1. "Банктiк емес қаржы мекемелерi туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.К.):
а) "Банктiк емес қаржы мекемелерi туралы" Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн;
б) осы Қаулыны және "Банктiк емес қаржы мекемелерi туралы" Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына және банктiк емес қаржы мекемелерiне жiберсiн.
3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 қаулысымен бекiтiлген
Банктiк емес қаржы мекемелерi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығына Z952444_ сәйкес әзiрленген және банктiк емес қаржы мекемелерiнiң құқықтық мәртебесiн, оны құру, қызметiн жүзеге асыру және тоқтату тәртiбiн айқындайды.
I. Жалпы ережелер
1. Банктiк емес қаржы мекемелерi - Банк болып табылмайтын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) лицензиясы негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқығы бар.
Банктiк емес қаржы мекемелерiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банктiк емес қаржы мекемесi" деп атала алмайды немесе өзiн банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн орындайтындар ретiнде сипаттай алмайды.
2. Банктiк емес қаржы мекемелерiнiң қызметi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Шаруашылық серiктестiктер туралы" Заң күшi бар Жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы", "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" Заңдарымен, сондай-ақ басқа заңдармен және нормативтiк құқықтық актiлермен, қолданылып жүрген банк заңдарына қайшы келмейтiн ережелермен реттеледi.
3. Егер банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жекелеген түрлерiн құру тәртiбi мен қызметi Ұлттық Банктiң арнаулы нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттелсе, онда Ұлттық Банктiң арнаулы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормалары қолданылады.
4. Банктiк емес қаржы мекемелерi немесе мемлекет өздерiне тиiстi жауапкершiлiк алған жағдайда болмаса, банктiк емес қаржы мекемелерi мемлекеттiң мiндеттемелерiне жауап бермейтiнi сияқты мемлекет те оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
II. Банктiк емес қаржы мекемелерiнiң
құқықтық мәртебесi
5. Банктiк емес қаржы мекемелерi кез-келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады және өз қызметiн жүзеге асыра алады.
6. Өкiлдi және сот билiгi органдарынан, сондай-ақ тiркеушi мемлекет заңдарына сәйкес оффшорлық аймақта тiркелген компаниялар мәртебесi бар заңды тұлғалардан басқа Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, резиденттерi мен резидент еместерi банктiк емес қаржы мекемелерiнiң құрылтайшылары (қатысушылар) бола алады. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1999.05.21. N 135 V990818_ қаулысымен.
7. Егер Ұлттық банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, банктiк емес қаржы мекемелерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де филиалдар, өкiлдiктер және еншiлес банктiк емес қаржы мекемелерiн құруға құқығы жоқ.
8. Егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, банктiк емес қаржы мекемелерiнiң әрбiр түрi бойынша жарғылық қорының ең аз мөлшерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес белгiленедi.
Жаңадан құрылған банктiк емес қаржы мекемесiнiң жарғылық қоры тек қана ақша қаражатынан құрылады.
Кредитке, кепiлге алған ақша қаражаты мен өзге де тартылған қаражатты банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғылық қорының төлемi үшiн пайдалануға тыйым салынады. Сонымен бiрге акциялар төлеуге Банктiк емес қаржы мекемелерiнiң құрылтайшыларының (қатысушыларының) өз капиталы шегiндегi ақша қаражатын салуға болады, ал басқа заңды тұлғалардың өз капиталына қатысқан үлестерiн ұстап қалады.
Жаңадан құрылған банктiк емес қаржы мекемесiнiң құрылтайшы құжаттарында (құжатында) жарияланған жарғылық қорының елу процентi оның тiркелген сәтiнде және лицензия беру туралы арыз берген сәтте толық, ал ол тiркелген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жылдан кешiктiрмей төленуге тиiс.
III. Банктiк емес қаржы мекемелерiн
құру және лицензиялау
9. Банктiк емес қаржы мекемелерi құрылтайшы құжаттар (құжат) негiзiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылады және жұмыс iстейдi.
10. Құрылтайшы құжаттарда (құжатта), сондай-ақ оларға енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларда Қазақстан Республикасының заңдарында, оның iшiнде банк заңдарында көзделген мәлiметтер болуға тиiс.
11. Жаңадан құрылған банктiк емес қаржы мекемесiн мемлекеттiк тiркеудi Ұлттық Банктiң банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға берген рұқсаты негiзiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаны банктiк емес қаржы мекемесi етiп қайта тiркеген жағдайда банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға Ұлттық Банктiң рұқсаты талап етiлмейдi. Ұлттық Банктiң жекелеген банк операцияларын жүзеге асыруға берген лицензиясы болса, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңды тұлғаны банктiк емес қаржы мекемесi етiп қайта тiркейдi.
12. Заңды немесе жеке тұлға банктiк емес қаржы мекемесiн ашуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға құқылы.
13. Банктiк емес қаржы мекемесiн ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшке мынадай құжаттар қоса тiркелуге тиiс:
а) құрылатын банктiк емес қаржы мекемелерiнiң құрылтайшы құжаттары (құжаты), банктiк емес қаржы мекемелерiн құру, құрылтайшы құжаттарын (құжатын) қабылдау және банктiк емес қаржы мекемелерiнiң басқару органдарын тағайындау (сайлау) туралы хаттама;
б) құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрылтайшы құжаттары заңды тұлға және олардың соңғы есеп беру күнiндегi бухгалтерлiк балансы, құрылтайшылардың (қатысушылардың) қаржылық жағдайы туралы аудиторлық фирмалардың (аудитордың) заңды тұлғалардың қорытындысы немесе өз қаражаты бар екенiн куәландыратын құжаттар, банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғылық қорына қатысуға қажеттi - жеке тұлғаларға арналған құжаттар;
в) егер құрылтайшы (қатысушы) Қазақстан Республикасының резидентi болмаған жағдайда: тиiстi мемлекеттiң мемлекеттiк немесе қадағалау органының банктiк емес қаржы мекемелерiнiң - Қазақстан Республикасы резидентiнiң жарғылық қорына қатысуына рұқсат ететiнi туралы жазбаша хабарламасы не тиiстi мемлекеттiң немесе қадағалау органының құрылтайшы (қатысушы) мемлекеттiң заңы бойынша мұндай рұқсаттың керегi жоқтығы туралы мәлiмдемесi;
г) егер құрылтайшы (қатысушы) мемлекеттiк кәсiпорын болған жағдайда - тиiстi органның банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғылық қорына қатысуға рұқсаты;
д) атқарушы органның басшысы және банктiк емес қаржы мекемесiнiң бас бухгалтерi туралы мәлiмет: аты, азаматтығы, мекен-жайы, сондай-ақ олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын мәлiметтерi;
е) жаңадан құрылған банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жан-жақты ұйымдық құрылымы;
ж) құрылтайшылар (қатысушылар) атынан өтiнiш беруге өтiнiш иесiнiң өкiлдiгiн растайтын нотариат немесе өзге де заңды түрде куәландыратын құжат.
14. Байқаушы кеңестiң төрағасы мен оның мүшелерi (егер банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғысында оны құру көзделсе), атқарушы органның басшысы, оның орынбасары, бас бухгалтер, оның орынбасары банктiк емес қаржы мекемесiнiң басшы қызметкерлерi деп танылады.
15. Банктiк емес қаржы мекемелерiнiң басшы қызметкерлерi осы Ереженiң 16-17-тармақтарында белгiленген ең төменгi талаптарға сәйкес келуi тиiс.
16. Мынадай адамдар атқарған қызметiне лайық емес деп танылады немесе атқарушы органның басшысы, Байқаушы кеңестiң төрағалығы және мүшелiгi (егер банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғысында оны құру көзделсе) қызметiне тағайындала алмайды:
- жоғары бiлiмi жоқтар;
- сотталған, мерзiмiн өтемегендер немесе заңда белгiленген тәртiппен сотталғандығы алынбағандар;
- бұрын банкроттыққа ұшыраған заңды тұлғаның не заң талаптарын орындамағаны үшiн ашуға берiлген рұқсаты қайтарып алынған (банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиясы жойылған) банктiң немесе банктiк емес қаржы мекемесiнiң басшы қызметкерi болған адам.
17. Банктiк емес қаржы мекемелерi атқарушы органының басшысы, оның орынбасары, бас бухгалтерi, оның орынбасары қызметке Ұлттық Банктiң келiсiмiмен тағайындалады (сайланады).
Аталған қызметкерлер өз мiндетiн Ұлттық Банктiң келiсiмiн алғанға дейiн үш айдан артық атқара алмайды.
18. Банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға рұқсат беруден мынадай негiздердiң кез-келгенi бойынша бас тартуға болады:
а) банктiк емес қаржы мекемелерiнiң құрылтайшы құжаттары (құжаты) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келмесе;
б) банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғылық қорының мөлшерi, құрамы және құрылымы қолданылып жүрген заңдардың талаптарына сәйкес келмесе;
в) банктiк емес қаржы мекемелерi құрылтайшыларының (қатысушыларының) қаржылық жағдайы тұрақсыз болса;
г) банктiк емес қаржы мекемелерiнiң басшы қызметiне ұсынылған кандидаттар осы Ереженiң 16-тармағында белгiленген ең төмен талаптарға сәйкес келмесе.
19. Ұлттық банк бiр айдың iшiнде рұқсат беруден бас тарту негiздерi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарлауға мiндеттi.
20. Құрылтайшылар (қатысушылар) Ұлттық Банктен банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға рұқсат алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей банктiк емес қаржы мекемелерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне баруға мiндеттi.
21. Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия (бұдан әрi - "лицензия") алу үшiн өтiнiш берушi:
а) егер Ұлттық Банктiң арнаулы нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне қойылатын нормативтiк талаптарға сәйкес келетiн барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде үй-жай мен жабдықты дайындауға, сондай-ақ тиiстi керектi мамандықтағы қызметкерлердi жалдауға;
б) жарияланған жарғылық қорды төлеуге;
в) операциялар жүргiзудiң жалпы шарттарын, банктiк емес қаржы мекемелерiнiң iшкi ережелерiн ұсынуға;
г) егер банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға Ұлттық Банктiң рұқсаты талап етiлмеген жағдайда, осы Ереженiң 13-тармағында көрсетiлген құжаттарды беруге және 15-17-тармақтарында көзделген талаптарды орындауға тиiс.
22. Лицензия беру туралы өтiнiштi Ұлттық Банк барлық қажеттi құжаттар берiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауға тиiс.
23. Ұлттық Банк лицензия беру туралы өтiнiшпен бiрге Ұлттық Банктiң тиiстi облыстық басқармаларының банктiк емес қаржы мекемелерi құрылтайшыларының ұйымдық-техникалық шараларды орындауына жасаған қорытындысын қарайды.
24. Осы Ереженiң 21-тармағында белгiленген талаптардың кез-келгенi орындалмаған жағдайда жаңадан құрылып жатқан банктiк емес қаржы мекемелерiне лицензия беруден бас тартуға болады.
Жұмыс iстеп жатқан заңды тұлғаларға лицензия беруден осы Ереженiң 18-тармағында көзделген негiздер бойынша және 21-тармағында белгiленген талаптарды орындамаған жағдайда бас тартуға болады.
VI. Реттеу және бақылау. Банктiк емес қаржы
мекемелерiнiң қызметiн тоқтату тәртiбi
25. Банктiк емес қаржы мекемелерi Ұлттық Банктiң лицензиясы болса банктiк операциялардың мынадай түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
а) ақша аудару операциялары: ақша қаражатын аудару бойынша заңды және жеке тұлғалардың тапсырымдарын орындау;
б) сейфтiк операциялар: жалға берiлетiн сейф жәшiктерiн, шкафтар мен үйлердi қоса алғанда, клиенттердiң бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөнiндегi қызметi;
в) несие беру операциялары: ақшалай түрде кредиттер беру;
г) клирингтiк операциялар: төлемдердi жинау, салыстыру, сұрыптау және растау, сондай-ақ оларға өзара есеп жүргiзу және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын анықтау;
д) ломбардтық операциялар: депонирленген тез өтетiн бағалы қағаздар мен жылжымалы мүлiктi кепiлге сала отырып, қысқа мерзiмдi кредиттер беру;
е) банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау және жiберу;
ж) шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу.
Банктiк емес қаржы мекемелерi Ұлттық Банктiң лицензиясы болса мынадай операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
а) шарттың (лизингтiң) қолданылуының бүкiл мерзiмiне жалға берушiнiң жалға берiлген мүлiкке меншiктiк құқын сақтай отырып, мүлiктi жалға беру;
б) факторингтiк операциялар: төлем жасамауға тәуекел ету жолымен тауарлар (жұмыс, қызмет) сатып алушыдан төлемдi талап ету құқықтарын сатып алу.
Егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, банктiк емес қаржы мекемелерi жоғарыда айтылған операциялардың бәрiн орындай алады.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі болған жекелеген жағдайларда банктік емес қаржы ұйымына Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығында Z952444_ көзделген басқа да банк операцияларын жүргізуге лицензия беруге құқылы. <*>
ЕСКЕРТУ. 25-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
1999.05.21. N 135 V990818_ қаулысымен.
26. Банктiк емес қаржы мекемелерi екiншi деңгейдегi банктерде немесе Ұлттық Банктiң келiсiмi болса - Ұлттық Банкте корреспонденттiк шоттар ашуға құқылы.
27. Банктiк емес қаржы мекемелерiнiң қызметiн тексерудi Ұлттық Банк өзi не болмаса басқа ұйымдарды тарту арқылы жүргiзедi.
28. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына орай банктiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтермен (ақпараттармен) танысуына мүмкiндiгi бар адамдардың жоғарыда аталған мәлiметтердi (ақпараттарды) жария етуiне немесе үшiншi адамға беруiне тыйым салынады. Аталған мәлiметтердi (ақпараттарды) жария еткенi немесе үшiншi адамға бергенi үшiн кiнәлi адам қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен жауап бередi.
29. Банктiк емес қаржы мекемесi қолданылып жүрген заңды бұзған жағдайда Ұлттық Банк тоқтату режимi мен акцияларды мәжбүрлеп сатып алу мүмкiндiгiнен басқа кезде банктер үшiн белгiленген санкцияны қолдануға құқылы.
30. Банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензияларды тоқтату немесе күшiн жою мынадай негiздемелердiң кез-келгенi бойынша жүргiзiледi:
а) операциялар қолданылып жүрген заң нормалары үнемi (келесi күнтiзбелiк он екi ай iшiнде үш және одан да көп) бұзылып жүзеге асырылса;
б) Ұттық Банкке есеп пен мәлiметтер бермесе немесе есеп пен мәлiметтердi бiле тұра дұрыс бермесе;
в) Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзса немесе Ұлттық Банктiң жазбаша нұсқауларын орындамаса.
31. Банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға берiлген рұқсатты қайтып алу мынадай негiздемелердiң кез-келгенi бойынша жүргiзiледi:
а) банктiк емес қаржы мекемелерi тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде берiлген мәлiметтердiң дұрыс еместiгi мәлiм болса;
б) банк операцияларын жүргiзу банктiк емес қаржы мекемелерi тiркелген күннен бастап бiр жылдан астам уақытқа немесе рұқсат берiлген күннен бастап он үш айға кешiктiрiлсе;
в) жарғылық қор қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес төленбесе;
г) банктiк емес қаржы мекемелерi қолданылып жүрген заңдарда, банктiк емес қаржы мекемелерiнiң жарғысында және лицензияда белгiленген құқықтық ауқымынан тыс операцияларды жүзеге асырса;
д) банктiк емес қаржы мекемелерiн қайта құру немесе тарату жолымен өз қызметiн ерiктi түрде тоқтату жөнiндегi шешiм;
е) банктiк емес қаржы мекемелерi банкротқа ұшыраса;
ж) банктiк емес қаржы мекемелерiне банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүргiзуге берiлген лицензия жойылса.
32. Егер банктiк емес қаржы мекемелерiн ашуға Ұлттық Банк рұқсат берген жағдайда, оны қайтарып алу жөнiндегi шешiм берiлген лицензияның жойылғанын бiлдiредi және банктiк емес қаржы мекемелерiн тарату туралы шешiм болып табылады.
33. Лицензия негiзiнде тiркелген банктiк емес қаржы мекемелерi лицензияларының күшi жойылса банктiк емес қаржы мекемелерiнiң мәртебесi өзгеруге және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк қайта тiркелуге тиiс.
34. Банктiк емес қаржы мекемелерiн қайта құру және тарату Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлығының 7 және 9 тарауларында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 35. Банктiк емес қаржы мекемелерi беретiн бухгалтерлiк және өзге де есептердiң тiзбесi, нысаны мен мерзiмi, сондай-ақ оларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк, егер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының банктерi үшiн көзделген нормалармен белгiленедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы