Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" N 170 P970170_ қаулысын орындау мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
ғылыми мекемелерiнде еңбекке ақы төлеу туралы Ереже" бекiтiлсiн (бұдан әрi
- Ереже).
2. Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми мекемелерiнде
еңбекке ақы төлеу бекiтiлген ережеге сәйкес жүргiзiлсiн.
3. Ғылыми-техникалық кiтапхана қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары
20 процентке жоғары көтерiлсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
ҚР Ғылым академиясының ғылыми ұйымдары мен мекемелерiнде еңбекке ақы
төлеу туралы 1996 жылғы 6 ақпандағы N 11 қаулы.
Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң еңбекке ақы төлеу туралы
1996 жылғы 13 ақпандағы N 16 бұйрығы.
Министр-президент
БЕКIТЕМIН
ҚР Ғылым министрi -
Ғылым академиясының
президентi
1997 ж 25.03.
Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
ғылыми мекемелерiнде еңбекке ақы төлеу туралы
ЕРЕЖЕ
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" N 170 Қаулысы негiзiнде әзiрленген.
Ғылыми мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне тарифтiк ставкалары мен лауазымдық еңбек ақы мөлшерiн есептеу үшiн заң актiлерiмен белгiленген ең аз еңбекақы мөлшерi пайдаланылады.
Ғылыми мекемелер мен ұйымдар үстемеақы, сыйлықтар мен басқа ынталандырушы және өтемақы сипатындағы қосымша ақы мөлшерiн қолданылып жүрген заңға сәйкес бекiтiлген бюджеттiк қаржыландыру шегiнде өздерi дербес айқындайды.
Еңбекақыны есептегенде салалық, аудандық коэффициенттер мөлшерi, биiк таулы жердегi, шөл далалы және сусыз жерлерде жұмыс iстегенi үшiн, экологиялық апат аумақтарында тұрғаны үшiн коэффициенттердiң қолданылып жүрген мөлшерi сақталады.
Осы ережеге сәйкес қызметкерлерге қосылатын ставкалар және еңбекақы
коэффициенттер мен үстемақыларды қоса есептегенде қолданылып жүрген
ставкалар мен еңбекақыдан коэффициенттерiн үстемақыларын, жеңiлдiктерiн
қоса есептегенде төмен болған жағдайда, бұл қызметкерлерге осы ұйымда
атқарған қызметiне қарап тиiстi еңбекақы айырмасы төленедi.
Ғылым министрлiгi - ғылым академиясының ғылыми мекемелерiнде еңбекақы
төлеу 1-17 қосымшаларға сәйкес жүргiзiлдi.
1 қосымша |
ҚР Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
ғылыми қызметкерлерi үшiн Бiрыңғай тарифтiк кесте
___________________________________________________________________
Разряд.|Тарифтiк | Ең аз жалақыға тарифтiк коэффициенттерiн
тар |коэффициент| қоса есептегендегi лауазымды жалақы
| |_______________________________________________
| |1997ж.1.01.|1997ж.1.04.|1997ж.1.07|1997ж.1.10
___________________________________________________________________
1 1,0 2030 2060 2085 2340
2 1,07 2172 2204 2231 2504
3 1,15 2335 2369 2398 2691
4 1,24 2517 2554 2585 2902
5 1,33 2700 2740 2773 3112
6 1,43 2903 2946 2982 3346
7 1,54 3126 3172 3211 3604
8 1,66 3370 3420 3461 3884
9 1,78 3613 3667 3711 4165
10 1,91 3877 3935 3982 4468
11 2,05 4162 4223 4274 4797
12 2,20 4466 4532 4587 5148
13 2,37 4811 4882 4941 5546
14 2,55 5177 5253 5317 5967
15 2,74 5562 5644 5713 6412
16 2,95 5989 6077 6151 6903
17 3,17 6435 6530 6609 7418
18 3,41 6922 7025 7110 7979
19 3,67 7450 7560 7652 8588
20 3,94 7998 8116 8215 9220
21 4,24 8607 8734 8840 9922
2 қосымша |
Ғылым мекемелердiң басшылары мен ғылыми
қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы | Ғылыми |Разряд |Тарифтiк
| дәрежесi | |коэффициентi
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Ғылыми-зерттеу институттары мен олардың филиалдары
Басшы қызметкерлер
Институт директоры ғылым докторы 21 4,24
ғылым кандидаты 20 3,94
Институт филиалының директоры ғылым докторы 20 3,94
ғылым кандидаты 19 3,67
Институт директорының ғылым докторы 20 3,94
орынбасары ғылым кандидаты 19 3,67
Институт филиалы ғылым докторы 19 3,67
директорының орынбасары ғылым кандидаты 18 3,41
Институт ғалым хатшысы ғылым докторы 19 3,67
ғылым кандидаты 18 3,41
Институт филиалының ғылым докторы 18 3,41
ғалым хатшысы ғылым кандидаты 17 3,17
Институттың және оның
филиалының негiзгi ғылыми -
зерттеу бөлiмiнiң ғылым докторы 19 3,67
(бөлiмшесi, лаборатория)
меңгерушiсi ғылым кандидаты 18 3,41
Институттың, оның филиалының
ғылыми-зерттеу бөлiмдерi
(бөлiмшелерi, лабораториялары
құрамына кiретiн
ғылыми-зерттеу секторы) ғылым докторы 18 3,41
(лаборатория) меңгерушiсi ғылым кандидаты 17 3,17
Ғылыми қызметкерлер
Бас ғылыми қызметкер 19 3,67
Жетекшi ғылыми қызметкер 17-18 3,41
Аға ғылыми қызметкер 15-17 3,17
2,95
2,74
Ғылыми қызметкер 14-15 2,74
2,55
Кiшi ғылыми қызметкер 14 2,55
Ескерту: 1. Ғылыми-зерттеу институттарының басшы қызметкерлерi
лауазымдарын ғылыми дәрежесi бар адамдар уақытша
атқарады.
2. Бас ғылыми қызметкер және жетекшi ғылыми қызметкер орнына жаңадан қабылданған адамдардың ғылыми дәрежесi болуы керек. |
|
3 қосымша |
Ғылыми мекемелер мамандары мен қызметкерлерiнiң
лауазымды жалақылары
___________________________________________________________________
Лауазымды атауы |Разряд |Тарифтiк
| |коэффициентi
___________________________________________________________________
Жетекшi инженерлер: конструктор, технолог,
жобалаушы, бағдарламашы, сәулетшi,
математик, электроншы
- аса күрделi өнiмдердi 13-14 2,37
(объектiлердi) жобалаушылар 2,55
- басқа өнiмдер (объектiлер) жобалаушылар 12-13 2,20
2,37
аса күрделi өнiмдер мен (объектiлер)
жобалаушы инженерлер: конструктор, технолог,
жобалаушы, бағдарламашы, сәулетшi, математик,
электроншы, суретшi-конструктор (дизайнер)
1 санатты (категория) 13 2,37
2 санатты 12 2,20
Санаты жоқ 11 2,05
- басқа өнiмдер (объектiлер) жобалаушылар
1 санатты 12 2,20
2 санатты 11 2,05
Санаты жоқ 10 1,91
Жоғары бiлiмi бар мамандар
Барлық мамандықтар бойынша жетекшi инженерлер: 12-13 2,20
экономист, социолог, психолог, бухгалтер, 2,37
бухгалтер-ревизор, аудармашы, юрисконсульт,
мал дәрiгерi, агроном т.б. мамандар
Барлық мамандықтар бойынша инженерлер:
экономист-социолог, психолог, бухгалтер,
бухгалетр-ревизор, аудармашы, юрисконсульт,
мал дәрiгерi, агроном т.б. мамандар
1 санатты 11-12 2,05
2,20
2 санатты 10-11 1,91
2,05
санаты жоқ 9-10 1,78
1,91
жоғары бiлiмi бар
стажер-зерттеушi, аға лаборант 10 1,91
Орта бiлiмi бар мамандар
Барлық мамандықтар бойынша техниктер,
мал дәрiгерлiк фельдшер, аға лаборант
және басқа мамандар
жоғары санатты 9-10 1,78
1,91
1 санатты 8-9 1,66
1,78
2 санатты 7-8 1,54
1,66
санаты жоқ 6-7 1,43
1,54
Техникалық орындаушылар
Аға: инспектор, инкассатор, архивариус, 6-7 1,43
кассир, товартанушы, корректор, 1 санатты 1,54
стенографияшы
Инспектор, кассир, ғимарат коменданты, 5-6 1,33
1 санатты машинка басушы, 2 санатты 1,43
стенографияшы, шет тiлдерi машинкасын
басушы, аудармашы-дактилолог, лаборант,
архивариус
Машинкашы-хатшы, стенографияшы-хатшы 4-5 1,24
Чертежшi, 2 санатты машинкашы, 1,33
экспедитор, диспетчер, жабдықтаушы-агент,
iс жүргiзушi, табельшi, көшiрме алушы
Әкiмшiлiк шаруашылық бөлiмiнiң бөлiмшелерi басшылары
мен қызметкерлерi:
Меңгерушiлерi: кеңсе, машбюро, экспедиция, 6-7 1,43
орталық қойма, шаруашылық, архив, 1,54
көшiрме-көбейту бюросы, қойма,
фотолаборатория
Ескерту: өте күрделi өнiмдердi жобаланғанда инженерлер,
конструкторлар, технологтар, жобалаушылар, электроншылар,
бағдарламашылар, математиктердiң лауазымды жалақыларын жоғары мөлшерде
Министрлiк белгiлейдi.
4 қосымша |
Ғылыми мекемелердегi автоматтандырылған басқару
және есептеу (ақпараттық-есептеу) орталықтары,
бөлiмдерi басшылары мен мамандарының лауазымдық
жалақылары
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы |Разряд|Тарифтiк
| |коэффициент
___________________________________________________________________
Бөлiм бастығы (орталықтың) 14 2,55
Бюро бастығы (сектордың) 13 2,37,
Ауысым бастығы 12 2,20
Жетекшi: инженер-бағдарламашы,
математик, инженер-электроншы 12-13 2,20
2,37
Жоғары бiлiмдi инженер-бағдарламашы,
инженер-электроншы
1-санатты 11-12 2,05
2,20
2-санатты 10-11 1,91
2,05
санаты жоқ 9-10 1,78
1,91
5 қосымша |
Ғылыми мекемелер басшыларының (Ғылыми дәрежесi жоқ)
Лауазымдық жалақылары
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы |Разряд|Тарифтiк
| |коэффициент
___________________________________________________________________
Директор (бастық, меңгерушi) 18 3,41
Директордың орынбасары (бастықтың,
меңгерушiнiң) 16-17 2,95
Бас инженер 3,17
Бөлiм (лаборатория) меңгерушiсi (бастығы): 14-15 2,55
патент-лицензия, өнертапқыштық және 2,74
рационализаторлық жұмыс, ғылыми-техникалық
ақпарат, стандарттау, ғылыми-техникалық
әзiрлемелердi енгiзу
Бас: сәулетшi, металлург, механик, энергетик 14-15 2,55
экономист метролог және басқа негiзгi 2,74
бөлiмдегi бас мамандар
Конструкторлық (технологиялық) бюро 15 2,74
(сектор) меңгерушiсi (бастығы)
Бас бухгалтер 15-16 2,74
2,95
Жоспарлау-экономикалық, жоспарлау-өндiрiс 15-16 2,74
бөлiмдерiнiң меңгерушiсi (бастығы) 2,95
Еңбектi қорғау жөнiндегi бас техникалық 12-16 2,20
жетекшi 2,55
2,74
2,95
Еңбектi қорғау және техника қауiпсiздiгi, 12-13 2,20
материалдық-техникалық жабдықтау 2,37
бөлiмдерi меңгерушiлер (бастықтары)
Кадрлар бөлiмi меңгерушiсi 11 2,05
Бiрiншi бөлiм меңгерушiсi 11 1,91
Техникалық архив, азаматтық қорғаныс 11 1,91
штабы меңгерушiлерi (бастықтары)
Тәжiрибе алқабы, гүл көшетi, дендрарий, 14 2,55
виварий, аквариум, тәжiрибе-жасайтын
жануарлар клиникасының меңгерушiсi (бастығы)
Ескерту: 1. Орынбасарлардың лауазымдық жалақысы тиiстi
басшылардың еңбекақысынан 10-15% төмен белгiленедi.
2. Докторантура, аспирантура меңгерушiлерiнiң лауазымдық жалақылары 13 разряд бойынша белгiленедi, тарифтiк коэффициентi 2,37. 3. Кадрлар бөлiмi мен бiрiншi бөлiм болмаған жағдайда ғылыми мекемелер штатына 11 разряд бойынша аға инспекторлар лауазымы кiргiзуiне болады. |
|
6 қосымша |
Жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының
Лауазымдық жалақысы
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы |Разряд|Тарифтiк
| |коэффициент
___________________________________________________________________
Кафедра меңгерушiсi:
профессор ғылым докторы 20 3,94
доцент не ғылым кандидаты 19 3,67
профессор 19 3,67
доцент 18 3,41
Аға оқытушы:
ғылыми дәрежесi бар 17 3,17
ғылыми дәрежесi жоқ 16 2,95
Ассистент, оқытушы:
ғылыми дәрежесi бар 14-15 2,55
2,74
ғылыми дәрежесi жоқ 13-14 2,37
2,55
Оқытушы-стажер 11 2,05
7 қосымша |
Аспиранттар стипендияларының (шәкiртақы) мөлшерi
Қазақстан Республикасының "1997 жылғы республикалық бюджет туралы"
1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 Заңына сәйкес 1997 жылғы 1 қаңтардан
бастап мемлекет тапсырысы негiзiнде өндiрiстен қол үзiп оқитын
аспиранттарға ай сайынғы стипендия мөлшерi ғылыми дәрежесi жоқ кiшi ғылыми
қызметкерлердiң лауазымдық жалақысы деңгейiнде белгiленсiн.
1997 жылғы 1 қаңтардан бастап 5177 теңге
1997 жылғы 1 сәуiрден 5253 теңге
1997 жылғы 1 шiлдеден 5317 теңге
1997 жылғы 1 қазаннан 5967 теңге
Докторанттарға бұрын алып жүрген лауазымдық жалақысы мөлшерiнде,
бiрақ 17 разрядты аға ғылыми қызметкердiң еңбекақысынан көп емес
стипендия төленсiн.
8 қосымша |
Жабдықтарды жөндеу, станок жұмыстарында және арнаулы
цехтарда жұмыс iстейтiн жұмысшылар мамандықтары бойынша
тарифтiк коэффициенттер
___________________________________________________________________
Разрядтар | Тарифтiк коэффициенттерi
___________________________________________________________________
1 1,0
2 1,07
3 1,15
4 1,24
5 1,33
6 1,43
7 1,54
8 1,66
9 қосымша |
Еңбек жағдайлары қолайсыз нақты айтқанда адам өмiрiне қауiптi,
зиянды және еңбек етуге ауыр жұмыс орындарында iстейтiндерге қосымша
ақы төленсiн (4, 8, 12 процент мөлшерiнде):
1997 жылғы 1.01. бастап - 96, 153, 223 теңге
1997 жылғы 1.04. бастап - 97, 155, 226 теңге
1997 жылғы 1.07. бастап - 98, 157, 229 теңге
1997 жылғы 1.10. бастап - 110,176, 257 теңге
Еңбек етуге өте қауiптi, өте зиянды және өте ауыр жұмыстарда
(16, 20, 24 процент мөлшерiнде):
1997 жылғы 1.01. бастап - 281, 351, 466 теңге
1997 жылғы 1.04. бастап - 285, 356, 473 теңге
1997 жылғы 1.07. бастап - 289, 360, 479 теңге
1997 жылғы 1.10. бастап - 324, 404, 538 теңге.
