Ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ
Күшін жойғанҚазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 1997 жылғы 18 қыркүйекгi N 17/8340 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 9 қазанда тіркелді. Тіркеу N 384. Нұсқаулықтың күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнің 01.02.2001 жылғы N 24-П мен Қаржы министрінің 20.02.2001 жылғы N 99 бірлескен бұйрығымен.
* орташа жалақыны есептеудiң арнаулы тәртiбi зейнетақы
тағайындалған кезде белгiленген.
1. Тиiстi төлем байланысты болып отырған жағдайлардың алдындағы** күнтiзбелiк 12 ай (1-нен 1-не дейiн) ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу үшiн есеп айыратын кезең болып табылады.
Белгiлi бiр ұйымда бiр жылдан кем уақыт жұмыс iстеген қызметкерлер үшiн орташа жалақы нақты жұмыс iстеген уақытпен анықталады.
** жағдайлар дегенiмiз қызметкердiң демалысқа кетуi, қызметкердiң
жұмыстан босатылуы және орташа жалақыны төлеуге байланысты басқа
да жағдайлар.
2. Ұйымдар қызметкерлерiнiң орташа жалақысын анықтау үшiн орташа күндiк табыс немесе орташа сағаттық табыс қолданылады.
Орташа күндiк (сағаттық) жалақыны анықтау кезiнде есептi кезеңнен, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жұмыс iстелмейтiн мейрам күндерi алынып тасталады.
2.1. Орташа күндiк табыс, демалысқа ақы төлеуден және пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда, есептi кезеңде есептелген жалақы сомасын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлеген жұмыс аптасының күнтiзбе бойынша ұзақтығын басшылыққа ала отырып жұмыс күндерiнiң санына бөлу жолымен анықталады.
Нақты қызметкердiң орташа жалақысы күндiк орташа табысты төлеуге жататын күндердiң санына көбейту жолымен анықталады.
2.2. Жұмыс уақытын жинақтап есептеу кезiнде нақты қызметкердiң орташа жалақысын есептеу үшiн орташа сағаттық табыс қолданылады.
Орташа сағаттық табыс есептеу кезеңiндегi есептелген орташа жалақының сомасын өндiрiстiк күнтiзбе бойынша жұмыс уақытының жыл сайынғы балансына сәйкес осы кезеңдегi жұмыс сағаттарының санына бөлу жолымен есептеледi.
Нақты қызметкердiң орташа жалақысының мөлшерi, орташа сағаттық табысты төленуге жататын кезеңдегi жұмыс сағаттарының санына көбейту жолымен анықталады.
3. Демалысқа ақы төлеуге және пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеуге арналған орташа күндiк табыс демалысқа кететiн айдың алдындағы (1-нен 1-не дейiн) күнтiзбелiк 12 айдағы табысты басшылыққа ала отырып анықталады.
Қызметкер демалысқа кетер алдында ұйымда жұмыс iстеген уақыты бiр жылға жетпесе, демалыс кезiндегi сақталатын орташа жалақы демалысқа кететiн айдың алдындағы (1-нен 1-не дейiн) жұмыс iстеген күнтiзбелiк айлардағы табысын басшылыққа ала отырып анықталады.
Демалысқа ақы төлеуге және пайдаланылмаған демалысқа өтемақы төлеуге арналған орташа күндiк табыс мынадай жағдайларда есептеледi:
1) егер барлық есептi кезең жұмыспен толық өтелсе, есептi кезеңдегi жалақының есептелген сомасын 12-ге бөлу жолымен және:
- жұмыс күндерiмен белгiленген демалысқа ақы төлеу кезiнде өндiрiстiк күнтiзбе бойынша жұмыс уақытынан жыл сайынғы балансына сәйкес жұмыс күндерiнiң орташа айлық санына (мысалы, 25, 33 - 1997 жылға арналған есептегi орташа айлық жұмыс күндерiнiң саны);
- күнтiзбе күндермен белгiленген, демалысқа ақы төлеу кезiнде күнтiзбе күндерiнiң орташа айлық санына (мысалы, 29, 66 - 1997 жылға арналған есептегi жұмыс күндерiнiң орташа айлық саны) бөлу жолымен есептеледi;
2) егер есептi кезеңдегi он екi айдың әр айында толық жұмыс iстелмесе есептелген жұмыс iстеген уақыттағы жалақыға есептелген соманы:
- алты күндiк жұмыс аптасы күнтiзбесi бойынша жұмыспен өтелген уақытқа тиесiлi жұмыс күндерiнiң санына (жұмыс күндерi есебiмен демалыс бергенде);
- жұмыс iстеген уақытқа тиесiлi күнтiзбелiк күндердiң санына (күнтiзбелiк күндер есебiмен демалыс бергенде) бөлу жолымен есептеледi.
Оқу демалысына ақы төлеу осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
Екi күндiк демалысы бар бес күндiк жұмыс аптасындағы немесе ұйымда белгiленген қысқартылған жұмыс аптасындағы демалысқа ақы төлеу тәртiбi осы Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Егер:
қызметкерге орташа жалақы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленсе немесе сақталса;
қызметке мемлекеттiк сақтандыру бойынша (еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша, жүктiлiгi және босанғаны бойынша және т.б.) жәрдемақы алса, орташа жалақыны есептеу үшiн, есептi кезеңнен уақыт, сондай-ақ төленген сома шығарылып тасталады.
5. Еңбекке ақы төлеу жүйесiнде көзделген ынталандыру сипатындағы сыйлықақы мен басқа да төлемдер орташа жалақыны есептеген кезде есептелу уақытына қарай қосылады, ал жылдық сыйлықақы мен еңбек сiңiрген жылдар үшiн сыйақы есептi кезеңнiң әр айына 1/12 мөлшерiнде есептеледi.
6. Орташа жалақыны есептеген кезде толықтырылған және қайта өңделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттiгiнiң 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 50 қаулысымен бекiтiлген (тiркеу N 244, 1997 ж. 16 қаңтар) жалданып жұмыс iстеушiлердiң саны мен жалақысының статистикасы жөнiндегi Нұсқаулыққа 6.1-бабына, 49.3-тармақшасын ескере отырып (49, 52, 55, 57, 58 тармақшалардан басқа) және 6.2-баптың 59-тармақшасына сәйкес жалақы қорына енгiзiлетiн төлемдер ескерiледi.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз