Шаруашылық жүргiзушi монополист-субъектiлер келiсiмдi мiндеттемелерiн орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда кешiктiрiлген төлемдi (айыппұлды, өсiмдi) өндiрiп алудың тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қаулысымен 1996 жылғы 8 қаңтар N 1 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 26 ақпанда N 152 тіркелді. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң Тіркеу қызметі комитетінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрлігiнiң  Тіркеу қызметі комитетінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымшаға сәйкес Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      ...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.

      Төраға

"Монополияға қарсы органның кейбір 
шешімдерінің күші жойылды деп   
тану туралы" Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу   
агенттігінің 2004 жылғы      
2 желтоқсандағы N 465-НҚ бұйрығына 
қосымша              

Монополияға қарсы органның кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы

      1. "Шаруашылық жүргізуші монополист-субъектілер келісімді міндеттемелерін орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда кешіктірілген төлемді (айыппұлды, өсімді) өндіріп алудың тәртібін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 19 ақпанда тіркелген) Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 1 қаулысы....
      __________________________________

      Қазiргi уақытта республикада қолданылып жүрген заңдарға қайшы келетiн және тұтынушылардың құқықтарына нұқсан келтiретiн толып жатқан ведомстволық актiлер бар. Тiкелей қолданылатын заң болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, шарттың ережелерiн күштеп тануға жол бермеу, сол сияқты шаруашылық жүргiзушi монополист-субъектiлердiң өнiмдерiн (жұмысын, қызметiн) сатудан негiзсiз қосымша табыс алынуына жол бермеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қыркүйектегi N 999  P940999_  қаулысының 4-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi: 
      1. Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасы табиғи монополияларының Мемлекеттiк тiзбесiне кiргiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен шарттар жасасқан кезде өнiмдер, жұмыстар (қызмет көрсету) үшiн уақтылы төленбеген сомалар бойынша тараптардың жауапкершiлiгi тұрғысынан алғанда орындалмаған не ойдағыдай орындалмаған мiндеттеменiң сомасына әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн төлемнiң (айыппұлдың, өсiмнiң) мөлшерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi аталған сомаларды төлеу күнi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 есе шамасынан артық өндiрiп алуға құқығы жоқ деп белгiленсiн. 
      2. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен шарттар жасасу кезiнде тараптардың келiсiмдi мiндеттемелерiн орындау үшiн өзара жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында ол шарттарға келiсiмнiң ережелерiн орындамағаны үшiн айыппұл санкцияларын көздейтiн тармақтар мiндеттi түрде кiргiзiлсiн, олардың мөлшерi мынадай: 
      - есеп-қисап аспабынан тысқары берiлетiн жұмыс (қызмет) үшiн: жұмыс (қызмет) берiлмеген әрбiр толық және толық емес күн үшiн жұмыстың (қызметтiң) құнының есептеулi күнтәулiктiк құнынан 1,5 есе кем емес мөлшерде; 
      - есеп-қисап аспабы бойынша берiлетiн жұмыс (қызмет) үшiн шарттың ережелерiнде көзделiп берiлмеген жұмыстың (қызметтiң) есептеулi құнынан 1,5 есе кем емес мөлшерде. 
      3. Тұтынушы тұтынудың кестесi мен мөлшерiн орындау жөнiндегi шарт ережелерiн орындамағаны үшiн айыппұл салу тек мына жағдайда ғана - Шартты әзiрлеу кезiнде жұмыс (қызмет) тұтынудың (жөнелтудiң) кестесi мен аталған айыппұлды өндiрiп алудың тәртiбi бiр мезгiлде ескерiлгенде - қолданылады. 
      4. Шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасы табиғи монополияларының Мемлекеттiк тiзбесiне кiргiзiлген шаруашылық жүргiзушi монополистерге бұрын жасасылған шарттарды осы қаулыға сәйкес келтiру мiндеттелсiн. 
      5. Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлердiң осы қаулыға сәйкес өнiмдер сату мен жұмыс (қызмет) атқару жөнiнде шарттар әзiрлеуiне бақылау орнатсын. 
      6. Осы қаулының қабылдануына байланысты шаруашылық жүргiзушi монополист субъектiлер келiсiмдi мiндеттемелерiн орындамаған немесе ойдағыдай орындамаған жағдайда төлем (айыппұл, өсiм) өндiрiп алу мәселесi туралы министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және басқа мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басқару органдарының шешiмдерi барлық нормативтiк актiлерi күшiн жояды. 

 
      Төраға 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады