Қаржы жоспарын және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi N 1 Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 17. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 211 Бұйрығымен

  --------------Бұйрықтан үзінді--------------  

      "Заңға тәуелдi актiлердi жетiлдiру бойынша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкiмiн iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлген тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарының күшi жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Заң қызметi департаментi (Д.В. Вагапов) қоса берiлген тiзбеде көрсетiлген бұйрықтардың күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен бiр апталық мерзiмде хабарласын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрiнің     
2005 жылғы 3 маусымдағы 
N 211 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң күшiн
жойған кейбiр бұйрықтарының тiзбесi

      2. "Қаржы жоспарын және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi Нұсқаулыққа енгiзiлген өзгертулер мен толықтырулар" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде 1996 жылғы маусымда N 17 тiркелген)...
--------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жаңа Бюджеттiк сыныптаманың енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 1995 жылғы 18 қыркүйектегi N 239  бұйрығымен  бекiтiлген қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөнiндегi қолданылып жүрген Нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi. 

      I. "Жалпы ережелер" бөлiмiнде 
      - 1-тармақ "Министрлiктер (ведомстволар) рұқсаттарының" деген 
сөздерден кейiн "министрлiк берген (ведомствоаралық) рұқсаттардың және төменгi бюджеттiк қаржыларды бөлушiлер рұқсаттарының" деген сөздермен толықтырылсын.

      II. "Айқындамалар" бөлiмiнде
      - 4-тармақтағы "мекемелерге" деген сөз "бюджеттiк ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - 6-тармақтағы "мекемелердiң" деген сөз "ұйымдардың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      III. "Қаржы жоспарлауы" бөлiмiнде
      - 8-тармақ "салалық" деген сөзден кейiн "департаменттер және" деген сөздермен толықтырылсын, "баптардың" деген сөз "сыныпшалар мен ерекшелемелердiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 9-тармақ "салалық" деген сөзден кейiн "департаменттер және" деген сөздермен толықтырылсын, "Бас қазынашылық басқармасы" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 14-тармақтағы "әрбiр бапқа" деген сөздер "әрбiр сыныпша мен ерекшелемеге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 15-тармақтағы "Бас бюджет басқармасы" деген сөздер "Мемлекеттiк бюджет департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      IV. "Қолма-қол ақша тасқынын болжамдау" бөлiмiнде 
      - 18-тармақтағы "сыртқы экономикалық қызметтiң" деген сөздер "валюталық операциялардың және сыртқы борыш мониторингiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 20-тармақ "2-қосымша" деген сөздерден кейiн "Қолма-қол ақша тасқынын болжамдауға арналған экономикалық көрсеткiштер бюджеттiк сыныптамаға сәйкес келуi тиiс" деген сөйлеммен толықтырылсын. 

      V. "Қазынашылық рұқсаттарының тоқсандық берiлiмi" бөлiмiнде 
      - 22-тармақтағы "бөлiмдер мен баптардың" деген сөздер "экономикалық сыныптама мекемелерінің, бағдарламаларының, кiшi бағдарламалары мен ерекшелемелерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 24-тармақтағы "Бас қазынашылық басқармасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықта" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 25-тармақтағы "апта сайын" деген сөздер "айына бiр-екi рет" деген сөздермен, "мекемелердiң" деген сөз "бюджеттiк ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын, "Бұл практика табыс келтiрудегi, жағдаят жақсарғанша жалғаса бередi" деген сөздер алынып тасталсын. 

      VI. "Рұқсаттарды қайта қарау" бөлiмiнде 
      - 26-тармақтағы "Бас бюджет басқармасы" деген сөздер "Мемлекеттiк бюджет департаментi" деген сөздермен, "бiрдей баптардың" деген сөздер "бiр сыныпша мен ерекшелеменiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 27-тармақтағы "Бас бюджет басқармасы" деген сөздер "Мемлекеттiк бюджет департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын. "Қазынашылықтың" деген сөздiң алдынан "Қаржы министрлiгi жанындағы" деген сөздермен толықтырылсын. 

      VII. "Рұқсат берiлген лимиттердi әрбiр министрлiктiң iшiнде бөлу" бөлiмiнде 
      - 28-тармақтағы "мекемелердiң" деген сөз "бюджеттiк ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 29-тармақтағы "мекеме" деген сөз "ұйым" деген сөзбен, "алты қатарлы" деген сөздер "жетi қатарлы" деген сөздермен, "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      - 30-тармақта 
      бiрiншi абзацтағы "мекеме" деген сөз "ұйым" деген сөзбен, "Бас қазынашылық басқармасының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың" деген сөздермен, "бюджеттiк бапқа" деген сөздер "экономикалық сыныптаманың ерекшелемесiне" деген сөздермен, "бапқа" деген сөз "ерекшелемеге" сөзбен ауыстырылсын; 
      - бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтар енгiзiлсiн: 
      "Министрлiк (ведомство) бюджеттiк қаражатты бөлушiнiң өкiлеттiктерiн төмен тұрған (бағынысты) бюджеттiк ұйымға берген жағдайда соңғысына, өз кезегiнде, төмен тұрған қаржы жұмсаушы бiрлiктер (бюджеттiк ұйымдар) бойынша лимиттер бөлiнiп, 2-а нысаны бойынша (N 10 қосымша) төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсаты жазып берiледi. Қаржы жұмсаушы бюджеттiк ұйымдар арасында әрбiр ерекшелеме бойынша бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жалпы сомасы 2-нысан бойынша министрлiктiң (ведомствоның) рұқсатында да әрбiр ерекшелеме бойынша көрсетiлген сомаға тең болуы тиiс. Төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсаты үш дана етiп толтырылады, олардың бiрiншiсi бағынысты бюджеттiк ұйымға, екiншiсi облыстық қазынашылық басқармасына арналған, үшiншi данасы бюджеттiк қаржыларды бөлушiде қалады. 
      Бiр министрлiк (ведомство) өзiнiң бюджеттiк қаражатының бiр бөлiгiн басқа министрлiкке (ведомствоға) бөлген жағдайда ол министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат (2-б нысаны, 11-қосымша) бередi. Министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат үш дана етiп толтырылады, олардың бiрiншiсi алушы министрлiкке (ведомствоға), екiншiсi - Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылыққа арналған, үшiншi данасы шығарушы министрлiкте (ведомствода) қалады. Министрлiк (ведомство) экономикалық сыныптаманың әрбiр ерекшелемесi бойынша министрлiктер (министрлiкаралық рұқсат) және бағынысты ұйымдар (министрлiктiң рұқсаты) арасында бөлген бюджеттiк қаражаттың жалпы сомасы тұтастай министрлiк (ведомство) бойынша Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық рұқсат берген (Қазынашылық рұқсаты) лимиттен аспауы тиiс; 
      - Бағынысты ұйымдарында шығындар сметасын немесе бюджетте көзделген шараларды атқару жөнiндегi қаржы операцияларын жүргiзуге арналған ағымдағы шоттары (бюджеттiк шоттардың орнына) бар министрлiктер (ведомстволар) 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап ағымдағы шоттарын жауып, бюджеттiк шоттар ашуы қажет. Сондай-ақ шығындарға арналып бекiтiлген лимиттердi бағынысты ұйымдарға дейiн жеткiзу тетiгiн осы Нұсқаулыққа сәйкес келтiруi тиiс; 
      - екiншi абзац бесiншi абзац болып есептелсiн, "мекемелердiң" деген сөз "бюджеттiк ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 31-тармақ мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Нақ сонда министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат бойынша бөлiнген бюджеттiк қаражат сомасы көрсетiледi. Төмен тұрған бюджеттiң қаражатты бөлушiлер де 3-нысан бойынша (6-қосымша) бөлiмiнiң есебiн жүргiзiп отырады". 

      VIII. "Қаржы мiндеттемелерiн бақылау" бөлiмiнде 
      - 32-тармақтағы "мекеме" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын, "2-нысан бойынша" деген сөздерден кейiн "2-б нысаны бойынша министрлiкаралық рұқсат және 2-а нысаны бойынша төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсаты" деген сөздермен толықтырылсын, "бапта" деген сөз "ерекшелемеде" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      IХ. "Жедел мәлiметтер беру" бөлiмiнде 
      - 33-тармақтағы "мекеме" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын, "(8-қосымша)" деген сөздерден кейiн мынадай сөйлеммен толықтырылсын: "Бюджеттiк қаражатты бөлушiнiң өкiлеттiктерi төмен тұрған бағынысты ұйымға берiлген жағдайда жедел мәлiметтер бұл ұйымға әр айдың үшiншi жұмыс күнiне берiлiп отырады, ол өз кезегiнде жиынтық жедел мәлiметтердi министрлiкке (ведомствоға) бесiншi жұмыс күнiнен берiп отырады", "әрбiр бюджеттiк бапқа бөлiмге, параға, тарауға" деген сөздер "әрбiр мекемеге, бағдарламаға, кiшi бағдарламаға, экономикалық сыныптаманың ерекшелемесiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 35-тармақтағы "мекемелердiң" деген сөз "бюджеттiк ұйымдардың немесе төмен тұрған бюджеттiк қаражатты бөлушiлердiң" деген сөздермен, "баптардың" деген сөз "әрбiр мекеменің, бағдарламаның, кiшi бағдарламаның, экономикалық сыныптама ерекшелемесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 36-тармақтағы "баптардың" деген сөз "әрбiр мекеменің, бағдарламаның, кiшi бағдарламаның, экономикалық сыныптама ерекшелемесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - мынадай мазмұндағы 39-тармақ қосылсын: 
      "Осы Нұсқаулықтың шығуына байланысты, шығын кестелерiмен қаржыландырудан бюджеттiк қаражатты жұмсауға арналған лимиттердiң бекiтiлген Қазынашылық рұқсаттарына кезеңдеп көшуге қарай, мына нормативтiк құжаттардың күшi жойылды деп танылсын: 
      - Қаржы министрiнiң 1979 жылғы 31 қаңтардағы N 8 бұйрығымен 
бекiтiлген Қазақ КСР Мемлекеттiк бюджетiн жасау мен атқару Ережелерiнiң 10-бөлiмiнiң А "Қазақ КСР республикалық бюджетi бойынша шығындарды қаржыландыру" бөлiмшесi;
      - Қазақ КСР Қаржы министрiнiң 1980 жылғы 6 наурыздағы N 19 бұйрығымен бекiтiлген "Республикалық бюджет бойынша жылдық тағайындалымдардың тоқсандар бойынша бөлiнiмiн жасаудың, шығындарды қаржыландырудың және атқару барысында енгiзiлетiн өзгертулердiң есебiн жүргiзудiң тәртiбi туралы" Нұсқаулық.

       Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын
           болжамдау жөнiндегi Нұсқаулыққа енгiзiлген
                   өзгертулер мен толықтырулар 

      1-нысандағы 3 "Қазынашылық рұқсаты" қосымшасы
      - "мекемелерге" деген сөз "бюджеттiк ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын.

      1. "Қазынашылық рұқсаты" нысанын толтыру тәртiбiнде
      - үшiншi абзацтағы "мекемеге" деген сөз "Министрлiкке (ведомствоға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      - төртiншi абзацтағы "бюджеттiк сыныптаманың бөлiмдерi мен баптары" деген сөздер "он белгiден тұратын бюджеттiк сыныптама коды: құрам - 3 сан, бағдарлама - 2 сан, кiшi бағдарлама - 2 сан, экономикалық сыныптаманың ерекшелемесi - 3 сан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - 8-абзацтағы "баптың" деген сөз "ерекшелеменiң" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      - мынадай мазмұндағы абзац енгiзiлсiн: 
      "Жазып берiлген рұқсаттың аяқталған әр парағы нөмiрленiп, парақ бойынша шығарылған жиынтығы қол қою арқылы расталуы тиiс. Рұқсаттың соңғы парағына мынадай мазмұндағы мәтiн жазылады: Қазынашылық рұқсаты (парақтардың саны санмен және жазумен көрсетiлсiн), жалпы сомасы (сомасы санмен және жазумен жазып көрсетiлсiн) жазып берiлдi. Бұдан әрi осы рұқсатты жазып беретiн жауапты атқарушының қолы, Республикалық бюджеттi қаржыландыру басқармасы бастығының қолы болады және дайын болған құжат Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың басшылығына қол қоюға берiледi". 
      5-нысандағы 4 "Бюджеттiк қаражаттың лимиттерiн өзгертуге берiлген тапсырыс" қосымшасы 
      - "Бас бюджет басқармасы" деген сөздер "Мемлекеттiк бюджет департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      2. "Министрлiктiң (ведомствоның) рұқсаты" нысанын толтыру Тәртiбiнде 
      - бiрiншi абзацтағы "мекемелерге" деген сөз "бюджеттiк ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - үшiншi абзацтағы "үш" деген сөз "төрт" деген сөзбен, "мекеменiң (оған министрлiк берген) коды" деген сөздер "Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық тұжырымдап жасаған, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың Анықтамасында көрсетiлген, бюджеттiк ұйымға берiлген 0001-ден 8999-ға дейiнгi жеке ведомстволық код" деген сөздермен, "мекемеге" деген сөз "бюджеттiк ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      - мынадай мазмұндағы абзац енгiзiлсiн: 
      "Жазып берiлген министрлiк (ведомство) рұқсатының аяқталған әр парағы нөмiрленiп, парақ бойынша шығарылған жиынтығы жауапты атқарушының қолы арқылы расталуға тиiс. Рұқсаттың соңғы парағына мынадай мәтiн жазылады: Министрлiктiң (ведомствоның) рұқсаты (парақтардың саны санмен және жазумен көрсетiлсiн) жалпы сомасы (сомасы санмен және жазумен көрсетiлсiн) жазып берiлдi. Бұдан әрi жауапты атқарушының, қаржы-экономикалық басқарма (бөлiм) бастығының қолдары болады және дайын болған құжат министрлiктiң (ведомствоның) басшылығына қол қоюға берiледi". 
      3-нысанның 6 "Лимиттердiң бөлiнуiн бақылау кәртiшкесi" қосымшасында 
      - "(бап)" деген сөз "ерекшелеме" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      - 2-бөлiмдегi "мекемелер" деген сөз "ұйымдар" деген сөзбен ауыстырылсын, "бюджеттiк ұйымның рет саны" деген сөздерден кейiн "(республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың Анықтамасынан)" деген сөздермен толықтырылсын. 
      3 "Лимиттердiң бөлiнуiн бақылау кәртiшкесi" нысанын толтыру Тәртiбiнде 
      - бiрiншi абзацтағы "бапқа" деген сөз "ерекшелеме" деген сөзбен, "бапты" деген сөз "ерекшелеменi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      - үшiншi абзацтағы "мекемелерге" деген сөз "ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын, "рет нөмiрлерi" деген сөздерден кейiн 
"республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың Қазақстан 
Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық тұжырымдап
жасаған Анықтамасынан" деген сөздермен толықтырылсын, "сериялық" деген сөз "рет" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-нысанның 7 "қаржы мiндеттемелерiн (ҚМ) бақылау кәртiшкесi" 
қосымшасында
      - "бап" деген сөз "ерекшелеме" деген сөзбен ауыстырылсын;
      - 1-бөлiмдегi "Мекеме" деген сөз "Бюджеттiк ұйым" деген
сөзбен ауыстырылсын.
      4 "қаржы мiндеттемелерiн (ҚМ) бақылау кәртiшкесi" нысанын толтыру Тәртiбiнде
      - бiрiншi абзацтағы "бапты" деген сөз "ерекшелеменi" деген сөзбен, "мекемемен" деген сөз "ұйыммен" деген сөзбен ауыстырылсын.
      6-нысанның 8 "Жедел мәлiметтер" қосымшасында
      - "Мекеме" деген сөз "Бюджеттiк ұйым" деген сөзбен
ауыстырылсын.
      N 2-а "Төмен тұрған бюджет қаржыларын бөлушiнiң рұқсаты" нысанын толтыру Тәртiбi
      Нысан төмен тұрған бөлушiнiң бюджет қаржыларын оларды жұмсаушы бiрлiктер арасында қайта бөлуiне арналған.
      Осы нысанды толтырған кезде мыналарды ұстау қажет:
      - алғашқы үшiн сан министрлiктiң (ведомствоның) кодын, одан кейiнгi төрт сан - қаржы жұмсаушы бiрлiктiң кодын бiлдiредi, ал бөлшек арқылы рұқсаттың рет нөмiрiнiң сандары жазылады; 
      - "код" шаршысында жетi қатарлы номер көрсетiледi, алғашқы үш сан министрлiктiң (ведомствоның) кодын, соңғы төрт сан - осы рұқсатты шығарған төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң кодын бiлдiредi; 
      - 1, 2, 3, 4, 5-бағандар 1 "Қазынашылық рұқсаты" нысанын толтырғандай етiп толтырылады; 
      - төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсатына қол қою және бекiту тәртiбi 2 "Министрлiктiң (ведомствоның) рұқсаты" нысанына қол қою тәртiбiмен бiрдей. 
      Төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды бөлушiнiң рұқсатын (2-а нысаны) басқа рұқсат беру арқылы ғана өзгертуге болады. 
      N 2-б "Министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсат" нысанын толтыру тәртiбi 
      Министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсатты толтырған кезде мыналарды ұстану қажет: 
      - нөмiрдiң алғашқы үш саны рұқсатты шығарған министрлiктiң (ведомствоның) кодын бiлдiредi, төртiншi "9" саны - рұқсаттың басқа министрлiкке (ведомствоға) берiлгенiн көрсететiн ерекшелеу белгiсi, содан кейiнгi үш сан - министрлiктiң (ведомствоның) коды, ал бөлшек арқылы рұқсаттың рет нөмiрiнiң сандары жазылады; 
      - 1, 2, 3, 4, 5-бағандар 1 "Қазынашылық рұқсаты" нысанын толтырғандай етiп толтырылады;
      - министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсатқа қол қою және бекiту тәртiбi 2 "Министрлiктiң (ведомствоның) рұқсаты" нысанына қол қою тәртiбiмен бiрдей.
      - министрлiкаралық (ведомствоаралық) рұқсатты (2-б нысаны) басқа рұқсат беру арқылы ғана өзгертуге болады.

