Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптарды бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының ҚАУЛЫСЫ 1997 жылғы 26 маусым N 90 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 3 қазанда тіркелді. Тіркеу N 380. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 256 (V043098) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
      1. Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына қойылатын талаптар бекiтiлсiн.
      2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына осы талаптарды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеу үшiн ұсыну жүктелсiн.
      3. Экономикалық талдау бөлiмi осы талаптарды, ол Әдiлет министрлiгiнде тiркелгеннен кейiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
      4. Осы нұсқау Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген сәттен бастап күшiне енедi.
      5. Осы талаптардың орындалысына бақылау жасау инвестициялауды басқару бөлiмiне жүктелсiн. 

      Ұлттық комиссияның
      Төрағасы

                                       Қазақстан Республикасының
                                       Бағалы қағаздар жөнiндегi
                                         ұлттық комиссиясының
                                       1997 жылғы 26 маусымдағы
                                           N 90 қаулысымен
                                             Бекiтiлген 

         Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына
                        қойылатын талаптар 

                        I. Жалпы ережелер

      1.1. Инвестициялық декларация инвестициялық қордың және оның басқарушысының инвестициялық қызметiнiң негiзiнде болатын негiзгi құжат болып табылады.
      1.2. Инвестициялық декларация инвестициялық қордың құрылтай жиналысында әзiрленедi және бекiтiледi.
      1.3. Инвестициялық декларация инвестициялық қордың жарғысында көрсетiледi және оның ажыратылмайтын бөлiгi болып табылады.
      1.4. Инвестициялық декларацияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шешiм инвестициялық қордың жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу үшiн айқындалған тәртiпте акционерлердiң жалпы жиналысында қабылданады.
      1.5. Инвестициялық қордың басқарушысы инвестициялық декларация мазмұнын бұзып бағалы қағаздар портфелiн қалыптастыруға құқықты емес. 

                  II. Инвестициялық декларацияның мазмұны

      Инвестициялық декларацияның мазмұнында мынадай ережелер болу керек:
      2.1. Инвестицияның мақсаттары мен стратегиясы
      а) салымның табыстылығын қамтамасыз ету;
      б) салынған қаражаттардың өсуiн қамтамасыз ету.
      2.2. Инвестициялық саясаттың бағыттары
      а) қордың бағалы қағаздар рыногындағы жобаланған қызметiнiң қысқаша сипаттамасы; 
      * инвестициялау жобаланған бағалы қағаздардың (акциялар, корпорациялық облигациялар, мемлекеттiк бағалы қағаздар және басқалар) түрлерi және типтерi көрсетiлу керек; 
      * бағалы қағаздардың айналысы болатын аумаққа және эмитенттердiң қатыстылығына байланысты тиiстi мемлекеттер немесе мемлекеттердiң тобы көрсетiлу керек; 
      * қордың қаржыларын инвестициялау жобаланған экономиканың салалары және салалық буындары көрсетiлу керек. Экономиканың әрбiр саласы мен салалық буыны үшiн мiндеттi түрде ҚР Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қаңтардағы N 22-27/46 шешiмiне сәйкес ҚР Мемстаткомының 1994 жылғы 2 наурыздағы қаулысымен бекiтiлген ХШСЖЖ-дiң нақты коды көрсетiледi; 
      * инвестициялау жобаланатын бағалы қағаздардың сипаттамасы басқа да ерекшелiктермен (белгiлi бiр қор биржасындағы листингке мiндетті түрде қатысу, бағалы қағаздардың айналыс мерзiмдерi және т.б.) толықтыруы мүмкiн; 
      б) бағалы қағаздар портфелiн әртараптандырудың (инвестициялық қордың портфелiндегi әртүрлi бағалы қағаздардың ең төменгi және ең жоғарғы үлестерi) нормаларын айқындау.  
      2.3. Инвестициялық қызметтегi шектеулер 
      Инвестициялық декларацияның мазмұнында инвестициялық қызметтегi "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған шектеулер болу керек. 
      Инвестициялық декларацияға жоғарыда аталған шектеулерден басқа инвестицияның қосымша шектеулерi енгiзiлуi мүмкiн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады