Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.12.2024 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттiк кәсiпорындарға және мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындарға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылары болуға рұқсат беру тәртiбi туралы осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Заң күшi бар жарлығына, "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да заң актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
1. Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттiк банктерiнен басқа, барлық мемлекеттiк кәсiпорындарға және мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындарға қолданылады.
2. Рұқсат берудiң негiзгi шарты мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшы кәсiпорындар қызметкерлерiнiң жалпы штат саны 20 (жиырма) мың адамнан кем болмауы керек.
3. Мемлекеттiк кәсiпорынға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының бiрден-бiр құрылтайшысы немесе акционерi болуына рұқсат етiлмейдi.
4. Санациядағы не банкрот деп тану туралы сотта iс қозғалған мемлекеттiк кәсiпорынға және мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорынға мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы болуына рұқсат берiлмейдi.
5. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары болуға:
- республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша - уәкiлеттi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың рұқсаты болмаса;
- мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындар бойынша - уәкiлеттi органның шешiмi болса;
- коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша - жергiлiктi әкiмнiң рұқсаты болса рұқсат етiледi.
6. Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары болу үшiн мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындар рұқсат алуға мынадай құжаттар ұсынады:
- кәсiпорынның мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы болуға рұқсат беру туралы фирмалық бланкадағы өтiнiшi;
- құрылтайшы кәсiпорындардағы қызметкерлердiң саны туралы анықтама;
- мемлекеттiк кәсiпорынның және мемлекеттiң акциялар пакетi немесе үлесi бар кәсiпорындардың уәкiлеттi басқару органының рұқсаты.
НЕГIЗДЕМЕ - АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджеттiк мекемелерде кассалық операцияларды жүргiзудiң бiртұтас тәртiбiн орнатудың, кассалардағы қолма-қол ақшалар қалдығының лимитiн және есеп айырысудағы қолма-қол ақшаларды пайдаланудың шектi сомасын анықтаудың қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ кассалық тәртiптi бақылау үшiн бюджеттiк ұйымдарда кассалық операцияларды жүргiзудiң Уақытша тәртiбiн әзiрлейдi.
Аталған нормативтiк акт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 874 P970874_ Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы қаулының 6 және 8 т.т. және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қаржы министрiнiң 1997 ж. 26 маусымдағы Бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы қаулының 5 және 6 т.т. сәйкес дайындалды.
Заңгерлiк қызмет
департаментiнiң директоры