       Қазынашылық бастығының
      бiрiншi орынбасары                

      Бюджет жүйесi жөнiндегi
      әдiстемелiк жұмыс
      бөлiмiнiң бастығы                  

10-қосымша
N 2-а нысан

Төмен тұрған бюджеттiк қаржыларды
бөлушiнiң рұқсаты

                                           Күнi ___________________
     Кiмге ________________________________________________________
                          /алушының атауы/
     ______________________________________________________________
                  /бағынысты алушының тұрған жерi/
     Министрлiк ___________________________________________________
     ______________________________________________________________
                                           Коды ___________________

      Сiзге осы рұқсатта белгiленген лимит шегiнде бюджеттiк қаражат есебiнен өзiңiзге шығын жөнiнде қаржы мiндеттемелерiн алуға рұқсат етiлдi.
      Осы рұқсаттың күшiнде болу мерзiмi 199____ жылғы 31 желтоқсанға дейiн, осы рұқсат бойынша қосымша шығындарға жол берiлмейдi.

       Басшы __________________
                /қолы/

___________________________________________________________________
Бюджеттiк|Жылға жоспар.|Бұдан бұрын |        |Жыл басынан|Ескерту
сыныптама|ланған рұқсат|рұқсат етiл.|________|берi рұқсат|
  коды   |             |генi        |рұқсат  | етiлгенi  |
         |             |            |етiлгенi|           |
_________|_____________|____________|________|___________|_________
    1    |      2      |      3     |   4    |     5     |    6
_________|_____________|____________|________|___________|_________
___________________________________________________________________
 Барлығы

11-қосымша
N 2-б нысан

       Министрлiкаралық (ведомствоаралық)

      рұқсат N _________________
      күнi _____________________
      Кiмге ________________________________________________________
                 /алушы министрлiктiң /ведомствоның/ атауы/
      Министрлiк /ведомство/ _______________________________________
      Сiзге қаржы жылына белгiленген лимиттер шегiнде шығындар
жұмсауда рұқсат етiлдi.
      Осы рұқсаттың күшiнде болу мерзiмi 199____ жылғы 31 желтоқсанға дейiн.
      Сiзге шығындарды өзiңiзге белгiленген лимит шегiнде бағынысты 
ұйымдарға бөлуге рұқсат етiледi.   

       Министрлiктiң
      /ведомствоның/ басшысы ________________________________
                                        /қолы/

___________________________________________________________________
Бюджеттiк|Жылға жоспар.|Алдын ала   |Ағымдағы|Жыл басынан|Ескерту
сыныптама|ланған рұқсат|берiлген    |рұқсат  |берi рұқсат|
  коды   |             |рұқсат      |        | етiлгенi  |
         |             |            |        |           |
_________|_____________|____________|________|___________|_________
    1    |      2      |      3     |   4    |     5     |    6
_________|_____________|____________|________|___________|_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады