ҚР КК-нiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П Бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1997 жылғы 26 ақпандағы N 5-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 26 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 35. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен. ~V011441

      Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы құбырмен жүргiзiлетiн транспортпен және электр берiлiсi желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
      Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П V960180_ Бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы құбырмен жүргiзiлетiн транспортпен және электр берiлiсi желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы" Нұсқауға өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлсiн:
      1. 1.5-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Тауарларды кедендiк ресiмдеу бұл үшiн анықталған жерлерде кеден органының қызметi аймағында жүргiзiледi. Өнiм қоюға шет ел тұлғасымен (бұдан әрi тиiсiнше экспортшы немесе импортшы) шарт жасасқан ұйым тауарларды кедендiк ресiмдеудi тауардың орналасқан жерi бойынша аймақта жүргiзедi".
      2. 1.6-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары бiрiктiрiлсiн және төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Тауарларды өткiзу транспорттың бiр түрiнен көбiн (құбырмен жүргiзетiн темiр жол транспорты, құбырмен жүргiзетiн автомобиль транспортын ж.т.б.) пайдаланатын жағдайда кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында соңғы түрiне қайта тиеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргiзiледi".
      3. 2.4-тармағында "Өнiм қою ... iшiнде ..." сөздерiнен соң "... үшiн өнiм қою ..." сөздерi жазылсын.
      4. 3.3-тармағының "Д" абзацы алынып тасталынсын.
      5. 3.4-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзудi тасымалдаушының УКЖД-ның 44 бағанында мәлiмдеген мерзiмдерiнде, алайда үш айдан асырмай жүргiзуге болады".
      6. 3.7-тармағында толық КЖД ұсыну мерзiмi ұзартылсын, бiрақ 30 күннен асырылмасын..."
      7. 5.3-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "КЖД-ның (УКЖД-ның) күшi жойылған кезде кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарын қайтару жүргiзiлмейдi. Төлеушiнiң өтiнiшi бойынша сома тауардың келесi топтамаларын кедендiк ресiмдеу үшiн төлемдердiң есебiне жатқызылады".
 
      Төраға
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады