«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 21-1-бабының 2-тармағына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрінің мынадай:
1) «Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары мен болжамдық ресурстарының сыныптамасы (классификациясы)» 1997 жылғы 13 тамыздағы № 99 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 462 тіркелген);
2) 1997 жылғы 13 тамыздағы № 99 (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 464 тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.К. Нұрабаев) бір апта мерзім ішінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және ресми баспа басылымдарына жіберсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
-Қазақстан Республикасының Индустрия
және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев