Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы қарашаның 8-iндегi N 16 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы Ережеге және Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ережеге өзгерiстер енгiзу жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1997 жылғы 18 тамыз N 15/93 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 9 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 53. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары туралы Ережеге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     - 1-тараудың 2-пунктiнiң екiншi бөлiгi алынып тасталсын.
     2. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының, депутаттыққа сенiм бiлдiрген адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     - 1-тараудың 2-пунктiнiң екiншi бөлiгi алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     төрайымы

     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы

     Алматы, 1997 жылғы тамыздың 18-i
     N 15/93

           Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттары
       сайлауындағы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар
                     байқаушылары туралы
                           Ереже

          (Ортсайлаукомның 1997 жылғы 18 тамыздағы N 15/93
             қаулысына енгiзiлген өзгерiстермен бiрге)

      I. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу тәртiбi

      1. Байқаушылар Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанында тiркеледi.
      2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша өз мәжiлiсiнде тиiстi шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларын тiркеу туралы шешiм қабылдайды. 
      3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
      4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы байқаушыларға белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.

      II. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының өкiлеттiктерi

     1. Байқаушылар:
     - әрбiр учаскедегi, пункттегi дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердiң ашылуына қатысуға;
     - сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға;
     - сайлау күнi сайлау комиссиясының мәжiлiстерiне қатысуға;
     - дауыс санау барысын, сондай-ақ учаскесiндегi, пунктiндегi дауыс беру нәтижелерiн анықтауды қадағалауға құқылы. 

       III. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушылары қызметiн қамтамасыз ету

        1. Байқаушылар Қазақстан Республикасы аумағында жүрген кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қамқорлығында (қорғауында) болады. 
      2. Байқаушылар қызметiн материалдық-қаржылық жағынан қамтамасыз ету байқаушыларды жiберген тараптардың қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 
      3. Байқаушылардың өз мiндеттерiн орындауы кезеңiнде тиiстi сайлау комиссиялары мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi оларға көмек көрсетiп отырады.

       IV. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар 
          байқаушыларының жауапкершiлiгi

        1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық Заң күшi бар Жарлығының 40, 42-баптарына сәйкес байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi. 
     2. Байқаушылар Қазақстан Республикасы заңдарын немесе халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған қалыптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы оларды тiркеудi қайтарып алуға құқылы. 

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы 

            Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының
         сайлауындағы қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының,
            депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген
              адамдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат
             құралдары өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi туралы
                              Ереже

          (Ортсайлаукомның 1997 жылғы 18 тамыздағы N 15/93
             қаулысына енгiзiлген өзгерiстермен бiрге)

       I. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу тәртiбi

      1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушылары қоғамдық бiрлестiктердiң республикалық және аумақтық бiрлестiктерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық және округтiк сайлау комиссиялары жанында тiркеледi. 
      2. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларын тiркеу туралы шешiм тиiстi аумақтық және округтiк комиссиялардың мәжiлiстерiнде қабылданады.
     3. Байқаушылардың өкiлеттiк мерзiмiн тиiстi сайлау комиссиясы белгiлейдi.
     4. Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерiне белгiленген үлгiдегi куәлiктер бередi.

      II. Парламент депутаттарының сайлауындағы қоғамдық
         бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа
         кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдарының                     өкiлеттiктерi

     1. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген адамдары:
     - дауыс беруге арналған учаскелер мен пункттердi ашқан кезде әр учаскеде, пунктте қатысуға;
     - сайлау күнi сайлау учаскесiнде, дауыс беруге арналған пунктте болуға;
     - сайлау күнi сайлау комиссиясының мәжiлiстерiне қатысуға;
     - сайлау учаскесiндегi, пунктiндегi дауыстарды санау барысын, сондай-ақ дауыс беру нәтижелерiн анықтауды байқауға хақылы.

      III. Қоғамдық бiрлестiктер байқаушыларының және                    депутаттыққа кандидаттардың сенiм бiлдiрген                    адамдарының жауапкершiлiгi

     Тиiстi сайлау комиссиялары қоғамдық бiрлестiктердiң байқаушылары Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған жағдайда тiркеудi қайтарып алуға құқылы.

      IV. Сайлауға дайындық барысы мен оның қорытындыларын
         жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi            туралы

     Бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiне куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болған жағдайда сайлауды өткiзуге байланысты шараларға қатысуға кепiлдiк берiледi.

      Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады