Халықаралық спорт жарыстарында жоғары көрсеткiштерге жеткенi үшiн төленетiн бiрыңғай сыйақының мөлшерi мен берiлу тәртiбi туралы НҰСҚАУ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiмен бекітілген 1997 жылғы 23 сәуiр. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 наурыз N 269 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

    КЕЛIСIЛДI:                         БЕКIТЕМIН:
    Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
    Қаржы министрiнiң орынбасары       Жастар iсi, туризм және
    _____________                      спорт министрi

    1. Қазақстан Республикасы жастар iсi, туризм және спорт
министрлiгi спорттық iс-шараларды өткiзуге бөлiнген қаржы есебiнен
басты халықаралық жарыстарда қол жеткен жоғары спорт нәтижелерi үшiн
спортшыларды, жаттықтырушылар мен мамандарды марапаттайды.
    2. Олимпиадалық спорт түрлерi бойынша халықаралық жарыстарда
жоғары көрсеткiштерге жеткен спортшыларға сыйақы төлеу мына
төмендегiдей мөлшерде берiледi:
___________________________________________________________________
     |                        |Алған орны және есептiк көрсеткiшке
     |                        | коэффициент бойынша сыйақы төлеу
Реттiк|                        |           мөлшерi
саны |        Iс шаралары     |___________________________________
     |                        |   1-орын   |  2-орын   |  3-орын
______|________________________|____________|___________|__________
    1. Әлем чемпионаты,
       әлем рекорды /дейiн/        К-200       К-150       К-100
    2. Әлем кубогы /финал,
       үлкендер/, әлем
       чемпионаты /жасөс.
       пiрiмдер/ /дейiн/           К-100       К-75        К-50
    3. Азия чемпионаты
       Азия рекорды /дейiн/        К-50        К-30        К-20
    4. Азия бiрiншiлiгi
       /жасөспiрiмдер/, Азия
       кубогы финал /үлкендер/
       /дейiн/                     К-20        К-10        К-5

    Қосымша: Сыйақы көлемi коэффициенттi жарыс өтiп жатқан кездегi
есептi көрсеткіш мөлшерiне /   / көбейту арқылы айқындалады.
     3. Олимпиадалық спорт түрлерiне кiрмейтiн спорт жеңiмпаздарына сыйақы төлеу Олимпиадалық бағдарламаға енетiн спорт түрлерiне белгiленген сыйақы көлемiнiң 50 процент көлемiнде төленедi.
     4. Егер спортшы бiр жарыста бiрнеше жүлделi орын алған болса, сыйақы әрбiр жүлделi орын мен көрсетiлген рекордқа төленедi.
     5. Жеке және командалық бiрiншiлiкте /бiр стартта/ 1-3 орын алған спортшыларға алған орнына қарай жеке алған орны үшiн толық, ал командалық есепте 0,5 коэффициент төленедi.
     6. Спортшылар мен командаларды дайындаған негiзгi жаттықтырушылар мен мамандарға жинақталған сыйлық қор мына төмендегiдей мөлшерде бөлiнедi:
     - жеке өнер көрсететiн жарыс бағдарламаларында спортшы сыйақысының 1,5 коэффициентi мөлшерiнде;
     - командалық спорт түрлерi бағдарламалары және командалық ойын түрлерi бойынша команда спортшылары сыйақысының 1,0 коэффициентi мөлшерiнде;
     Жеке жаттықтырушының, маманның сыйақы мөлшерi өзi дайындаған спортшылардың сыйақысынан аспауы керек.
     7. Сыйақы Қазақстан Республикасы Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi халықтық спорт түрлерi, олимпиадалық емес спорт түрлерi бөлiмдерi, Олимпиадалық спорт түрлерi Басқармасының жарыс протоколдары және соған сәйкес анықтамалар (рекордтар) негiзiнде төленедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады