Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыруды бекіту жөнінде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы 1999 жылғы 21 маусым N 135 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 818. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 271 қаулысымен. ~V990888

      Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы N 221 V970326_ қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгізілсін.
      2. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.):
      1) Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны және Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                         Қазақстан Республикасының
                                         Ұлттық Банкі Басқармасының
                                         1999 жылғы 21 маусымдағы
                                         N 135 қаулысымен бекітілген

              Банктік емес қаржы ұйымдары туралы ережеге
                         өзгеріс пен толықтыру

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 23

мамырдағы N 221  

V970326_

  қаулысымен бекітілген Банктік емес қаржы ұйымдары 
туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
     1. 6-тармақтағы "атқарушы" деген сөз алынып тасталсын.
     2. 25-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
     "Ұлттық Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі болған 
жекелеген жағдайларда банктік емес қаржы ұйымына Қазақстан Республикасы 
Президентінің "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі 
туралы" Заң күші бар Жарлығында көзделген басқа да банк операцияларын 
жүргізуге лицензия беруге құқылы".
     
     Ұлттық Банк
     Төрағасы
     
     Оқығандар:     
             Умбетова А.М.
             Нарбаев Е.А.           
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады