Жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануға салық патенттерiн берудi реттеу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 1997 жылғы 19 тамыздағы N 136 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 22 қазанда тіркелді. Тіркеу N 407. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитеті төрағасының 1998.08.07. N 75 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi республикада жеке кәсiпкерлердiң салық салудың патенттiк жүйесi жағдайларындағы екi жылдық жұмысына, келiп түскен көптеген сұраулар мен ұсыныстарға талдау жасай келiп, жекелеген салық органдарында құндарды есептеп шығаруда және салық патенттерiн беру барысында тәртiп бұзушылықтар мен кемшiлiктерге, сондай-ақ салық патенттерi құнының төмен көрсетiлуiне орын берiлгенiн атап көрсетедi.
      Одан басқа, жекелеген салық органдары салық патентi негiзiнде жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң тiзбесiн кеңейтiп жiберген Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Z952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығының N 138-шi бабын бұза отырып, тауарларды, жұмыстарды (қызметтердi) өткеру жөнiнде айтарлықтай айналымы бар, қолма-қол ақша қаражатымен, сондай-ақ есеп айырысу және өзге де шоттармен жұмыс iстейтiн жеке тұлғаларға салық патенттерi бөлiп берiлiп отырған.
      Салық патентi негiзiнде жеке кәсiпкерлiк қызметiмен шұғылданатын жеке тұлғаларға салық салуды басқаруды тәртiпке келтiру және жақсарту мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында салық патентiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң тiзбесi N 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Салық қызметi органдарының Z970135_ "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 135-1 ҚРЗ заңына және "Кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасының патенттерiн беруiнiң тәртiбi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1126 P951126_ қаулысына сәйкес жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға салық патенттерiн беру тәртiбi реттелсiн.
      Республиканың салық органдары зерттеулердiң, тексерулердiң, хронометрлiк, т.б. салық органы мәлiметтерiнiң нәтижелерiн пайдалана отырып, болжамды орташа айлық кiрiстi есептеп шығару жолымен жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң әрбiр түрi бойынша салық патентi үшiн төленетiн төлемдердiң мөлшерiн бекiтсiн. Болжамды кiрiстiң сомасы жоғарыда аталған Жарлықтың 28-бабында көзделген шегерiмдердiң сомасына кемітiлуге тиiс. Бұл орайда шегерiмдер жеке тұлғаларға тиiстi құжаттарды тапсырған кезде және осы қызмет түрiнiң жүзеге асырылуы оның қызметiнiң негiзi болып табылатын жағдайда ғана берiледi.
      3. Салық органдары жылдық шектеулi болжамды айналымы 4000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен аспайтын жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаларға салық патенттерiн беретiн болсын. Айналымның шектi мөлшерi патенттiң iспарағында көрсетiлсiн.
      Белгiленген шектеулi айналым артып кеткен кезде (жылына 4000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiндей) жеке тұлға бұл туралы салық патентiн берген салық органына хабарлауға мiндеттi. Бұдан соң салық органдары iс жүзiнде алынған кiрiстер мен өндiрiс шығындары жөнiндегi салықтарды төлеудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      4. Сатып алынатын салық патентiнiң құнына салықтардың мынадай түрлерi: табыс салығы, ағымдағы республикалық бюджетке сәйкес мiндеттi әлеуметтiк табыс салығы және болжамды айналым жылына 1000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен асып кеткен жағдайда - қосылған құн салығы. Салық патентiнiң құнына енгiзiлген салықтар жеке төлем құжаттарымен төленедi.
      5. Мыналарға:
      - салық патентiнде көрсетiлген жеке кәсiпкерлiк қызметтiң түрi мен мерзiмiне;
      - салық патентi атына жазылып берiлген жеке тұлға үшiн;
      - жүктер мен жолаушыларды тасуға байланысты қызметпен шұғылдануға берiлген салық патентiнен басқа, салық патенттерi берiлген органдар кiретiн ауданның (қаланың) аумағына берiлген салық патенттерi жарамды деп саналсын.
      Аталған талаптар бұзылған жағдайда кәсiпкерлер салық заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылуға тиiс.
      6. Салық патентiнiң негiзiнде жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың жалдамалы еңбектi пайдаланатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар, бұл орайда жалдамалы қызметшiлердiң саны бес адамнан аспауға тиiс.
      7. Салық органдары жеке тұлғаларға жалпы көлемi 20 шаршы метрден аспайтын, белгiленген жобалы орындарда (дүкеншiлерде, сөрелерде) халық тұтынатын тауарлар мен тамақ өнiмдерiн бөлшектеп сатуды жүзеге асыру үшiн ғана, сауда саласындағы жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдану үшiн салық патенттерiн берсiн.
      Жеке кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiлерi ретiнде салық органдарында тiркелмеген сауда базарларында сөрелерде, машиналар мен басқа да орындарда сауда жасайтын азаматтар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 шiлдедегi N 955-шi қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды өткiзу құқығы үшiн алынатын алымдар туралы" ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарларды өткiзу құқығы үшiн алым төлеуге тиiстi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгiнiң
               салық комитетiнiң 1997.09.30. N 55 бұйрығына сәйкес.
               V970055_

      8. Салық органдарының жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағындағы салық патентiнiң негiзiнде жүзеге асырылатын жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енбеген қызметтiң түрлерi үшiн, салық патентiн беруiне тыйым салынады.
      9. Жоғарыда көрсетiлген салық патенттерiн беру тәртiбi 1997 жылғы 20

қазаннан iске қосылсын, бекiтiлген тiзбеге енбеген жеке кәсiпкерлiк қызмет 
түрлерiне арналған салық патенттерiнiң күшi жойылсын және жыл аяғына дейiн 
берiлген салық патенттерi бойынша салықтарды қайтадан есептеу жүргiзiлсiн.
     10. Облыстар бойынша салық комитеттерi 1997 ж. 20 қарашаға дейiнгi 
мерзiмде патенттiң құнын бекiтiлген тiзбеге сәйкес реттесiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. Жаңа 10-тармақпен толықтырылды, 10-тармақ 11-тармақ
              болып саналды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң салық
              комитетiнiң 1997.09.30. N 55 бұйрығына сәйкес.
               

V970055_

 

     11. Облыстар бойынша салық комитеттерi 1997 жылдың 20 қарашасына 
дейiнгi мерзiмде бекiтiлген тiзбеге сәйкес патенттiң құнын реттесiн.
     12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау төрағаның орынбасары 
Х.К. Махашовқа тапсырылсын.

     Төраға
                                                                N 1 Қосымша

          Қазақстан Республикасы аумағындағы салық патентi
      негiзiнде iске асатын жеке кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнiң
                               ТIЗIМI

                   1. Тұтынатын тауарларды өндiру

     1. Киiм тiгу және басқа да тiгiн өнiмдерiн шығару, тоқыма өнiмдерiн 
шығару.
     2. Терi киiмдер тiгу.
     3. Терiден бас киiмдер тiгу.
     4. Тоқыма өнiмдерiн шығару.
     5. Аяқкиiм тiгу.
     6. Галантерея және бижутерия өнiмдерiн шығару.
     7. Жасанды гүлдер және веноктарды шығару.
     8. Жиhаздар басқа да ағаштан жасаған өнiмдердi шығару.
     9. Кiлем бұйымдарын шығару.
     10. Металдан жасайтын бұйымдарды шығару және орнату.
     11. Жезден бұйымдар жасау.
     12. Гүл және гүл шоқтарын өсiру.
     13. Үй жануарларының терiсi мен жүнiн әзiрлеу.
     14. Автомобильдерге кимелер және төсенiштерi шығару.
     15. Сувенирлер мен ойыншықтар шығару
     16. Шаруашылық заттарын шығару.
     17. Ара өнiмдерiн өндiру.
     18. Азық-түлiк тауарларын өндiру.

                II. Жеке тұлғалардың тұрмыстық қызмет
                        көрсетудегi қызметi

     19. Металдан жасалған заттарды, қолшатырларды, тұрмыс
         машиналарын және басқа аспаптарды жөндеу.
     20. Сағаттар жөндеу және граверлiк жұмыстар.
     21. Киiмдердi, аяқ-киiмдердi, бас киiмдердi, терiден
         жасалған, тiгiн заттарының және галантереялық бұйымдарды
         жөндеу.
     22. Фототүсiру, видеотүсiру және басқа да фотографиялық
         жұмыстар.
     23. Компьютерлердi, радиотелевизиялық аппараттарды жөндеу.
     24. Өткiр құралдарды қайрау және жөндеу.
     25. Кiлттер жасау және құлыптарды жөндеу.
     26. Құрылыс-жөндеу қызметтерiн көрсету.
     27. Автомобильдердi жөндеу және техникалық қызмет
<*>

     28. Доңғалақ жөндеу жұмыстары (автомобиль доңғалақтарына
         вулканизация жасау).
     29. Жеке тракторлары бар иелерге жер учаскелерiн өңдеуге
         көмек көрсету.
     30. Су көлiгiнде көңiл көтеру қызметiн көрсету.
     31. Жеке меншiктiң малын бағу.
     32. Шаштараздық, сол сияқты хирургиялық және емдеу қызметiне
         байланыссыз массаж және косметикалық қызмет көрсету.
     33. Азаматтарға және заңды тұлғаларға жеке автокөлiк
         иелерiне көлiктiк қызмет көрсету.
     34. Автокөлiктердi жуу.
     35. Мерекелер мен тойларға музыкалық қызмет көрсету.
     36. Мәтiндердi аудару.
     37. Машинка басу жұмыстары.
     38. Музыка аспаптарын жөндеу және жөнге келтiру.
     39. Дыбыс жазу.
     40. Суреттер және портреттер салу.
     41. Көбейту-басу техникасын жөндеу және қызмет көрсету.

          III. Әлеуметтiк-мәдени саладағы жеке тұлғалардың
                              қызметi

     42. Репетиторлық тәртiпте сабақтар өткiзу.
     43. Дене шынықтыру, сауықтыру жұмысы.
     44. Малдәрiгерлiк қызмет.
     45. Киiм тiгуге, пiшуге және тоқыма тоқуға үйрету.

                    IV. Қызметтiң басқа салалары

     46. Қоғамдық тамақтандыру (тұрақты сауда орындары
         барлары үшiн).
     47. Салқын сусындар және балмұздақтар сату.
     48. Тiске басатын (насыбай) темекi әзiрлеу және оны сату.
     49. Сайрайтын құстарды және басқа да құстарды өсiру және сату.
     50. Кiтап түптеу, құжаттарды өңдеу.
     51. Электрлiк монтаж, сантехникалық-дәнекерлеу қызметтерiн
         көрсету.
     52. Жиhаздарды жөндеу және құрастыру.
     53. Кiтаптар мен журналдарды, газеттердi сату.
     54. Үй жануарларын өсiру.
     55. Жалпы көлемi 20 шаршы метрден аспайтын, белгiленген
         жобалы орындарда (дүкеншелерде, сөрелерде) халық
         тұтынатын тауарлар мен тамақ өнiмдерiн бөлшектеп сату
<*>


     Ескерту.


      1. Өнiм өндiру құқығына берiлген салық патентi сол уақытта өз өнiмдерiнiң тауарларын сатуға мүмкiндiк бередi Қазақстан Республикасы шегiнде. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң салық
               комитетiнiң 1997.09.30. N 55 бұйрығымен.

      2. Жеке кәсiпкерлiкпен айналысу көзделген қызмет алдын ала көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар 1995 жылдың 17 сәуiрiнде шыққан N 2200 Z952200_ "Лицензиялау туралы" қаулысына сәйкес салық патентi лицензия алынғаннан кейiн берiледi.
      3. Өткiзiлетiн тауарлар жөнiнде оның сапалық сертификатын мен қайдан шыққанын растайтын барлық құжаттар болуға тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2-абзацы 3-тармақ болып саналды және
               жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлiгiнiң салық
               комитетiнiң 1997.09.30. N 55 бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады