-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының
Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
29. "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және төлеу
тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту
туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997
жылғы 29 желтоқсандағы N 1
бұйрығы.
-----------------------------------------------------
"Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу
және төлеу тәртiбi туралы"
N 40
Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар
1. III тарауда
15-т. "и" тармақшасындағы "борыштар" деген сөз "талаптар" деген
сөзбен ауыстырылсын.
17-т; "г" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г) ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде
инфляцияға орай түзетулердi ескерген жағдайдағы құнның өсiмiмен түскен
табыс;"
17-тармақ мынадай мазмұндағы "д" және "е"-тармақшаларымен
толықтырылсын:
"д) заңды тұлға-резидентке қатысу үлесiн сатудан жеке адамдар алған,
15 проценттiк түпкiлiктi ставка бойынша салық салынатын табыс;
е) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кәсiпкерлiк қызметке қатысы
жоқ шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысы есебiнен алынған, 15
процент ставка бойынша салық салынатын тiкелей және жанама табыстары."
2. IV тарауда
20-тармақта "кредиттер бойынша 50 процент" деген сөздер "кредиттер
бойынша 100 процент" деген сөздермен ауыстырылсын.
21-тармақтың мәтiнiндегi "борыштарға", "күмәндi борышы" деген сөздер
тиесiнше "талаптары", "күмәндi талабы" деген сөздермен ауыстырылсын.
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Амортизацияға жататын негiзгi құрал-жабдықтар
амортизациялаудың мынадай шектi нормаларымен топтарға бөлiнедi:
___________________________________________________________________
топ | |Амортизацияның шектi
нөмiрi| Мүлiктiң атауы |нөмiрi, процентпен
____________________________________________________________________
1. |Компьютерлер, шектi құрылғылар және | 30
|деректердi өңдеу жөнiндегi жабдықтар; |
2. |Труба құбырлары; мұнай-газ құбырлары, | 25
|пайдалы қазбаларды өндiру мен өңдеушi |
|пайдаланатыны жабдықтар, машиналар мен |
|тетiктер |
3. |Жолдарда пайдалануға арналған | 20
|автотрактор техникасы; арнайы аспаптар, |
|құрал-саймандар мен керек-жарақтар |
4. |Жеңiл автомобильдер; такси; |
|Автомобиль көлiгiнiң жылжымалы құрамы: |
| жүк автомобильдерi, автобустар, арнаулы |
| автомобильдер мен автотiркемелер. |
|Машиналар мен жабдықтар: |
| өнеркәсiптiң барлық салалары, |
| құю өндiрiсi үшiн; |
| ұста-пресс жабдықтары; |
| электрондық жабдықтар; |
| құрылыс жабдықтары; |
| ауыл шаруашылық машиналары |
| мен жабдықтары. Кеңсе жиhазы | 15
5. |Басқа топтарға енгiзiлмеген | 10
|амортизацияланатын активтер |
6. |Темiр жол, теңiз және өзен көлiк |
|құралдары. Қуат машиналары мен жабдықтары:
|жылу-техникалық жабдықтар |
|турбиналық жабдықтар, электр |
|двигательдерi мен дизель |
|генераторлары. |
|Электр тарату және байланыс құрылғылары | 8
7. |Үйлер, ғимараттар, құрылыстар | 7
___________________________________________________________________
Салық төлеушiлер өз қалауы бойынша кез-келген салық жылында
амортизацияның өзге нормаларын қолдануға құқылы, бiрақ бұл шектi
нормалардан аспауы тиiс."
26-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген
нормалар бойынша жүзеге асырылған" деген сөздер "салық төлеушiлер өз
бетiнше жылына бiр рет инфляция деңгейiнiң шегiнде жүзеге асыратын"
деген сөздермен ауыстырылсын.
3. V тарауда
45-тармақтың 1 және 6-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
1) 15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс сомасынан
көрсеткiшке дейiн 5 процент
2) 15 еселенгеннен 30 еселенген 15 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке көрсеткiштен алынатын салық
дейiн сомасы+ одан асатын соманың 10
процентi
3) 30 еселенгеннен 65 еселенген 30 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен алынатын салық
сомасы+одан асатын соманың 15
процентi
4) 65 еселенгеннен 130 еселенген 65 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен алынатын салық
сомасы+одан асатын соманың 20
процентi
5) 130 еселенгеннен 350 еселенген 130 еселенген жылдық есептiк
жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен алынатын салық
сомасы+одан асатын соманың 25
процентi
6) 350 еселенген жылдық есептiк 350 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен бастап және одан көрсеткiштен алынатын салық
жоғары сомасы+одан асатын соманың 30
процентi
46-тармақ мынадай мазмұндағы 13-азат жолмен толықтырылсын:
"1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы ставкаларының өзгеруiне байланысты 10-а-қосымшасында осы Нұсқаулықтың 45-тармағында көзделген ставкалар бойынша табыс салығын есептеу мысалы келтiрiлген".
46а-тармағындағы "жеке тұлғалар төлейтiн" деген сөздер "жеке тұлғалар алатын сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
46б-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
"46б. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметкерлерiнiң кәсiпкерлiк қызметпен байланыссыз, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң таза табысының есебiнен алынған тiкелей немесе жанама табыстарына төлем кезiнде 15 процент ставка бойынша салық салынады.".
63-тармақтағы 2-азат жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте бағаланған сома салық салынатын табысқа кiрмейдi".
65-тармақтағы "беру кезiнде" және "берiлетiн" деген сөздерден кейiн "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын.
65-тармақтың екiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту. Ағымдағы активтер - N 2 бухгалтерлiк есептiң стандартында белгiленген активтер".
66-тармақтың "в" тармақшасындағы "төлеу кезiнде 15 проценттiк ставка бойынша салық салынатын" деген сөздер алынып тасталсын.
4. IХ тарауда
68-тармақтың "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) еңбек шарты (келiсiм-шарты) бойынша немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғаларға жасалған төлемдер.
Ескерту. Осы Нұсқаулықтың 16-тармағында көрсетiлген мүлiктен басқа жеке тұлғалар өзiнiң жеке пайдалануы үшiн сатып алған мүлiктердi сатудан түсетiн сомаға табыс салығы салынбайды.
Жеке тұлғалардан олардың еңбегiне (немесе қызмет көрсетуiне) ақы төлеу түрiнде берiлетiн өнiм (тауар) сатып алынған кезде еңбекке және көрсетiлген қызметке заттай ақы төлеу кең тарағанын ескере отырып, жеке тұлға осы өнiммен жалақы төлеу (немесе оның қызметiне ақы төлеу) және шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң өзiнен табыс салығы ұсталған фактiсiн растайтын анықтама тапсырған жағдайда оған төленетiн сомадан табыс салығы ұсталмайды.
Өнiмдi (тауарды) сатушы жеке тұлғалар табыс ететiн анықтаманың дұрыстығына жауап бередi.
Жеке тұлғалар жасаған барлық төлемдер және төленген сомалардан алынған табыс салығының ұсталған сомалары туралы деректердi шаруашылық жүргiзушi субъектi жеке тұлғаның толық реквизитiн көрсете отырып, өзi тiркелген жерiндегi салық органына жiбередi".
68-тармақтың "д" тармақшасындағы "ұтыстар" деген сөзден кейiн "жеке тұлғалар алған сыйақы (мүдде)" деген сөздермен толықтырылсын.
76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар:
а) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi актiлерiне сәйкес салық есебi бойынша құжаттама жүргiзуге;
б) салық есебi жөнiндегi құжаттаманы қағаз, электрондық немесе магниттiк көздерде 5 жыл бойы сақтауға мiндеттi."
81-тармақтың б)-азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
б) "есептiк құжаттамада тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетулердi) есепке алу мен сату жөнiндегi операцияларды көрсетпегенi үшiн аталған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)".
81-тармақтың "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) белгiленген мерзiмде жеткiлiктi негiздемесiз салық
декларациясын табыс етпеген жеке тұлғаға декларацияның табыс етпеген
әрбiр айыбы үшiн төлеуге тиiстi, бiрақ декларация бойынша төленбеген
соманың 5 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады.
"в" және "г" тармақшалары тиесiнше "г" және "д" тармақшалары
болып есептелiнсiн.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
Кеңесiмен келiсiлген
1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама
10-А-қосымша
Төлем көздерiнен ұсталатын жеке тұлғалардың
табыс салығын тең есептеу бойынша есеп
___________________________________________________________________
Салық Табыс салығының сомасы
жылының|___________________________________________________________
айлары |Алынған табыстың| Айлық есептiк | Нақтылы |Қайта есептеу
| сомасы | көрсеткiштiң |табысқа салық|коэффициентi
| | шегерiмi | салынатын |
|________________|_______________|сома г3-г5 |
|ағымда.|жыл |ағымда.|жыл | |
|ғы ай |басынан |ғы ай |басынан| |
|үшiн | берi |үшiн |берi | |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7
___________________________________________________________________
қаңтар 23000 23000 630 630 22370 12
ақпан 23000 46000 630 1260 44740 6
наурыз 23000 69000 630 1890 67110 4
сәуiр 25000 94000 640 2530 91470 3
мамыр 25000 119000 640 3170 115830 2,4
маусым 25000 144000 640 3810 140190 2
шiлде 27000 171000 650 4460 166540 1,71
тамыз 27000 198000 650 5110 192890 1,5
қыркүйек 27000 225000 650 5760 219240 1,33
қазан 30000 255000 660 6420 248580 1,2
қараша 30000 285000 660 7080 277220 1,09
желтоқсан 30000 315000 660 7740 307260 1
___________________________________________________________________
Жиыны 315000 7740 307260
___________________________________________________________________
Салық Табыс салығының сомасы
жылының |__________________________________________________________
айлары | Жылдық | Есептiк | Өткен | Өткен |Ағымдағы айда
|салық | табыстың | кезең | кезеңде |ұстауға жататыны
|салынатын| ставкасы | үшiн |ұсталғаны|гр 10-гр11
|кiрiстiң | бойынша | табыс | |
|есептiк |табыс салығы|салығынан| |
|сомасы |(кесте |алынатын | |
|гр6хгр7 |бойынша) |гр9:гр7 | |
___________________________________________________________________
1 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12
___________________________________________________________________
қаңтар 268440 22851 1904 - 1904
ақпан 268440 22851 3808 1904 1904
наурыз 268440 22851 5713 3808 1904
сәуiр 274410 23746 7915 5713 2202
мамыр 277992 24284 10118 7915 2203
маусым 280380 24642 12321 10118 2203
шiлде 284783 25302 14797 12320 2476
тамыз 289335 25985 17323 14797 2526
қыркүйек 291589 26323 19792 17323 2469
қазан 298296 27329 22774 19792 2982
қараша 302932 28025 25711 22774 2937
желтоқсан 307260 28674 28674 25711 2963
___________________________________________________________________
Жиыны 307260 28674 28674
Ескерту: 1. 7-бағандағы көрсетiлген қайта есептеудiң
коэффициентi айлардың тиiстi күнiн 12 санға
бөлу жолмен есептелген, мысалы, мамырда
коэффициент 2,4 (12:5) тең.
2. Есепте салық жылына арналған республикалық бюджет
туралы Заңмен бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш
пайдаланылуы керек.