9а қосымша |
Еңбек ету жағдайы қолайсыз нақтылағанда қауiптi, зиянды және ауыр
жұмыстарда (4, 8, 12 процент мөлшерiнде), ал еңбек етуге өте қауiптi, өте
зиянды және өте ауыр жұмыстарда тарифтiк ставканың болмаса лауазымдық
жалақының (16, 20, 24 процентi) есебiнен қосымша ақы төленсiн.
10 қосымша |
Ғылыми мекемелерде оқу сабақтарын өткiзгенi үшiн
қызметкерлер еңбегiне сағаттық ақы төлеу ставкасы
___________________________________________________________________
Аспиранттар, басшы қызметкерлер| Сағаттық тарифтiк ставка
мен мамандар бiлiктiлiгiн | теңгемен есептегенде
арттыру оқу орындарының |___________________________________
тыңдаушылары, дәрiгерлерге |1997 ж. |1997 ж.|1997 ж. |1997 ж.
консультация бергенi үшiн |01.01.б.|01.04.б|01.07.б.|01.10.б.
___________________________________________________________________
1. ҒА толық мүшесi не 231.0 237.0 246.0 260.0
корреспондент мүшесi
2. Профессор не ғылым 185.0 190.0 197.0 208.0
докторы
3. Доцент не ғылым 123.0 127.0 131.0 139.0
кандидаты
4. Ғылыми дәрежесi жоқтар 77.0 79.0 82.0 87.0
Ескерту: Сағаттық еңбекақы ставкасына демалыс төлемақысы
кiргiзiлген.
11-қосымша |
Автомобиль көлiгi кәсiпорындары мен ұйымдарды
қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары
1. Жүк көтерiмдiлiгi 3 тоннаға дейiнгi жүк машиналарының барлық
түрлерiмен маркаларын жүргiзушi.
3 разряд - тарифтiк коэффициентi 1,15
2. Двигателiнiң жұмыс көлемi 3,5 литрге дейiн немесе жүк көтерiмдiлiгi 3-тен жоғары 10 тоннаға дейiнгi көлiк құралдарының "В" болмаса "С" категориясының бiрiне жататын жүк автомобильдерiн басқаратын жүргiзушi.
Көлiк құралдарының "Д" категориясына жататын ұзындығы 6,5 м.ге дейiнгi немесе арнаулы дыбыс сигналдарымен жабдықталған двигательдiң жұмыс көлемi 3,5 литрге дейiнгi, басқару үшiн 3 жыл үздiксiз автомобиль жүргiзушiсi болып iстеудi қажет ететiн жедел жәрдем және оперативтiк автомобильдердi басқару. Самосвал, автокран кран қондырғысының көтеру механизмдерiн, автоцистерна насос қондырғысын, рефрижератордың суытқыш қондырғысын, сыпырын-жинағыш машиналар мен өзге арнайы жабдықталған мамандардырылған және арнаулы автомобильдердi техника қауiпсiздiгiн сақтай отырып басқару. 750 кг-ға дейiнгi жүк алатын тiркемелердi сүйреу (буксир).
4 разряд - тарифтiк коэффициентi 1,24.
3. Двигателiнiң жұмыс көлемi 3,5 литрден асатын жеңiл автомобильдердi және көлiк құралдарының "Б", "С", "Е" категориясына жататын 10-40 тоннадан аса жүк көтеретiн жүк автомобильдерiнiң барлық түрлерi мен маркаларын басқарып жүргiзушi.
Көлiк құралдарының "Д" не "Д" және "Е" категориясына жататын ұзындығы 9,5 метрге дейiнгi автобустарды немесе арнаулы дыбыс және жарық арқылы берiлетiн сигналдармен жабдықталған, двигателiнiң жұмыс көлемi 3,5 литрге дейiн жедел жәрдем және оперативтiк автомобильдердi басқару. 750 кг-нан жоғары жүк алатын тiркемелердi сүйреу (буксир).
5 разряд - тарифтiк коэффициентi 1,33.
4. 40 тоннадан асатын жүк көтеретiн жүк автомобильдерiн, ұзындығы 9,5 метрден асатын автобустарды және көлiк құралдарының "В", "С", "Д", "Е" категорияларына жататын жеңiл автомобильдердiң барлық түрлерi мен маркаларын басқаратын жүргiзушi.
6 разряд - тарифтiк коэффициентi 1,43.
Ескерту:
1. Жылжымалы құрамы 25-тен 50-ге дейiнгi автомобильдерi, тракторлары, жол және өзге машиналары бар көлiк учаскесiнiң аға механигiне айлық жалақы 10 разряд бойынша тарифтiк коэффициентi 1,91 болып белгiленсiн.
Жылжымалы құрамы 15-тен 35-ке дейiнгi көлiк учаскесiнiң механигiне 9
разряд бойынша тарифтiк коэффициентi 1,78.
2. Жүк және жеңiл автомобильдер, автобустардың, жүргiзушiлерiне ай
сайын кластық деңгейiне қарай мынадай мөлшерде үстеме-ақы:
2 класты жүргiзушiлерге - жүргiзушi болып, iстеген уақытына
белгiленген тарифтiк ставканың 10 процентi, 1 класты жүргiзушiлерге - 25
процентi төленедi.
3. Мекемелер, кәсiподақ комитетiмен келiсе отырып жұмыс күнi
нормаландырылмаған жүргiзушiлерге iстеген уақытына белгiленген тарифтiк
ставканың 25 процентiне дейiн қосымша ақы төлей алады.
12 қосымша |
Аса күрделi және жауапты жұмыстарда тұрақты iстейтiн
жұмысшылар мамандықтарының
Тiзбесi
(97 ж. 1.01 ден бастап - 3674 теңге, 97 ж. 1.04 ден бастап 3729
теңге, 97 ж. 1.07 деп бастап - 3774 теңге, 97 ж. 1.10-нан бастап 4235
теңге (ең аз жалақы 1,81 тарифтiк коэффициентке көбейтiлген).
Аппаратшы
металтiстi кесушi
кварцүрлеушi (кварцтан шыны жасаушы)
физика-механикалық сынау жұмыстары жөнiндегi лаборант
металлды мыспен қаптаушы
металлизатор
радиоэлектронды аппаратура мен аспаптар
монтаждаушы
технологиялық жабдықтарды реттеушi
басқару бағдарламалары бар станоктар мен манипуляторларды реттеушi
бақылау-өлшеу құралдары мен автоматиканы реттеушi
металл қаптау және бояу құралдарын реттеушi
вакуумде қаптау қондырғыларының операторы
оптикашы (оптика маманы)
металл және ерiтпе қоспалар балқытушы
радиоэлектронды аппаратуралар мен аспаптарды реттеушi бұранда
тегiстеушi (резьбошлифовшик)
электронды-пiсiру қондырғысымен пiсiрушi
аспапшы-слесарь
радиоэлектронды аппаратура жөнiндегi слесарь-механик
механикалық құрастыру жұмыстарының слесарi
бақылау-өлшеу құралдары мен автоматика жөнiндегi слесарь
радиоэлектронды аппаратура мен құралдар
слесарь-құрастырушысы
электромонтаушы-слесарь
шыны үрлеушi
токарь
термист
фрезершi
электрогазбен пiсiрушi
тегiстеушi
электрмен қолдан пiсiрушi
13 қосымша |
Айлық жалақы белгiленетiн еңбекақысы iстеген күнiне төленетiн
жұмысшылардың кейбiр мамандықтары
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Жұмысшылардың мамандықтары |Разряд|Тарифтiк
| |коэффициент
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
Күзетшi 1 1,0
Гардеробшы (киiм-кешек iлушi) 1 1,0
Қызметшi әйел (горничная) 1-2 1,0
1,07
От жағушы 1 1,0
Кастелянша 1-2 1,0
1,07
Зат сақтаушы (кладовщик) 1-2 1,0
1,07
Атшы, делбешi, қағаз тасушы (курьер) 1 1,0
Лифтер 1-2 1,0
Арнаулы киiмдi жуушы және жөндеушi 2 1,07
жұмысшы
Микрофильм жасау аппараттарының операторы 3-4 1,15
1,24
Киноқондырға пультiн басқарушы оператор 3-4 1,15
1,24
Киномеханик 2-3 1,07
1,15
Көшiру және көбейту машиналарының 2-3 1,07
операторы 1,15
Электронды-есептеу машиналарының 2-4 1,07
операторы 1,15
1,24
Еден тазалаушы 2-3 1,07
1,15
Құжаттарды түптеушi 2 1,07
Мал күтушi жұмысшы 1-2 1,0
1,07
Орта бiлiмi бар жыртқыш және қауiптi 2-3 1,07
айуандар күтушi жұмысшы 1,15
Орта арнаулы бiлiмi бар кез келген 4 1,24
жануарлар тобын күтушi жұмысшы
Стеклографияшы (ротаторшы) 2 1,7
телефоншы 2-4 1,7
1,15
1,24
Өндiрiстiк жайларды тазалаушы 2 1,07
Қызмет үйлерiн (кеңселердi) тазалаушы 1 1,0
Бау-бақша күтушi 1 1,0
Жүк тиеушi (түсiрушi) 1-2 1,0
3 1,07
Қора тазалаушы (сыпырушы) 1 1,0
Есiк күзетушi 1 1,0
Разрядтар бойынша баға көрсетiлмеген
(тарифтелмеген) жұмысшылар мамандығы
Күзетшi, қорықшы 1,07
Далалық iздеу (барлау) партиясының 1,07
жұмысшысы
Бiрнеше мамандық бойынша өте күрделi және 1,15
жауапты жұмыстар атқарушы жұмысшы
Ғимараттарға кешендi қызмет көрсету және 1,15
жөндеу жұмыстарын жүргiзгенде алты немесе
одан да көп әртүрлi мамандық жұмысын
атқарушы жұмысшы
Фотосуретке түсiрушi (фотограф) 1,07
14 қосымша |
Редакциялық-баспалық бөлiмдердiң басшылары, мамандары мен
қызметкерлерi үшiн бiрыңғай тарифтiк кесте бойынша еңбекақы төлеудiң
разрядтары
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы | Разряд |Тарифтiк
| |коэффициенттерi
___________________________________________________________________
Бөлiм меңгерушiсi (бастық) 13 2,37
Жетекшi маман 12 2,2
Редакция құрамының жоғары бiлiмдi мамандары
1-санатты 11 2,05
2-санатты 10 1,91
санаты жоқ 9 1,78
корректор 8 1,66
Басылымдардың түпнұсқасын басатын машинкашылар
1-санатты 9 1,78
2-санатты 8 1,66
санаты жоқ 7 1,54
15 қосымша |
Ғылыми мекемелерде полиграфиялық жұмыстар атқаратын басшылар
үшiн бiрыңғай тарифтiк кесте бойынша еңбекақы төлеудiң разрядтары
___________________________________________________________________
Лауазым атауы | Разряд |Тарифтiк
| |коэффициенттерi
___________________________________________________________________
Баспахана бастығы 14 2,55
Бас инженер 13 2,37
Аға шебер 9 1,78
Шебер 8 1,66
16 қосымша |
Мәдени-ағарту мекемелерi қызметкерлерiнiң
Тарифтiк разрядтары
1. Басшылар:
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы | мекеме топтары бойынша
| разрядтар
|_______________________
| 1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Директор (меңгерушi) | 18 | 17 | 16 | 14
Директордың (меңгерушiнiң) орынбасары, бас | | | |
мамандар: инженер, суретшi, сәулетшi, | | | |
дирижер, хормейстер, балетмейстер, | | | |
режиссер, қор сақтаушысы, есепшi, көркемдiк| | | |
жетекшi | 17 | 16 | 15 | 14
Меңгерушiлер (бастықтар): | | | |
негiзгi қызмет бөлiмдерi, филиалдар, | | | |
қайта жөндеу шеберханасы, жастар орталығы, | | | |
лабораториялар: микрофильмдеу, қайта | | | |
жөндеу және түптеу, кинофото құжаттарын | | | |
көбейтiп басу, құжаттардың сақталуын | | | |
қамтамасыз ету, ғылыми хатшы | 16 | 15 | 14 | 13
Негiзгi қызмет бойынша бас мамандар: | | | |
кiтапханашы, библиограф және т.б. | 15 | 14 | 13 | 13
Негiзгi қызмет бойынша сектор | | | |
меңгерушiлерi | 15 | 14 | 14 | 13
Басқа бөлiмдер (секторлар), қызметтер,| | | |
бюро, лабораториялар, шеберхана, цехтар | | | |
жылжымалы көрмелер, зоосекция, бос | | | |
уақыттағы жұмыс объектiлерi, кабинет | | | |
меңгерушiлерi (бастықтары); бас әкiмшi | 15 | 14 | 13 | 13
___________________________________________________________________
2. Мамандар, қызметкерлер және басқа жұмыскерлер:
___________________________________________________________________
Лауазымды атауы | Разряд
___________________________________________________________________
Тарих және мәдени ескерткiштердi қайта |
жаңғыртумен айналысатын суретшi жаңғыртушылар |
жоғарғы санатты | 14
1 санатты | 13
2 санатты | 13
санаты жоқ | 11
Халық шығармашылығы орталығының және |
мәдени-көңiл көтеру қызметiнiң, музей типтi |
мекемелер және хайуанаттар бағының: |
- жетекшi ғылыми қызметкерлерi | 14
- аға ғылыми қызметкерлерi | 13
- ғылыми қызметкерлерi | 12
- кiшi ғылыми қызметкерлерi | 11
Жоғары бiлiмi бар кiтапханашылар, |
библиографтар, әдiстемешiлер, суретшiлер, |
экскурсия жүргiзушiлер, редакторлар, лекторлар,|
музейлер қорларын сақтаушылар: |
жоғарғы санатты (жетекшi маман) | 13-14
1 санатты | 12-13
2 санатты | 11-12
санаты жоқ | 10-11
Орта бiлiмi бар кiтапханашылар, |
библиографтар, әдiстемешiлер, суретшiлер, |
экскурсия жүргiзушiлер, редакторлар, лекторлар,|
музейлер қорларын сақтанушылар: |
жоғарғы санатты | 11-12
1 санатты | 10-11
2 санатты | 9-10
санаты жоқ | 8-9
Республикалық конкурстар және басқа |
студиялар мен әуесқойлық ұжымдардың |
режиссерлерi, балетмейстерлерi, хормейстерлерi,|
дирижерлерi, суретшi-қоюшылары, жетекшiлерi, |
концертмейстрлерi: |
- "Халықтық", "Үлгiлi" атақтары бар | 12-13
- лауреат атақтары бар | 11-12
Әуесқой бiрлестiктердiң, қызығушылығы |
бар клубтардың, үйiрмелердiң, секциялардың, |
үйiрмелердiң, секциялардың, дискотеканың, |
туристiк топтардың музыка бөлiмi жетекшiлерi | 10-11
Мәдени-ағарту мекемесiнiң нұсқаушысы, |
аға шеберi | 9-10
Мәдени ұйымдастырушы, артист,би кештерiнiң|
өкiмдеушiсi, дискотека жетекшiсi, |
аккомпаниатор, саяхат (экскурсия) |
ұйымдастырушы, шебер | 9-10
Дыбыс операторы, көркем оқушы, |
дактилолог-аудармашы, репетитор | 6
Ескерту:
1. 4-топ көрсеткiштерiнен жұмыс көлемi төмен мәдени-ағарту мекемелерi басшыларының лауазымдық жалақысы, сондай 4-топ мекеме қызметкерлерiнен жалақысы 10% төмен болады.
2. 4-топ көрсеткiштерiнен жұмыс көлемi төмен басқа да мекемелердiң, ұжымдар мен кәсiпорындардың құрылымдық қосалқы бөлiмшелерi болып табылатын кiтапхана меңгерушiлерiнiң лауазымдық жалақылары ЭТС 12-13 разрядтар бойынша тағайындалады.
3. Режиссерлердiң, дирижерлердiң, балетмейстерлердiң, хормейстерлер
ассистенттерiнiң лауазымдық жалақысы соған сәйкес ақылардан 20% төмен
тағайындалады.
4. Бiрiншi топты техникалық қиындықтары бар аттракцион
меңгерушiлерiнiң лауазымдық жалақылары ЭТС-тiң 13 разряд бойынша
белгiленедi, екiншi топтағыларға - 13 дәреже, үшiншi топтағыларға 12
разряд қойылады.
16-қосымшаның жалғасы
Орындау сапасына ерекше талаптар қойылатын, үнемi аса күрделi және
жауапты жұмыстар атқаратын iрi кiтапханалардың, музейлердiң,
театр-көрiнiстiк мекемелердiң, көркем-өндiрiстiк театр шеберханалары мен
мәдениет және өнер оқу орындары комбинаттарының жоғары бiлiктi
жұмысшыларының
тарифтiк разрядтар
___________________________________________________________________
Лауазымдар атауы |Тарифтiк разряд
___________________________________________________________________
Театр қойылымдарына және фильмдер түсiру|
үшiн аса күрделi кескiндемелердi және |
декорацияларды дайындаумен айналысатын |
бутафор-декораторы | 7
Мүсiндiк гримдер және арнайы париктер |
жасаумен шұғылданатын гример-пастижершi | 7
Өз эскизi бойынша театр қойылымдары |
үшiн аса күрделi тарихи киiмдер жасаумен |
шұғылданатын пiшушi | 7
Театр қойылымдары және фильмдер түсiру |
үшiн аса күрделi макеттер жасайтын макетшi | 7
Аса құнды кiтап, құжат, қолжазба және |
басқа материалдар, сондай-ақ өше бастаған |
мәтiн құжаттарын қайта көшiру және |
микрофильдеу аппаратының операторы | 7
Үлгiлеуi аса қыйын қойылымдар, цирктiк |
көрсетiлiмдер, концерт бағдарламаларына |
жарық және жарықтық әсерлер беру сызбаларын |
жасайтын, жарық берудiң операторлық |
құралдарын ірiктеп алатын және орнататын |
жарық берушi | 7
Аса құнды кiтаптарды, аса маңызды |
құжаттарды түптеушi | 7
Пианино, рояльдарды, сондай-ақ |
органдарды күйлеумен айналысатын |
жөндеушi-күйiне келтiрушi | 7
Сирек және құнды кiтаптарды, қолжазбалар|
мен құжаттарды қайта жөндеушi | 7
Шектi және iлмелi музыкалық аспаптарды |
қайта қалпына келтiрушi-жөндеушi | 7
Құнды ағаш түрлерiнен жасалған көркем |
және музейлiк жиhазды қайта қалпына |
келтiретiн, жөндейтiн ағаш ұстасы | 7
Шектi аспаптар үшiн жоғары сапалы шек |
жасайтын шек түюшi | 7
Қайта жөндеу және репродукция |
жұмыстарын, мәтiнi өше бастаған аса маңызды |
құжаттарды түсiретiн фотограф | 7
Көшпелi цирктердiң аса күрделi құрастыру|
жұмыстарын атқарушы шапитмейстер | 7
16-қосымшаның жалғасы
Лауазымдық жалақы тағайындалатын жекелеген кәсiптер бойынша
уақытша жұмыскерлердiң тарифтiк разрядтары
___________________________________________________________________
Кәсiп атаулары | Тарифтiк разряд
___________________________________________________________________
Жеңiл машина жүргiзушiсi | 3-6
Киiм қабылдаушы | 1
Аула тазалаушы | 1
Бригадир мiндетiн атқаратын немесе |
шетел валютасымен жұмыс iстейтiн аға кассир | 4
Билет кассирi | 2-3
Қоймашы | 1-2
Аға қоймашы | 2
Билет тексерушi | 2
Лифтер | 1-2
Қосалқы жұмысшы | 1
Еден тазалаушы | 2-3
Арнайы киiм жуушы | 2
Үй-жайларды, құрылыстарды және |
жабдықтарды күтушi және ағымды жөндеушi | 3
Қызмет және өндiрiс орындарын жинаушы | 1-2
Бағбан | 1-2
Униформист | 2
Суретке түсiрушi (фотограф) | 2
Есiк күзетушi (швейцар) | 1
Киiм-кешек жөндейтiн тiгiншi | 2
Электр жарық берушi | 3
Күзетшi (вахташы) | 1
Өрт сөндiрушi (тарифтiк коэффициент) | 1,35
Аға өрт сөндiрушi (тарифтiк коэффициент) 1,40
Ескерту:
1. Қымбат металдар мен басқа қымбат материалдар және олардан жасалған бұйымдарды, ақшаны, арнаулы кiтаптарды, жартылай дүниелiктердi және олардан iстелген бұйымдарды, сондай-ақ картографиялық мекемелердегi арнаулы заттарды сақтайтын қоймашыларға жалақы 2-3 разряд, ал аға қоймашыға 3 разряд бойынша белгiленедi.
2. Өндiрiстiк және қызмет орындарын дезинфекциялап жиыстырушыға жалақы 10% (ал дәретханаларды дезинфекциялап отырғанда - 20%) арттырылады.
3. Мекемелерде кәсiби оқу өндiрiстiк нұсқаушыларына жалақы КТУ оқу өндiрiстiк шеберлерi жалақысы көлемiнде белгiленедi.
4. Арнайы киiм-кешектi жуушылармен дезинфекторларға, қышқыл және улы химикат қоймаларының қоймашыларына жалақы зиянды еңбек жағдайы есептелген үстеме ақы қосу арқылы тағайындалады.
17 қосымша | |
Ғылыми мекемелердегi халық шаруашылығы өндiрiстерi мен салаларының жұмыс, қызмет түрлерi бойынша (Бiрыңғай тарифтiк кестеге сәйкес жұмыскерлердiң тарифтiк ақыларына) тарифтiк ақыларды көтеру коэффициенттерi
2-бөлiм Коэффициентi 1,1 тең болатын өндiрiс салалары және жұмыс түрлерi салааралық өндiрiстер:
Металл өңдеушi станоктарда металл және басқа материалдарды кесiп өңдейтiн станоктiк жұмыстар; ғылыми ұйымдарда және ғылыми қызмет көрсету орындарында, машина және басқа жылжымалы көлiктi және автомобиль көлiгiндегi бақылаушы-өлшегiш аспаптарды, электронды, электронды-есептеу техникасын оңдайтын және баптайтын жұмысшылар.
3-бөлiм. Коэффициентi 1,2 тең болатын өндiрiс салалары мен жұмыс түрлерi
Шыны өнеркәсiбi (негiзгi өндiрiс). Шыны үрлеушiлер, кварц үрлеушiлер.
Кiшi және орта салмақты доңғалақты тракторлар мен жеңiл
автокөлiктен басқа бортты автомобильдер, фургондар, арнайы және
арнайыланған автомобильдер жүргiзушiлерi.
Полиграфия өнеркәсiбi: полиграфиялық және қалалық, облыстық баспахана
типтi полиграфиялық кәсiпорындар, ұсақ газет-бланкi кәсiпорындары,
өндiрiстерi, цехтары және учаскелерi.
4-бөлiм Коэффициентi 1,3 тең болатын өндiрiс салалары мен жұмыс
түрлерi
Ұжымшарлар, ауыл шаруашылығының басқа да мемлекеттiк ұйымдары:
Өсiмдiк шаруашылығы, автобус жүргiзушiлерi.
6-бөлiм. Коэффициентi 1,5 теңгерiлетiн өндiрiс салалары мен жұмыс
түрлерi
Микробиология, химия-дәрi-дәрмек өнеркәсiбi (негiзгi өндiрiс).
Қазақстан Республикасының
Ғылыми министрлiгi
Ғылым академиясына
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми мекемелерiнде еңбекақы төлеу туралы Ереженi қарай келiп мынадай ескерту жасайды.
Ғылыми мекемелерде еңбекке ақы төлеу туралы Ереженiң 2 қосымшасындағы институт, институт филиалы ғалым хатшыларының, институт және оның филиалы негiзгi ғылыми-зерттеу бөлiмi (бөлiмшесi, лаборатория) меңгерушiлерi лауазымдық разрядтарын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 ж. 06.02 N 170 қаулысы бекiткен бюджеттiк сала қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң Бiрыңғай тарифтiк кестесiне сәйкестендiру қажет.
Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң 1993 жылғы 7 қыркүйектегi "Ғылым және ғылыми мекемелер лауазымдарының тарифтiк бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы" N 40, 1993 жылғы 9 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы лауазымдарының тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларын бекiту туралы" N 41 қаулысына, сондай-ақ 1996 жылғы 20 ақпанда N 2-1 Еңбек минi алқа қаулысы бекiткен БТК қолдану жөнiндегi. Әдiстемелiк ережелердiң 7 қосымшасына сәйкес институт, институт филиалының ғалым хатшылары, негiзгi ғылыми-зерттеу бөлiмi (бөлiмшесi, лабораториясы) меңгерушiлерi лауазымдарының тиiсiнше 18-19, 17-18, 18-19 разрядтары болуы шарт.
Ғылыми мекемелердегi аталған лауазымдардың разрядтарын бiр разрядқа көтеру еңбекке ақы төлеу қаржысы шеңберiнде жүргiзiледi.
Ал ғылым және ғылыми қызмет көрсету ұйымдарында жұмыс түрлерiне, өндiрiс қызметiне және халық шаруашылығы салаларына қарай 1 бөлiм бойынша бұрын бекiтiлген тарифтiк ставкаларды 1,0 коэффициентке көтерудi қайта қарауға келсек, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" N 170 қаулысымен қолданылып жүрген салалық коэффициенттер сақталды. Сондықтан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi салалық коэффициенттердi өзгертудi көздемейдi.
Министрдiң орынбасары