Аукциондарда мемлекеттік акциялар пакеттерін сату тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитеті қаулы етеді:
1. Аукциондарда мемлекеттік акциялар пакеттерін сату тәртібі туралы Ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
а) 2.2.1. тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік акция пакеті мемлекеттік акциялар пакеттерінің бағасын реттейтін нормативтік-құқықтық акт қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес белгіленген есептік бағадан 10% төмен емес деңгейде анықталатын ең төменгі бағадан егер сауда өткізуде бұл ең төменгі баға белгіленген болса, төмен сатылмайды. Голландық тәсіл бойынша ең төменгі баға белгіленбейді."
б) 2.2.3. тармақ мына редакцияда жазылсын:
"Сауданың голландық тәсілі бойынша мемлекеттік акциялар пакеттерін сатуда ең алғашқы баға жоғарылайтын коэффициентке нормативтік-құқықтық актіге сәйкес анықталған есептік бағаны көбейту жолымен анықталады. Бұл коэффициент Сатушы арқылы белгіленеді, бірақ 10-төмен болмайды."
в) 2.3.2. тармақтың а) тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"а) әрбір лот бойынша:
- лоттың алғашқы бағасынан-сауданың ағылшын тәсiлi бойынша;
- қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес анықталған лоттың есептік бағасынан-сауданың голландық тәсілі бойынша - 5-15% дейін (сатушы бойынша) анықталады;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Төраға орынбасары Ю.Е. Дуберманға жүктелсін.
Төраға