Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Бас прокуратурасы
14.07.1997 ж. 22/5456 14.07.1997 ж. 10-286-97
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгi
14.07.1997 ж. N 559
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының "Тапсырмалар бойынша сома" бюджеттен тыс есебiнiң қаражатын қалыптастыру және пайдалану туралы Нұсқау:
1. Бұл нұсқау Қазақстан Республикасы Президентiнiң 17 наурыз 1995 жылғы 2127 қаулысына K952127_ , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 10 маусым 1997 жылғы N 943 P970943_ "Прокуратура органдарының "Тапсырмалар бойынша сома" бюджеттен тыс есебi туралы" қаулысына сәйкес жасалған және ол прокуратура органдарының "Тапсырмалар бойынша сома" бюджеттен тыс есебiнiң (ары қарай - бюджеттен тыс есеп) қаражатын қалыптастыруды және пайдаланудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қаражатқа есеп жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының өкiлеттi банкiнде және оның облыстық бөлiмшелерiнде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, облыстық прокуратуралар мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар үшiн "Тапсырмалар бойынша сома"-ның бюджеттен тыс есебi ашылады.
3. Бюджеттен тыс есептiк қаражаты прокурорлық шара қолдану нәтижесiнде мемлекет пайдасына өндiрiлiп алынатын соманың және өтелген төлемнiң 50%-iн аудару есебiнен қалыптасады.
Атап айтқанда:
- кәсiпорындар мен ұйымдардың салық және басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-ақ мемлекеттiк алым түрiнде уақтылы төлемеген, бiрақ кейiн өндiрiлген сомасынан;
- прокурорлардың ұйғарымдары мен талаптары бойынша мемлекет меншiгiне өткен мүлiктердiң (иесiз мүлiктер, бетi ашылған заңсыз мәмiлелердiң нәтижесiнде мемлекет меншiгiне өткен мүлiктер т.б.) құнынан;
- заң актiлерiн бұзу нәтижесiнде мемлекетке келген залалдың сомасынан.
Мемлекет меншiгiне өтетiн мүлiк ҚР Қаржы министрлiгiнiң 10 қазан 1994 жылғы N 250 "а" бұйрығымен бекiтiлген "Мемлекетке мұрагерлiк жолмен берiлген тәркiленген иесiз мүлiктi, қазынаны, олжаны, сондай-ақ асыл тастардан жасалынған бұйымдарды есепке алу, бағалау және сату тәртiбi туралы" Нұсқауға сәйкес бағаланады:
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының "Тапсырмалар бойынша сома" бюджеттен тыс есебiне iс жүзiнде аударылған сомалар, оның iшiнде прокурорлық шара қолдану актiсi негiзiнде салық салуға жататын заңды тұлғалар арасындағы өзара есеп сомасы өндiрiлген сома деп саналады.
Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар iс жүзiнде келiп түскен соманың 50%-iн ҚР Қаржы министрлiгiнiң 20.05.96 жылғы N 111 бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының кiрiстерi мен шығыстарын бюджеттiк топтастырудағы" кодты көрсетiп тиiстi бюджеттiң есебiне аударады, ал 50% мөлшерiндегi сома кейiн ҚР Бас прокуратурасының бюджеттен тыс есебiне аударылуы үшiн өздерiнiң бюджеттен тыс есебiнде қалады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бюджеттен тыс есебiне аударылатын соманың нормативтiң ол әрбiр нақты жағдайда өзiнше белгiлейдi.
Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестiрiлген прокуратуралар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Тапсырмалар бойынша сома" бюджеттен тыс есебiне нақты аударылған сома көрсетiлген төлем құжатының көшiрмесi тiркелген тiзiмдi әр айдың 10 жұлдызына дейiн Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына жiбередi.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Тапсырмалар бойынша сома" бюджеттен тыс есебiне келiп түскен сома жайындағы жиынтық оперативтiк мәлiмет ай сайын әр айдың 15 жұлдызына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне хабарланады.
4. Прокуратура органдарының шешiмiмен тексеру барысында ақша қаражаты алынған жауапкер толық ақталса, келген залал, заңда белгiленген тәртiпте, прокуратура органдарының бюджеттен тыс есебiндегi қаражаттан өндiрiледi.
5. Бюджеттен тыс есептегi қаражат мынаған пайдаланылады
а) Бас прокуратураның Ақмола қаласына көшуiне, қызметтiк ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үйлердi қайта құруға және тұрғызуға, қызметкерлер үшiн пәтерлер сатып алуға;
б) прокуратура органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға.
6. Бюджеттен тыс есептiң қаражаты белгiленген тәртiпте бекiтiлген шығындар сметасы мен хаттамалық шешiмдер негiзiнде жұмсалады.
7. Ағымдағы есептiң шығындар сметасын пайдалануды бақылау прокуратура органдарының қаржы қызметiне жүктеледi, ол тоқсан сайын бухгалтерлiк есеппен бiрге 4-п формада (код 0503241) "Тапсырмалар бойынша соманың жұмсалу барысы жөнiнде есеп" бередi.
Тапсырмалар бойынша шығынға жататын сома "Тапсырмалар бойынша соманың ағымдағы есебiнiң" 110 субесебiнiң дебетiне және "Тапсырмалар бойынша шығынға жататын қаражат есеп-қисабының" 176 субесебiнiң кредитiне жазылады. Республикалық бюджеттiң пайдасына жатқызылатын соманы аудару 173 субесептiң дебетi мен 111 субесептiң кредитiне жазылады.
Республикалық бюджеттiң пайдасына жатқызылатын соманы есептеу
"Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша есеп жүргiзудiң" 176 субесебiнiң
дебетi мен 173 субесептiң кредитiнде көрсетiледi.
176 субесеп бойынша жүргiзiлетiн есеп-қисапты талдау тапсырмаларды
орындауға қаржысы келiп түскен органдарға қатысты, ф.292-а карточкаларында
(292 кiтапта) жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң Бас прокурорының
бiрiншi орынбасары орынбасары
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
орынбасары