Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк кәсiпорындарда пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайлар мен объектiлердi, кеңселiк жайларды кейiн меншiкке беру құқығымен жалға немесе сенiп басқаруға беру жөнiнде (сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарына құрылысы аяқталмаған мемлекеттiк объектiлердi беру жөнiнде) тендерлер өткiзудiң ретi туралы ереже

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi 1997 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 290. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 6 бұйрығымен (ҚР Әділет министрлігінің хатына сәйкес 11.02.2000г. N 4-01-10-1/33Г.)

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды күшейту және жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 U973398_ Жарлығына сәйкес әзiрленген және шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк кәсiпорындардағы пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайлар мен объектiлердi, кеңселiк жайларды кейiн меншiкке беру құқымен жалға немесе сенiп басқаруға берудiң жөнiн реттейдi.

      2. Өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк кәсiпорындарда пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайлар мен объектiлердi, кеңселiк жайларды кейiн меншiкке беру құқымен жалға немесе сенiп басқаруға беру ашық тендер өткiзу арқылы жүзеге асрылады. Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi тендер өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк кәсiпорындарда пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайлар мен объектiлердi, кеңселiк жайларды жалға немесе сенiп басқаруға бергенде, олардың өндiрiстiк мақсаттарға пайдаланылуы тендердiң негiзгi шарттары болуы керек.

      4. Осы ережеде айтылғандарынан басқа, тендер ұйымдастырып, өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекетiк комитетiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 381 қаулысымен бекiтiлген, мемлекеттiк кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сенiп басқаруға берудiң ретi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Тендер, әдетте, объектiнiң тұрған жерi бойынша өткiзiледi. Бұл ретте, тендер комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Экономика және сауда министрлiгiнiң, сондай-ақ басқа министрлiктерi мен ведомостволары аумақтық бөлемшелерiнiң өкiлдерi кiредi. Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлi тендер комиссиясының төрағасы болады.

      6. Кейiн меншiкке беру құқымен үй-жайларды немесе объектiлердi жалға беру жөнiнде тендерлер өткiзу кезiнде ақпарат хабарында бiр жылда 1 шаршы метрге қойылатын бастапқы жалдау ақысы қосымша көрсетiлуге тиiстi.

      7. Жабдықталған, пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайлар мен объектiлер, кеңселiк жайлар, әдеттегiдей, сенiп басқаруға беру жөнiндегi тендерге қойылады.

      8. Мыналарды мезгiлiнде тапсырған шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тендерге қатысуға жiберiледi:

      - тендерге қатысуға берген өтiнiмi;

      - өндiрiстiк қызметпен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы тиiстi құжаттары;

      - жеке конвертке салынған, жазбаша түрдегi тендерлiк ұсыныстары.

      9. Объект бiр ғана қатысушыға жалға немесе сенiп басқаруға берiлетiн үшiншi және соңғы тендерлерден басқа, тек бiр адам қатысқан тендер - өткен болып саналмайды.

      10. Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi және оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi тендер аяқталғаннан кейiн 10 күн iшiнде Тендердiң жеңiскерiмен жалдау шартын немесе сенiп басқаруға шарттама жасайды.

      Мемлекеттiк кәсiпорындарда пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайларды және объектiлердi, кеңсе жайларын жалғау шарты немесе сенiп басқаруға берудегi шарттамалар бiр жылға жасалады және осындай шарттамалар жасалған күннен басты ай өтiсiмен өндiрiстiк қызмет жүзеге асырылмаса, ол бұзуға жатады.

      Қайтарылған мүлiк тендерге қайта қойылады.

      11. Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi мен оның жергiлiктi бөлiмшелерi жалдау шартын немесе сенiп басқаруға берудегi шарттамалардың орындалуын бақылап отырады.

      12. Тендердiң жеңiскерi жалдау шартын немесе сенiп басқаруға беру шарттамаларын тиiстi түрде орындаған жағдайда, объект оның меншiгiне берiледi. Жекешелендiру жөнiндегi департамент меншiк құқын алуды ресiмдеп, заңдастырады.

      13. Сондай-ақ осы ереженiң күшi өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру үшiн пайдалану жағдайларымен оларды шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарына беру бөлiгiнде құрылысы аяқталмаған мемлекеттiк объектiлерге қолданылады. Тендер комиссиясы тендердiң шарттарын, кепiлдiк жарнаның (қарыздың) мөлшерiн және оны енгiзудiң ретiн айқындап, бекiтедi, ақпарат хабарын жариялау туралы шешiм қыбылдайды, тендер өткiзедi және тендердiң жеңiскерiн айқындайды.

      Тендерге қатысу өтiнiмiне шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарының инвестицияның көлемi мен кезеңдерi жөнiндегi ұсыныстары, құрылысы аяқталмаған объектiнi пайдалануға беру мерзiмi тiркеледi.

      Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi күшiнде болу мерзiмi әрбiр нақты жағдайда объектiнiң ерекшелiгiн ескерумен жеке түрде айқындалатын сол объектiнi беру туралы тендер жеңiскерiмен шарт жасасады. Нұсқалардың бiрi ретiнде үш жақты шарт әдiсi қолданылуы мүмкiн. Ол құрылысы аяқталмаған мемлекеттiк объектiнiң ғимаратын қарамағында ұстаушы, құрылысты аяқтамақшы шағын кәсiпкерлiк кәсiпорын, Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi арасында жасалады. Бұл ретте, кәсiпкердiң салған қарызын ұстаушы Департамент болады.

      Жеңiскер объектiде өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайларда, шарт бұзуға жатады. Бұл ретте, Жеңiскер енгiзген кепiлдiк жарнаның (қарыздың) мөлшерi оған қайтарылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады