Қазақстан Республикасының республикалық және жергiлiктi бюджетiнiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың банктегi шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылғы 10 қазандағы N 334 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 17 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 421. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 241 бұйрығымен. ~V990817

                        1-тарау. Жалпы тұжырымдар
      1. Осы нұсқаулық республикалық және жергiлiктi бюджетiнiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың банктегi шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбiн бекiтедi.
      Республикалық және жергiлiктi бюджетiнiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың банктегi ашылған шоттары өзiнiң құқықтық режимi бойынша ағымдағы шот болып есептелiнедi.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджетiнiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың қаржыларын есептеу үшiн мынадай шоттар ашылады:
      2.1. Бөлiнген лимиттiң көлемiнде мемлекеттiк бюджеттiң қаржысын жұмсауды есепке алу үшiн бюджет мекемелерi ашатын бюджеттiк шоттар-ағымдағы шоттар.
      2.2. Бюджеттен тыс қаржылардың операцияларын жүргiзу үшiн және есептеу үшiн бюджет мекемелерi ашқан шоттар-бюджеттен тыс шоттар.
      Бюджеттен тыс шоттар арнайы қаржылардың бюджеттен тыс шоттары, "тапсырыстар бойынша сомалардың" бюджеттен тыс шоттары, депозиттер бойынша бюджеттен тыс шоттар, және бюджеттен тыс қаржылардың бюджеттен тыс шоттары болып бөлiнедi. Бюджеттiк ұйымдарды арнайы қаржылардың барлық түрлерi үшiн бюджеттен тыс бiр ғана шот ашылады тапсырыстардың барлық түрлерi бойынша бiр ғана бюджеттен тыс шот, депозиттер бойынша бiр ғана бюджеттен тыс шот басқа бюджеттен тыс қаржылар бойынша бiр ғана бюджеттен тыс шот ашылады.
      Бұдан басқа да мынадай жағдайда шот ашылады:
      - Әкiмдердiң әкiмшiлiгiндегi өздерi құрастырған қорлардың қаржысын есептеу және жұмсау үшiн;
      - республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын, бюджет қаржыларын жұмсауға лимиттерi жоқ, өздерi лимиттердi бөле алмайтын және лимиттердi бөлетiн мекемелерден басқа жақта тұратын ұйымдарға, лимиттердi бөлетiн тиiстi мекемелердiң еңбекақы мен iссапарлар шығынын аударуы үшiн;
      - республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға мақсатты қаржыландыру үшiн.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың бюджеттегi және бюджеттен тыс шоттары Республикалық Бюджет банкiнде (әрi қарай банк) ашылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң арнайы рұқсаты бойынша бюджеттен тыс шоттар Қазақстан Республикасының басқа да кез келген банкiнде ашыла алады.
      4. Бюджеттегi мекемелер бюджеттен тыс шоттарды осы нұсқаулықтың 3 бабында көрсетiлген жағдайдан басқа бюджет есебi ашылған банктiң бөлiмшелерiнде аша алады.
      5. Бюджеттен тыс қаржының иелерi болып осы ұйымдарды ұстаудың лимитiн иелену құқығы берiлген бюджет ұйымдарының басшылары болып табылады.
      6. Қазақстан Республикасының дамуы үшiн ресми көмектiң көлемiндегi донор мемлекеттердiң және халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдардың гаранттары және несие қаржылары және бюджеттегi қосымша қаржыландыру жобаларын iске асыру мақсатында Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдарға кепiлдiк/несиелердiң келiсiм шарттарына сәйкес екiншi дәрежедегi банктерден теңге эквивалентiндегi ағымдағы қосымша қаржыландыру (арнайы) шоттары ашылады.
      7. Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға қаржының түсу көздерi мен жұмсау мақсаттарын реттейтiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жазбаша рұқсаты болған жағдайда Банктiң бөлiмшелерiнде шетел валютасы есебiмен қаржыны сақтайтын жұмсайтын валюталық шоттарды ашуға болады.
      Валюталық шоттарды ашу рұқсаты мынадай жағдайларда берiледi:
      - Бюджет мекемелерiне Жарғыға немесе Нұсқаулыққа сәйкес өзiне жүктелген сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты мiндеттердi орындау үшiн;
      - Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және сыртқы қаржы көздерi мен республикалық бюджеттен қосымша қаржыландырылатын мемлекеттiк ұйымдарға;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметi Қазақстан Республикасының дамуы үшiн ресми берiлген несиелер мен бағдарламалардың жобасын iске асыру жөнiндегi құқығы бар мемлекеттiк басқару органдарына, егер валюталық есеп ашу Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiнде көрсетiлген болса;
      - республикалық бюджеттен және сыртқы қаржы көздерiнен бiрдей қаржыландырылатын бюджет мекемелерiне;
      - сыйлар мен садақалар, қаржылай көмек, демеушiлiк аудармалар, кепiлдiк аударымдар алу үшiн;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы шешiмiмен.

            2-тарау. Бюджет ұйымдарының банк шоттарын ашу
                                 тәртiбi

      8. Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың банк бөлiмшелерiнде бюджеттiк және бюджеттен тыс шоттарды ашу үшiн мынадай құжаттар тапсыруға тиiс:
      а) Шотқа иелiк ететiн басшы мен бас бухгалтер қол қойған шотты ашу үшiн арыз (қосымша N 1). Егер штатта екiншi қол қоюдың құқығы берiлген бас бухгалтерден немесе бухгалтердiң қызметi болмаса онда арызға тек қана басшының қолы қойылады.
      Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталынатын ұйымның бюджеттiң есебi ашылған жағдайда, шотты ашу туралы арызға қазынашылық бөлiмнiң белгiсi соғылуға тиiс.
      б) Мөрдiң және қолдың үлгiлерi салынған құжат (қосымша N 2).
      Мөрдiң және қолдың үлгiлерi бар құжат жоғарыда тұрған ұйымның басшысын немесе басшының орынбасарының қолымен куәландырып куәландыру кеңсесiнiң мөрiмен бекiтiледi. Куәландыру кеңсесi жоқ елдi мекендерге қолдың және мөрдiң үлгiлерi жергiлiктi атқару органдарының куәландырылуымен берiледi. Бюджет шоттарын ашу үшiн министрлiктердiң, ведомстволардың, жергiлiктi атқару органдарының қолдары мен мөр үлгiлерiн куәландыру қажет етiлмейдi.
      Шот ашатын ұйымның бiрiншi басшысы бiрiншi қол қою құқығына немесе қол тапсырған екiншi тұлға осындай құқыққа ие болады. Екiншi қол қою құқығына ұйымның бас бухгалтерi немесе ұйымның басшысы мiндеттеген басқа тұлға ие болады. Бюджеттiк мекеменiң штатында екiншi қол қою құқығы берiлген тұлға жоқ болса қолдың және мөрдiң үлгiлерi бар құжатқа тек қана бiрiншi қол қоятын тұлға енгiзiледi. Қолдың үлгiлерiнiң қажеттi саны банктiң бөлiмшесiмен шоттың иесi арасында келiсiмде көрсетiледi.
      Шотты ашу үшiн тұлға тапсыратын қол мен мөр үлгiлерiнiң қажеттi даналары банктiң талап еткен көлемiнде құжатта көрсетiледi.
      Мекеме берiлген қол мен мөрдiң үлгiлерi бар құжатқа елтаңбасы бар мөрдiң үлгiсi енедi. Жаңадан ашылған ұйымның уақытша мөрi болмаған, аты өзгерген жағдайда, мөр жоғалған немесе тозған жағдайда банк бөлiмшесiнiң бастығы шоттың иесiне мөрдi дайындау үшiн уақыт бередi. Банк пен шоттың иесi мөр болмаған уақытта төлем құжаттарын жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
      Мөрдi немесе қолдың бiреуiн алмастырған немесе қосқан жағдайда банктiң бөлiмшесiне қолдың және мөрдiң үлгiлерi бар осы нұсқаулықта бекiтiлген тәртiп бойынша куәландырған қосымша құжат берiледi.
      в) Шот иесiнiң салық органдарында есепке тұрғандығын растайтын салық қызметi органдары берген тағайындалған формадағы құжат.
      г) Қазақстан Республикасы зейнетақы қорына жарна төлеушi ретiнде ұйымның тiркелгендiгiн растайтын салық қызметiнiң органы берген тағайындалған формадағы құжат.
      д) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген тәртiп бойынша куәландырылған мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк және оның көшiрмесi.
      Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкте банктiң бас бухгалтерi қол қойып және мөрiн басқан шоттың ашылғандығы туралы банктiң белгiсi соғылады. Куәлiктiң түпнұсқасы шот ашушыға қайтарылады, ал көшiрмесi шоттың ашылуы туралы iс қағазына тiгiледi.
      е) Нұсқаулықтың "жарғының" Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген, куәландырылған көшiрмесi.
      ж) Ұйымды құру немесе қайта құру туралы Қазақстан Республикасы заң шығару органының құқығына сәйкес шешiм (өкiм, қаулы, бұйрық).
      9. Бюджет мекемелерi валюта шоттарын ашу үшiн тиiстi қазынашылық органының немесе облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармасының (қосымша N
3) валюта түрiн осы қаржы жұмсалуға тиiстi қаржының түсу көзi мен жұмсалу мақсаттарын көрсететiн құжаттар тапсырады.
      Республикалық бюджетте тұрған ұйымдарға валюта шоттарын ашу үшiн жазбаша рұқсатты қазынашылық органдары бередi. Лимиттердiң негiзгi таратушысына - Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық департаментi, ведомстволарға қарасты бюджет ұйымдарына қазынашылықтың тиiстi аумақтық бөлiмшелерi. Жергiлiктi бюджетке қарасты ұйымдардың валюталық шоттарды ашуына жазбаша рұқсатты облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармалары бередi.
      10. Бюджеттен тыс шоттарды ашу үшiн бюджет ұйымдарына осы Нұсқаулықтың сегiзiншi тарауында көрсетiлген құжаттарға қоса банкте сақтаулы тұрған шот иесiнiң арнайы ашылған iс қағазында қосымша мынадай құжаттар болуға тиiс:
      10.1. Бюджеттен тыс арнайы қарыздар шоттарын ашу үшiн:
      - шығыстардың бағыты (қосымша N 4) және арнайы қаржы бойынша кiрiс көздерi көрсетiлген тиiстi мемлекеттiк орган берген арнайы қаржының бекiтiлген сметасы туралы анықтама.
      10.2. Бюджеттен тыс "Тапсырыс бойынша сома" шотын ашу үшiн:
      - қаржының жұмсалатын мақсаттары (қосымша N 5) және оның түсетiн көздерi көрсетiлген Үкiмет шешiмдерiмен берiлген тиiстi қаржы органдарының рұқсаты немесе басқа да құқықтық-нормативтiк актiлер. Республикалық бюджет бойынша лимиттердiң негiзгi бөлушiлерiне және ведомстволарға бағынышты ұйымдарға рұқсат тиiсiнше қазынашылық департаментi және аумақтық қазынашылық органдары, ал жергiлiктi бюджетке қарайтын ұйымдарға-жергiлiктi бюджет ұйымдары арқылы берiледi.
      10.3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы шешiмi негiзiнде ашылған депозиттiк шот.
      10.4. Мемлекеттiк бюджеттiң қаржының есебiнен ұсталатын, бюджет қаржысын жұмсауға лимит алмаған, өз бетiнше лимит берушi болып есептелмейтiн және лимит берушi тұрған жерден басқа жерде тұратын ұйымдарға лимит берушiнiң аударымдарына сәйкес еңбекақы төлеуге және iссапар шығындарын беруге бюджеттен тыс шоттарды мынадай жағдайда ашуға болады:
      - ұйымның немесе оның басшысының атына шоттарды ашуға лимит берушiнiң өтiнiш хаты сол сияқты лимит берушiнiң жоғарыдағы қарызына аударғандығы жайлы тапсырысы болған жағдайда.
      10.5. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымды қаржыландыру үшiн бюджеттен тыс шотты ашу үшiн:
      - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген сол сияқты қаржыны аудару туралы бюджет классификациясының коды көрсетiлмеген бiрақ жалпы сома көрсетiлген лимит берушiнiң төлем тапсырысы бойынша лимит берушiнiң жеке нұсқауы болуға тиiс.
      11. Банк пен шот иесiнiң арасындағы банк шотын ашу туралы келiсiм жасалған соң барып шот ашылады. Шотты ашу рәсiмi банктiң шот иесiне жеке құпияланған код (әрi қарай ЖҚК) беруi арқылы жасалады.
      12. Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымның шоты ашылғаннан кейiн, банктiң бөлiмшесi он күндiк мерзiм iшiнде салық қызметi органына шоттың ашылғандығы және оның ЖҚК-сы туралы хабарлама жасауға тиiс.
      13. Осы тарауда шот иесiнiң жұмысын жүргiзетiн бухгалтердiң арнайы картотекасында сақталған, қол және мөр үлгiлерiнен басқа, және клиенттердiң ақшалай шектерiн төлеу операцияларына бақылау жүргiзетiн бақылаушының тiзiлген құжаттарынан басқа құжаттар әр шоттың иесi үшiн арнайы ашылған iс қағазға тiгiлiп, банкте сақталады.
      14. Осы Нұсқаулықтың алтыншы тарауында көрсетiлген қосымша қаржыландырудың ағымдағы (арнайы) шоттарын ашу рұқсаты болған жағдайда (қосымша N 6) және екiншi дәрежедегi банк пен ұйымның атына шот ашылатын мекеменiң (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң кепiлдемесi бойынша) арасындағы келiсiм бойынша жасалады. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға қосымша қаржыландырудың арнайы есебiн ашуға рұқсатты Қазынашылық департаментi бередi, ал жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдарға - тиiстi облыстық (Алматы қалалық) қаржы басқармалары бередi.

           3-тарау. Бюджет ұйымдарының банк шоттары арқылы
                    операциялар жүргiзуiнiң жалпы тәртiбi

      15. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын бюджеттiк және бюджеттен тыс ұйымдардың шоттар мен операциялар жасау Қаржы министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң тиiстi нормативтiк-құқықтық актiлерiне байланысты жүргiзiледi.
      16. Республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдардың бюджеттiк шоттарынан шығыс операциялары, тапсырыс құжаттарының сыртына жауап беретiн қазынашылықтың штампымен куәландырған, оған қызмет көрсететiн қазынашылықтың рұқсат қолы болған жағдайда оған бөлiнген лимиттiң деңгейiнде жүргiзiледi. Бюджет шоттарынан шығыс операцияларын жүргiзгенде дебеттiк қалдық бөлiнген лимиттен асып кетпеуге тиiс.
      Банктiң бөлiмшесiне облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының (қосымша N 7) мөрiмен куәландырған жеке штампының таңбасы және жауапты орындаушылардың қолдарының үлгiсi бар реестр тапсырылады.
      Жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын бюджеттiк ұйымдарының шоттарынан шығыс операцияларын жүргiзу бюджет қаржысының шығындарына тағайындалған лимиттердiң көлемi деңгейiнде жүргiзiледi. Бюджет шоттарынан шығыс операцияларын жүргiзгенде дебеттiк қалдық бөлiнген лимиттен асып кетпеуге тиiс.
      17. Қосымша қаржыландырудың ағымдағы (арнайы шоттарының) бағдарламадағы және жобадағы несиелерiнiң қарыз шығыстары қаржыны алу туралы (қосымша N 8) төлем тапсырысына сәйкес екi топтың қолдарымен куәландырылған, бiрiншi топ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң сыртқы қарыз жөнiндегi комитетiнiң тобы қол қойған, ал екiншi тобы жобаларды iске асыратын ұйымдар қол қойған құжат бойынша жүргiзiледi.
      Ағымдағы (арнайы) шоттардағы шығыс операциялары бюджет классификациясының 10 таңбалы төлем тапсырысы коды және қазынашылықтың (қаржы басқармасының) жауапты органының рұқсат визасы болған жағдайда жүргiзiледi.
      Ағымдағы (арнайы) шоттағы пайдаланылмаған қаржы қаржыландырылатын жылдың 25 желтоқсанына дейiн жобаны жүзеге асыратын ұйымның шотына қайтаруға жатқызылады.
      18. Валюталық шоттардағы операцияларды жүргiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
      Бюджет ұйымының есебiне валюталық шотты ашу рұқсаты алынған кезде, осы валютаның түсiм көздерi көрсетiлмеген шетелдiк валюта түсе қалған жағдайда валюта қаржысын (қосымша N 3) жұмсауға рұқсат бергенге дейiн қаржы шот иесiнiң есебiне кiредi. Мұндай жағдайда рұқсатты осы ұйымның валюталық есебiн ашуға рұқсат берген қаржы органы бере алады.
      19. Бюджет ұйымдары арнайы қаржылар бойынша бюджеттен тыс шығыстарды төлеу кезiнде төлем құжаттарында арнайы қаржының әр түрi бойынша қалған ақшалардың сомасын көрсетедi.
      20. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаржысы есебiнен ұсталатын ұйымдардың шоттарынан ақшаларды даусыз алу (жою) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

            4-тарау. Бюджет ұйымдарының банк шоттарын жабу

      21. Республикалық және жергiлiктi бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын ұйымдардың шоттары заңды тұлға қайта құрылған немесе жойылған банктегi шот туралы шарттың күшi тоқтаған сәтте жабылады.
      Арнайы қаржылар бойынша бюджеттен тыс шоттар арнайы қаржының бекiтiлген сметасы туралы анықтаманы банк ағымдағы жылдың 1-сәуiрiне дейiн алмаған жағдайда жабылуы мүмкiн, мұндай жағдайда шотта қалған қаржыны банк тиiстi бюджеттiң кiрiсiне өз еркiмен аудара алады.
      22. Шотты жабу, сол сияқты бюджет ұйымының атын өзгерту немесе ЖҚК-ның өзгеруi жайлы шот иесi шот жабылған күнге дейiнгi қаржы қалдығының көлемiн көрсететiн құжат сол сияқты банкке пайдаланылмаған чектерi бар чек кiтапшаларын, пайдаланылған чектердiң реттiк сандарын арызда көрсетiп, оның түптемелерiн қайтаруға тиiс. Бюджеттен тыс шот жабылған кезде шотта пайдаланбаған қаржы бола қалса шоттың иесi банкке осы қалдықты оның орнын басатын тұлғаның шотына немесе жоғарыдағы ұйымға, әйтпесе тиiстi бюджетке беру туралы төлем тапсырысын бередi.

     Ұйымның таратылуына байланысты бюджет шоты жабылған кезде жоғарыдағы 
абзацта көрсетiлгендегiдей шот жабылған күнгi сол бюджетте қалған қаржы 
туралы анықтама берiледi. Айналымның қорытындысы жасалған осы шот бойынша 
кассалық шоттар жылдың соңында жабылады.
     23. Банктегi шот жабылған соң банк үш күннiң iшiнде осы Нұсқаулықтың 
8-тарауында көрсетiлгендей, шот иесiне есеп құжаттарын берген тиiстi салық 
қызметi органдарына жазбаша түрде хабарлауға тиiс.

     Қазақстан Республикасы
     Қаржы министрлiгi Қазынашылық
     Департаментi директорының
     орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады