Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарының СЫНЫПТАМАСЫ (классификациясы)

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар Министрлiгi 13 тамыз 1997 ж. N 99 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 ақпан N 462 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 89 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 28.03.2013 № 89 бұйрығымен.

                   Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары
                      мен болжамдық ресурстарының
                              СЫНЫПТАМАСЫ
                           (классификациясы)
 
                           1. Жалпы ережелер
 
      1.1. Сыныптама Қазақстан Республикасының Су кодексiне, Республика Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Лицензия берiлуi туралы" заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес, табиғат қорғау және басқа да шектемелер талаптарын ескере отырып, жерасты суларының зерделенуi және кен орындарының одан әрі зерттелуi (зерттелiнуi) және пайдаланылу үшiн даярлану дәрежесi бойынша сол сулардың пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарын бағалау мен мемлекеттiк есепке алудың Қазақстан Республикасы бойынша бiрыңғай принциптерiн қолданады.
      1.2. Пайдаланылатын қорлар деген ұғым геологиялық-техникалық тұрғыдан негiзделген су қабылдағыш құрылыстар арқылы шығарып алуға болатын жерасты суларының көлемi; мұнда су пайдалану (шығару) берiлген жүргiде (режимде) және белгiлi жағдайларда жүргiзiлуi, ал судың сапасы есептi су тұтыну мерзiмiнде табиғат қорғау және суды белгiлi мақсатқа ұқсату талаптарын қанағаттандыруы шарт болып табылады.
      Болжамдық қорлар - бұл гидрогеологиялық аймақ, өзен алабы және әкiмшiлiк аудан шегiнде алуға болатын, сапасы мен жұмсалу мақсаттары белгiлi және пайдалану мүмкiншiлiгi ықтимал жерасты суларының көлемi.
      1.3. Пайдаланылатын қорлар ұқсату мақсатына (ауызсуы, техникалық, минералдық шипалы, жылу-энергетикалық, өнеркәсiптiк сулар) және өнеркәсiптiк тұрғыдан пайдаланудың ықтимал бағыттарына сәйкес жеке-жеке анықталып есепке алынады; қорларды есептеу кен орындарында жүргiзiлген гидрогеологиялық iздестiру-барлау және барлау жұмыстарынан, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған су қабылдағыш құрылыстарды пайдалану тәжiрибесiнен алынған деректер бойынша жүзеге асырылады.
      Жерасты суларының болжамдық ресурстары жалпы гидрогеологиялық тұжырымдар, аумақтық және аймақтық арнайы зерттеулер негiзiнде бағаланады.
      1.4. Мемлекеттiк геологиялық сараптамадан өткен жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстары Мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
      1.5. Басқа пайдалы қазбаларды өндiрумен, сондай-ақ жер қойнауын пайдалы қазбалар өндiруден тыс, басқа мақсаттарда пайдаланумен байланысты шығарып алынатын кәрiз (құрғату) және iлеспе сулардың пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстары, оларды онан әрі iске асыру мүмкiншiлiгiне, төгу (ағызып жiберу) және қоршаған табиғи ортаға тигiзген әсерiн бағалау қажеттiлiгiне сәйкес, Мемлекеттiк геологиялық сараптамадан өтуге және Мемлекеттiк есепке алынуға тиiс.
      1.6. Ауызсудың, техникалық және минералдық шипалы сулардың сапасы Мемлекеттiк және салалық қалыптарға (стандарттарға), су пайдаланудың техникалық шарттарына және су тұтынатын ұжымдардың талаптарына қарай бағаланады. Минералдық шипалы сулардың қажеттi сапалық көрсеткiштерiн (кондицияларын) денсаулық сақтау органдары тарапынан өкiлдiк алған ұжымдар бекiтедi.
      Ауыз суын iшу мен тұрмыста тұтынудан басқа мұқтаждыққа пайдалануға, әдетте, жол берiлмейдi, ол өте сирек жағдайда жер қойнауын реттеу, пайдалану және қорғау органдарының рұқсатымен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Орнатылған тәртiппен шипалы суға жатқызылған минералдық сулар ең алдымен емдеу мақсаттарында пайдаланылады, оларды басқа мақсатқа пайдалануға сирек жағдайда арнайы өкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар рұқсат етедi.
      Өнеркәсiптiк және жылу-энергетикалық сулардың сапасы, оларды кешендi пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау талаптарын сақтай отырып, осы суларды өндiру және өңдеу iсiнде ең ұтымды әрi тиiмдi әдiстердi қолдану негiзiнде әзiрленген қажеттi сапалық көрсеткiштерге (кондицияларға) сәйкес бағаланады. Экономикалық тұрғыдан негiзделген қажеттi сапалық көрсеткiштер (кондиция параметрлерi) орнатылған тәртiппен бекiтiледi.
      1.7. Жерасты суларының қорлары мен ресурстары текше (метр3/тәулiк) өлшемiмен саналып есепке алынады. Өнеркәсiптiк сулардағы негiзгi және iлеспе құраластар тоннамен бағаланады; бұл кен орнын есептi мерзiмде пайдаланғанда, суды өңдеу барысында болатын ысырапты есептемегенде, шығарылатын өнiм. Жылу-энергетикалық сулардың кен орындары бойынша, пайдаланылатын қорымен бiрге, кен орнының қуаты бағаланады (жылдық гигаджоуль, тонна шартты отын өлшемiмен).
      1.8. Осы сыныптама қолданылып жүрген заңдылық негiзiнде Қазақстан Республикасы аумағында жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарын зерделеу мен бағалауға байланысты гидрогеологиялық жұмыстар жүргiзетiн, иелiк ететiн меншенiң түрiне (меншiк иесiне) және идаралық (ведомстволық) қатыстығына қарамай, барлық ұжымдар үшiн мiндеттi құжат болып табылады.
      1.9. Бұл сыныптаманы әртүрлi мақсатта пайдаланылатын жерасты

 

суларының кен орындарына арнайы (қатысты, сәйкес) қолдану орнатылған

тәртiп бойынша бекiтiлген құқылық нормативтiк актылар арқылы жүзеге асады.


        2. Кен орындарының (телiмдердiң) зерделену (зерттелу) дәрежесi

                       бойынша топтары


     2.1. Зерделену дәрежесi бойынша жерасты суларының кен орындары

(телiмдерi) мынадай топтарға бөлiнедi:

     - игерiлгендер;

     - барланғандар;

     - бағаланғандар (айқынданғандар).


 
       2.2. Игерiлгендерге үнемi не үзiлдi-кесiлдi пайдаланылып тұрған жерасты суларының кен орындары (телiмдерi) жатады; олардың пайдаланылатын қорлары, судың сапасы мен көлемi, сондай-ақ су алыну жағдайлары жүргiлiк (режимдiк) бақылау деректерi, санитарлық-гигиеналық, су қорғау экологиялық тексерiстер (пайдалану барысындағы барлау) бойынша анықталған. Игерiлген кен орындарының (телiмдердiң) жерасты суларының қорлары А категориясы, кейбiр жағдайда В категориясы бойынша бағалануға тиiс.
      2.3. Барланғандарға өнеркәсiптiк тұрғыдан игеруге қосу тәртiбi мен шарттары туралы шешiм қабылдауға негiз болу үшiн жеткiлiктi дәрежеде зерделенген (зерттелген) кен орындары (телiмдер) жатады. Барланған кен орындарының (телiмдердiң) жерасты суларының қорлары В категориясы бойынша бағалануға тиiс.
      2.4. Бағаланғандарға (айқынданғандарға) нақтылы тұтыну қажеттiлiгi (сұранысы) немесе iрiленген техникалық-экономикалық есептеу негiзiнде өнеркәсiптiк маңызын және онан әрі барлауға тұратындығын негiздеуге болатындай дәрежеде зерделенген (зерттелген) кен орындары (телiмдер) жатады. Мұндай кен орындарының жерасты суларының қорлары С1 және С2 категориялары бойынша есептелуге тиiс.
 
             3. Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен
                    болжамдық ресурстарының категориялары
 
      3.1. Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары зерделену (зерттелу) дәрежесi бойынша игерiлгендерге (А және В категориялары), барланғандарға (В категориясы) және бағаланғандарға (С1 және С2 категориялары) бөлiнедi. Жерасты суларының болжамдық ресурстары негiзделу дәрежесi бойынша Р категориясы жатады.
      Қорлардың әр категориясы кен орындарын онан әрі зерделеуге (зерттеуге) және игеруге даярлау барысында жобалық шешiмдердiң белгiлi сатыларын орындау үшiн негiз болады.
      3.2. А категориясына жататын қорлар жерасты суларының барланған қорларының игерiлу дәрежесiн бағалау, су қабылдағыш құрылыстарын жаңарту жобасын жасау және пайдалану деректерi бойынша су пайдалану құқығын жаңа мерзiмге ұзарту үшiн қолданылады, олар төмендегi талаптарды қанағаттандыруға тиiс:
      - ұзақтығы жағдайлардың күрделiлiгiмен анықталатын пайдалану нәтижелерi бойынша есептелген (пайдалану барысындағы барлау), су қабылдағыштан алынатын су мөлшерi (көлемi) мен деңгейiнiң төмендеуi пайдалану және бақылау скважиналарында жүргiзiлген жүргiлiк (режимдiк) бақылаулардан алынған деректер бойынша анықталған;
      - олардың мөлшерi (көлемi) жұмыс iстеп тұрған су қабылдағыш арқылы нақтылы алынған су көлемiне тең; осы мөлшердiң (шаманың) келесi пайдалану мерзiмiнде сақталу мүмкiндiгi пайдаланылатын қорларды түзетiн негiзгi су көздерiн сан мөлшерiмен дәйектi бағалау арқылы жобалық есептеумен расталған;
      - жерасты суларының сапасы бүкiл пайдалану мерзiмiнде зерделенген (зерттелген) және суды, алдын ала дайындауда қолданылып жүрген әдiстердi ескере отырып, көздеген мақсатқа ұқсату талаптарын (стандарттарын, қажеттi сапалық көрсеткiштерiн) қанағаттандырады; оның бүкiл келесi пайдалану мерзiмiнде сақталу мүмкiндiгi расталған;
      - өнеркәсiптiк және жылу-энергетикалық сулардың технологиялық қасиеттерi оларды өңдеу және құнды құрылыстарды кешендi түрде өндiрiп алу үшiн ең ұтымды техникалық сызбаларды (схемаларды) таңдап алуды қамтамасыз етерлiктей мұқияттықпен зерделенген (зерттелген);
      - жұмыс iстеп тұрған және барланған су қабылдағыштарға және беттiк су көздерiне су алудан тиетiн әсер пайдалану тәжiрибесi бойынша сенiмдi түрде анықталған;
      - жерасты суларын алудың қоршаған табиғи ортаға тиетiн әсерi ретiмен әр дайым жүргiзiлген жүргiлiк бақылаулар нәтижелерi бойынша, қолданылып жүрген табиғат қорғау шараларының нәтижелiгiн анықтауға, және, қажет болса, қосымша, есесiн толтыратын, шараларды жобалап жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiндей дәрежеде бағаланған.
      3.3. В категориялары қорлар су қабылдағышты жобалау және жерасты суларын пайдалануға құқы беретiн құжаттарды ресми әзiрлеу үшiн негiз болып табылады; олар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиiс:
      - қалыптасқан су шаруашылық жағдайды, оның көзделген өзгерiстерiн, қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiнiң белгiленген тиiстi шектерiн ескере отырып, келiсiлген жоба тармақтарына (схемасына), су қабылдағыш құрылыстарының конструкциясына, берiлген су тұтыну мен су алу кестесiне (тәртiбiне) сәйкес есептелген;
      - қорларды есептегенде қабылданған скважиналардан шығатын жобалық су мөлшерiнiң күмәнсiздiгi бұрғылау және тәжiрибелiк-сүзгiлiк жұмыстардың нәтижелерiмен, оған қоса, жағдайлардың күрделiлiгiне қарай, жеке дара, шоғырланған, топталған, пайдалану-тәжiрибелiк скважиналардан су тарту барысында алынған деректермен расталған;
      - қабылданған пайдалану тармағына (схемасына) және алынатын су шамасына сәйкес жерасты суларының пайдалану қорларын түзетiн су көздерi сан мөлшерiмен бағаланған;
      - жерасты суларының сапасы барлық көрсеткiштер бойынша көздеген мақсатқа ұсату талаптарына сәйкес зерделенген (зерттелген); су тұтынудың есептi мерзiмiнде сулардың сапасы тұрақты болатындығы немесе талап қойылатын шектен шықпайтын шамада өзгеретiндiгi дәлелденген;
      - су қабылдағышты пайдалану, бақылау скважиналарының торын орнату және санитарлық тұрғыдан қорғау белдеулерiн негiздеу (ауызсу үшiн) туралы ұсыным-кеңес берiлген;
      - өнеркәсiптiк және жылу-энергетикалық сулардың технологиялық қасиеттерi суларды өңдеудiң немесе пайдаланудың технологиялық тармақтарын (схемаларын) жобалау үшiн жеткiлiктi алғашқы (бастапқы) деректер алуды қамтамасыз ететiндей дәйектiкпен (мұқиятпен) зерделенген; суларды кешендi түрде пайдалану және өнеркәсiптiк маңызы бар пайдалы құраластарды өндiрiп алу мүмкiншiлiгiн анықтайтын деректер алынған;
      - су тұтынудың есептi мерзiмiнде белгiленiп отырған су алудың жұмыс iстеп тұрған және барланған су қабылдағыштар мен жер бетiндегi су көздерiне тигiзетiн әсерi бағаланған;
      - кен орнын (телiмдi) пайдаланғанда қоршаған ортаға әсер ету мүмкiндiгi қарастырылған; пайдаланған өнеркәсiптiк, жылу-энергетикалық және минералдық шипалы суларды жiберу (төгу) жағдайлары анықталған; су алудың зиянды экологиялық салдарын болдырмауға немесе олардың деңгейiн төмендетуге арналған шаралардың жобасын жасау үшiн бастапқы деректер алынған.
      3.4. С1 категориялы қорлар жерасты суларының кен орындарын барлау керектiгiн негiздеу, сондай-ақ барлау жұмыстарының жобасын жасау үшiн арналады. Бiр қатар жағдайларда С1 категориялы қорлар жерасты суларын қажеттi кен орнын пайдалануға қосуға негiз бола алады, атап айтқанда:
      - В категориясын айқындау үшiн су қорларын қажеттi дәйектiлiкпен зерделеу үлкен және ақталмайтын шығын туғызатын күрделi гидрогеологиялық жағдайларда;
      - су тұтыну қажеттiлiгi көп емес (тәулiгiне 1000 м3-ге дейiн), аудан орталықтарынан басқа объектiлер, сондай-ақ минералдық суларды өндiру үшiн;
      Барлық жағдайларда кен орнының зерделенуi оны пайдаланғанда қоршаған табиғи ортаға тиетiн әсердi күмәнсiз бағалау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
      С1 категориялы қорлар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиiс:
      - кен орны не оның телiмдерi шегiнде су қабылдағыштың жобалық тармағына (схемасына) және белгiленген су тұтыну қажеттiгiне сәйкес есептелген;
      - қорларды есептегенде қабылданған есептiк су шығу мөлшерiнiң күмәнсiздiгi жеке скважиналарды бұрғылау және сынамалау, жағдайлардың күрделiлiгiне қарай, олардан қысқа мерзiмдi сынама және тәжiрибе ретiнде су тарту барысында алынған деректер бойынша негiзделген;
