Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 27 тамыздағы "Акциздердi төлеу және есептеу тәртiбi туралы" Бас салық инспекциясының N 36 нұсқаулығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 14 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 30. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы


 
 
       "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      16. "Акциздердi есептеу және төлеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясының N 36 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 8 V970030_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
      I бөлiм
      1 баптың 2-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "Алыс-берiс шикiзаттан өңделген және осы шикiзаттың иесi немесе

 

делдалдық ұйымдар ұйымдар арқылы сыртқа шығарылатын акцизделiнетiн

тауарлар акциз төлеуден босатылмайды".

     11 баптың 3 тармағындағы "немесе импортқа шығарылатын акцизделiнетiн

тауарлар" деген сөздерден кейiн "немесе сатылатын акцизделiнетiн тауарлар,

егер осы тауарлардың акциясы Қазақстан Республикасының аумағында

төленбесе" сөздермен толықтырылып әрi қарай мәтiн бойынша оқылады.

     11 баптың, 4 тармағының, 20 тармақшасы "(мүгедектерге арнап әдейi

жасалынған қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа) деген сөздермен

толықтырылсын.

     22 тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

     "22)  өңделмеген мұнай"

     II бөлiм

     13 тармақ алынып тасталсын;

     14 және 22 тармақтар сәйкес 13-21 тармақтар болып есептелiнсiн;

     14 тармақтағы "шикiзаттан жасалынатын акцизделiнетiн тауарлар" деген

сөздер "өңделмеген мұнайдан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.

     22 тармақ мынандай мазмұнда толықтырылсын:

     Республикасының аумағында шығарылған өңделмеген мұнайды өндiрiстiк

өңдеуге тапсырған жағдайда, акциз сол тапсырылған уақытта төленедi. Мұндай

жағдайда өңделмеген мұнай бойынша төленген акциз акцизделiнетiн мұнай

өнiмдерi төлемдерiн кемiтуге жатқызылмайды.

     *1997 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi

     Төраға,

     Салық қызметiнiң I дәрежедегi

     Мемлекеттiк кеңесшiсi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады