15/93   қаулысымен .
     3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
     4. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi. 

           II. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
                байқаушыларының өкiлеттiктерi 

     1. Байқаушылар:
     - әрбiр учаскедегi, пункттегi дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердiң ашылуына қатысуға;
     - сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға;
     - сайлау күнi сайлау комиссиясының мәжiлiстерiне қатысуға;
     - дауыс санау барысын, сондай-ақ сайлау учаскесiндегi,      пунктiндегi дауыс беру нәтижелерiн анықтауды қадағалауға құқықты. 

      III. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар 
           байқаушылары қызметiн қамтамасыз ету 

       1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы аумағында жүрген кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қамқорлығында (қорғалуында) болады. 
      2. Байқаушылар қызметiн материалдық-қаржылық қамтамасыз ету байқаушылар жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 
      3. Байқаушылардың өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде тиiстi сайлау комиссиялары мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi оларға қажеттi көмек көрсетiп отырады. 

      IV. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар 
          байқаушыларының жауапкершiлiгi 

       1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.
      2. Байқаушылар Қазақстан Республикасы заңдарын немесе халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қалыптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оларды тiркеудi қайтарып алуға құқылы. 

      Қазақстан Республикасы
  Орталық сайлау комиссиясының
          хатшысы 

N 2 қосымша

          Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының
       сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының,
         депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген
       адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары
               өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы
                           ЕРЕЖЕ 

           I. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу тәртiбi

      1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және аумақтық бiрлестiктерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары жанында тiркеледi. 
      2. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу туралы шешiм тиiстi аумақтық және округтiк комиссияларының мәжiлiсiнде қабылданады.
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы алынып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 1997.08.18. N 15/93  қаулысымен
      3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн тиiстi сайлау комиссиясы белгiлейдi.
      4. Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiне белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.
      5. Әрбiр сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық бiрлестiктердiң әрқайсысынан бiр-бiрден ғана байқаушы қатыса алады. 

           II. Парламент депутаттарының сайлауындағы қоғамдық
              бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа
              кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының
              өкiлеттiктерi 

     1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары:
     - дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердi ашқан кезде әр учаскеде, пунктте қатысуға;
     - сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға;
     - сайлау күнi сайлау комиссияларының мәжiлiстерiне қатысуға;
     - сайлау учаскесiндегi, пунктiндегi дауыстарды санау барысын, сондай-ақ дауыс беру нәтижелерiн анықтауды байқауға хақылы.
     2. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi. 

          III. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және
              депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген
                    адамдарының жауапкершiлiгi 

     Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушылары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тiркеудi қайтарып алуға хақылы. 

           IV. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын
              жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының
              өкiлдерi туралы 

     Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткiзуге байланысты шараларға қатысуға кепiлдiк берiледi. 

      Қазақстан Республикасы
   Орталық сайлау комиссиясының
           хатшысы     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады