Облыста жер учаскелерін және тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөнінде аукцион ұйымдастыру және өткізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 14 cәуірдегі № 475 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 21 мамырда № 2 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" Заң күші бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 "Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, жерді ұтымды және тиімді пайдалану, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту, бюджетке қосымша қаржы түсуді ынталандыру, жер учаскелерін беру кезінде жариялылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жерге инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі нақты кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Облыс, қала, аудан, поселке әкімдерінің мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сату жөніндегі өкілдік міндеттері /мүддесін ұсынуға құқық беру/ облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетіне және оның жергілікті аумақтық органдарына жүктелсін.

      2. Облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетке:

      2.1. Сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық комитетпен бірлесе отырып аукциондық саудада сату үшін коммерциялық мәні бар жер учаскелерінің және тұрақты жер пайдалану құқығының тізімін дайындау және оны облыс, қала, аудан, поселке әкімдеріне бекітуге үсыну;

      2.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекітілген "Мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін немесе тұрақты жер пайдалану құқығын сатып алу-сату тәртібімен қатаң сәйкестендіріп сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу;

      2.3. Өкімдік және нормативтік-құқықтық құжаттарды облыс, қала, аудан комитеттер мен бөлімдерінде бірінші кезекте келісуді және рәсімдеуді, олардың бір-біріне бағынысты мекемелер жүйесінің сатыларынан өту мерзіміне бақылау қою;

      2.4. Келісім сауда-саттыққа жол бермеу және бәсекелестік дамыту мақсатында жер учаскелерімен тұрақты жер пайдалану құқықтарына балама жарнама кампанияларын жүргізу құқығы берілсін.

      3. Аудан, қала әкімдері облыстық жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетіне, оның жергілікті жерлердегі аумақтық органдарына жер сауда-саттық аукциондарын өткізуге көмек көрсетсін.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы С. НҰРГИСАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады