Ақтөбе облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына қосымша өзгертулер енгізу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облыстық мәслихаты және облыс әкімінің кезектен тыс сессияда қабылдаған 1997 жылғы 30 мамырдағы N 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 29 желтоқсанда N 16 тіркелді.

      Ескерту. Шешімінде орыс тілінде "с. Комсомольское" сөздері "село Комсомольское" сөздермен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың пiкiрлерiн, аудандардың ономастикалық комиссияларының қорытындыларын ескере отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкiмi ШЕШIМ ЕТТI:

      Қазақстан Республикасы Үкiметiне Ақтөбе облысының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс енгiзiлiп, жекелеп айтқанда:

      1. Ленин ауданының орталығы Батамша поселкесi болып, Қарғалы ауданы атауы берiлсiн.

      2. Октябрь ауданы Мұғалжар ауданы болып, орталығы ретiнде Октябрьск қаласы белгiленсiн.

      3. Бөгеткөл ауданы Әйтеке би ауданы болып, орталығы ретiнде Комсомольское ауылы белгiленсiн.

      4. Октябрь ауданының орталығы - Октябрьск қаласы Қандыағаш қаласы болып өзгертiлсiн.

      Облыстық Мәслихат
хатшысы
Облыс Әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады