Жабдықтау басқармаларын (бөлiмдерiн) жекешелендiру ретi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 18 сәуірдегі N 310, Қазақстан Республикасының Жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1996 жылғы 16 сәуірдегі N 142 Бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 8 тамызда N 190 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгiнiң жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар жарлығын орындау және Жабдықтау басқармаларын (бөлiмдерiн) жекешелендiрудi реттейтiн нормативтiк актiлердi Жарлыққа сәйкес келтiру мақсаттарында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi және Жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
     1. Жабдықтау басқармаларын (бөлiмдерiн) жекешелендiру ретi туралы осы берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. 1995 жылғы 15 ақпандағы 44-шi және 1995 жылғы 22 маусымдағы 46-шi өзгерту, толықтыруларымен Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1994 жылғы 24 қарашадағы 270-шi қаулысымен бекiтiлген "Жабдықтау басқармаларын (бөлiмдерiн) жекешелендiру ретi" Ереженiң күшi жойылған деп танылсын.
     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi директорының орынбасары А.В.Смирновқа және Жекешелендiру жөнiндегi департамент директорының орынбасары Т.С.Сарабековаға жүктелсiн.

    Қазақстан Республикасының            Қазақстан Республикасының
    Мемлекеттiк мүлiктi басқару          Жекешелендiру жөнiндегi
    жөнiндегi мемлекеттiк комитет        мемлекеттiк комитет
    Төрағасы                             Төрағасы

Қазақстан Республикасының     
Мемлекеттiк мүлiктi басқару   
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
1996 жылғы 18 көкектегі N 310 және
Жекешелендiру жөнiндегi     
мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы
16 көкектегі N 142 бiрлескен   
қаулысына қосымша       

Жабдықтау басқармаларын (бөлiмдерiн)
жекешелендiру ретi туралы
ЕРЕЖЕ

                         1. Жалпы ережелер

     1.1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрленген осы Ереже министрлiктердiң, ведомстволардың, бiрлестiктердiң, басқармалардың, трестердiң және өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бұған дейін жекешелендiрiлмеген Жабдықтау басқармалары (бөлiмдерi) жүйесiнiң кәсiпорындары мен басқа да шаруашылық есептегi сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарын даярлау мен жекешелендiрудiң ретiн және ұйымдастыру шараларын айқындайды.
     Жабдықтау басқармасы - бөлудiң жалпы жүйесiнiң бiр бөлшегi болып, өндiрiстiк бiрлестiктердiң, трестердiң, комбинаттардың және кәсiпорындардың (бұдан әрi - басты кәсiпорындардың) құрамындағы жабдықтау бөлiмдерiне басшылық ету үшiн министрлiктiң, ведомствоның, комитеттiң құрамында жасалатын ұйымдық-басқару құрылымы.
     Жабдықтау бөлiмi - қызметкерлердi жабдықтаудың тиiмдi жүйесiн жолға қоюда бас кәсiпорынға көмектесу үшiн, сондай-ақ басты кәсiпорын қызметкерлерiнiң қоғамдық тамақтану және азық-түлiкпен жабдықталуының шарттық жүйесiн ұйымдастыру үшiн жасалатын құрылымдық бөлiмше. Жабдықтау бөлiмi басты кәсiпорын қызметкерлерiн жабдықтау үшiн құрылған Жабдықтау басқармасының бөлiмшесi ретiнде болуы мүмкiн. Жекелеген басты кәсiпорындарда жабдықтау бөлiмдерiнiң орнына осындай қызметтерiмен жабдықтау басқармалары құрылған.
     Осы Ереженiң мақсаты үшiн Жабдықтау бөлiмi деп Жабдықтау бөлiмдерiнiң құрамына кiретiн барлық құрылымдық бiрлiктер мен кәсiпорындардың жиынтығы сияқты, жабдықтау бөлiмдерi қызмет ететiн басқа кәсiпорынның құрылымдық бiрлiктерiнiң де жиынтығын айтамыз.
     1.2. Ереже олардың ведомстволық бағынысына және жекешелендiру тәсiлiне қарамастан, барлық министрлiктердiң, ведомстволардың және мемлекеттiк кәсiпорындардың барлық Жабдықтау басқармалары мен Бөлiмдерiн (бұдан әрi - Жабдықтау бөлiмдерiн) өзгертудiң жалпы принциптерiн айқындайды.
     1.3. Бұл Ережеде келтiрiлген амалдың мынадай қырлары бар:
     - Жабдықтау бөлiмдерi жүйесiне жататын барлық кәсiпорындарды жекешелендiрудiң бiртұтас тактикасын әзiрлеу;
     - Жабдықтау бөлiмдерiн басты кәсiпорындардан бөлу және олардың бөлiнiп шығуы;
     - Жабдықтау бөлiмдерiнiң көтерме буындарын акционерлеу;
     - бөлiнген объектiлердi жекешелендiрудiң және акцияның мемлекеттiк пакеттерiн сатудың жалпы ретiн айқындау.
     1.4. Жабдықтау бөлiмдерiн жекешелендiру туралы шешiмдi:
     - Жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген немесе жекешелендiрiлуге жатпайтын кәсiпорындар үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi;
     - Қалған барлық кәсiпорындар үшiн - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментiнiң аумақтық органы (бұдан әрi - Департамент) қабылдайды.
     1.5. Жекешелендiрiлуiнiң жалпы ретi осы Ереженiң нормаларымен айқындалатын мемлекеттiк кәсiпорындар осы Ереженiң ерекше нормаларын ескерумен қолданыстағы заңға сәйкес аукциондарда сатылады. Мемлекеттiк мүлiктi сатудың түрiн, тәсiлдерi мен мерзiмiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi және оның жергiлiктi жерлердегi аумақтық органдары айқындайды.
     1.6. Жекешелендiрудiң барлық кезеңдерiнде кәсiпорындардың мүлкiн бағалау кезеңдерiнде кәсiпорындардың мүлкiн бағалау жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалауды реттейтiн Құқықтық нормативтiк актiлерге сәйкес жүргiзiледi.
     1.7. Жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың қызметкерлерiмен еңбек қатынастарын тоқтату қолданыстағы еңбек заңымен көзделген ретi және негiзi бойынша жүзеге асырылады.
     1.8. Жабдықтау бөлiмдерiн жекешелендiру екi кезеңде жүзеге асырылады:
     - бөлiнiп шығу;
     - көтерме буынды акционерлеу;
     - жекешелендiру объектiлерiн және акцияларды сату.
     Бұл ретте алдыңғы кезең - көтерме буынды акционерлеу - бөлiнуден кейiн заңмен белгiленген ретпен жүргiзiледi. Акциялаудың дұрыстылығы туралы шешiмдi Комитет қабылдайды.

2. Жабдықтау бөлiмдерiнiң құрамымен бөлiмшелердi
бөлiп шығарудың тетiгi

     2.1. Бөлiнiп шығу дегенiмiз - кәсiпорынның ұйымдық құрылымынан бөлiмшелердi шығару, Аталған объектiлер осы Ережемен көзделген белгiлерi болған кезде бөлек шығарылады.
     2.2. Жеке тұрған ғимараттарда және қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiрудiң бөлiп шығарылған объектiлерi бойынша бөлу балансымен олар тұтастай берiледi, яғни бөлiнiп шыққан объектiнiң ғимараты, үй-жайы және мемлекеттiк бар мүлкi оған бөлiнген жер бөлiгiмен бiрге берiледi.
     Егер жер заңына сәйкес жер бөлiгi бөлiнетiндер қатарына жатқан жағдайда, қосып салынған үй-жайларда орналасқан жекешелендiру объектiлерi бойынша олар тек сол жер бөлiктерiмен бiрге шығарылуы мүмкiн. Объект бөлiнбейтiн жерде орналасқан жағдайда жер бөлiгiн жалпылай пайдалану ретi келiсiледi.
     2.3. Жабдықтаудың тиiстi басқару құрылымы болған кезде Жабдықтау бөлiмi алғашқы кезеңде оның құрамынан шығарылады. Бұл Комитеттiң тиiстi шешiмiмен ресiмделедi. Ол сонымен бiр мезгiлде Жабдықтау бөлiмiн жекешелендiру барысының басталғандығы туралы шешiм болады. Бұдан соң Жабдықтау бөлiмiн бөлiп шығарудың нобайы жасалады. Ол үшiн Жабдықтау бөлiмi құрамындағы немесе ол қызмет ететiн барлық құрылымдық бiлiктер бөлiнiп шығуға жататын және жатпайтын болып екiге бөлiнедi.
     2.4. Бiрақ басты кәсiпорынның немесе негiзгi көтерме базаның аумағында емес, қала шетiнде немесе қала түрiндегi поселкада орналасқан мына кәсiпорындар немесе құрылымдық бiрлiктер мiндеттi бөлiнiп шығуға жатады:
     - Қоғамдық тамақтандырудың дүкендерi мен кәсiпорындары;
     - тұрмыстық қызмет көрсету кәсiпорындары;
     - автокөлiк кәсiпорындары
     - құрылыс бөлiмшелерi;
     - жабдықтау бөлiмiнiң негiзгi базасын қоспағанда көтерме базалары;
     - басты кәсiпорынға қызмет етуге байланысты емес өзге өндiрiстiк бiрлестiктер.
     Бөлiнiп шығатын кәсiпорындардың тiзiмi Комитет қаулысымен бекiтiледi.
     2.5. Басты кәсiпорын жабдықтау бөлiмiмен бiрлесiп бөлiнiп шығуға жатпайтын кәсiпорындардың тiзiмiн дайындайды. Бұл тiзiмге кiргiзудiң мынадай негiзi болуы мүмкiн:
     - объектiнiң тек басты кәсiпорын қызметкерлерiнiң қолы жетерлiк жерде орналасуы;
     - объектінiң басты кәсiпорынның өндiрiстiк ғимаратында орналасуы. Бұл ретте ғимараттың өндiрiстiк сипаты оның басты кәсiпорын қызметiнің саласы үшiн қажеттiлiгiмен айқындалады;
     - халықты жабдықтаудың өзге балама көзi болмай, елдi мекеннiң қашықта орналасуы.
     Бұл тiзiм объектiнi осыған негiздеп келтiрiлуiмен бiрге Комитетке бекiту үшiн ұсынылады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментiне жiберiледi. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi тiзiмге кiргiзiлген объектiлердiң жоғарыда аталған өлшемдерге сәйкестiгi туралы шешiм қабылдайды, тiзiмдi түзеп, бекiтедi.
     Сонымен бiр мезгiлде осы аталған объектiлердi басты кәсiпорынның қарауына өткiзу немесе сонда сақтау не оларды Жабдықтау бөлiмiнiң қарауында сақтау туралы шешiм қабылданады.
     2.6. 2.5-тармақтағы тiзiм құрамына кiрмеген барлық объектiлер қолданыстағы заңға сәйкес одан әрi сату үшiн бөлiнiп шығуға және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитетке кейiннен өткiзуге жатады.
     2.7. Жабдықтау бөлiмiнен бөлiну және аукционда сату кезеңi арасында осы бөлiнiп шыққан объектiлердi немесе кәсiпорындарды басқаруды Комитет жүзеге асырады.
     2.8. Комитеттiң шешiмiмен объектiлер өздерiн бөлiп шығару iс жүзiне асырылған сәтке дейiн басты кәсiпорынның мүдделерiмен бұрынғы күйiнде жұмыс iстеуi мүмкiн.
     2.9. Комитет Жабдықтау бөлiмдерiнiң көтерме базаларын алдын ала акционерлеудiң ретi жоқтығы туралы шешiм қабылдаған жағдайда, олар қолданыстағы заңға сәйкес аукциондарда сату үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берiледi.
     2.10. Акционерлеудiң алдын ала жекешелендiру кезеңi ретiнде өтiп, бөлiнiп шыққан көтерме базалары акцияларының мемлекеттiк пакеттерi қолданыстағы заңға сәйкес сату үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берiледi.
     2.11. Егер басты кәсiпорын жекешелендiрiлуге жатпаса немесе жоба бойынша жекешелендiрiлсе, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi Жабдықтау бөлiмiнiң көтерме буынын дереу жекешелендiрудiң ретi жоқтығы туралы шешiм қабылдап және акцияның мемлекеттiк пакетiн аукционда сатудың орнына заң белгiлеген ретпен акцияның мемлекеттiк пакетiн бұдан кейiнгi сатып алу құқымен сенiп басқаруға берiп шарттама жасауға тендер жариялауға шешiм қабылдауға құқы бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады