Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тапсырған ақпарлар негiзiнде олардың қалауымен мемлекеттiк кәсiпорындардағы пайдаланылмай тұрған жайлар мен объектiлердi, кеңселiк жайларды кейiн меншiкке беру құқымен жалға немесе сенiп басқаруға берудiң ретi туралы ЕРЕЖЕ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментiнің қаулысымен 1997 жылғы 9 маусымдағы N 145 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 маусымда тіркелді. Тіркеу N 317. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігінен келіп түскен хатына сәйкес 11.02.2000г. N 4-01-10-1/33Г

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тапсырған ақпарлар негiзiнде пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайларды олардың қалауымен кейiн меншiкке беру құқымен жалға немесе сенiп басқаруға берудi мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер мына ретiмен жүзеге асырады:
      1. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттерге тапсыратындары:
      - Қосымшаға сай, жалға немесе сенiп басқаруға беруге шарт жасасу құқына өтiнiш;
      - өндiрiспен айналысатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ретiнде мемлекеттiк тiркелуi туралы құжаттар;
      - объектiнi өндiрiстiк мақсаттарда пайдалану жөнiнде жеке конвертке салынып, жазбаша түрде берiлетiн ұсыныстар;
      - мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару департаментi жанындағы Ақпарат-есеп орталығының таңдалып алынған объектiнiң мемлекеттiк кәсiпорындардағы пайдаланылмай тұрған өндiрістiк жайлар мен объектiлердiң, кеңселiк жайлардың Тiркемiнде жоқтығы туралы анықтамасы. Ақпарат-есеп орталығының аумақтық бөлiмшесi анықтаманы кәсiпкердiң айтқан мезгiлiнен 3 күн мерзiмде беруге тиiстi.
      Барлық тапсырылған құжаттар мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттердiң кеңсесiнде мiндеттi тiркелуге жатады. Есеп жүргiзу үшiн тiркеу журналы арналып, онда тапсырылған құжаттардың мерзiмi және түскен уақыты көрсетiлген тiзбесi берiледi.
      Сондай-ақ, мерзiмi мен түскен уақыты шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өтiнiмiнде тiркеледi. Сонымен бiрге, кәсiпкерге өтiнiмнiң тiркелгендiгi туралы анықтама берiледi.
      2. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер мына межелердi негiз ете отырып, жергiлiктi атқару органдарымен, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың аумақтық бөлiмшелерiнiң өкiлдерiмен бiрлесiп, 5 күн мерзiмде тапсырылған материалдарды қарайды:
      - жоғарыда аталған құжаттардың толық пакетiнiң болуы;
      - объектiнiң өндiрiстiк мақсаттар үшiн пайдаланылуы;
      - объект бойынша қолданылатын жалдау қатынастарының жоқтығы;
      - объектiге қатысты қандай да болмасын бiр ауыртпалықтың жоқтығы.
      Кәсiпкерден түскен өтiнiмдi қараудың нәтижесi хаттамамен ресiмделедi. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер шарт жасауға келiсуi, не себептерiн көрсете отырып, одан бас тартуы туралы кәсiпкерге тиiстi хабар жiбередi (тапсырылған құжаттар пакетiнiң толық болмауы, кәсiпкердiң ұсыныстарында объектiнi өндiрiстiк мақсаттар үшiн пайдалану ниетiнiң болмауы, қаралып отырған объектiде жалгерлiк қатынастар болған жағдайда - мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитетпен арадағы шарттың жасаулары көрсетiледi және басқалары).
      Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитет және шағын кәсiпкерлiк субъектiсi арасында мәселе оңынан шешiлген жағдайда, 2 күн iшiнде бiр жыл мерзiмге жалдауға немесе сенiп басқаруға шарт жасалады. Осындай шарттардың жасалған күнiнен бастап, егер алты ай iшiнде өндiрiстiк қызметтер жолға қойылмаған жағдайда, оның бұзылуы көзделуге тиiстi.
      Қайтарылған объект мен мүлiк кейiн тендерге қойылады.
      3. Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер жалдаудың немесе сенiп басқаруға беру шарттарының орындалуын бақылап, жүзеге асырады.
      Кәсiпкер жалға алу немесе сенiп басқаруға берудiң шартын тиiстi түрде орындаған жағдайда, объект оның меншiгiне берiледi. Жекешелендiру жөнiндегi департамент меншiк құқына кiрiсудi заңдастырып, жүзеге асырады.
      4. Жоғарыда аталған шарттардың жасалуы мен бұзылуы Ақпарат-есеп

орталығында мiндеттi тiркеуге жатады.
     5. Егер сол бiр объектiге шағын кәсiпкерлiктiң бiрнеше субъектiсiнен 
ақпарат түссе, онда белгiленген ретiмен бiрiншi өтiнiм берген кәсiпкердiң 
ұсыныстары қаралады. Мемлекеттiк мүлiктi және активтердi басқару жөнiндегi 
аумақтық комитеттiң кеңсесi тiркелген мерзiмi мен өтiнiмнiң тiркелген 
уақытына сай алдыңғы кезектiлiгiн анықтайды.

          Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тапсырған ақпарлар
          негiзiнде, олардың қалауымен, мемлекеттiк кәсiпорындардағы
          пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайлар мен объектiлердi,
          кеңселiк жайларды кейiннен меншiкке беру құқымен жалға
          немесе сенiп басқаруға берудiң ретi туралы Ережеге
          Қосымша

                         Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
                         аумақтық комитеттiң
                         Төрағасы ________________

                    Жалға немесе сенiп басқаруға беруге
                                   ӨТIНIМ
                            (заңды тұлға толтырады)

     Мен ___________________________________________________________
                   (өтiнiм берген заңды тұлғаның толық аты)
     1. _________________________ мемлекеттiк кәсiпорнының
          (кәсiпорынның аты)
     құрамына кiретiн, мекен-жайы __________________________________


      пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайды қарап шығып, өтiнiмге қол қоюға өкiлеттiк алып, төменде қол қойған бiз, осы жайды өндiрiстiк мақсаттарда пайдалану үшiн және осы өтiнiмге тiркелген бiздiң ұсыныстарымызға сәйкес жалдауға (сенiп басқаруға) (керегiнiң асты

сызылсын) шарт жасауға келiстiк.
     2. Бiздiң ұсыныстарымыз қабылданған жағдайда, бiздiң өтiнiштерiмiздiң 
қаралу нәтижелерi туралы ресми хабарланған кезден 2 күннен аспайтын 
мерзiмде шарт жасауға өзiмiзге мiндеттеме аламыз.
     3. Бiздiң өтiнiшiмiздiң қаралу нәтижелерi туралы шешiмдi
мына мекен-жайға салуды өтiнемiз: __________________________________
     _______________________________________________________________
     4. Осы өтiнiмге келесi құжаттар тiркеледi:
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     __________________________________________________________ үшiн.
                    (заңды тұлғаның аты)
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
                 (өкiлеттi тұлғалардың лауазымы, аты-жөнi)
     Қолы ______________________ 199__ жыл "_____"__________________
                       Қабылданды 199___ жыл "____"_________________
                       ______ сағ ________ мин.
                       Қолы ________________________________________

     Р.S. Шартқа қол қойылғанға дейiн, бiздiң ұсыныстарымыздың 
қабылданғандығы туралы Сiздiң жазбаша хабарыңыз бар осы өтiнiм Тараптар 
арасындағы шарттық күшi бар құжат болып есептеледi.

                 Жалға немесе сенiп басқаруға беруге
                                 ӨТIНIМ
                            (заңды тұлға толтырады)

     1. _________________________ мемлекеттiк кәсiпорнының
          (кәсiпорынның аты)
     құрамына кiретiн, мекен-жайы __________________________________


      пайдаланылмай тұрған өндiрiстiк жайды қарап шығып, мен, осы жайды

өндiрiстiк мақсаттарда пайдалану үшiн және осы өтiнiмге тiркелген менiң 
ұсыныстарыма сәйкес жалдауға (сенiп басқаруға) (керегiнiң асты сызылсын) 
шарт жасауға келiстiм.
     2. Менiң ұсыныстарым қабылданған жағдайда, менiң өтiнiштерiмнiң 
қаралу нәтижелерi туралы ресми хабарланған кезден 10 күннен аспайтын 
мерзiмде шарт жасауға өзiме мiндеттеме аламын.
     3. Менiң өтiнiшiмнiң қаралу нәтижелерi туралы шешiмдi мына
мекен-жайға салуды өтiнемiз: _______________________________________
     _______________________________________________________________
     4. Осы өтiнiмге келесi құжаттар тiркеледi:
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________
     _______________________________________________________________

     Қолы ______________________ 199__ жыл "_____"__________________
                       Қабылданды 199___ жыл "____"_________________
                       ______ сағ ________ мин.
                       Қолы ________________________________________



      Р.S. Шартқа қол қойылғанға дейiн, менiң ұсыныстарымның қабылданғандығы туралы Сiздiң жазбаша хабарыңыз бар осы өтiнiм Тараптар арасындағы шарттық күшi бар құжат болып есептеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады