"Қазақстан Республикасы су көлігі қызметкерлеріне түнгі жұмыстары үшін қосымша еңбек ақы төлеу тәртібі туралы Ережелерді" бекіту туралы

Күшін жойған

Бекітілді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі 1998 жылғы 8 желтоқсан N 607 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 маусым N 558 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 723 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 29.10.2012 № 723 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілген 1997 жылғы 04.11. "Қазақстан Республикасы су көлігі қызметкерлеріне түнгі жұмыстары үшін қосымша ақы төлеу тәртібі туралы Ережесі" бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы су көлігі қызметкерлеріне түнгі жұмыстары үшін қосымша ақы төлеу тәртібі туралы Ереже" күшіне енгізілсін.

      Министр

Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникациялар министрлігі

Су көлігі департаменті

ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы су көлігі қызметкерлеріне
түнгі жұмыстары үшін қосымша ақы төлеу тәртібі туралы

      1. Жүзушілер құрамының қызметкерлеріне түнгі жұмыс уақыттарының әрбір сағаты үшін тарифтік сағат ставкасының (лауазымдық жалақының) 35% мөлшерінде қосымша еңбекақы төленеді.
      Түнгі жұмыс уақыты - кешкі сағ. 10-нан таңертеңгі сағ. 6-ға дейінгі уақыт болып есептеледі (Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сай).

      2. Тәулік бойы пайдаланылатын, өздігінен жүзу кемелерінің командалық құрамына түнгі уақыттарда вахта атқарғаны үшін Қазақстан Республикасы су көлігі кемелерінде қызмет ету туралы Жарғысымен белгіленген қосымша ақы төленеді.

      3. Тәулік бойы пайдаланылатын өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін кемелердің сменалық кезек атқаратын экипаж мүшелерінің түнгі вахталық жұмыс сағаттары үшін (олар үшін Қазақстан Республикасы су көлігі Жарғысымен нақтылы жұмыс уақыты белгіленбеген) вахта жүргізу кестесімен белгіленген қосымша ақы төленеді. Вахталық жұмыс-кестелері: командалық құрам үшін - кәсіпорынның, кеме иелерінің басшыларымен, ал қатардағы құрам үшін - кеме капитанмен (командирмен, шкипермен) бекітіледі.
      Аталмыш қызметкерлердің вахталық кестелерінде белгіленген түнгі жұмыс уақыттарындағы ең көп сағат саны N 1 Қосымшада келтірілген.

      4. Тәулік бойы пайдаланылмайтын кемелерде, мысалы, жүрдек жолаушы кемелерде экипаж мүшелерінің нақты түнгі жұмыс сағаттары үшін қосымша ақы төленеді.
      Осы кемелердегі өндіріс жұмыстарының кестелері: командалық құрам үшін - кәсіпорынның, кеме иесінің басшыларымен, ал қатардағы құрам үшін - капитанмен (командирмен, шкипермен) бекітіледі.

      5. Сменалық кезекте (вахтада) тұрмайтын командалық және қатардағы құрамның қызметкерлері өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттерін күндізгі уақытта орындайды және ереже бойынша, түнгі жұмыс сағаттарына тартылмайды. Кейбір жағдайларда, кеме капитанының (командирінің, шкиперінің) өкімі бойынша өндірістік қажеттілікке байланысты түнгі жұмысқа тартылған жағдайда, оларға нақты түнгі жұмыс сағаттары үшін қосымша ақы төленеді.
      Аталмыш қызметкерлердің толық күнтізбелік айдағы түнгі жұмыс сағаттарының уақыты: вахтаға тұрмайтын рульші - моториске - 60 сағаттан, сменалық кезекке (вахтаға) тұрмайтын өзге қызметкерлерге - 30 сағаттан аспауы тиіс.

      6. Тәулік бойы пайдаланылатын өздігінен жүзбейтін кемелерде, штаты бір немесе екі адамнан тұратын дебаркадерлер мен брандвахталарда Қазақстан Республикасы су көлігі кемелерінде қызмет ету туралы Жарлығына сәйкес вахта жүргізу тәртібі кеменің нақты жұмыс жағдайын ескере отырып, шкипермен белгіленеді. Бұл жағдайда, толық күнтізбе айдағы шкипердің түнгі жұмыс уақыты 90 сағаттан, матростікі 30 сағаттан аспауы тиіс.

      7. Нормалы жұмыс күні бар экипаж мүшелерінің түнгі уақытта қосымша ақы төленетін қауырт жұмыстарды атқарған кезде, қосымша төлем лауазымдық жалақы есебінен (бір жарым немесе екі есе өсірілмей) төленеді.
      Экипаж мүшелерінің түнгі уақытта апат жұмыстарын атқарғаны үшін оларға белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығынан артық түнгі сағаттарға қосымша төлем жасалмайды.

      8. Түнгі жұмыс уақыттарында штат қызметкерлері жетіспеген жағдайда қосымша төлем жетіспеген қызметкердің лауазымдық жалақысы есебінен (10% асырмай) жүргізіледі.

      9. Жүзушілер құрамы қызметкерлерінің түнгі жұмысындағы қосымша төлемінің сағаттық тариф ставкасын анықтау үшін лауазымдық айлық жалақыны осы айдың күнтізбесі бойынша жұмыс сағаттарының санына бөлу жолымен есептейді.

      10. Түнгі жұмысты есепке алу жалақы туралы кеме журналының "Жұмыс уақыты мен демалыс күндерді есептеу табелі" бойынша жүргізіледі. Қосымша ақы төленетін түнгі уақытта істелген сағат саны күнтізбелік тәулік ішінде нақты жасалған жұмыс уақытының қорытындысы ретінде "Нақты негізде жасалды" деген жолға жазылады. Үш сменалық жұмыста "Негізгі қызметі жөніндегі" 1 бөлімде әрбір жұмыс күні үшін капитанға 8/4, штурманға 8/2 және т.б. қойылады. Бір айдағы түнгі жұмыс сағаттарының жалпы саны нақты жұмыс атқарылған уақыттың қорытындысы ретінде "жиыны" графасына жазылады.

      11. Осы Ережеге сай түнгі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы экипаж мүшелеріне кемелердің пайдалануда болған кезеңінде, кемелерді жөндеуге қоюға әзірлеуде, тоқтатуға немесе бұзылудан сақтау кезеңдерде төленеді.
      Кәсіпорындарда (ұйымдарда) кемелерді судан шығарарда және жүзушілер құрамының жұмысшыларын пайдалануда, жөндеуде және флотты тоқтатуда немесе басқа жұмыстарда түнгі жұмыс уақыты үшін төленетін қосымша ақы осы кәсіпорындардың (ұйымдардың) қызметкерлер үшін белгіленген мөлшерде жүргізіледі.

      12. Су көлігі кәсіпорындары мен ұйымдарында екі және үш смендік ауысумен жұмыс атқаратын жұмысшыларға, шеберлерге, учаске және бөлімшелер басшыларына, мамандар мен қызметшілерге мыналар қосымша төлемдер белгіленсін:

      а) тиесілі сменінің әрбір сағаты үшін кешкі смендегі жұмысқа - сағаттық тариф ставкасының 20 проценті, ал түнгі смендегі жұмысқа - сағаттық тариф ставкасының 40 проценті. Көрсетілген қосымша төлемдер түнгі смендегі жұмыстың ұзақтығы (кешкі 10-нан таңертеңгі сағат 6-ға дейін) 50 проценттен кем болмаған жағдайда төленеді. Осындай төлемдер түнгі жұмыс үшін төленетін қосымша жалақының орнына енгізіледі.

1 Қосымша   

Экипаж мүшелерінің кемелерде тәулік бойы жұмыс
істеген кезінде белгіленетін вахталық кестелері бойынша
түнгі жұмыс сағаттарының максимальды санының
НОРМАТИВТЕРІ

      1. Кемелердің командалық құрамы (Команда құрамы үшін вахта
       жүргізу уақыты Қазақстан Республикасы су көлігінде қызмет
           ету Жарғысымен анықталған кемелерден басқаларына) ____________________________________________________________________
     Штат бойынша          |          Барлық жұмысшылардың бір      
     жұмысшылардың саны    |     тәуліктік түнгі жұмыс сағаттарының                              |              максимальды саны
___________________________|________________________________________
             3             |                        8      
             4             |                       10             
___________________________|________________________________________

             2. Флоттың барлық түрлерінің қатардағы құрамы
              (өздігімен жүрмейтін кемелер, дебаркадерлер
                    және брандвахттардан басқалары) ____________________________________________________________________
       Штат бойынша        |          Барлық жұмысшылардың бір
    жұмысшылардың саны     |     тәуліктік түнгі жұмыс сағаттарының
                           |              максимальды саны
___________________________|________________________________________
             2             |                        4              
             3             |                        8
             4             |                       10
             5             |                       12
             6             |                       16
             7             |                       18
             8             |                       20
             9             |                       24
            10             |                       26
            11             |                       28
            12             |                       32
___________________________|________________________________________

       3. Шкиперлер, шкиперлердің көмекшілері және өздігінен
         жүрмейтін кемелердің матростары, дебаркадерлер мен
                     брандвахттар

_____________________________________________________________________
|        Штат бойынша        |          Барлық жұмысшылардың бір    |
|     жұмысшылардың саны     |   тәуліктік түнгі жұмыс сағаттарының |
|                            |         максимальды саны             |
|____________________________|______________________________________|
|              3             |                        8             |
|              4             |                       10             |
|              5             |                       12             |
|              6             |                       16             |
|____________________________|______________________________________|

      Ескерту: Бір тәуліктік түнгі уақыттағы жұмыс сағатының максимальды саны, бірыңғай функцияларды орындайтын әрбір жұмысшылар тобы үшін белгіленген (мысалы: командир және оның көмекшілері, рульдегілер, мотористер және басқалары).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады