Жұмыстық сынау мерзімін өткізу және ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 462 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 21 сәуірдегі № 1 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қосымша әлеуметтік қорғауға мұқтаж және тұрақты жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Облыста жұмыстық сынау мерзім енгізілсін /тұрақты жұмысқа орналастыру кезіндегі сынау/.

      2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыстық сынау мерзімін өткізетін кәсіпорындар тізбесін бекітсін/.

      3. Жұмыстық сынау мерзімі туралы уақытша ереже бекітілсін /қоса беріліп отыр/.

      4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы 1997 жылдың бірінші және екінші жартыжылдық қорытындысы бойынша жұмыстық сынау мерзімін ұйымдастыру мен өткізу барысы туралы хабарлама тапсырсын.

      5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Нұрғисаевқа жүктелсін.

      ӘКІМ Б. САПАРБАЕВ

  Облыс әкімінің
  1997 жылғы 1 көкек
  № 462 шешімімен
  бекітілген

Жұмыссыздарға арналған /еңбекке орналастыру кезіндегі/ сынау мерзімі туралы

УАҚЫТША ЕРЕЖЕ

      Осы ереже қосымша әлеуметтік қорғауды қажет ететін, тұрақты жұмыс іздеуде қиындық көретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға көмек көрсету мақсатында әзірленді. Ереже Қазақ ССР-нің Еңбек туралы заңдар/кодексінің 22-24 баптары және "Халықтың жқмыспен қамтылуы туралы" Заңның 5, 9, 11, және 15 баптары негізінде дайындалды.

      1. Жұмыстық сынау мерзімі жұмысшының бос жұмыс орнында /вакансия/ оған тапсырылған жұмысқа сәйкес келуін тексеру болып табылады. Кәсіпорынға жұмыстық сынауға ұзақ уақыт /3 айдан кем емес/ жұмыспен қамтау орталықтарында есепте тұратын және еңбек нарқында бәсекеге түсу қабілеті төмен, жұмысқа орналасуда қиындық көретін тұрғындар/ тобына жататын жұмыссыздар жіберіледі.

      2. Жұмыстық/сынау мерзімі бос жұмыс орны /вакансия/ туралы мәлімет және жұмыссыз, жұмыс беруші және жұмыспен қамту қызметі арасындағы, онда иелісуші жақтардың міндеттемелері, орындалу мерзімі, жұмыс түрлері, ақы төлеу жағдайы және келешекте жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері алдын-ала ескерілген үш жақты келісім шарт негізінде ұйымдастырылады /қоса беріліп отыр/.

      3. Егер де сынау мерзімі кезінде жұмысшы өз міндеттерін біліктілікпен орындаса және жұмыс беруші тарапынан ескертпелер болмаса, ол сынаудан өткен болып есептеледі және кәсіпорынға тұрақты жұмыскер есебінде бекітіледі. /Қазақ КСР-і, ЕЗК-і 24 бап/.

      4. Біліктілігін арттыру, болмаса қосымша мамандық алу қажеттігі болған жағдайда жұмыспен қамту қызметі Жұмыспен қамтуға көмектесу қоры қаржысы есебінен белгіленген тәртіп бойынша қосымша жасалған шарт негізінде оқу орындарында, болмаса сол кәсіпорында кәсіби оқуды ұйымдастырады.

      5. Жұмыс беруші сынау мерзімін өтеп жүрген жұмыскерді дәлелді себепсіз және жұмыспен қамту қызметінің келісімінсіз жұмыстан босатуға құқы жоқ.

      6. Жұмысшылар сынау мерзімін өтеп жүрген кезінде еңбек заңдылық нормаларын және кәсіпорынның ішкі тәртібі ережелерін сақтауға міндетті.

      Жұмыс берушілер техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау ережелерінің еңбек және жұмыспен қамту заңдылықтарының сақталуына жауапты.

      7. Жұмысшылар кәсіпорында сынау мерзімін өтеп жүрген кезінде нақтылы орындаған жұмысы бойынша, осы кәсіпорындағы пайдаланып жүрген тариф негізінде жалақы алады. Бейімделу мерзімінде /3 айдан артық емес/ жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы мөлшерінде жұмыспен қамтуға көмектесу қоры қаржысынан ішінара қаржыландырылады.

      8. Жұмыссыздар үшін жұмыстық сынау мерзімін қаржыландыру жұмыс берушілер және Мемлекеттік жұмыспен қамтуға көмектесу қоры қаржысы есебінен жүргізіледі. Жұмыспен қамтуға көмектесу қорының осы мақсатқа бөлінген қаржысынан салық алынбайды, одан әлеуметтік қамсыздандыру қорына ақша аударылмайды /жұмыспен қамту туралы Заңның 22 бабы/. Жұмыстық сынау мерзімін өтеуге бағытталған Жұмыспен қамтуға көмектесу қоры қаржысын жұмыс берушілердің /кәсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің/ қарыздарын өтеуге және басқада мақсатқа жұмсауына тыйым салынады.

      9. Жұмыссыздар үшін жұмыстық сынақтан өтуді ұйымдастыру туралы осы ереженің сақталуына бақылау жасауды касіпорын әкімшілігі мен жұмыспен қамту қызметі іске асырады. Осы жұмыстардың жүргізілуіне тікелей бақылауды жұмыспен қамту қызметінің мемлекеттік инспекциясы іске асырады, ол өз құзырына сәйкес кәсіпорындарды тексеруді, сондай-ақ жұмыстық сынау мерзімін өткізуге қатысатын жақтардың арасында болатын талас мәселелерді қарайды.

      10. Бұл ереже Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы заңның және Еңбек туралы заңдар кодексінің жаңа редакциясы қабылданғанға дейін қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады