"Пруденциалдық нормативтер туралы" Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының Қаулысы 1997 жылғы 27 қазандағы N 380 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 67. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 қарашадағы № 88 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.11.01 № 88 Қаулысымен.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасы Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ережеге (1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 Қаулы) өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Өртембаев А.Қ.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Абдуллина Н.Қ.) бiрлесе отырып, осы Қаулыны және "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.) осы Қаулыны және "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ережеге өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық банк
      Төрағасы

                                        Қазақстан Республикасыны
                                        Ұлттық Банкi Басқармасының
                                        27.10.97 ж. N 380 қаулысымен

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 219 Қаулысымен бекiтiлген "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ережеге
ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. 1-бөлiмнiң атауы мен 1.1-тармағындағы "(қорының капиталының)" деген сөздер "капиталының" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 2.2-тармағында:
      а) тармақшасындағы "қор" деген сөз "капитал" деген сөзбен ауыстырылсын;
      б) тармақшасындағы "табыстар", "бөлiнбеген табыс" деген сөздер тиiсiнше "таза табыс", "бөлiнбеген таза табыс" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 2.3-тармағының г) тармақшасындағы "(2402 шоты)" деген сөздер "(2402 және 2401 алғашқы өтеу мерзiмi 5 жылдан асатын мерзiмдiк ретке келтiрiлген қарыз бөлiгiнде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4. 2.4-тармағындағы және одан әрi мәтiн бойынша "баланстан тыс талаптарға" деген сөздер "баланстан тыс мiндеттемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5. 2.6-тармағындағы:
      "ақша қаражаты" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгiмен берiлетiн кредиттер" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ дебиторлық борыш (1851, 1853, 1854 шоттары)" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Есептелген проценттiк кiрiстер" деген сөздер "есептелген сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде) сомалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Тәуекел дәрежесi бойынша шартты және ықтимал талаптар былайша жiктеледi:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгi мен кепiлдiк беруiне орай берiлген, сондай-ақ бағалы қағаздар кепiлдiгiмен, депозитпен, монетарлық құнды металдармен қамтамасыз етiлген бөлiгiндегi банктiң кепiлдiгi мен кепiлдiк беруi         0
      Орны толтырылған аккредитивтер (6020 шоты)         0,2
      Болашақта депозиттердi/несиелердi орналастыру жөнiндегi шот (6100 топтың шоты)                                       0,5
      Болашақта депозиттердi/несиелердi орналастыру жөнiндегi шот (6150 топтың шоты)                                       0,5
      Бағалы қағаздарды/фьючестерiн сатып алу жөнiндегi шот (6200 топтың шоты)                                             0,5
      Бағалы қағаздарды/фьючестерiн сатып алу жөнiндегi шот (6300 топтың шоты)                                             0,5
      Шетел валюталарын сатып алу жөнiндегi шот (6400 топтың шоты)
                                                         0,5
     Кепiлдiктер, кепiлдiктер беру, орны толтырылған аккредетивтер (6055, 6075, 6005, 6010 шоттары)                       1&gt>
     деген сөздер

"Тәуекел дәрежесi бойынша баланстан тыс мiндеттемелер былайша жiктеледi:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кепiлдiгi мен кепiлдiк беруiне орай берiлген, сондай-ақ бағалы қағаздар кепiлдiгiмен, депозитпен, монетарлық құнды металдармен қамтамасыз етiлген бөлiгiндегi банктiң кепiлдiгi мен беруi                    0
      Бағалы қағаздарда және/немесе қаржы фьючерстерiн сатып алу не сату шоты, егер олардың мiндеттi сипаты болса (құжаттармен ресiмделсе)
      Ұлттық Банктiң қайта қаржыландыруына болатын мемлекеттiк бағалы қағаздардан және басқа өтiмдiлiгi жоғары бағалы қағаздардан басқалары (6700, 6800 тобының шоты)                                  0
      Шетел валютасын сатып алу-сату шоты (6900 тобының шоты), егер олардың мiндеттi сипаты болса (құжаттармен ресiмделсе)     0
      Қабылданған кепiлдiктер жөнiндегi талаптарды азайту ықтималдығы (6575 тобының шоты)                                        0
      Шығарылған өтелген аккредитивтер жөнiндегi ықтимал мiндеттемелер (6575 тобының шоты)                          0
      Болашақта несиелер және/немесе депозиттер орналастыру не алу жөнiндегi шот (6600, 6650 тобының шоты), егер олардың мiндеттi сипаты болса (құжаттармен ресiмделсе)                             0,2
      Кепiлдiктер, кепiлдiктер беру, өтелмеген аккредитивтер (6555, 6505, 6510 шоттары)                                        1
      Кейбiр баланстан тыс мiндеттемелер бойынша тәуекелге барған кезде (6600, 6650, 6700, 6800 және 6900 шоты) құжаттарға сәйкес ағымдағы ай және/немесе есеп берiлетiн айдан кейiнгi 2 ай iшiнде пайда болуы мүмкiн (кейiннен баланста көрсетiлетiн) мiндеттемелердi есепке алу қажет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      6. 4.1-тармағындағы:
      үшiншi азатжол мынадай редакцияда берiлсiн:
      "қолма-қол ақша (1111, 1002, 1003, 1051, 1052 шоты)"
      Банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң мерзiмiн салыстыру кестесi мынадай редакцияда берiлсiн:
      "Банктiң активтерi мен мiндеттемелерiнiң мерзiмiн салыстыру кестесi"
                                        " " _______ 1997 ж.

                                                        мың теңге
____________________________________________________________________
     мер.|талап |2 күн.|8 күн.|1 ай.|3 ай.|мерзiмi |жауып |барлығы
     зiмi|ету   |нен 7 |нен 1 |дан 3|ден 6|өткен   |тас.  |
         |ша    |дейiн |дейiн |дейiн|дейiн|(мiндет.|актив.|
_________|______|______|______|_____|_____|________|______|_________
       A |      |      |      |     |     |        |      |
_________|______|______|______|_____|_____|________|______|_________
       О |      |      |      |     |     |        |      |
_________|______|______|______|_____|_____|________|______|_________
      А-О|      |      |      |     |     |        |      |
_________|______|______|______|_____|_____|________|______|_________
      А/ |      |      |      |     |     |        |      |
       О |      |      |      |     |     |        |      |
_________|______|______|______|_____|_____|________|______|_________

      "ақша қаражаты" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. 5.2-тармағы мынадай жаңа сөйлеммен толықтырылсын:
      "Валюта позициясын есептеген кезде 1858 және 2858 шоттары бойынша, қалдықты позицияның тек шетел валютасы бойынша бөлiгiнде ескеру қажет".
      8. 5.3-тармағының бiрiншi азатжолындағы "(оның iшiнде айырбастау пунктiн құруға лицензиясы)" деген сөздер алынып тасталсын.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады