Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 26 ақпандағы N 273 P970273_ "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысын орындау, Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн, жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларымен акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Бұйырамын:
1. Акциздiк алым маркаларын сату мен таңбаланған тауарларды таңбалауды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 27 қазандағы N 158-П Бұйрығымен бекiтiлген Акциздiк алым маркаларын сату мен таңбаланған тауарларды таңбалауды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбiнiң күшi жойылған болып танылсын.
3. Баспасөз қызметi (Мұратбаева Ә.О.) осы бұйрықтың ережелерiн баспасөзде, теледидарда және радиохабарларында жариялауға кiрiссiн.
4. Облыстық кеден басқармалары мен кедендердiң бастықтары:
- осы бұйрықтың қолданылу күшiн барлық құрылымдық бөлiмшелерге
жеткiзсiн және оның тиiстi түрде орындалуын қамтамасыз етсiн;
- импорттаушыларға жаңа үлгiдегi акциздiк алым маркаларының
енгiзiлгенiн, акциздiк алым маркаларын сату мен акцизделетiн таңбаланған
тауарларды кедендiк ресiмдеудiң тәртiбi туралы хабарласын.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген
сәттен бастап күшiне енедi.
6. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау ҚР МКК Төрағасының
орынбасары В.Д.Кирдановқа жүктелсiн.
Төраға
АКЦИЗДIК АЛЫМ МАРКАЛАРЫН САТЫП АЛУ МЕН ТАҢБАЛАНҒАН
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДIК РЕСIМДЕУДIҢ ТӘРТIБI
1. Акциздiк алым маркаларын сатып алудың тәртiбi
1.1. Акциздiк алым маркаларын (бұдан әрi маркалардың) сатып алу үшiн
импорттаушы акциздiк алым маркаларымен жұмыс iстейтiн бөлiмге (бұдан әрi
Бөлiм) төмендегiдей құжаттар:
Алғашқы қайырылу кезiнде - құжаттардың нотариальды түрде
куәлендiрiлген көшiрмелерiн:
- тiркеу туралы куәлiктi;
- Жарғыны;
- Мемкомстаттың тiркеу куәлiгiн;
түпнұсқаларын:
- салық инспекциясының анықтамасын;
- валюталық есепшотты ашу туралы банктiң анықтамасын;
- ұлттық валютада есепшотты ашу туралы банктiң анықтамасын ұсынады.
Бөлiм қызметкерi ұйым туралы мәлiметтердi осы Тәртiпке N 1 қосымшада көрсетiлген нысан бойынша Арнайы журналға жазады және аталған құжаттарды iске тiгедi.
1.2. Осы Тәртiптiң 1.1.-тармағында көзделген iстердi орындаған соң бөлiм қызметкерi импорттаушыдан:
- осы Тәртiптiң N 2 қосымшасында келтiрiлген нысан бойынша төрт данада жасалған Маркаларды сатып алуға Өтiнiштi;
- тауарлардың әкелiнуi жүргiзiлетiн сыртқысаудалық келiсiмнiң (тексеру жүргiзiлген соң келiсiм импорттаушыға қайтарылады) түпнұсқасы мен көшiрмесiн;
- Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының есепшотына N 000144933 Қазақстан Республикасы Бюджеттiк Банктiң Жеделбасқармасына, код 008, МФО 190501008, РНН 600700012225, маркiлер үшiн төлеу бойынша ақша қаражатын аударуға төлем тапсырысын қабылдайды, бұл арада осы төлем құжатында "Төлемдi белгiлеу" бағанында мiндеттi түрде: "199 ж. " "_____________N _______келiсiм бойынша акциздiк алым маркалары үшiн төлеу" көрсетiлуi тиiс.
Маркiлер сыртқысаудалық келiсiмде көзделген тауарлардың әр түрiнiң мөлшерiнiң 102%-нен аспайтын мөлшерде сатылады.
Акциздiк алым маркалары үшiн төлеу бойынша ақша қаражатын Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасына:
- СЭҚ ТН 2204 (2204 30-дан басқа), 2205, 2206 кодтарымен шараптар, шампан шараптары, шарап материалдары - 20 теңге;
- СЭҚ ТН 2207, 2208, 2905 кодтарымен спирттiң барлық түрлерi, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар, арақ, ликер-арақ бұйымдар, коньяктар- 65 теңге;
- СЭҚ ТН 2402 кодтарымен, темекi бұйымдары, өзге де құрамында темекi бар бұйымдар - 1,5 теңге аударылады.
Маркаларды сатып алу үшiн ақша қаражаты Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi.
1.3. Аталған құжаттар тексерiлген соң тiркеу нөмiрiн беру және тиiстi жазуды жазу жолымен "Таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды әкелетiн ұйымдардың Сыртқы-саудалық операцияларының есебiн жүргiзу Журналында" (бұдан әрi Журнал) Маркаларды сатып алуға өтiнiш тiркеледi, бұдан кейiн Бөлiм Өтiнiштiң бiрiншi данасын өзiнде қалдырады, өзгелерi импорттаушыға берiледi. Импорттаушының телефондары жазылып, төлем құжаттары және көшiрмелерi қоса тiгiлiп, бiрiншi данасы қатаң есеп беру құжаттарын сақтау iшiн көзделген тәртiппен сақталады.
Одан кейiн бөлiм тиiстi кеден басқармасы арқылы не өз бетiнше айына екi рет Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жанама кiрiстер бөлiмiне төмендегiдей мәлiметтердi (N 3 қосымша);
- импорттаушының тауын, оның заңды мекен-жайын;
- сыртқысаудалық келiсiмнiң деректерiн;
- өтiнiштiң тiркеу нөмiрiн;
- ақша қаражатының сомасын;
- тапсырыс етiлген Маркаларды түрi мен санын;
- Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасына Маркалар үшiн төлеу бойынша ақша қаражатын аударуға төлем тапсырысының нөмiрi мен күнiн;
- төлем жүргiзiлген импорттаушының банкiлiк деректерiн хабарлайды.
Бөлiм өзiнiң кеден басқармасының бухгалтериясына Маркаларды сатып алу бойынша ақша қаражатын төлемдiк аударулардың нөмiрi мен күнiн және импорттаушының төлем жүргiзiлген есепшоттарының банк деректерiн бередi, кеден басқармасының бухгалтериясы Марканың құнын құрайтын соманы Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының есепшотына аударады.
Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының есепшотына ақша қаражаты нақты келiп түскен соң Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасы Облыстық бөлiмдерге (олардың сұраулары бойынша) ақша қаражаты келiп түскенi туралы (N 4 қосымша) хабарлайды, бұл арада:
- импорттаушының атауы, оның мекен-жайы;
- сыртқысаудалық келiсiмнiң деректерi;
- ақша қаражатының сомасы;
- аударуға төлем тапсырмасының нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
Бөлiм Маркаларды сатып алуға өтiнiштiң бiрiншi данасында "Ақша қаражаты келiп түстi" белгiсiн қояды, ол белгi қойған лауазымды адамның қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiледi.
Мұндай белгi төлемнiң күнi мен кеден басқармасының есепшотына ақша қаражат келiп түскен күнi көрсетiлiп Журналға жазылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi жанама салықтар бөлiмi республика бойынша керек болатын Маркалар саны жөнiндегi мәлiметтердi хабарлайды. Бұл Мәлiметтер Ұлттық Банктiң Банкнот фабрикасына жiберiлетiн Маркаларды әзiрлеуге өтiнiшке енгiзiледi. Бұл өтiнiш тапсырыстар дер кезiнде төленген жағдайда, өтiнiш қабылдағаннан кейiнгi 45 күн iшiнде орындалады. Ұлттық Банктiң Банкнот фабрикасы тапсырыс етiлген Маркалардың құнын анықтаған соң Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының бухгалтериясы Маркаларды әзiрлеуге есепшоттарын төлеудi жүргiзедi.
2. Маркаларды беру
Маркаларды берудi Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетi Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының есепшотына ақша қаражаты нақты келiп түскен соң жүргiзедi.
2.1. Маркалар әзiрленгеннен кейiн Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жанама кiрiстер бөлiмi Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасына Маркалардың әзiр етiлгенi туралы хабарлайды.
Маркалардың тапсырыс етiлген топтамалары туралы мәлiметтер алынған соң Бөлiм импорттаушыларға тапсырыс етiлген Маркалар солардың өтiнiштерi бойынша әзiр етiлген өтiнiштерiнiң тiркеу нөмiрлерi ғана көрсетiлiп, бөлiм жайғасқан жерде ақпарат орналастыру жолымен не осы Бөлiмнiң анықтаған өзге де жолымен Маркаларды әзiрлеуге олардың тапсырыстарының орындалғаны туралы хабарлайды.
2.2. Маркаларды алу үшiн импорттаушы Бөлiмге төмендегiдей құжаттарды:
- бөлiмде сақталатын өтiнiштiң данасында жазылған жазудың негiзiнде "Ақша қаражаты келiп түстi" белгiсi қойылған, белгi қойған лауазымды адамның жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiрiлген Маркаларды сатып алуға өзiндегi өтiнiштiң екiншi және үшiншi даналары, Өтiнiштегi күндермен сәйкес келуi тиiс, өтiнiштiң екi данасы 2.5.-тармақта көрсетiлген әрекеттерден соң импорттаушыға берiледi;
- Қазақстан Республикасы аумағы арқылы жүк өткiзу жоспарланып отырылған шекарадағы кеден өткелi көрсетiлiп, импорттаушы белгiлейтiн мерзiм iшiнде тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына нақты әкелу, мұндай тауарларды белгiлi бiр терминалға орналастыру, тиесiлi кеден төлемдерiн төлеу туралы Нұсқауға N 6 қосымшада келтiрiлген нысан бойынша екi данадағы жазбаша мiндеттеменi бередi, мiндеттемеде көрсетiлген мерзiм Маркаларды импорттаушы алған күннен бастап сегiз айдан аса алмайды, бiр данасы Бөлiмнiң iстерiнде қалады, екiншiсi импорттаушыға берiледi;
- сенiмхат (N 7 қосымша) пен оның көшiрмесiн бередi.
Мiндеттемеде импорттаушының мәлiмдеге мәлiметтерi Журналға жазылады.
2.3. Бөлiм импорттаушының ұсынған сенiмхатын қабылдайды және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетiнде Маркаларды алуға өкiлеттiк берген кеден органының сенiмхаттын оған бередi. Осындай жұмысты жүргiзу үшiн Бөлiмдер Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасына Маркаларды сатып алу жөнiндегi құжаттарды қабылдау мен беруге жауапты инспекторлардың жеке нөмiрлiк мөрлерi мен қолдарының үлгiлерiн ұсынады.
Сенiмхаттың көшiрмесi Бөлiмнiң iс-қағаздарында қалады.
2.4. Таңбалау үшiн импорттаушының Маркаларды сатып алған тауарлары Қазақстан Республикасы кеден аумағына белгiленген мерзiмге сәйкес Мiндеттеме қабылданған сәттен бастап сегiз айдан кешiктiрiлмей әкелiнуi керек.
2.5. Импорттаушыға не импорттаушының өкiлiне Маркаларды беру Өтiнiштiң Бөлiмнiң белгiлерi қойылған екiншi және үшiншi даналарын, банктiң тиiстi жазба көшiрмесiн, кеден органының сенiмхатын, сенiмхатта көрсетiлген адамның жеке басын куәлендiретiн төлқұжатты не өзге құжатты ұсыну кезiнде жүргiзiледi.
Маркаларды алу үшiн Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының бухгалтериясы Маркалар үшiн ақша қаражатының нақты түсуiн тексередi, одан соң Өтiнiштiң үшiншi данасында түскенi туралы белгi қойылады, импорттаушыдан Маркаларды алуға кеден органның берген сенiмхаты алынады.
Импорттаушыға Маркаларды беру кезiнде Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетi Импорттаушының Маркаларды алуына жолдама жүк құжатын (N 8 қосымша) ресiмдейдi.
Бөлiмнiң белгiлерi қойылған Өтiнiштiң екiншi данасы, Маркаларды алуына жолдама жүк құжатының көшiрмесi, Маркаларды сатып алуға төлем тапсырысының көшiрмесi Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетiнiң iс-қағаздарында тiгiледi және қатаң есеп беру құжаттарын сақтау тәртiбiне сәйкес сақталады.
Маркаларды сақтау мен жеткiзуге, акцизделетiн тауарларға желiмдеуге одан әрi импорттаушы жауап бередi.
2.6. Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетi Маркалар нақты берiлген соң Бөлiмге импорттаушының Маркаларды алғаны туралы (N 9 қосымша):
- импорттаушының атауын;
- сыртқысаудалық келiсiмнiң деректерiн;
- өтiнiштiң тiркеу нөмiрiн;
- берiлген Маркалардың санын, сериялары мен нөмiрлерiн көрсете отырып хабарлайды.
Жеткiзуге бақылау жасау бөлiмi алынған деректердiң, сондай-ақ Бөлiмдегi бар мәлiметтердiң негiзiнде арнайы байланыс арналары бойынша таңбаланған тауарларды әкелу үшiн импорттаушының белгiлеген Маркалардың сериялары мен нөмiрлерi, саны, импорттаушының Маркаларды сатып алуға Өтiнiшiн тiркеу нөмiрi, Акциздiк терминалдың (бұдан әрi - терминал) атауы мен мекен-жайы туралы мәлiметтердi шекаралық өткелге жiбередi, бұл арада тиiстi кеден басқармасының КЖД ресiмдеу журналында акциздiк тауарларды тiркеуге орын қалдырылады.
3. Маркаларды әкету
Қазақстан Республикасы кеден аумағынан әкетiлетiн Маркаларды кедендiк ресiмдеу ықшамдалған тәртiппен жүргiзiледi.
Декларациялау кеден органына Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетiнен Маркаларды алуға жолдама құжаттың данасын, Өтiнiштiң үшiншi данасын ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Бұл арада экспорттық кедендiк ресiмдеу үшiн кеден бажы мен кеден алымдары алынбайды.
4. Таңбалаудың тәртiбi
4.1. Еркiн айналымға шығарудың кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн акцизделетiн тауарларды Маркалармен таңбалау Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiмен белгiленгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тысқары жүргiзiледi.
4.2. Таңбалау осы Нұсқаумен белгiленген ережелерге сәйкес осы үшiн анықталынған жерде таңбалауға жататын тауарларға Маркаларды желiмдеу жолымен жүргiзiледi. Темекi бұйымдарын таңбалау ережелерi N 10 қосымшада келтiрiлген.
Маркаларды желiмдеу кезiнде тауарды бүлдiрмей, одан Марканың алынуына мүмкiндiк бермейтiндей желiм қолданылуы тиiс.
5. Таңбаланған тауарларды кедендiк ресiмдеу
5.1. Таңбаланған акцизделiнетiн тауарлар қызметi аймағында Қазақстан Республикасы кеден шекарасындағы өткiзу пунктi (бұдан әрi - шекаралық кеден органы) орналасқан кеден органы кедендiк төлемдер төлеудi қамтамасыз етпей-ақ тауарларды кеден бақылауымен жеткiзудiң ережелерiне сәйкес импорттаушының Маркаларды сатып алуға өтiнiшiнде және тауарларды әкелу туралы мiндеттемесiнде көрсетiлген терминалға жiбередi.
Бұл арада жеткiзудi бақылау құжатында (ЖБҚ) "Сенiм артушы" - 50 бағанында Маркалардың сериялары мен саны көрсетiледi.
Тауарларды жолдау құжаттары мен көлiк құжаттарында осындай терминалдың мекен-жайы көрсетiлмеген жағдайында не мұндай құжаттарда басқа тауар алушының мекен-жайы көрсетiлсе, онда тауарлар кеден бақылауымен жатқан жақын қоймаларға орналастырылады.
5.2. Таңбаланған акцизделетiн тауарлар терминалға жеткiзiлiп орналастырылған соң терминалдың иесi көрсетiлген тауарлардың келгенi туралы жүк алушыға не оның өкiлiне хабарлайды.
Хабар берудi кеден органының лауазымды адамы қызметi аймағында терминал орналасқан кеден органы куәлендiредi.
5.3. Таңбаланған акцизделетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi қызметi аймағында терминал орналасқан, осындай тауарлар түскен акциздiк кеден бекетi жүргiзедi.
5.4. Бөлiм инспекторы белгiленген тәртiппен келген жүктiң үлгiлерiн алып, қарап көрудi жүргiзедi. Қарап көру барысында инспектор:
- жүк мөлшерi мен сипатын;
- ораманың бүтiндiлiгiн, жүктiң барлық топтамаларындағы Маркалардың бар екендiгiн, олардың сериялары мен нөмiрлерiн;
- Маркаларды желiмдеудiң сапасын анықтауға мiндеттi.
Бұл арада терминал лицензиясының нөмiрi, тауар таңбаланған Маркалардың алынған үлгiлерiнiң мөлшерi мен сипатын, сериялары мен нөмiрлерiн көрсетiп, қарап көру актiсi жасалады. Бұл жерде таңбаланбаған бүлiнген тауардың табылғаны не табылмағаны, сондай-ақ бүлiнген Маркалары бар тауар, алынған үлгiлерге жай мөртаңба салынған жай мөртаңбаның нөмiрi көрсетiледi.
Акт үш данада жасалады, бiрiншiсi - Бөлiмнiң iс-қағаздарында қалады, екiншiсi - еркiн айналымға шығаруды растайтын құжаттар ұсынылған соң жүк алушыға берiледi, үшiншiсi - Терминалдың iс-қағаздарында қалады.
Актiнi ресiмдеу аяқталған соң алынған үлгiлерге жай мөртаңба салынады
және жүк алушыға берiледi.
Бөлiм бастығының рұқсатымен көлiк құралын Терминалға орналастырмай-ақ
кедендiк ресiмдеудi жүргiзу жоспарланса, инспектор тауарлар мен көлiк
құралына жай мөртаңба салады.
5.5. Декларант Бөлiмге төмендегiдей құжаттарды:
- осы Нұсқаудың 5.2.-тармағында көзделген тауарлардың түсуi туралы
хабарлауын;
- тауарларды жолдама құжаттары мен көлiк құжаттарын;
- кеден декларациясын;
- кедендiк төлемдердiң төленгенi туралы төлем құжаттарын;
- Маркаларды сатып алуға импорттаушының өтiнiшiн және Маркаларды
алуға жолдама құжатын;
- жүктi тексеру актiсiн;
- кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылауды жүргiзуге қажеттi өзге де
құжаттарды ұсынады.
5.6. Кедендiк жүк декларациясын толтыру кезiнде (КЖД) "Сенiм артушы" - 50 бағанында декларант мәлiмделетiн таңбаланған Маркалардың сериялары мен санын көрсетедi.
5.7. Кеден төлемдерi мен салықтарын есептеудiң, қоса есептеудi және төлеудi, КЖД тексерудi Бөлiм мен бекет жүргiзедi.
Алуы кеден органына жүктелген кедендiк ресiмдеу үшiн кеден бажын, қосымша құнға салықты, кедендiк алымдарды және басқа да салықтарды, кеден баждары мен салықтарын есептеу кеден декларациясы қабылданған күнге дейiн қолданылған ставкалар мен шетелдiк валюталар бағамы бойынша жүргiзiледi.
Акциздердi есептеу мына формуламен жүргiзiледi:
А= Е * Ат, бұл жерде
А - сыйымдылығы немесе бөлiнiп салынған ыдыстары түрлi тауарларды қосқанда СЭҚ ТН тауарлардың бiр қосымша айқындамасына жататын, мәлiмделетiн топтамаға барлық тауарлар бойынша акциздердiң жалпы сомасы;
Е - соманың белгiсi;
АТ- белгiлi бiр сыйымдылықтағы немесе бөлiнiп салынған ыдыстағы
тауарларға қатысты акциздiң ЭКЮ-мен сомасы, ол мына формуламен есептеледi:
АТ - Кт * Ас, бұл жерде
КТ - белгiлi бiр сыйымдылықтағы немесе бөлiнiп салынған ыдыстағы
тауарлардың саны;
Ас - тиiстi сыйымдылықтағы немесе бөлiнiп салынған тауардың бiрлiгiне
акциздiң ЭКЮ-мен ставкасы.
Тауарларды кедендiк ресiмдеу кезiнде төленуге жататын акциздер
сомасын есептеу мына формуламен жүргiзiледi:
Апл - А - Ам, бұл жерде
Апл - төленуге жататын акциздiң ЭКЮ-мен сомасы;
Ам - Маркаларды сатып аларда төленген сомасы.
Акциздердiң есептелген сомасы Қазақстан Республикасының ұлттық
валютасы арқылы төленедi.
Әкелiнген таңбаланған тауарлар үшiн ағымдық кеден төлемдерi мен салықтарын төлеуге қамтамасыз ету сомаларын есебiне жатқызудан соң не тиесiлi сомаларды кеден басқармасының депозитiне нақты төленетiн кезде Бекеттiң кедендiк ресiмдеу бөлiмiнiң лауазымды адамы КЖД-ның 1 және 3 даналарында қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес КЖД-ның әр бетiнде (КД - 1 нысаны) "С" бағанында "Тексерiлдi. Төлемдер төлендi." деген белгi жасап, өз қолымен және жеке нөмiрлiк мөрiмен куәлендiредi. Кеден төлемдерi мен салықтары сомаларының түсуiне бақылау жасау үшiн Бөлiмде ақша қаражаттарының кеден басқармасының депозитiне түскенi, төлем тапсырысының нөмiрi мен күнi, импорттаушының атауы мен банк деректерi туралы белгiлер үшiн картотека жүргiзiледi.
5.8. Таңбаланған тауарларды еркiн айналымға шығаруды Бөлiм не бекет жүргiзедi. Бұл арада тауарды ресiмдеген инспектор Журналдың "КЖД нөмiрi мен күндерi" бағанына тауардың шыққан күнi туралы тиiстi жазу жазады.
Тауар алушының өтiнiшiмен Мемлекеттiк кеден комитетiнiң рұқсатымен барлық тиесiлi кедендiк төлемдер төлеттiрiлiп, Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нормативтi актiлерi және осы Нұсқаумен белгiленген тәртiппен шекаралық кеден органында еркiн айналымға шығарудың кеден режимiне сай орналастырылатын таңбаланған акцизделетiн тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге жол берiледi.
5.9. Осы Нұсқаудың 5.8. тармағында көзделiнген жағдайда жүк алушы немесе оның өкiлi Мемлекеттiк кеден комитетiне шекаралық кеден органында таңбаланған тауарларды кедендiк ресiмдеуге рұқсат беру туралы өтiнiшпен жазбаша қайтарылады.
Үш данада толтырылған мұндай қайтарылуда мiндеттi түрде мыналар:
а) өзiне сәйкес таңбаланған тауарлардың әкелiнетiн
сыртқысаудалық келiсiмнiң нөмiрi мен күнi;
б) әкелiнетiн тауарлардың саны мен номенклатурасы;
в) Маркаларды сатып алуға импорттаушының Өтiнiшiнiң нөмiрi;
г) сатып алынған маркалардың нөмiрлерi мен сериялары;
д) шекаралық кеден органының атауы көрсетiлуi тиiс.
Жүк алушы немесе оның өкiлiнiң өтiнiшiн қанағаттандырар кезде Мемлекеттiк кеден комитетi тиiстi шекаралық кеден органына кедендiк ресiмдеуге рұқсат беру туралы хабарлайды, мұндай жазбаша өтiнiштiң түпнұсқасына "Келiсiлген" деген сөздi жазылып, Мемлекеттiк кеден комитетiнiң жанама кiрiстер бөлiмiне басшылық жасайтын Төраға орынбасарының қолымен және Мемлекеттiк кеден комитетiнiң мөрiмен куәлендiрiледi. Өтiнiштiң бiр данасы Мемлекеттiк кеден комитетi жанама кiрiстер бөлiмiнiң iс-қағаздарында қалады, екiншiсi Бөлiмге жiберiледi, үшiншiсi импорттаушыға берiледi.
5.10. Шекаралық кеден органында таңбаланған тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн декларант төмендегiдей құжаттарды:
- шекаралық кеден органында кедендiк ресiмдеудi жүргiзуге келiсiм расталған жазбаша өтiнiштiң түпнұсқасын;
- Кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiне сәйкес кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауын жүргiзу үшiн қажеттi өзге де құжаттарды ұсынады.
5.11. Кедендiк ресiмдеу аяқталған соң шекаралық кеден органы шекарада тауарларды ресiмдеуге рұқсат берген Мемлекеттiк кеден комитетiне және Бөлiмге КЖД-ның куәлендiрiлген көшiрмесiн екi күн iшiнде фельдъегерлiк және арнайы байланыспен жiбередi.
6. Пайдаланыламаған Маркаларды қайтару
6.1. Таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды осы Нұсқаудың 2.2.-тармағында көзделген мерзiмде қою жөнiндегi сыртқысаудалық келiсiм орындалмаған не жартылай орындалған жағдайда импорттаушы көрсетiлген мерзiм өткенге дейiн импорттаушыға Маркаларды сатқан кеден органына барлық пайдаланылмаған Маркаларды қайтаруға мiндеттi.
Сонымен бiр мезгiлде импорттаушы кеден органына төмендегiдей құжаттарды:
- өзiнiң Маркаларды қайтаруының себебi және сатып алған кезде төленген ақша қаражатын қайтару туралы сұрауы көрсетiлген жазбаша өтiнiштi;
- өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттарды;
- Маркалардың алынғаны туралы жолдама құжаттың данасын;
- импорттаушының Маркаларды сатып алуға өтiнiшiнiң данасын ұсынады.
Импорттаушының өтiнiшiн Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасының акциздiк бекетi қабылдайды, бұл жөнiнде импорттаушының өтiнiшiнде Маркаларды қайтару туралы тиiстi белгi жасалынады.
6.2. Тауарларға желiмдер кезде Маркалар бүлiнген жағдайда импорттаушы импорттаушыға Маркаларды сатқан кеден органына барлық бүлiнген Маркаларды көрсетуге мiндеттi.
6.3. Бүлiнген Маркалар қағаздың жеке парақтарына төмендегiдей ережелер сақтала отырып, желiмденуi керек:
- Маркалар жапсарсыз және тегiс етiлiп желiмденуi керек;
- Маркалар Маркалардың серияларының нөмiрлерi және Марканың орталық бөлiгi анық көрiнетiндей болып желiмденуi керек;
- Маркалар жыртылып қалса, бөлiктерi бiрiктiрiлуi керек;
- импорттаушының қайтаратын әр бүлiнген Маркасының жалпы алаңы (оның iшiнде бiрiктiрiлген бөлiктерi де) алғашқы көлемiнiң кемiнде 60 процентiн құрауы тиiс.
6.4. Пайдаланылмаған Маркалар үшiн ақша қаражатын қайтаруды импорттаушының өтiнiшi Маркалар алынған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей берiлген жағдайда Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасы жүргiзедi.
Импорттаушының тiлегi бойынша ақша қаражаты жаңа Маркалар үшiн ақы төлеу есебiне жатқызылуы мүмкiн.
6.5. Акцизделетiн тауарларды әкелу мен өткерудi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар алынған акцизделетiн алым Маркалары жоғалған, ұрланған, ж.т.б. кезде белгiленген тәртiппен акциздердi бюджетке төлеу бойынша жауаптылықта болады.
6.6. Көрсетiлген құжаттардың негiзiнде Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кеден басқармасы импорттаушыға Маркаларды сатып алу кезiнде оның төлеген ақша қаражатын Маркаларды даярлау, сақтау және тасымалдау шығындарын жабуға кететiн сомаларын ұстай отырып қайтарады.
6.7. Акцизделетiн өнiмдердiң басқа импорттаушыларына пайдаланылмаған Маркаларды беруге жол берiлмейдi. Бұл арада Маркалар үшiн төленген ақша қаражатын қайтару жүргiзiлмейдi.
7. Пайдаланылмаған Маркаларға бақылау
7.1. Бөлiм Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнген таңбаланған тауарлардың немесе импорттаушының қайтарған Маркаларының санының сатып алынған маркалардың санына сәйкес келуiн тексеру жолымен Маркалардың пайдалануына бақылауды жүзеге асырады.
7.2. Осы Нұсқаудың 2.2. тармағында көзделген мерзiмге дейiн таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларға байланысты импорттаушы Бекет алдында Маркалардың пайдаланылуы туралы төмендегiлердi:
- таңбаланған тауарлардың кедендiк ресiмдеуi жүргiзiлетiн кедендiк жүк декларацияларын;
- пайдаланылмаған не бүлiнген Маркаларды ұсыну жолымен есеп бередi;
Бұл арада сатылған Маркалардың саны мен сериялары кедендiк жүк декларацияларының 50-бағанында көрсетiлген не импорттаушының қайтарған пайдаланылмаған не бүлiнген Маркаларының саны мен серияларына сәйкес келуi керек.
7.3. Дәлелдi себептермен ерекше жағдайларда импорттаушы Бөлiм алдында одан сатып алған Маркалары үшiн оның белгiленген мерзiмiнде есеп бере алмаса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi импорттаушының мерзiмдi ұзарту жөнiнде сұрауын және дәлелдi себептерiн көрсеткен жазбаша өтiнiшi бар болған жағдайда бұрын белгiленген мерзiмнен екi ай асырмай мерзiмдi ұзарту туралы шешiм қабылдай алады.
Республикалық бюджет кiрiстерiне аударылған ақша қаражатын қайтаруды кеден органдары жүргiзбейдi.
8. Қорытынды ережелер
8.1. Қазақстан Республикасы кеден аумағына таңбаланбаған акцизделетiн тауарларды (транзиттiң кеден режимiне сәйкес өткiзiлетiн тауарлардан басқалары) әкелу кезiнде шекаралық кеден органы мұндай тауарларды кеден бақылауымен кедендiк төлемдердi төлеудi қамтамасыз ету ретiнде iшкi кеден органының депозитiне салған жағдайда тауарларды алушының қызметi өтетiн кеден органында орналасқан терминалдарға жiбередi. Импорттаушының осы тауармен одан арғы әрекеттерiне рұқсатты Мемлекеттiк кеден комитетi бередi.
Осы тармақтың ережесi термiжол транспортын қоспағанда автомобиль көлiгiмен таңбалауға жататын тауарларды әкелерде қолданылады.
8.4. Таңбалауға жатпайтын таңбаланған өзге де тауарлармен бiрге тауарлар топтамаларын бөлiгiн құрайтын жағдайда мұндай тауарлар жалпы белгiленген тәртiппен Бөлiмнiң кедендiк ресiмдеуiне жатады.
8.5. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң акциздердi
төлеусiз әкелу үшiн белгiлеген алып өту нормасынан аспайтын, Қазақстан
Республикасының аумағына әкелетiн таңбаланбаған акцизделетiн тауарлары
асып кетудiң осындай бөлiгiнде Қазақстан Республикасы кеден аумағынан
өткiзуге жатпайды.
9. Таңбаланған тауарлардың керi импорты
Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелiнетiн таңбаланбаған
акцизделiнетiн қазақстандық тауарлар осы Нұсқаудың 8.1.- тармағында
көзделген тәртiппен кеден бақылауымен тауарларды жеткiзу ережелерiне
сәйкес өткiзiледi.
Мұндай тауарлар Қазақстан Республикасы аумағында өткеру үшiн мiндеттi
түрде таңбалауға жатады.
N 1 Қосымша
Таңбалауға жататын акцизделетiн тауарларды әкелетiн
ұйымдардың сыртқысаудалық операцияларының есеп журналы
___________________________________________________________________
Nо |ҚҰЖС | Тiркеу нөмiрi,| Тапсырылған|Маркаларға|Маркаларға|Кеден
п/п|коды |Маркаларды |маркалар |төлем |ақы сомасы|күзетi
| |сатып алуға |____________|құжатының | |шотына
| |өтiнiштiң күнi |Марка |саны|нөмiрi мен| |ақша
| | |түрi | |күнi | |қаражаты
| | |сериясы| | | |түскен
| | | | | | |күн
____________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ҚР КК |Кепiл |Тауарларды | КЖД | КЖД | КЖД кеден |Қайтарылған
аударуға |сомасы, |ресiмдеудiң|нөмiрi|бойынша|төлемдерiнiң|Маркалар
төлем |банк |шектiк | мен | тауар |сомасы |саны
құжатының|деректе.|мерзiмi | күнi | саны |(түрлерi |
нөмiрi |мелерi | | | |бойынша) |
мен күнi | | | | | |
____________________________________________________________________
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15
____________________________________________________________________
_____________________________________________
Төлем тапсырмасы,|Кеден күзет |ҚР КК ақша
инкассо тапсырысы|шотына ақша |ауда төлем
нөмiрi күнi өн. |қараж. түсен|құжатының
алу |күнi |нөмiрi, күнi
_____________________________________________
16 | 17 | 18
_____________________________________________
N 2 Қосымша
Қазақстан Республикасы
Кеден комитетi Төрағасының
орынбасарына
___________________________________
тiркеу N __________199__ж. " " __________________
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
Акцизделетiн алым маркаларын сатып алуға
Өтiнiш
___________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы, ҚҰЖС коды, мекен-жайы, банк. деректемелерi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________ саны _______________дана, сомасы____________ЭКЮ;
(марканың түрi)
__________________ саны _______________дана, сомасы____________ЭКЮ;
(марканың түрi)
жалпы сомасы __________________________________________________ЭКЮ;
акцизделетiн алым Маркаларын сатуды сұрайды.
Тауарларды сатып алуға қажеттi маркалардың көрсетiлген саны:
__________________________________________________________________
(тауарлардың номенклатурасы мен саны, темекi бұйымдары үшiн әр
__________________________________________________________________
пачка түрiмен пачка және сигарет бұйымдары саны, арақ-шарап
__________________________________________________________________
бұйымдары - сыйымдылық түрiмен шөлмек саны)
__________________________________________________________________
Көрсетiлген тауарлар сыртқысаудалық келiсiм бойынша
______________ N __________фирмасымен бiрге сатылып алынады
__________________________________________________________________
(терминалдың мекен-жайы)
__________________________________________________________________
және терминалына ұсынылатын болады.
Маркаларды сатып алуға ақша қаражаты
N ______________төлем құжатымен 1995 ж________
____________сомада Кеден комитетiнiң шотына салынады.
(жазумен)
"Акцизделетiн тауарларды таңбалаудың тәртiбi туралы" Нұсқаудың
ережелерiмен таныстырылды.
Ұйымның басшысы ____________аты-жөнi
Бас бухгалтерi ____________аты-жөнi
(қолы)
М.О.
Қаражат түскенi туралы Кеден комитетiнiң белгiсi __________________________ __________________________
N 3 қосымша
"Мәлiмет берiлдi" нысаны бойынша мәлiметтер
Қазақстан Республикасы
Кеден комитетiнiң Кеден
табыстары басқармасы
жанама табыстар бөлiмi
________________бойынша кеден басқармасының акциздiк кеден
(облысы)
күзетi төмендегi импорттаушылардан Акцизделетiн алым маркалары алуға
төлем тапсырмалары және Өтiнiштердi қабылдау туралы хабарлайды:
1. Өтiнiш N ________________________________1995 ж. " "___________
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
___________________ қабылданды
___________________________________________________________________
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңды мекен-жайы)
_____________________________банкiндегi шот N _____________________
қалалар ______________________, МФО ___________________
__________________________________________фирмасымен келiсiм-шарт
(экспорт. шетел. фирманың, елдiң атауы)
1995 ж. " " ___________________________________ N _________________
Маркаларды сына санда сатып алу үшiн ақшалай қаржы:
_______________дана _______________________________________________
(тауарлардың түрi темекi бұйымдары
_________________________________
алкоголь өнiмдерi)
1995 ж. " "______________________ N ___________ Кеден комитетiне
төлем тапсырыстарымен аударылады
2. Өтiнiш N _____________________________ 1995 ж. " " ____________
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
___________________ қабылданды
__________________________________________________________________
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: ______________________________________________________
(импорттаушының заңды мекен-жайы)
___________________________________банкiндегi шот N ______________
қалалар ______________________МФО. __________________
_______________________________________фирмасымен келiсiм-шарт
(экспорт.шетел. фирманың, елдiң атауы)
1995 ж. " " ___________________________________ N _________________
Маркаларды сына санда сатып алу үшiн ақшалай қаржы:
_______________дана _______________________________________________
(тауарлардың түрi темекi бұйымдары
_________________________________
алкоголь өнiмдерi)
1995 ж. " "______________________ N ___________ Кеден комитетiне
төлем тапсырыстарымен аударылады
____________________облысы бойынша
кеден басқармасы кеден күзетiнiң
бастығы _____________________
аты-жөнi
N 4 қосымша
"Ақшалай қаржылар келiп түстi" нысан бойынша мәлiметтер
_________________облысы
бойынша Кеден басқармасы
Акциздiк кеден күзетi
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi төмендегi Өтiнiштер
бойынша Акцизделетiн алым Маркалары үшiн ақшалай қаржылардың түскенi
туралы хабарлайды:
1. Өтiнiш N ___________________________ 1995 ж. "_____"
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
___________________________________қабылданды
___________________________________________________________________
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңды атауы)
____________________________________банктегi шот N ________________
қалалар _____________________________, МФО ________________________
1995 ж "__"______________________________ N _______________________
сомаға __________________________________теңгеге төлем тапсырысы
_________________________________________фирмамен келiсiм-шарт
(экспор. шетел. фирмасының, елдiң атауы)
әкелуге _______________________________
(тауардың атауы)
1995 ж "__"________________N __________
2. Өтiнiш N ___________________________ 1995 ж. "_____"
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
___________________________________қабылданды
___________________________________________________________________
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңды атауы)
____________________________________банктегi шот N ________________
қалалар _____________________________, МФО ________________________
1995 ж "__"______________________________ N _______________________
сомаға __________________________________теңгеге төлем тапсырысы
_________________________________________фирмамен келiсiм-шарт
(экспор. шетел. фирмасының, елдiң атауы)
әкелуге _______________________________
(тауардың атауы)
1995 ж "__"________________N __________
Төрағаның орынбасары ________________________________ (Т.А.-Ж)
N 5 қосымша
"Әзiрленген маркалар" нысаны бойынша мәлiметтер
____________облысы
бойынша Кеден
басқармасының Акциздiк
кеден күзетi
Қазақстан Республикасының Кеден комитетi төмендегi Өтiнiштер
бойынша Акцизделетiн алым маркаларын әзiрлеу туралы хабарлайды:
1. Өтiнiш N ___________________ 1995 ж. "___"__________қабылданды.
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
___________________________________________________________________
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңды атауы)
Келiсiм-шарт бойынша ______________________________________________
(экспор. шетел. фирмасының, елдiң атауы)
1995 ж "__"______________________________ N _______________________
Импортталынатын тауар _____________________________________________
(тауарлардың атауы)
Марканың нөмiрi _________________сериясы _________
2. Өтiнiш N ___________________ 1995 ж. "___"__________қабылданды.
(КБ коды және тiркеу нөмiрi)
___________________________________________________________________
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңды атауы)
Келiсiм-шарт бойынша ______________________________________________
(экспор. шетел. фирмасының, елдiң атауы)
1995 ж "__"______________________________ N _______________________
Импортталынатын тауар _____________________________________________
(тауарлардың атауы)
Марканың нөмiрi _________________сериясы _________
Төрағаның орынбасары ___________________________аты-жөнi
N 6 қосымша
______________облысы бойынша кеден басқармасының
___________________Акциздiк Күзетiнiң бастығына
тiркеу N ________199__ж " " __________________
(кеден органы толтырады)
Тауарды әкелу туралы
Мiндеттеме
___________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы, ҚҰЖС коды, мекен-жайы, банк. деректемелерi)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
199__ж. " "_______________мерзiмге дейiн Қазақстан
Республикасына таңбалауға жататын тауарларды iс жүзiнде
___________________________________________________________________
(шекаралық кеден органының атауы)
арқылы еркiн айналым үшiн шығарудың кеден режимiне сәйкес iс жүзiнде
әкелуге ____________________________________________________________
_________________________________________________________мөлшерiнде
(тауарлардың атауы)
_____________________________________________оларды орналастыруға
(тауарлар саны)
___________________________________________________________________
(терминалдың атауы мен мекен-жайы)
еркiн айналым үшiн шығарудың кеден режимiне орналастырып, кеден
ресiмдеуiне ұсынуға және сол кеден режимiнде көзделген тиесiлi кеден
төлемдерi мен салықтардың бәрiн төлеуге мiндеттенедi.
Ұйымның басшысы ______________________аты-жөнi
Бас бухгалтер ______________________аты-жөнi
(қолдары)
М.О.
"МIНДЕТТЕМЕ 199__ "__" _______________ҚАБЫЛДАНДЫ"
Күзет инспекторы ______________________аты-жөнi
(қолы)
М.О.
N 7 қосымша
Ведомствоаралық типтiк нысан N М -2а
КСРО ОСБ 14.12.72. N 816 бұйрығымен бекiтiлген
IБЖЖ бойынша код 0303002 4
Сенiмхат 1995 ж "__"___________________________дейiн жарамды
___________________________________________________________________
тұтынушының атауы және оның мекен-жайы
___________________________________________________________________
төлеушiнiң атауы және оның мекен-жайы
__________________________________________шот N ___________________
банкiнiң атауы
С Е Н I М Х А Т N ________
Берiлген күнi 1995 ж " "_______________
______________________________________________берiлдi
лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты
Төлқұжат: серия _________N ___________199__ "__" ________берiлдi
__________________________________________________________________
паспортты кiм бердi
________________________________бойынша тауарлы-материалдық
тәртiптiң нөмiрi және күнi
құндылықтарды _______________________________________________алуға
жеткiзушi фирманың атауы
Алуға жататын тауарлы-материалдық құндылықтардың тiзбесi
___________________________________________________________________
Жазу |Тауарлы-материалдық |Өлшем |Саны (жазумен)
нөмiрiнiң| құндылықтары |бiрлiгi |
ретi | | |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
_________|____________________|_________|__________________________
Сенiмхатты алған адамның қолы _____________ куәлендiремiз
N 8 Қосымша
N 434 ар. нысаны
КСРО Қаржы министрлiгi бекiткен
1973 ж. 27 ХII N 323
________________________бөлiмшесi
N_______________ Ж О Л ҚҰЖАТЫ (ТАЛАП)
_______________________________
мекеме жетекшiсiнiң қолы
Негiзi (мақсаты) ___________________199__ "__" ___________________
_____________________________ _________________________арқылы
___________________________________________________________________
Бөлiм| Көзi| Мекеме| Қойма | Алушы | Опе | Код
| | | (жөнелтушi)|__________| |_______________
| | | |жөнелтушi | |Қос. шот шығыс
| | | | | | бабы
___________________________________________________________________
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Атауы, сорты | Өлшем |Номенклатур.| Саны | Баға |Сомасы
| бiрлiгi | нөмiр |_____________| |
| | |талап|жөнел. | |
| | |етiл.|тiлдi | |
___________________________________________________________________
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
| | | | | |
____________________________________________________________________
199__ ж. "__"___________Қабылдады (алды) Тапсырды (бердi)
N 9 қосымша
Нысан бойынша мәлiметтер "Маркалар берiлдi"
_________________облысы бойынша
кеден басқармасының акциздiк
кеден күзетi
Қазақстан Республикасы Кеден Комитетi Акцизделетiн алым
маркаларын беру туралы төмендегiдей Өтiнiштер бойынша хабарлайды:
1. N ____________________өтiнiш 1995 ж. " "__________________
(КБ коды ж. тiр. нөмiрi)
________________________________________________________қабылданды.
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңдық мекен-жайы)
________________қаласы ______________________МФО___________________
банкiндегi шот N ______________________
__________________________________________фирмасымен келiсiм-шарт
(шет елдiк фирма-экспорт. атауы, елi)
1995 ж. " "______________N ____________________
______________________________ әкелуге
(тауар атауы)
сериялы ____________нөмiрлi _____________________Маркалар берiлдi.
Берiлген күнi 1995 ж.
2. N ____________________өтiнiш 1995 ж. " "__________________
(КБ коды ж. тiр. нөмiрi)
________________________________________________________қабылданды.
(импорттаушының атауы)
мекен-жайы: _______________________________________________________
(импорттаушының заңдық мекен-жайы)
________________қаласы ______________________МФО___________________
банкiндегi шот N ______________________
__________________________________________фирмасымен келiсiм-шарт
(шет елдiк фирма-экспорт. атауы, елi)
1995 ж. " "______________N ____________________
______________________________ әкелуге
(тауар атауы)
сериялы ____________нөмiрлi _____________________Маркалар берiлдi.
Берiлген күнi 1995 ж.
Төраға орынбасары __________________________(аты-жөнi)
N 10 Қосымша
Темекi бұйымдарын таңбалаудың ережелерi
Жұқа/ тығыз жұқа қорап
Жоғарғы жазықтықта орналасу
Жоғарғы жазықтықты жабатын этикетканың мәтiнi не суретi
қораптың бағытына қарай бағдарлануы және ортасы бойынша
орналастырылуы тиiс (қораптың оң және сол жағынан, алдыңғы және
артқы қабырғаларынан бiрдей қашықтықта). (1 сур)
Аударылма қақпағы бар қорап
Артқы жазықтықта (2а. сур) және бүйiрiнен орналасу (2б. сур)
Бүйiрiнен орналасқан жағдайда, этикетка артқы жазықтықтан
орналасуы тиiс, бұрышты жауып, қораптың бүйiр жазықтығына
кешуi керек.
Арақ-шарап өнiмдерi мен спирттi таңбалаудың
ережелерi
Акцизделетiн алым Маркасы ыдыстың тығындайтын капсуласының
үстiне оның мойнына дұрыс киiлетiндей болып желiмделiнедi.
Марканың орталық (елтаңбалық) бөлiгi қақпақтың (тығынның)
ортасына орналасуы керек. Желiмденген Марка ыдыстың
iшiндегiсi босатылар алдында сөзсiз бүлiнуi керек. Маркаларды
желiмдеу үшiн қолданылатын желiм оның кеуiп кетуiн және
Марканың ыдыстан аршылып түсуiн болдырмау үшiн жоғарғы және
төменгi температураларға, ылғалдылықтың түрлi деңгейлерiне
төзiмдi болуы керек; Марканы қайтадан қолдану үшiн ыдысты
ашарда бүлiнген Марканы бүтiндеу мүмкiндiгiне жол бермеудi
қамтамасыз ету керек. Таңбалауға керектi желiмге талаптарды
сақтауға жауапкершiлiк тауарларды импорттаушыға жүктеледi.
(3. сур)
Осы талаптар орындалмаған жағдайда кеден органдары Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды шығармауға құқылы.