      - жерасты суларының пайдаланылатын қорларын түзетiн су көздерi су қабылдағыштың қабылданған шартты тармағына сәйкес жерасты суларын алу қамтамасыздығын бағалауға болатындай шамалы дәрежеде зерделенген;
      - жерасты суларының сапасы, сондай-ақ есептi мерзiмде су тұтыну барысында оның өзгеруi оларды белгiлi мақсатта пайдалану мүмкiндiгiн негiздейтiндей дәрежеде зерделенген;
      - өнеркәсiптiк және жылу-энергетикалық сулардың технологиялық қасиеттерi суларды ұтымды және кешендi пайдалану және пайдалы құраластарды өндiру үшiн бас бағытты өңдеу тармағын (схемасын) таңдап алуға қажеттi толықтықпен бағаланған;
      - су алу шарттары және оның қоршаған табиғи ортаға, жердiң асты мен бетiндегi су көздерiне тигiзетiн әсерi жерасты суларын пайдалану мүмкiншiлiгiн және геологиялық-экономикалық тұрғыдан керектiгiн (ақталатындығын) негiздеу үшiн, сондай-ақ табиғат қорғау шараларының басты бағыттарын анықтау үшiн жеткiлiктi дәрежеде зерделенген.
      3.5. С2 категориялы қорлар iздестiру жұмыстарының нәтижесi немесе жете зерделенген кен орындарына ұқсастық бойынша, сондай-ақ iздестiру-бағалау және барлау жұмыстары барысында бағаланған немесе барланған кен орындарының жоғарғы категориялы қорларына қоса есептеледi. Олар жерасты сулары кен орындарының пайдалану мүмкiншiлiктерiн бағалауға арналған.
      С2 категориялы қорлар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиiс:
      - жерасты сулары кен орындарының барлық аумағы бойынша су пайдаланудың шартты жалпыланған тармақтарының есептiк қуатына (өнiмдiлiгiне) сәйкес, сондай-ақ жерасты суларының балансы немесе гидрогеологиялық ұқсастық бойынша есептелген;
      - скважиналардың есептiк су бергiштегi iздеуге және картаға түсiруге арналған бiрен-саран скважиналарды сынамалау нәтижелерiмен негiзделген;
      - қорлардың түзiлу жағдайлары зерделенудегi кен орны шегiнде су алудың ықтимал мүмкiншiлiгiн бағалауды қамтамасыз етердей дәрежеде зерделенген;
      - су сапасы бiрен-саран сынама бойынша зерделенген, ол суды белгiлi мақсатқа жұмсау талаптарын қанағаттандырады;
      - су алу жағдайлары геологиялық-экологиялық тұрғыдан пайдалану салдарын және экономикалық тиiмдiлiгiн жалпы сипатта бағалау мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ететiндей дәрежеде зерделенген.
      3.6. Р категориялы болжамдық ресурстар - сапасы мен жұмсалу мақсаты белгiлi, шаруашылықта пайдалану үшiн болашағы бар, баға берiлiп отырған өнiм бергiш қабат шегiнен шығарып алуға болатын жерасты суларының мөлшерi (көлемi). Бұл ресурстар жерасты суларын пайдаланудың ықтимал мүмкiншiлiктерiн, мұның iшiндегi су тұтынушылардың жобаланған не шартты түрде орналасқан тармақтарына (схемаларына) сәйкес пайдалануын сипаттайды. Олар жерасты суларының кен орындарын ашуға болашағы бар аумақтарда iздестiру және барлау жұмыстарын жобалауға, сондай-ақ су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау тармақтарын, су шаруашылығы балансын жасауға негiз болады.
      Болжам ресурстар аймақтық геологиялық-гидрогеологиялық, гидрогеологиялық, су балансы, гидрохимиялық және геофизикалық зерттеулер нәтижесiнде, көбiне су ресурстарының түзiлу жағдайлары туралы жалпы теориялық қағидалар негiзiнде бағаланады.
 
                 4. Жерасты суларының пайдаланылатын қорларының топтары
 
      4.1. Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары игерiлу жағдайларына, сондай-ақ шаруашылық және экономикалық маңызына қарай екi топқа бөлiнедi, олар жеке-жеке саналып (анықталып) есепке алынуға тиiс.
      4.2. Баланстық қорлар. Оларды пайдалану қажеттiгi барлық геологиялық-экономикалық, технологиялық және тазалық-санитарлық факторларды ескере отырып, арнайы техникалық-экономикалық негiздеу деректерi бойынша анықталған, ал оларды пайдалану мүмкiншiлiгi табиғат қорғау мәселелерiн орнатылған заңды тәртiппен қарап, тексерiп отыратын республикалық және аймақтық органдар тарапынан расталған.
      Ауызсуы, техникалық және минералдық сулардың баланстық қорларын айқындауға (бөлуге, ажыратуға) тұтыну, емдеу және емге iшу үшiн анықталған су қажеттiлiгi, олардың сапасы стандарттар мен тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруы негiз болып табылады.
      4.3. Баланстан тыс қорлар. Олар су қабылдағыш жобасымен тiкелей байланыспаған, техникалық-экономикалық, технологиялық және экологиялық себептермен бағалау кезiнде пайдалануы қажет деп танылмаған қорлар. (Жердi иелiктен ажырату мүмкiндiгi жоқ, күрделi кен-геологиялық жағдайлар, табиғат қорғау шектемелерi, суды алдын ала даярлау немесе пайдалы құраластарды өндiрiп алу технологиясының болмауы, социалдық-экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) өзгеруi, беттiк ағымды реттеу қажеттiгi т.с.с.).
      Баланстан тыс қорлар оларды кейiннен пайдалануға қосу мүмкiншiлiгi, мұның iшiнде олардың мөлшерi мен сапасының сақталу мүмкiндiгi дәлелденсе, сондай-ақ суды өндiру, өңдеу және алдын ала дайындау техникасы мен технологиясын жетiлдiру мүмкiншiлiгi анықталса ғана саналып есепке алынады. Баланстан тыс қорларды есептегенде олар баланстан тыс тобына жату себептерiне қарай бөлiнедi (ажыратылады).
 
            5. Жерасты суларының пайдаланылатын қорларын пайдалану
                         (iске асыру) жағдайлары
 
      5.1. Жерасты суларының кен орындарын (телiмдерiн) өнеркәсiптiк тұрғыдан игеру А немесе В категориялары, ал кей жағдайда, 3.4 тармақтарына сәйкес, С1 категориялы қорлары негiзiнде жүзеге асырылады.
      5.2. Қорларды есептеу жөнiндегi материалдар мемлекеттiк геологиялық сараптама тарапынан тиiстi оң шешiм қабылданғанда, рұқсат етiлген құжаттама болғанда және уәкiлдiгi бар мемлекеттiк органдармен келiсiлген жағдайда жерасты суларының кен орындары жер қойнауын геологиялық тұрғыдан онан әрі зерделеу (зерттеу) немесе игеру үшiн берiледi.
      5.3. Мемлекеттiк геологиялық сараптама мынадай жағдайларда қайтадан жүргiзiледi;
      - геологиялық барлау жұмыстарын немесе пайдалану нәтижесiнде алынған деректер бойынша қорлар бiр категориядан екiншi категорияға ауыстырылғанда және су тұтынудың есептiк мерзiмi аяқталғанда;
      - кен орнын барлау және пайдалану барысында оның өндiрiстiк тұрғыдан бағалануына елеулi әсер ететiн және лицензия берiлу шарттарын бұзатын қосымша табиғи, экономиялық немесе экологиялық факторлардың айқындалуы, сондай-ақ қорларды есептегенде уақытта орын алған су шаруашылық, санитарлық және экологиялық жай-күйдiң өзгеруi;
      - баланстан тыс қорлардың баланстық қорларға ауыстырылуы;
      - сараптама тарапынан бұрын қабылданған қорлардың растанбауы;
      - пайдаланудағы кен орындарынан алынған су көлемi бекiтiлген қорлардың қосынды шамасынан 20%-тен астам артуы;
      - жерасты суларының сапасы жөнiнде қажеттi сапалық көрсеткiштердiң (кондициялардың), стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының қайта қаралуы, оларды пайдалану мақсатының өзгеруi, сондай-ақ пайдалы құраластарды бөлiп алу технологиясының түбегейлi өзгерiстерге ұшырауы.
      5.4. Өнеркәсiптiк игеруге қосылған жерасты суларының кен орындарында (телiмдерiне) олардың жай-күйi туралы мониторинг жүргiзiлуi тиiс.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады