Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 723 бұйрығы

      Қазақстан Республикасының нормативтік қүқықтық актілерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Н.Б. Есембаева) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

Қосымша       
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің   
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 723 бұйрығына 

Күші жойылған деп танылатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелердегі команда құрамын дипломдау туралы Ереже», «Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында пайдаланылатын өздігінен жүзетін кемелер мен жер снарядтарындағы команда құрамын дипломдау жөніндегі біліктілік комиссиялар туралы Ереже», «Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Кеме қатынасы мен теңізде жүзу қауіпсіздігінің Бас инспекциясының қызметкерлерімен кемелерге бақылау жүргізудің тәртібі туралы Нұсқаулық» бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 1995 жылғы 26 қазандағы № 210 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімде нормативтік құқықтық акті № 566 тіркелді).
      2. «Қазақстан Республикасы Су көлігі қызметкерлеріне түнгі жұмыстары үшін қосымша еңбек ақы төлеу тәртібі туралы ережелерді» бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1997 жылғы 8 желтоқсандағы № 607 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімде нормативтік құқықтық акті № 558 тіркелді).
      3. «Республикалық қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар мен су көлігі мекемелерінің кемелеріндегі жүзу құрамы үшін азық-түлік шығынының нормалары туралы» Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің 1998 жылғы 10 наурыздағы № 54 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімде нормативтік құқықтық акті № 559 тіркелді).
      4. «Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында жүзу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 1999 жылғы 30 қарашадағы № 849-1 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімде нормативтік құқықтық акті № 1009 тіркелді).
      5. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1995 жылғы 26 қазандағы № 210 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 167-1 бұйрығы (Мемлекеттік тіркеу тізілімде нормативтік құқықтық акті № 3660 тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады