ҚҚС жөнiндегi декларацияны жыл бойынша толтыру Нұсқаулығы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жыл 6 маусым N 109. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 маусымда тіркелді. Тіркеу N 45. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



 

     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының 


K010209_


  Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына

сәйкес   

                               БҰЙЫРАМЫН:

     Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:

     26. "Қосылған құн салығы бойынша Декларацияны бекiту туралы"

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1997 жылғы 6 маусымдағы N 109



V970045_


  бұйрығы.

-----------------------------------------------------  

Қазақстан Республикасы

Қосымша Құн Салығы жөнiндегi Декларация    200 нысан /1-97/

____________________________________________________________________

Салық төлеушi                          |

Декларацияны толтырушының аты-жөнi     |   РНН

_______________________________________|____________________________

Бас кәсiпорынның атауы                 |  Телефоны

Мекен-жайы                             |

Аудан/облыс                            |

_______________________________________|____________________________

     Есептi кезең:   Күнтiзбе айы:    Тоқсан

____________________________________________________________________

                                            Бағаны     |  Бағаны

               ҚҚС-ын есептеу               ҚҚС-нан    |    ҚҚС

                                            тыс құн    |

_______________________________________________________|____________

1. ҚҚС 20% ставкасымен алынатын, айналым

/В қосымшасы/                                   1

2. ҚҚС 20% ставкасымен алынатын, экспорт

айналымы /В қосымшасы/

3. ҚҚС 0% ставкасымен алынатын, экспорт         3

айналымы

4. ҚҚС 0% ставкасымен алынатын, экспорттан      4

басқа айналым

5. Өткен кезеңге /+-/ түзетулер /Е қосымшасы/   5

6. ҚҚС төлеуден босатылған, айналым             6

7. Жалпы айналым /А бағанында 1-ден 6в аралық   7

жолдағы сома/

Жалпы айналымдағы салық салынатын айналым

үлесi /7 жолға бөлiнген 1-ден 5 аралық жолдағы  7а

сома/

8. Импорт кезiнде төленбеген ҚҚС, 70.4 баптар   8

бойынша

9. ҚҚС тауарлар резидент емес тұлға төлейтiн    9

ҚҚС /З қосымшасы/

10. Барлық есептелген ҚҚС /Б баған, 1, 2, 5, 8  10

және 9в жолд.сома/

____________________________________________________________________

     Есептемеге қатысты, ҚҚС сомасы                     ҚҚС

                                                         рұқсат

                                                        есептеме

____________________________________________________________________

11 Iшкi базарда, ТМД елiнде алынған тауар,

    жұмыс, қызмет /негiзгi айналымнан басқа/

    /Г қосымшасы/                                    11

12 Iшкi базарда, ТМД елiнде алынған негiзгi

   қаржы /автомобильдердi, ғимараттарды қоса/,

   /Г қосымшасы/                                     12

13 Сыртқы базарда алынған тауарлар /14, 15,

   16, 17 жолдарда көрсетiлген импорт

   көрсеткiшiнен басқа/                              13

14 Негiзгi қаржы импорты /ТМД елiнен негiзгi

   қаржы импортынан және 70,4 бабында

   айтылған импорттар басқа/                         14

15 70,4 бабы бойынша тауарлар импорты                15

     а. негiзгi қаржы                                15а

     б. негiзгi қаржы емес                           15б

16 Босатылған тауарлар импорты /61 бап/              16

17 Өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарлар

   импорты /70.3 бабы/

18 Барлық шығын /А бағанындағы 11 ден 17             18

   жолдардағы сома/

19 Өткен кезеңдегi түзетулер                         19

а. Өткен есептi кезеңдегi асыра есептемеден

   алым /алу/

Өткен есептi кезеңдегi төмен есептемеге қосу         а

/Ж қос., 5 жол/

б. 70.3 баптағы тауарлар импорты ҚҚС сальдосының

тiкелей бюджетке төленгендiгiн есептемеге жатқызу

20 Есептемедегi ҚҚС жалпы сомасы /11, 15

жолдардың сомасы, В бағанындағы 19 жолды қоса/       20

21 ҚҚС бойынша есептемеге рұқсат етiлген сома

/20 жолды 7а жолында көрсетiлген үлесiне қосады/     21

____________________________________________________________________

               Есептi кезеңдегi ҚҚС бойынша есептесу

22 Есептi кезеңде төленетiн ҚҚС сомасы /10 ж. 20ж.   22

алу/

23 Есептi кезеңге есептелген салық сомасының

есептемесiне жататын көбейтiлген ҚҚС сомасы

/21 жол, 10 жолды алып тастау/                       23

24 Өткен есептi кезеңнен ауыстырылған ағымдағы       24

төлемдер мен есептемелер /А қосымшасы 6 жолы/

25 Бюджетке төленуге тиiстi ҚҚС сомасы /22 жол

24 жол. алу/

26 Бюджеттен орнын толтырылуға жататын немесе

келесi есептi кезең есептемесiне  ауыстырылған,

ҚҚС сомасы /24 ж. 22ж. алу/                          26

____________________________________________________________________

     А қосымшасы Ағымдағы және есептеме кезеңiндегi төлемдердi

                             сомалау

____________________________________________________________________

  Жолдар    Төлем күнi    Төлем түбiршек нөмiрi    Сомасы  Өсiмi

     1

     2

     3

     4   Ағымдағы нақты төлем жиыны /1 ден 3 жолдар сомасы/

     5   өткен есептi кезеңнен ауыстырылған есептеме сомасы

         /орнын толтырылмаса ғана көрсетiледi/

     6   Ағымдағы және өткен есептеме кезеңдегi жалпы төлемдер

     сомасы /4 және 5 жолдардағы сома 1 беттегi 24 жолға қосылады/

____________________________________________________________________

     Б қосымшасы            70.3 бабы бойынша импорт тауарының ҚҚС

____________________________________________________________________

Импорт    Импорт ҚҚС    Уақыт     ҚҚС       Бюджетке    Төленетiн

күнi                    төлемiн   өтелген   төленген    ҚҚС

                         есептеу   сомасы    сома        сомасы

                         күнi                /1 беттегi

                                             19б жолын

                                             да қосу

____________________________________________________________________

     В қосымшасы     1 беттегi 1 және 2 жолдарға түсiнiк

____________________________________________________________________

1 бет.   1.1 ҚҚС-сыз тауарларды /жұмыс, қызмет/ өткiзу

тегi     айналымы /58.1-58.3 бабы/

А бағ.   2.1 Өткiзу құны және есептеу бағасы аралығындағы

1 жолы   айырмашылық /құнсыздануды ескерiп/ /58.5 бап/, ҚҚС

         басқа: таза айналымды есептегенде айырманы 1.2 бөлу

     3.1 20% ставка бойынша барлық салық салынатын айналым

     1.1 және 2.1 жолдар сомасы 1 беттегi 1 жолға енедi/

2 бет.   1.2 ҚҚС-сыз тауарларды /жұмыс, қызмет/ өткiзу

тегi     айналымы /58.1 - 58.3 бабы/

А бағ.   2.2 Өткiзу құны және есептеу бағасы аралығындағы

2 жолы   айырмашылық /құнсыздануды ескерiп/ /58.5 бап/, ҚҚС

         басқа: таза айналымды есептегенде айырманы 1.2 бөлу

     3.2 20% ставка бойынша барлық салық салынатын айналым

     2.1 және 2.2 жолдар 1 беттегi 2 жолға енедi/

____________________________________________________________________

          Г қосымшасы 11 және 12 жолдарға түсiнiк

____________________________________________________________________

ҚҚС тыс             төленген           ҚҚС бойынша

бағасы           /төлеуге тиiс/        есептемеге

                       ҚҚС              рұқсат

1 бет.   Iшкi базарда және ТМД елдерiнде алынған тауарлар,

тегi     жұмыс және қызмет

11 жол   11а. салық есебiнде ҚҚС көрсетiлген

         11б. Салық есебiнде "ҚҚС-сыз" белгi бар

         11в. Салық ҚҚС көрсетiлмеген және "ҚҚС-сыз" белгi

         жоқ

         11г. ТМД елдерiнде алынған

         11д. Тiркелмеген резидент емес тұлға үшiн

         бюджетке төленген ҚҚС /1 беттегi 9 ұядағы iспеттес/

     11 жол бойынша жиыны /11а, 11б, 11в, 11г, 11д жол. сомасы/

1 бет.   Iшкi базарда және ТМД елдерiнде алынған негiзгi

тегi     қаражат /автомобильдер мен ғимараттарды қоса/

12 жол   12а. Салық есебiнде ҚҚС көрсетiлген

         12б. Салық есебiнде "ҚҚС-сыз" белгi бар

         12в. Салық ҚҚС көрсетiлмеген және "ҚҚС-сыз" белгi

         жоқ

         12г. ТМД елдерiнде алынған

         12д. Автомобильдер/ғимараттар алу

         12е. Тiркелмеген резидент емес тұлға үшiн

         бюджетке төленген ҚҚС /1 беттегi 9 ұядағы iспеттес/

     12 жол бойынша жиыны /12а, 12б, 12в, 12г, 12д/

____________________________________________________________________

     Д қосымшасы ҚҚС бойынша рұқсат берiлмеген есептеменi бөлу

____________________________________________________________________


 
1. Кәсiпкерлiк қызмет мақсатында емес пайдаланылған тауар жұмыс, қызмет үшiн төленген /төлеуге тиiс ҚҚС таза табыс есебiнен жабылады /7.3 бабы/
2. Тауар, жұмыс, қызмет үшiн төленген /төлеуге тиiс/ ҚҚС шығынға жататын салық төлеушiде айналым қоры болса /73.2 бабы/ табыс салығын төлеуде есептен шығарылуы тиiс.
3. Негiзгi қаражаттан алынған ҚҚС /ғимараттар мен жеңiл

 

автомобильдер/ амортизациялық бөлiнуден шығын құрамына енедi /73.4 20

баптар/

4. ТМД елдерiнде алынған тауарлар, жұмыс, қызмет бойынша төленген

/төленуге тиiс ҚҚС, шығындарға жатады /68.5 баптар/

____________________________________________________________________

     Е қосымшасы ҚҚС есептеуде қатысты түзету

____________________________________________________________________

1 беттегi    Түзету енгiзiлетiн есептi кезеңдi көрсету

5 жол                           Айналым  /+-/  ҚҚС сомасы

                                түзетуi        /+-/

1

2

3

4

5 Жиыны /1 ден 4 жол сомасы; осы жол көрсеткiшi 1 беттегi 5 жолға

енгiзiледi; 4 жол ұсынылған жаршыға сәйкес анықталады/

____________________________________________________________________

     Ж қосымшасы Есептемеге жататын ҚҚС сомасына тиiстi өзгерту

____________________________________________________________________

1 беттегi

19а жолы      Түзету енгiзiлетiн есептi кезеңдi көрсету

                                                 ҚҚС сомасы

                                                    /+-/

1

2

3

4

5 19а жолының жиыны /1 ден 4 жол сомасы; осыған сәйкес 4 жол

ұсынылған жаршыға сәйкес анықталады/

____________________________________________________________________

     З қосымшасы Резидент емес тұлғаның төлем кезiнде төлеген ҚҚС

                 бойынша мәлiмет /55.4 бабы/

____________________________________________________________________

Күнi: Резидент емес   Резидент емес  Резитент емес    Мәмле

      тұлғаның аты    тұлғаның       тұлғаның РНН     көлемi

                      мекен-жайы     бар болса

                                                      ҚҚС сомасы

9б жолы бойынша жиыны жиынтық сомасы ұсынылған жаршыға сәйкес

анықталады

____________________________________________________________________

     199__ ж. "____"______________

     _____________________________       ___________________________

               басшы                               қолы

     _____________________________       ___________________________

      осы декларацияны толтыруға                   қолы

      жауапты тұлғаның аты-жөнi

     _____________________________       ___________________________

           салық инспекторы                        қолы

     Мен, осында берiлген ақпараттың толық және дұрыстығын

мәлiмдеймiн. Мен, салық кодексiнiң бұзылуы бюджет алдындағы

жауапкершiлiктi жүктейтiнiн түсiнемiн.



             ҚҚС жөніндегі декларацияны жол бойынша толтыру

                             НҰСҚАУЛЫҒЫ


 
       Сiз декларацияда айтылған мерзiмнен кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей ҚҚС жөнiндегi өзiңiздiң декларацияңызды ұсынуларыңыз және бюджетке салық төлеулерiңiз тиiс. Есiңiзде болсын! Егер сiз өзiңiздiң декларацияңызды кешiктiрiп өткiзсеңiз және/немесе салықты кейiн төлесеңiз және/немесе оның сомасы дұрыс болмаса, онда сiзге белгiленген тәртiппен айыппұл санкциясы қолданылады.
 
                             Жалпы хабарлама
 
      ҚҚС жөнiндегi жаңа декларация үш беттен тұрады: осы тұста екiншi және үшiншi беттер сiздiң кәсiпкерлiк қызметiңiз жөнiндегi есеп жазбаларыңыздан қажеттi хабарлама мәлiметi үшiн арналған және одан кейiн қорытынды сома түрiнде бiрiншi бетке ауыстырылады. Сiздiң кәсiпкерлiк қызметiңiздiң түрiне қарай сiзге салық декларациясының барлық жолдарын толтырмау қажеттi де туындап қалуы да ықтимал. Егер ол қандай да болмасын жолдар немесе қосымша пайдаланылмаса, онда сiз ол жерге сызық қоясыз.
      Егер де сiз салық заңының ережесiне сәйкес ҚҚС жөнiндегi есепте тұрмасаңыз және ҚҚС жөнiнде тiркелмеген резидент емес тұлғадан тауар /жұмыс, қызмет/ алуды жүзеге асырсаңыз, онда сiз белгiленген тәртiппен, резидент емес тұлға үшiн бюджетке ҚҚС-ын төлейсiз және ҚҚС жөнiнде 9, 22, 25 жолдары және 3 қосымшасын толтырған декларацияны ұсынасыз. Декларацияны ұсыну және төлем төлеу есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.
 
                          ҚҚС-на есептеме жүргiзу
 
      1 Жол. Осы жолды толтыруда сiзге декларацияның 2 бетiндегi В қосымшасы көмектеседi. Осы жолда сiз ҚҚС-ын қоспай өзiңiздiң барлық айналымыңызды көрсетiңiз, осыдан 20 проценттiк ставка бойынша салық алынады. /Осы тұста экспорттық операциялардың бойынша айналымды, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымды және босатылған айналымды қоспаңыз/. ҚҚС есептеу үшiн, сiздiң саудаңыздан тапқан табысқа, таза табыс айналымының 20% көбейтiңiз, содан 1 жолдың Б бағанындағы төлемге тиiс ҚҚС-нан алынатын соманы көрсетiңiз.
      2 Жол. Осы жолды толтыруда сiзге декларацияның 2 бетiндегi В қосымшасы көмектеседi. Мұнда 1 жолды толтырғандағы ереженi қолданыңыз, бiрақта /Қырғыз Республикасынан басқа/ басқа ТМД-ға мүше-елдерге тиеудiң көлемiн қосыңыз, ҚҚС есептеу үшiн, сiздiң саудаңыздан тапқан табысқа, таза табысы айналымының 20% көбейтiңiз, содан 2 жолдың Б бағанындағы төлемге тиiстi ҚҚС-нан алынатын көлемдi көрсетiңiз.
      3 Жол. Мұнда 1 жолды толтырғандағы ереженi қолданыңыз, бiрақта алыс шетел және Қырғыз Республикасы елдерiне экспорт операцияларының тек қана көлемiн қосыңыз.
      4 Жол. ҚҚС-ның нөлдiк ставкасы бойынша салық салынатын айналым көлемiн көрсетiңiз. Экспорттық операцияларды қоспаңыз.
      5 Жол. Мұнда ҚҚС жөнiндегi алдындағы декларацияға енгiзiлген көбейтiлген немесе азайтылған жағындағы айналымдарға қандай да болмасын түзетулер көрсетiлуi тиiс. Енгiзiлетiн түзетулер және мезгiлдер туралы қысқаша ақпаратқа, олар енгiзiлетiн болғандықтан, ҚҚС-ның қорытынды сомасы, 5 жолдың, Б бағанына ауыстырылғанға дейiн, 3 беттегi Е қосымшасында көрсетiлуi тиiс.
      6 Жол. ҚҚС-ын төлеуден босатылған айналым көлемiн көрсетiңiз.
      7 Жол. 1 ден 6 баған жолдарына енгiзiлген құрайтын сiздiң барлық толық айналым көлемiн көрсетiңiз. Толық айналымдағы сiздiң салық салынатын айналымыңыздың процентiн есептеңiз және алынған көлемдi 7а жолында көрсетiңiз.
      8 Жол. Бұл жол сiзге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен тiзбесi бойынша ауылшаруашылық өндiрiсiнде қолданылатын жабдықтарды, шикiзаттарды, материалдарды, қосалқы бөлшектердi, дәрi-дәрмектердi және тауарларды импорттау кезiнде ҚҚС-ын төлемеуге құқық берiлген болса ғана толтырылады.
      Аталған тауарларды импорттау кезiнде төленбеген ҚҚС-ғы, олар есептi кезеңде алынып келген болса, онда тиiсiнше 8 жолында көрсетiлуi тиiс.
      9 Жол. ҚҚС-ы жөнiнде тiркелмеген резидент емес тұлға үшiн бюджетке төленуге тиiстi ҚҚС-ның сомасын көрсетiңiз.
      10 Жол. Б бағандағы 1, 2, 5, 8 және 9 жолдарға қосындысы енгiзiлген ҚҚС-ның есептелген толық көлемiн көрсетiңiз.
 
               Есептемеге жататын ҚҚС-ның сомасы
 
      11 Жол. Осы Жолды толтыруда сiзге 2 беттегi Г қосымшасы көмектеседi. Осы қосымшада сiз әртүрлi көздерден алған табысыңыз туралы мәлiмет беруiңiз тиiс. Қосымшадағы барлық қорытынды сомасы одан кейiн 11 жолға ауыстырылады. Осы жолда Украина, Қырғыз Республикасынан және алыс шетел елдерiнен келген негiзгi құралдарды, тауарларды, сондай-ақ ставкада айырмашылығы бар кеден ресiмдеуiндегi тауарларды көрсетпеңiз.
      12 Жол. Осы жолды толтыруда сiзге сондай-ақ 2 беттегi Г қосымшасы көмектеседi, 11 жолды толтырғандағы ереженi қолданыңыз, бiрақта негiзгi алған құралдар жайлы хабарламаны ғана қосыңыз.
      13 Жол. Алыс шетел елдерiнен, Қырғыз Республикасынан, Украинадан келген негiзi құралдардан басқа, тауарлардың бағасын, сондай-ақ алыс шетел елдерiнен, Қырғыз Республикасынан, Украинадан келген тауарлар құнын бiрақта ТМД мүшелерi-елдерiнен келген, сондай-ақ ставка айырмашылығы бойынша салық салынатын тауарлар бағасын көрсетiңiз.
      14 Жол. Алыс шетел елдерiнен, Қырғыз Республикасынан, Украинадан келген негiзгi құралдардың бағасын көрсетiңiз, негiзгi құралдардың бағасын, сондай-ақ алыс шетел елдерiнен, Қырғыз Республикасынан, Украинадан келген негiзгi құралдардың құнын, бiрақта ТМД мүше-елдерiнен келген, сондай-ақ ставка айырмашылығы бойынша салық салынатын негiзгi құралдардың бағасын көрсетiңiз.
      15 Жол. Ауылшаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын жабдықтардың, шикiзаттардың, материалдардың, қосалқы бөлшектердiң, дәрi-дәрмектердiң және тауарлардың бекiтiлген тiзбеге сәйкес импорт тауарларының көлемi көрсетiңiз. ҚҚС-ның толық сомасы 8 жолында көрсетiлген сомаға сай келуi тиiс.
      16 Жол. ҚҚС-нан босатылған импорт тауарының көлемiн көрсетiңiз.
      17 Жол. 70.3 бап бойынша ҚҚС төлеуге уақыт берiлген өнеркәсiп өңдеуiне арналған импорт тауарының көлемiн көрсетiңiз.
      18 Жол. 11 ден 17 жолға қосындылары енгiзiлген есептi кезеңде алынған сiздiң барлық тауарларыңыздың /жұмыс, қызмет/ құнының көлемiн көрсетiңiз.
      19 Жол. Бұрын берiлген салық декларациясының есептемесiне енгiзiлген ҚҚС-ы, сомасының барлық түзетулерi, Ж қосымшасында, олар енгiзiлген мезгiлдегi түзетулер туралы қысқаша мәлiмет көрсетiлуi тиiс. Түзетулердiң қорытынды сомасы одан кейiн 19а жолына ауыстырылады.
      Егер сiзге өнеркәсiп өңдеуiне арналған импорт тауарының ҚҚС-ын төлеу бойынша уақыт берiлсе, және егер де бюджетпен есеп айырысқаннан кейiн, уақыт берiлген үш ай мерзiмнен кейiн төленбеген ҚҚС-ның сомасы бар болса, сiз аталған соманы тiкелей бюджетке төлеуiңiз керек, осы сома декларацияның бiрiншi бетiндегi 19б жолында көрсетiледi.
      20 Жол. Есептi кезеңдегi ҚҚС есептемесiне рұқсат берiлген толық сомасын көрсетiңiз, ол құрастырылғанда 11 ден 15 және 19 жолдарда көрсетiлген.
      21 Жол. Егер сiзде ҚҚС босатылған айналымыңыз бар болса, онда сiздiң өзiңiздiң жөнелтушiңiз төлеген ҚҚС барлық сомасына есептеме жүргiзуге құқыңыз жоқ. Сiз есептемеге жататын ҚҚС барлық сомасын және 20 жолда салық салу айналымының үлесiне 7а жолында көрсетiлген соманы қосасыз. Сiз тек осы өлшемде ғана есептеме ала аласыз.
 
                     Есептi кезеңдегi ҚҚС есебi
 
      22 Жол. ҚҚС-на есептелген толық сомасынан /10 жол/ есептемеге қатысты ҚҚС-ның толық сомасын алып тастаңыз /21 жол/, ҚҚС-сы жөнiндегi салық мiндеттемесiнiң осы жолдағы есептi кезеңдегi табысты көрсетiңiз. Егер де есепке алынатын есептелген салық сомасы салық сомасынан асып кетсе, онда сiз 23 жолды толтырмайсыз.
      23 Жол. Егер де есептемеге қатысты ҚҚС-ның табысы есептелген ҚҚС-нан асып түссе, осы жолдағы асып түскен соманы көрсетiңiз. Осы жағдайда сiз 22 жолды толтырмайсыз.
      24 Жол. Егер де сiз ҚҚС-ы жөнiнде ағымдағы төлемдi қоссаңыз, онда толық сомасы А қосымшасынан аталған жолға ауыстырылады.
      25 Жол. Сiз осы жолда бюджетке төленетiн ҚҚС-ның толық сомасын көрсетiңiз 24 жолда көрсетiлген табыстан 25 жолдағы табысты алып тастаңыз. Егер де сiз аталған жолды толтырсаңыз онда сiз 26 жолды толтырмайсыз.
      26 Жол. Егер де барлық түзетулердi енгiзгеннен кейiн сiзде есептемеге қатысты сома қалғанда ғана осы жол толтырылады. Егер де сiз осы жолды толтырған болсаңыз, онда 25 жолға сызық қоясыз.
 
                           Қосымша
 
      А Қосымша /Ағымдағы және алдағы есептеме мезгiлiнде ауыстырылған төлемдердi қосындылау/. Осы ереже егер де сiз ағымдағы төлемдердi бюджетке қосуыңыз керек болса немесе өткен мезгiлге ҚҚС-ының сомасын сiзге қайтарылмағандықтан қайтаруға құқыңыз бар болса, ол сiздiң болашақ салық мiндеттемеңiзге ауыстырылған жағдайда ғана толтырылады.
 
      Б Қосымша /Импортқа ҚҚС-ын төлеу бойынша уақыт берiлуi туралы/. Сiз өзiңiзге берiлген уақытты бөлек есептеуiңiз керек, ол кейiн Б қосымшасын толтырғанда пайдаланылады.
      Сiз тауарларды импорттағанда есептi кезеңнiң алғашқы үшiн бағанын толтырасыз. Осы мәлiметтер уақыт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi келесi есептi мерзiмнiң декларациясында көрсетiледi. Уақыт мерзiмi аяқталысымен сiз барлық бағанда толтырасыз. Осы мезгiлге есепайырысуда өтелмеген ҚҚС сомасы тiкелей бюджетке төленуi тиiс. Сiз осы ҚҚС сомасын төлесiмен оны есептемеге жатқызасыз, декларацияның 1 бетiндегi 19б жолында көрсетесiз. Сiз ҚҚС тiкелей бюджетке төлегенге дейiн ҚҚС жөнiндегi есептеменi талап ете алмайсыз.
 
      В қосымшасы /ҚҚС-ын есептеу/. 1.1 және 1.2 жолдарында ҚҚС-ын қоспай, тауар, жұмыс, қызмет атқару жөнiндегi барлық айналымды көрсетiңiз. 2.1 және 2.2 жолдары сiз бұрын тауарларды сатып алғанда ҚҚС-на есептеме алмаған жағдайда, мәселен кәсiпкерлiк қызметке арналмаған автомобильдердi, тауарларды, сондай-ақ қолданылып жүрген салық заңы енгiзiлгенге дейiн иемденген тауарларды сатып жiберiлгеннен кейiн ғана толтырылады. Енгiзiлген сомада тауарлардың құны мен оларды сатуда айырмашылығы болуы тиiс. 3.1 және 3.2 жолдары жоғарыда орналасқан жолдардың тиiстi сомасы болып табылады және 20% ҚҚС-ы төленетiн айналымның толық көлемiн көрсетедi.
 
      Г Қосымшасы /ҚҚС-ы бойынша есептемеге рұқсат берiлген соманың есебi/. ҚҚС-ы бойынша есептемеге рұқсат сол кезде берiледi, егер сiздiң қолыңызда есептеме туралы қойған талабыңызда өзiңiздiң дәлелденген салық есептемеңiз бар болса. 11 жолға Қазақстанда, Қазақстанда және ТМД елдерiнде иемденген тауарлар, жұмыстар және қызметтер кiредi. 12 жолда Қазақстанда және ТМД елдерiнде алынған негiзгi құралдар көрсетiледi. 11а/12а жолдары ҚҚС-ы көрсетiлген барлық салық есептемесi бойынша көрсеткiштерге сәйкес соманы бiлдiредi. Аталған жолдарға ҚҚС-ы есептелмеген сомалық құны, ҚҚС-ның сомалық сомасы, салық есептемесiнде қойылған және ҚҚС-ы жөнiндегi есептемеге рұқсат берiлген сома жазылады.
      11б, 11в және 12б, 12в жолдарында сiздiң алғандарыңыздың құны көрсетiледi. Сiз осы алғандарыңыз бойынша есептеме талап ете алмайсыз.
      11г/12г жолдарында сiз алған сомаларыңыздың құнын және оларға ҚҚС-ның сомасын көрсетесiз, бiрақ ТМД елдерiнде алынғандар бойынша есептеме жүргiзуге тыйым салынады.
      11д/12д жолдарында резидент емес тұлғаның төлем кезiндегi алынған ҚҚС-ның толық сомасы көрсетiледi және ол декларацияның бiрiншi бетiндегi 9 жолындағы көрсетiлген сомаға тең келуi тиiс. Егер сiзде босатылған айналым болса, онда сiз ҚҚС-ның барлық сомасы бойынша есептеме талап етуiңiзге болады.
      12д жолында автомобильдер мен ғимараттардың құны және ҚҚС-ның сәйкес тиiстi табысы көрсетiледi.
 
      Д қосымшасы /ҚҚС-ы жөнiнде рұқсат етiлмеген есептеменi бөлу/. Осы қосымшада сiз сiзге есептеме жүргiзуге рұқсат етiлмеген ҚҚС-ның сомасын көрсетесiз, ол бiраздан соң, сiзге табыс салығы жөнiндегi мiндеттемеңiздiң есеп айырысуына қажет болады.
      Е және Ж қосымшалары /Түзетулер енгiзу/. Осы қосымшалар өткен мезгiлдегi ҚҚС-ы сомасына байланысты өзгерiстер енгiзсеңiз ғана толтырылады.
 
      З қосымшасы /Төлем көзi кезiндегi резидент емес тұлғадан ұсталған

 

ҚҚС-ы/. Осы қосымшада сiз ҚҚС-сы сомасы туралы төлем көзi кезiндегi

ұсталған сома туралы және резидент емес тұлғаның көрсеткiшi жайлы мәлiмет

беруiңiз тиiс, резидент емес тұлғаның толық атын, оның мекен-жайын, оның

тiркеу нөмiрiн және мәмiлеге есептелген ҚҚС-ның сомасын көрсетiңiз. Егер

де қосымшада барлық мәлiметке орын жетпесе, онда сiз қосымша тiзiм бересiз

және декларацияның бiрiншi бетiндегi 9 жолында және қосымшада жиынтық

сомасын көрсетесiз.

     Қазақстан Республикасы

Қосымша Құн Салығы жөнiндегi Декларация    200S /5-97/

____________________________________________________________________

Салық төлеушi                          |

Декларацияны толтырушының аты-жөнi     |   РНН

_______________________________________|____________________________

Бас кәсiпорынның атауы                 |  Телефоны

Мекен-жайы                             |

Аудан/облыс                            |

_______________________________________|____________________________

     Есептi кезең:   Күнтiзбе айы:    Тоқсан

____________________________________________________________________

                                            Бағаны     |  Бағаны

               ҚҚС-ын есептеу               ҚҚС-нан    |    ҚҚС

                                            тыс құн    |

_______________________________________________________|____________

1. ҚҚС 20% ставкасымен алынатын, айналымы       1

2. ҚҚС 0% ставкасымен алынатын, экспорттан      2

басқа айналым

3. Өткен кезеңге /+-/ түзетулер /Е қосымшасы/   3

4. ҚҚС төлеуден босатылған, айналым             4

5. Жалпы айналым                                5

Жалпы айналымдағы салық салынатын айналым

үлесi /5 жолға бөлiнген 1-ден 3 аралық жолдағы  5а

сома/

6. ҚҚС тауарлар резидент емес тұлға төлейтiн    6

ҚҚС

7. Барлық есептелген ҚҚС                       7

____________________________________________________________________

     Есептемеге қатысты, ҚҚС сомасы                     ҚҚС

                                                      рұқсат

                                                     есептеме

____________________________________________________________________

8  Iшкi базарда, алынған тауар, жұмыс, қызмет

   /негiзгi айналымнан басқа/ /Г қосымшасы/           8

9  Iшкi базарда, алынған негiзгi қаржы                9

10 Барлық шығын                                      10

11 Өткен кезеңдегi түзетулер                         11

12 Есептемедегi ҚҚС жалпы сомасы                     12

13 ҚҚС бойынша есептемеге рұқсат етiлген

   сома (12 жолды 5а жолында көрсетiлген

   үлесiне қосады)                                   13

____________________________________________________________________

     А қосымшасы Ағымдағы және есептеме кезеңiндегi төлемдердi

                             сомалау

____________________________________________________________________

  Жолдар    Төлем күнi    Төлем түбiршек нөмiрi    Сомасы  Өсiмi

     1

     2

     3

     4   Ағымдағы нақты төлем жиыны /1 ден 3 жолдар сомасы/

     5   өткен есептi кезеңнен ауыстырылған есептеме сомасы

     6   Ағымдағы және өткен есептеме кезеңдегi жалпы төлемдер

     сомасы /4 және 5 жолдардағы сома 1 беттегi 16 жолға қосылады/

____________________________________________________________________

     Б қосымшасы         Толық айналым және ҚҚС есептеу кестесi

____________________________________________________________________

1 бет.   1.1 ҚҚС-сыз тауарларды /жұмыс, қызмет/ өткiзу

тегi     айналымы

А бағ.   2.1 Өткiзу құны және есептеу бағасы аралығындағы

1 жолы   айырмашылық /құнсыздануды ескерiп/ /58.5 бап/, ҚҚС

         басқа: таза айналымды есептегенде айырманы 1.2 бөлу

     3.1 20% ставка бойынша барлық салық салынатын айналым

     1.1 және 2.1 жолдар сомасы 1 беттегi А бағанының 1 бетiне енедi/

____________________________________________________________________

     В қосымшасы         Есептемеге жататын ҚҚС есептеу кестесi

____________________________________________________________________

ҚҚС тыс             төленген           ҚҚС бойынша

бағасы           /төлеуге тиiс/        есептемеге

                       ҚҚС              рұқсат

8 бет.   Алынған тауарлар, жұмыс және қызмет

тегi     8а. салық есебiнде ҚҚС көрсетiлген

         8б. Салық есебiнде "ҚҚС-сыз" белгi бар

         8в. Салық ҚҚС көрсетiлмеген және "ҚҚС-сыз" белгi

         жоқ

         8г. Тiркелмеген резидент емес тұлға үшiн

         бюджетке төленген ҚҚС

         Жиыны

1 бет.   Негiзгi құралдар

тегi     9а. Салық есебiнде ҚҚС көрсетiлген

9 жол    9б. Салық есебiнде "ҚҚС-сыз" белгi бар

         9в. Салық ҚҚС көрсетiлмеген және "ҚҚС-сыз" белгi

         жоқ

         9г. Автомобильдер/ғимараттар алу

         9д. Тiркелмеген резидент емес тұлға үшiн

         бюджетке төленген ҚҚС

         Жиыны

____________________________________________________________________

       Г қосымшасы   ҚҚС бойынша рұқсат берiлмеген есептеменi бөлу

____________________________________________________________________

     Кәсiпкерлiк қызмет мақсатында емес пайдаланылған тауар жұмыс,

қызмет үшiн төленген /төлеуге тиiс ҚҚС таза табыс есебiнен жабылады

     Тауар, жұмыс, қызмет үшiн төленген /төлеуге тиiс/ ҚҚС шығынға

жататын салық төлеушiде айналым қоры болса /73.2 бабы/ табыс салығын

төлеуге есептен шығарылуы тиiс.

      Негiзгi қаражаттан алынған ҚҚС /ғимараттар мен жеңiл

автомобильдер/.

____________________________________________________________________

     Д қосымшасы ҚҚС есептеуде қатысты түзету

____________________________________________________________________

Жол      Түзету енгiзiлетiн есептi кезеңдi көрсету

                                            ҚҚС сомасы

                                               /+-/

1

2

Жиыны /1 ден 3 жол сомасы;

      3 жол ұсынылған жаршыға сәйкес анықталады/

____________________________________________________________________

     Ж қосымшасы  Резидент емес тұлғаның төлем көзiнде төлеген

                  ҚҚС бойынша мәлiмет

____________________________________________________________________

Күнi  Резидент емес   Резидент емес  Резидент емес    Мәмле

      тұлғаның аты    тұлғаның       тұлғаның РНН     көлемi

                      мекен-жайы     бар болса

                                                      ҚҚС сомасы

9б жолы бойынша жиыны жиынтық сомасы ұсынылған жаршыға сәйкес

анықталады

____________________________________________________________________

     199__ ж. "____"______________

     _____________________________       ___________________________

               басшы                               қолы

     _____________________________       ___________________________

      осы декларацияны толтыруға                   қолы

      жауапты тұлғаның аты-жөнi

     _____________________________       ___________________________

           салық инспекторы                        қолы

     Мен, осында берiлген ақпараттың толық және дұрыстығын мәлiмдеймiн.

Мен, салық кодексiнiң бұзылуы бюджет алдындағы жауапкершiлiктi жүктейтiнiн

түсiнемiн.

          ҚҚС жөнiндегi декларацияны жол бойынша толтыру

                            НҰСҚАУЛЫҒЫ


 
       Сiз декларацияда айтылған мерзiмнен кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрмей ҚҚС жөнiндегi өзiңiздiң декларацияңызды ұсынуларыңыз және бюджетке салық төлеулерiңiз тиiс. Есiңiзде болсын! Егер сiз өзiңiздiң декларацияңызды кешiктiрiп өткiзсеңiз және/немесе салықты кейiн төлесеңiз және/немесе оның сомасы дұрыс болмаса, онда сiзге белгiленген тәртiппен айыппұл санкциясы қолданылады.
 
                             Жалпы хабарлама
 
      ҚҚС жөнiндегi жаңа декларация екi беттен тұрады. Қосымша сiздiң кәсiпкерлік қызметiңiз жөнiндегi есеп жазбаларыңыздан қажеттi хабарлама мәлiметi үшiн арналған және одан кейiн қорытынды сома түрiнде бiрiншi бетке ауыстырылады. Декларацияның осы нысанын экспорттық және импорттық тауарларды шығармаған салық төлеушiлер қолданады. Егер де сiздiң кәсiпкерлiк қызметiңiз импорт және экспорт тауарларын қосса, онда сiз ҚҚС жөнiндегi декларацияны толық толықтырасыз. Сiздiң кәсiпкерлiк қызметiңiздiң түрiне қарай сiзге салық декларациясының барлық жолдарын толтырмау қажетi де туындап қалуы да ықтимал. Егер де қандай да болмасын жолдар немесе қосымша пайдаланылмаса, онда сiз ол жерге сызық қоясыз.
      Егер де сiз салық заңының ережесiне сәйкес ҚҚС жөнiндегi есепте тұрмасаңыз және ҚҚС жөнiнде тiркелмеген резидент емес тұлғадан тауар /жұмыс, қызмет/ алуды жүзеге асырсаңыз, онда сiз белгiленген тәртiппен, резидент емес тұлға үшiн бюджетке ҚҚС-ын төлейсiз және ҚҚС жөнiнде 6, 14, 17 жолдарды және Ж қосымшасын толтырған декларацияны ұсынасыз. Декларацияны ұсыну және төлем төлеу есептi айдан кейiнгi айдың 15 күнiнен кешiктiрiлмей берiледi.
 
                          ҚҚС-на есептеме жүргiзу
 
      1 Жол. Осы жолды толтыруда сiзге декларацияның 2 бетiндегi Б қосымшасы көмектеседi. Осы жолда сiз ҚҚС-ын қоспай өзiңiздiң барлық айналымыңызды көрсетiңiз, осыдан 20 проценттiк ставка бойынша салық алынады. /Осы тұста экспорттық операциялардың бойынша айналымды, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымды және босатылған айналымды қоспаңыз/. ҚҚС есептеу үшiн, сiздiң саудаңыздан тапқан табысқа, таза табыс айналымының 20% көбейтiңiз, содан 1 жолдың Б бағанындағы төлемге тиiс ҚҚС-нан алынатын соманы көрсетiңiз.
      2 Жол. ҚҚС-ның нөлдiк ставкасы бойынша салық салынатын айналым көлемiн көрсетiңiз.
      3 Жол. Мұнда ҚҚС жөнiндегi алдындағы декларацияға енгiзiлген көбейтiлген немесе азайтылған жағындағы айналымдарға қандай да болмасын түзетулер көрсетiлуi тиiс. Енгiзiлетiн түзетулер және мезгiлдер туралы қысқаша ақпаратқа, олар енгiзiлетiн болғандықтан, ҚҚС-ның қорытынды сомасы, 3 жолдың, Б бағанына ауыстырылғанға дейiн, Д қосымшасында көрсетiлуi тиiс.
      4 Жол. ҚҚС-ын төлеуден босатылған айналым көлемiн көрсетiңiз.
      5 Жол. А бағанындағы 1 ден 4 жолдарына енгiзiлген құрайтын сiздiң барлық толық айналым көлемiн көрсетiңiз. Толық айналымдағы сiздiң салық салынатын айналымыңыздың процентiн есептеңiз және алынған көлемдi толық айналым көлемiнiң төменде орналасқан жолда көрсетiңiз.
      6 Жол. ҚҚС-ы жөнiнде тiркелмеген резидент емес тұлға үшiн бюджетке төленуге тиiстi ҚҚС-ның сомасын көрсетiңiз.
      7 Жол. Б бағандағы 1, 3 және 6 жолдарға қосындысы енгiзiлген ҚҚС-ның есептелген толық көлемiн көрсетiңiз.
 
               Есептемеге жататын ҚҚС-ның сомасы
 
      8 Жол. Осы Жолды толтыруда сiзге В қосымшасы көмектеседi. Осы қосымшада сiз әртүрлi көздерден алған табысыңыз туралы мәлiмет беруiңiз тиiс. Қосымшадағы барлық қорытынды сомасы одан кейiн 8 жолға ауыстырылады. Осы жолда келген негiзгi құралдарды көрсетпеңiз.
      9 Жол. Осы жолды толтыруда сiзге В қосымшасы көмектеседi, 8 жолды толтырғандағы ереженi қолданыңыз, бiрақта негiзгi алған құралдар жайлы хабарламаны ғана қосыңыз.
      10 Жол. 8 ден 9 жолға қосындылары енгiзiлген есептi кезеңде алынған сiздiң барлық тауарларыңыздың /жұмыс, қызмет/ құнының көлемiн көрсетiңiз.
      11 Жол. Бұрын берiлген салық декларациясының есептемесiне енгiзiлген ҚҚС-ы, сомасының барлық түзетулерi, Е қосымшасында, олар енгiзiлген мезгiлдегi түзетулер туралы қысқаша мәлiмет көрсетiлуi тиiс. Түзетулердiң қорытынды сомасы одан кейiн 11 жолына ауыстырылады.
      12 Жол. Есептi кезеңдегi ҚҚС есептемесiне рұқсат берiлген толық сомасын көрсетiңiз, ол құрастырылғанда 8, 9 және 19 жолдарда көрсетiлген.
      13 Жол. Егер сiзде ҚҚС босатылған айналымыңыз бар болса, онда сiздiң өзiңiздiң жөнелтушiңiз төлеген ҚҚС барлық сомасына есептеме жүргiзуге құқыңыз жоқ. Сiз есептемеге жататын ҚҚС барлық сомасын және 12 жолда салық салу айналымының үлесiне 5а жолында көрсетiлген соманы қосасыз. Сiз тек осы өлшемде ғана есептеме ала аласыз.
 
                     Есептi кезеңдегi ҚҚС есебi
 
      14 Жол. ҚҚС-на есептелген толық сомасынан /7 жол/ есептемеге қатысты ҚҚС-ның толық сомасын алып тастаңыз /13 жол/, ҚҚС-сы жөнiндегi салық мiндеттемесiнiң осы жолдағы есептi кезеңдегi табысты көрсетiңiз. Егер де есепке алынатын есептелген салық сомасы салық сомасынан асып кетсе, онда сiз 15 жолды толтырмайсыз.
      15 Жол. Егер де есептемеге қатысты ҚҚС-ның табысы есептелген ҚҚС-нан асып түссе, осы жолдағы асып түскен соманы көрсетiңiз. Осы жағдайда сiз 14 жолды толтырмайсыз.
      16 Жол. Егер де сiз ҚҚС-ы жөнiнде ағымдағы төлемдi қоссаңыз, онда оның толық сомасы А қосымшасынан аталған жолға ауыстырылады.
      17 Жол. Сiз осы жолда бюджетке төленетiн ҚҚС-ның толық сомасын көрсетiңiз 14 жолда көрсетiлген табыстан 16 жолдағы табысты алып тастаңыз. Егер де сiз аталған жолды толтырсаңыз онда сiз 26 жолды толтырмайсыз.
      18 Жол. Егер де барлық түзетулердi енгiзгеннен кейiн сiзде есептемеге қатысты сома қалғанда ғана осы жол толтырылады. Егер де сiз осы жолды толтырған болсаңыз, онда 17 жолға сызық қоясыз.
 
                           Қосымша
 
      А Қосымша /Ағымдағы және алдағы есептеме мезгiлiнде ауыстырылған төлемдердi қосындылау/. Осы ереже егер де сiз ағымдағы төлемдердi бюджетке қосуыңыз керек болса немесе өткен мезгiлге ҚҚС-ының сомасын сiзге қайтарылмағандықтан қайтаруға құқыңыз бар болса, ол сiздiң болашақ салық мiндеттемеңiзге ауыстырылған жағдайда ғана толтырылады.
 
      Б қосымшасы /ҚҚС-ын есептеу/. 1.1 жолында ҚҚС-ын қоспай, тауар, жұмыс, қызмет атқару жөнiндегi барлық айналымды көрсетiңiз. 2.1 жолында сiз бұрын тауарларды сатып алғанда ҚҚС-на есептеме алмаған жағдайда, мәселен кәсiпкерлiк қызметке арналмаған автомобильдердi, тауарларды, сондай-ақ қолданылып жүрген салық заңы енгiзiлгенге дейiн иемденген тауарларды сатып жiберiлгеннен кейiн ғана толтырылады. Енгiзiлген сомада тауарлардың құны мен оларды сатуда айырмашылығы болуы тиiс.
      3.1 және жолы жоғарыда орналасқан жолдардың тиiстi сомасы болып табылады және 20% ҚҚС-ы төленетiн айналымның толық көлемiн көрсетедi.
 
      В Қосымшасы /ҚҚС-ы бойынша есептемеге рұқсат берiлген соманың есебi/. ҚҚС-ы бойынша есептемеге рұқсат сол кезде берiледi, егер сiздiң қолыңызда есептеме туралы қойған талабыңызда өзiңiздiң дәлелденген салық есептемеңiз бар болса. 8 жолға Қазақстанда иемденген тауарлар, жұмыстар және қызметтер кiредi. 9 жолда Қазақстанда алынған негiзгi құралдар көрсетiледi.
      8а/9а жолдары ҚҚС-ы көрсетiлген барлық салық есептемесi бойынша көрсеткiштерге сәйкес соманы бiлдiредi. Аталған жолдарға ҚҚС-ы есептелмеген сомалық құны, ҚҚС-ның сомалық сомасы, салық есептемесiнде қойылған және ҚҚС-ы жөнiндегi есептемеге рұқсат берiлген сома жазылады.
      8б, 8в және 9б, 9в жолдарында сiздiң алғандарыңыздың құны көрсетiледi. Сiз осы алғандарыңыз бойынша есептеме талап ете алмайсыз.
      11д/12е жолдарында резидент емес тұлғаның төлем кезiндегi алынған ҚҚС-ның толық сомасы көрсетiледi және ол декларацияның бiрiншi бетiндегi 6 жолындағы көрсетiлген сомаға тең келуi тиiс.
      9 жолында автомобильдер мен ғимараттардың құны және ҚҚС-ның сәйкес тиiстi табысы көрсетiледi. Сiз осы табыс бойынша есептеме талап ете алмайсыз.
 
      Г қосымшасы /ҚҚС-ы жөнiнде рұқсат етiлмеген есептеменi бөлу/. Осы қосымшада сiз сiзге есептеме жүргiзуге рұқсат етiлмеген ҚҚС-ның сомасын көрсетiңiз, ол бiраздан соң, сiзге табыс салығы жөнiндегi мiндеттемеңiздiң есеп айырысуына қажет болады.
      Д және Е қосымшалары /Түзетулер енгiзу/. Осы қосымшалар өткен мезгiлдегi ҚҚС-ы сомасына байланысты өзгерiстер енгiзсеңiз ғана толтырылады.
 
      Ж қосымшасы /Төлем көзi кезiндегi резидент емес тұлғадан ұсталған ҚҚС-ы/. Осы қосымшада сiз ҚҚС-сы сомасы туралы төлем көзi кезiндегi ұсталған сома туралы және резидент емес тұлғаның көрсеткiшi жайлы мәлiмет беруiңiз тиiс. Резидент емес тұлғаның толық атын, оның мекен-жайын, оның тiркеу нөмiрiн және мәмiлеге есептелген ҚҚС-ның сомасын көрсетiңiз. Егер де қосымшада барлық мәлiметке орын жетпесе, онда сiз қосымша тiзiм бересiз және декларацияның бiрiншi бетiндегi 6 жолында және қосымшада жиынтық сомасын көрсетiңiз.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады