Жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын, жеке және заңды тұлғаның мәртебесiне ие шаруа (фермер) қожалықтарына жеңiлдетiлген салық салу жүйесiн және Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының патенттер беру тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi 1996 жылғы 15 желтоқсан N 40 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 25 желтоқсанда N 237 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы N 643 бұйрығымен.

  ------------------Бұйрықтан үзінді---------------------      

      Салық салу саласындағы ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлердi Конституциямен, Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен сәйкестендiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Күшi жойылған деп танылсын:
      1) "Жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын, жеке және заңды тұлғаның мәртебесiне ие шаруа (фермер) қожалықтарына жеңiлдетiлген салық салу жүйесiн және Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының патенттер беру тәртiбi туралы Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетiнiң 1996-жылғы 15-желтоқсандағы N 40 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде 1996-жылы 25-желтоқсанда N 237 тiркелген)...

      Төраға

_______________________________       

            ҚР МСК                          ҚР Мемжерком
     Төрағасының бұйрығымен            Төрағасының қаулысымен
          бекiтiлген                         келiсiлген
     1996 ж. 15 желтоқсан N 40         1996 ж. 4 желтоқсан N 155

                                НҰСҚАУЛЫҚ

      Бұл нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар, 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235  Z952235_  "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығының 138 бабына сәйкес енгiзiледi. 
      Нұсқаулық салық салудың жеңiлдетiлген жүйесiн және негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын, (бұдан әрi шаруашылық) жеке және заңды тұлға саналатын шаруа (фермер) қожалықтарына Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының патент беруiнiң тәртiбiн орнықтырады. 

                              1. Жалпы ережелер  

      1.1. Шаруашылықтарға жеңiлдетiлген салық салу жүйесi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген салық салу жүйесiнiң кәдiмгi тәртiбiмен қатар қолданылады. Салық салу жүйесiнiң таңдау немесе бұрынғы жүйеге оралу құқығы осы нұсқаулыққа сәйкес шаруашылықтардың өз еркi бойынша берiледi. 
      1.2. Осы нұсқаулыққа қамтылатын, шаруашылықтарға салық салудың жеңiлдетiлген жүйесiн қолдану табыс және жер салығы төлемдерiн алмастыруды, құндық бағасына тәуелдi, өлшемi, сапасы, тұрақты пайдалану құқығымен берiлген есептелетiн, осы қызметке орналасуға (ары қарай патент) патент құнының төлемiмен Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген шаруашылықтардың жеңiлдетiлген салық салу жүйесiн алмастыруды пайдалануға болады. 
      Салық салудың жеңiлдетiлген жүйесiн қолданатын шаруашылықтар үшiн кеден төлемдерi, мемлекеттiк баж, акциздер, мүлiкке және көлiк құралдарына салық, лицензиялық жиындар, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға аударулар төлемдерiнiң тәртiбi сақталады. 

       2. Жеңiлдетiлген салық салу жүйесiнiң субъектiлерi  

      2.1. Жеңiлдетiлген салық салу жүйесiнiң әрекетi жұмысшыларының саны 50 адамға дейiн шектеулi Шаруашылықтарға (шартты мердiгерлiк пен еңбек шарттары және келiсiмдерi бойынша жұмыс iстейтiндердi қосқанда) таратылады. 
      2.2. Шаруашылық өзiнiң өндiрiс циклiнде еңбек келiсiмi бойынша қызметкерлердi белгiленген санға дейiн қабылдай алады. Осы орайда еңбек келiсiмiмен қызметке таратылғандар орындалған жұмыстан алынған кiрiстен табыс салығын төлейдi. Табыс салығын ұстау мен дер кезiнде төлеуге жауапкершiлiктi Шаруашылық Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар  Z952235_  "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығының 50 бабының 2-тармақшасына сәйкес жүргiзiледi. 

               3. Нақтыланған жиынтықты жер салығын 
                       айқындаудың тәртiбi 

      3.1. Салық салудың жеңiлдетiлген жүйесiн қолданатын шаруашылықтар үшiн "Жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын, жеке және заңды тұлға мәртебесiне ие шаруа (фермер) қожалықтарынан алынатын белгiленген жиынтықты жер салығын патенттiң құнына енгiзудi айқындаудың тәртiбi" (1 қосымша). Қолданылып жүрген заңға орай, айқындалған жиынтықты салық бюджет кiрiсiне осы тәртiппен тiркеуге жатады. 

                4. Жеңiлдетiлген салық салу жүйесiн 
                           қолдану тәртiбi  

      4.1. Шаруашылықтардың жеңiлдетiлген салық салу жүйесiн қолдану құқығын белгiлейтiн негiзгi ресми құжат, салық есебiнде тұрған шаруашылықтардың тұрған жерiнде календарлық жыл бойына берiлетiн патентi болып табылады. Патент формасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бекiтiледi және Қазақстан Республикасының барлық аумағы үшiн бiркелкi болып табылады. 
      4.2. Осы нұсқаулық ықпалының аумағына енетiн Шаруашылықтар үшiн Патенттiң жылдық бағасы жер үшiн төлем ставкасын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576  P960576_  "Мемлекет жеке меншiкке сататын немесе пайдалануға берген жерге ақы төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қаулысында көрсетiлгендей белгiленген сомадағы жер салығы, жердi пайдалану құқығын бағамдау бағасының 0,25%-i көлемiнен алынатын табыс салығынан және қолданымдағы салық заңына сәйкес белгiленген сомадағы жер салығынан тұрады (Есептеменiң типтiк формасы N 2 қосымша). 
      4.3. Ауыл шаруашылық өндiрiсiн жүргiзу үшiн шаруашылыққа тұрғылықты пайдалануға берiлетiн жерге салынатын белгiленген салықтың мөлшерiн анықтау жер қатынасы және жер мәселесi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдарымен, болмаса жекеменшiкке сатылатын немесе жердi пайдалануға мемлекет рұқсат берген Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 1 қазанда шыққан N 1203  P961203_  "Жекеменшiк пайдалануға сатылған немесе мемлекет пайдалануға берген жерлердiң бағамдарын бағалау тәртiбiн бекiту туралы" қаулысына орай жекеменшiк пайдалануға немесе мемлекеттiк пайдалануға берген жер учаскелерiн бағамдау тәртiбiне сәйкес белгiленедi. 
      4.4. Шаруашылық патенттiң жылдық бағамын төлеудi төрт мезгiл жүргiзедi, алған кезде - патенттiң 4/1 бағасы, қалған бөлiктер салық қызметi органдары тағайындаған төлемдердiң мөлшерi бойынша бiрдей көлемде 20 мамыр, 20 тамыз, 20 қарашада төленедi. Өндiрiстiң ерекшелiгiне сәйкес салық органдары Шаруашылықпен көрсетiлген мерзiмдер бойынша Патент сомасын төлеу ақысын анықтай алады. 
      4.5. Егер шаруашылық жерге байланысты емес қосымша қызметпен айналысқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996 жылғы 16 тамыздағы N 1126 "Кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасы салық қызметi органдарының патент беру туралы тәртiбiн бекiту жөнiндегi", кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқық беретiн екiншi патент берiледi, немесе бұл қызметке қолданылып жүрген заңға орай және басқа да салық төлеу мiндеттеледi. 
      4.6. Егер Шаруашылық айналысуды көздеген қызмет, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 12 сәуiрдегi N 2200  Z952200_  Заң күшi бар "Лицензиялау туралы" Жарлығына сәйкес лицензияландырылса, онда аталған Жарлықтың 7-бабының 1 тармағына сәйкес қызметтiң осындай түрiмен айналысуға Патент алу құқығын олар лицензияны алғаннан кейiн пайдалана алады. Осындай Шаруашылықты салық есебiне қою лицензияның өкiлеттiк органымен бекiтiлген тәртiпте лицензиат алғаннан кейiн жүзеге асады. 
      4.7. Салық органдары шаруашылықтарға Патенттi олар салық төлеуге тiркеуге тұрған жерi бойынша кезектi тоқсанның басталуынан бұрын бiр ай мерзiмнiң iшiнде жазбаша өтiнiш негiзiнде: 
      а) егер Шаруашылықтағы жұмысшылардың жалпы саны осы Нұсқаулыққа сәйкес белгiленген, шектеулi санынан аспаса; 
      б) егер Шаруашылықтың өткен есептiк кезеңде салық төлеу мен басқа да мiндеттi төлемдер бойынша ұзартылған борыштары болмаса берiледi. 
      4.8. Шаруашылықтың жеңiлдетiлген салық салуға көшуi немесе бұдан дәлелдi бас тартуы туралы шешiм Шаруашылықтың өтiнiш берген уақытынан бастап он күн мерзiмде салық салу органымен шығарылады. 
      4.9. Салық органынан патент алу үшiн Шаруашылық, тiркеуге арыз бередi, онда шаруашылықтың аты (шаруашылық басшысының есiмi, фамилиясы, әкесiнiң аты) көрсетiледi, салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi (СТТН), атқаратын қызметiнiң түрi, орналасқан жерi, банк мекемелерiнде ашылған есеп және басқа да шоттардың нөмiрi өтiнiште көрсетiледi. Салық органы өтiнiшке Патенттiң тiркеу нөмiрi мен оның берiлген мерзiмiн белгiлейдi. 
      Патенттiң әрекет ету мерзiмi бiткеннен кейiн, Шаруашылықтың өтiнiшi бойынша салық органы кезектi /жылға/ мерзiмге Патент бередi. 
      Патент алған Шаруашылық жер салығы мен табыс салығы жөнiндегi салық декларациясын беруден босатылады. Есеп беретiн жылдың қорытындысы бойынша патентте көрсетiлген сомаға қайта есептеу жүргiзiлмейдi. 
      Патент қатаң есеп беретiн құжат тәртiбiн сақтайды. Патент өзгертiлмейдi, басқа тұлғаға беруге болмайды. 
      4.10. Шаруашылық заңды себептермен Патенттi жоғалтып алса, салық органдары оған Патенттiң көшiрмесiн бередi. 
      4.11. Шаруашылықта жұмыс iстеушiлердiң саны осы Нұсқаулықта көрсетiлген мөлшерден асып кеткен жағдайда Шаруашылық сол өзгерiс енген тоқсаннан кейiнгi келесi тоқсанның басынан бастап салық төлеудiң қарапайым жүйесiне көшедi. 
      Салық төлеудiң жеңiлдетiлген жүйесi қызметiн тоқтатқан жағдайда Шаруашылық төлеген жер салығының жиынтықты сомасы есеп айырысуға немесе қайтаруға жатпайды.
      4.12. Жеңiлдетiлген салық төлеу жүйесiнен бас тарту немесе салық төлеудiң қарапайым жүйесiне қайта көшу (қайтару) календарлық жыл аяқталудан 15 күн бұрын салық органына тиiстi өтiнiш берген жағдайда келесi календарлық жылдың басынан басталады.

               5. Ықшамдалған салық төлеу жүйесiн
             қолданатын Шаруашылықтың жауапкершiлiгi

     5.1. Ықшамдалған салық жүйесiн қолданатын Шаруашылықтың жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 көкектегi N 2235 Заң күшi бар   Z952235_   "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасының басқа да Заң актiлерiне сәйкес күшiне енедi.

                  6. Осы Нұсқаулықтың күшiне енуi

     6.1. Осы Нұсқаулық ресми бекiтiлген күннен бастап күшiне енедi.

     * Патент - бюджетпен түпкiлiктi өзара есеп айырысатын және салық төлеудiң ықшамдалған жүйесiн қолдануға құқық беретiн құжат.

     Төраға

                                    ҚР Мемсалық комитетiнiң және
                                     ҚР Мемлекеттiк жер комитетiнiң
                                     нұсқаулығына N 1 қосымша
                                     "___"________________ 199 ж.

 
        Жер негiзгi өндiрiс құралы болып табылатын, жеке және 
          заңды тұлғаның мәртебесiне ие шаруа (фермер)
     қожалықтарынан алынатын бекiтiлген жиынтықты жер салығын
             патенттiң құнына енгiзудi айқындаудың 
                            ТӘРТIБI 

      1. Бұл тәртiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар, 1995 ж. 24 сәуiрдегi N 2235  Z952235_  "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" жарлығының 138 бабына сәйкес әзiрлендi. 
      2. Шаруа (фермер) қожалықтарынан алынатын бекiтiлген жиынтықты жер салығының енгiзiлуi салық салуды ретке келтiру, есеп айырысуды жеңiлдету қажеттiгiнен туындаған және шаруашылықты жүргiзудiң неғұрлым тиiмдi түрлерiн дамытуға және жердi ұқыпты пайдалануға бағытталған. 
      3. Шаруа (фермер) қожалықтарынан алынатын бекiтiлген жиынтықты жер салығы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 "Мемлекет жеке меншiкке сатқан немесе пайдалануға берген жерге ақы төлеу ставкаларын бекiту туралы" Қаулысында бекiтiлген ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн азаматтарға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға тұрақты пайдалануға берiлетiн жер ақысының ставкалар бойынша айқындалатын, жердi пайдалану құқығын бағалау құнының 0,25 процентi мөлшерiнде табыс салығынан және қолданымдағы салық заңдарына сәйкес айқындалатын жер салығын сомасымен есептеледi. 
      4. Бекiтiлген жиынтықты жер салығының мөлшерiн есептеп шығару ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлерiн, топырақ қатпарларын, шаруа (фермер) қожалықтарының орналасу аумағын ескере отырып жүзеге асырылады. 
      5. Шаруа (фермер) қожалығына ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерiнiң бағаланған құнын айқындау, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 ж. 1 қазандағы N 1203  P961203_  "Мемлекет жеке меншiкке сатқан немесе пайдалануға берген жерге ақы төлеу тәртiбiн бекiту туралы" қаулысында көрсетiлген, бекiтiлген жиынтықты жер және табыс салығын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жердi пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары немесе жеке меншiкке сатылатын, мемлекет пайдалануға берген жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау тәртiбiне сәйкес оның өндiрiстiк бөлiмшелерi арқылы жүргiзiледi. 
      6. Шаруа (фермер) қожалығының жердi пайдалану құқығының бағалау құнының актiсiн шаруа (фермер) қожалығының басшысы жердi пайдалану жөнiндегi жергiлiктi жердегi салық органына тапсырады.
      7. Салық органы берiлген деректердiң негiзiнде осы тәртiптiң 3-тармағына сәйкес бекiтiлген жиынтықты жер салығын есептеп шығарып, оны патент үшiн төленетiн ақыға қосады.

     ---------------------             Қосымша N 2
            /СТТН/                     Қазақстан Республикасы
                                       салық комитетiнiң және
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Мемлекеттiк жер комитетiнiң
                                       нұсқаулығына
                                       "___"__________ 199 ж. N____

                         ЕСЕПТЕСУ
     шаруа /фермер/ қожалығының патентiнiң бағасын анықтау
     "_____________________"     ___________________
       /шаруашылықтың аты/         /ауданы, облысы/

                      мерзiмi ______________ 199 ж.

     1. Мемлекеттiк актiнiң көрсетуi бойынша Шаруашылыққа ауыл
шаруашылығы жүргiзу үшiн берiлген жердiң жалпы көлемi ________ га,
оның iшiнде жайылымдық жерлер:
     а/ ____________________________________
     б/ ____________________________________
     в/ ____________________________________
     г/ ____________________________________
     2. ҚР Мемлекеттiк жер комитетi органдары берген жер бөлiгiнiң
белгiленген бағасы ________________________ теңге
     3. Жер салығының тағайындалған сомасы
     барлығы _______________ теңге, оның iшiнде
     - жер салығы __________ теңге
     - табыс салығы __________ теңге /0,25% х 2 жол/
     Үшiншi жол бойынша патенттiң жылдық бағасы __________ теңге
     төлеу мерзiмi:
     I мерзiм 199  жылдың "_____"____________ дейiн
     II мерзiм 199  жылдың "_____"____________ дейiн
     III мерзiм 199  жылдың "_____"____________ дейiн
     IҮ мерзiм 199  жылдың "_____"____________ дейiн
     Тiркеу жасалған кездегi шаруашылықтағы жұмысшылардың барлық
саны олардың iшiнде:
     - шаруашылықтың мүшелерi ________________ адам
     - еңбек шарты бойынша жұмыс ________________ адам
     - iстеушiлер  ________________ адам
     Патент үшiн төлем мына есепке аударылсын_______________________
     _______________________________________________________________
     Ескерту: есептесу екi дана жасалды
     ________________________________             __________________
      Салық органы бөлiмiнiң бастығы                    /қолы/
     ________________________________             __________________
            Салық инспекторы                           /қолы/
     Таныстым: ______________________             __________________
                 Шаруашылық басшысы                    /қолы/

     Мөр                   Есептесудiң тiркелген уақыты
                           "___"____________ 199 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады