----------------Бұйрықтан үзінді----------------------
Ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң мынадай:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1996 жылғы 26 қазанда N 214 болып тiркелген "Қазақстан Республикасы MTК-нiң тергеу изоляторларында айрықша жағдай режимiн қолданысқа енгiзу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Мемлекеттiк тергеу комитетi мен Iшкi iстер министрлiгiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 99/192...
Министрдiң міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
__________________________________
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 15 желтоқсанындағы NN 2706 , 2707 , "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" заң күшi бар Жарлықтарын орындау мақсатында, өзара тиiмдi қимыл жасау мен құқық тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы МТК-нiң тергеу изоляторларында айрықша жағдай режимiн iске енгiзу тәртiбi туралы" Нұсқаулық бекiтiлсiн (қоса тiркелген).
2. Қазақстан Республикасы МТК-нiң тергеу изоляторларында айрықша жағдай режимiн енгiзу кезiнде облыстар бойынша МТКБ бастықтары, облыстардың IIБ бастықтары, iшкi әскерлер құрамаларының командирлерi бiр айлық мерзiмде бiрлесiп қимыл жасау жоспарын бекiтсiн.
3. Бiрлесiп жасалған жоспарлардың көшiрмелерi оларды тергеу изоляторларында айрықша жағдай режимiн енгiзу кезiнде орындау үшiн IIБ, МТКБ-нiң кезектi бөлiмдерiнде сақталсын.
4. Бұйрық Қазақстан Республикасының МТК мен IIМ-нiң барлық жедел-басшы құрамына хабарлансын.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк Тергеу Iшкi iстер
комитетiнiң МИНИСТРI
ТӨРАҒАСЫ Iшкi әскерлер қолбасшысы
әдiлет генерал-полковнигi генерал-лейтенант
"Қазақстан Республикасы МТК-нiң тергеу
изоляторларында айрықша жағдай режимiн
iске енгiзу тәртiбi туралы"
Нұсқаулық
I. Жалпы ережелер
1.1. Төтенше жағдайлар кезiндегi iс-қимылдар "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы" Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 15 желтоқсанындағы N N 2706, 2707 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi мен оның органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Жарлықтарымен тергеу изоляторларында, оларға iргелес жатқан аумақтарда енгiзiлетiн уақытша шара болып табылады және Мемлекеттiк тергеу комитетi, iшкi iстер және iшкi әскерлер органдары қызметiнiң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың құқықтарын шектеудi, сондай-ақ оларға қосымша мiндеттер жүктеудi белгiлейтiн айрықша құқықтық режимдi бiлдiредi.
Айрықша жағдай режимi тек тергеу изоляторына iргелес жатқан аумақта, елдi мекендерде тұратын, онда жұмыс iстейтiн адамдардың, сондай-ақ тергеуде отырғандар мен сотталғандардың (арнаулы контингенттiң) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ғана енгiзiледi.
1.2. Айрықша жағдай режимiн енгiзудегi мақсат - жедел жағдайды тезiрек тұрақтандыру, тергеу изоляторларының қалыпты қызметiн қамтамасыз ету, заңдылық пен құқық тәртiбiн қалпына келтiру, тергеу изоляторы қызметкерлерiнiң, арнаулы контингент пен осы мекемеге iргелес аумақта тұрып жатқан адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ шұғыл құтқару және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасау.
II. Айрықша жағдай режимiн енгiзудiң негiздерi,
мiндеттерi мен тәртiптерi
2.1. Тергеу изоляторының қалыпты қызметiне, онда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң, тергеуде отырғандар мен сотталғандардың, сондай-ақ iргелес аумақта тұрып жатқан адамдардың қауiпсiздiгiне тiкелей қауiп төнгенде ғана және төтенше шаралар қолданбай онымен күресу мүмкiн болмаған жағдайда ғана айрықша жағдай режимi енгiзiледi.
Айрықша жағдай режимi төмендегiдей iс-әрекеттердi қамтиды:
- МТК мен IIМ органдарының жеке құрамын тәулiктiк, күшейтiлген жұмыс кестесiне көшiру.
- Өндiрiстiк цехтар мен учаскелердiң жұмысын тоқтату;
- "ТЖ" кезiндегi жоспарларға сәйкес Iшкi әскерлердiң күшi мен техникасын жауынгерлiк дайындыққа келтiру.
- төтенше жағдай кезiндегi iс-қимылда пайдалану үшiн автотракторлық, бронетанктiк, өрт сөндiру-су шашқыш және басқа техникаларды даярлау;
- қарудың, арнаулы құралдардың, байланыс жабдықтары мен қызметтiк-iз кесу иттерiнiң әзiрлiгiн тексеру;
- жүргiзiлетiн шараларда пайдалану үшiн жедел ақпараттарды алу және оларға талдау жасау.
2.2. Мыналар тергеу изоляторларында айрықша жағдай режимiн енгiзудiң негiздерi болып табылады:
а) адамдардың өлiмi мен материалдық құндылықтардың жойылуына әкеп соқтыратын табиғат зауалдары, катастрофалар, апаттар мен өрттер;
ә) жаппай тәртiпсiздiк, арнаулы контингенттiң көп адамының (10-нан астам) қатысуымен болған бұзақылықтар;
б) арнаулы контингенттiң көп адамының (20-дан астам) зиянды әрекеттер жасауы;
в) күзеттен қашу;
г) тергеу изоляторының қызметкерлерi мен жалдамалы жұмысшыларына шабуыл жасау;
ғ) адамдарды кепiлдiкке ұстау, көлiктер мен қаруларды басып алу;
д) тамақ iшуден жаппай бас тарту;
е) жаппай ұшыну;
ж) эпидемия мен эпизоотияның пайда болуы.
Iшкi әскерлердiң бөлiмдерi мен құрылымдары "а" және "ә" тармақшаларында көзделген тапсырмаларды орындауға тартылады.
2.3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Төрағасы, ҚР облыстар бойынша МТКБ бастықтары режимдi енгiзуге мәжбүр еткен жағдайды түзетуге қажеттi мерзiмде тергеу изоляторларында айрықша жағдай режимiн енгiзу өкiлеттiгiне ие.
Айрықша жағдай режимi өкiлеттi лауазымды адамдардың өкiмдерiмен жекелеген тергеу изоляторларындағы сияқты облыстың арнаулы мекемелерiне басшылық ету жөнiндегi қызмет бойынша да, аймақ бойынша немесе жалпы республикадағы тергеу изоляторлары бойынша енгiзiледi. Айрықша жағдай режимiн енгiзу жөнiнде қабылданған шешiм облыс прокуроры мен Қазақстан Республикасының Бас прокурорына шұғыл хабарланады.
2.4. Айрықша жағдай режимiн енгiзу туралы өкiмде:
а) осы тараудың 2.2. тармақтарына сәйкес айрықша жағдай режимiн енгiзуге негiз болған жағдайлар;
ә) Қазақстан Республикасы IIМ IӘ-нiң Жауынгерлiк қызмет Жарғысына сәйкес атқарылатын шаралар тiзбесi;
б) МТК, IIМ және iшкi әскерлер органдарының iске қосылған күштерi мен құралдары, жауапты лауазымды адамдар;
в) атауы және тергеу изоляторы туралы толық деректер (арнаулы мекемелерге басшылық ету жөнiндегi топ):
г) тапсырмаларды орындаудың алдын ала болжау және қажет болған жағдайда оны ұзарту мерзiмi көрсетiледi.
Айрықша жағдай режимiн енгiзу туралы өкiм арнаулы контингентке арнаулы операция басталардан 2 сағат бұрын ғана айтылады. 2.2. тараудың ә, б, в, г, ғ, д тармақшаларында көзделген негiздер бойынша арнаулы операцияның басталғаны туралы арнаулы контингентке хабарланбайды. Тәртiп бұзушылардан бұзақылық әрекеттерiн тоқтату талап етiледi және оларға жеке құрамды кiргiзу арқылы төтенше шаралар қолданылатындығы ескертiледi.
Айрықша жағдай режимi кезiнде тапсырмаларды орындау Қазақстан Республикасының Заңдарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Айрықша жағдай режимiн енгiзу кезiнде жүргiзiлетiн шаралардың орындалу тәртiбi мен реттiлiгi ҚР IIМ iшкi әскерлерiнiң Жауынгерлiк қызмет Жарғысымен және олардың қызметiн белгiлейтiн МТК мен IIМ-нiң басқа да нормативтiк актiлерiмен анықталады.
Ескерту: Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң жауынгерлiк қызмет Жарғысы шыққанша әрекет етедi.
Арнаулы мекемелерге басшылық
жасау жөнiндегi басқарма
Қызмет бабында пайдалану үшiн
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк тергеу комитетi