Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Қазіргі уақытта облыста Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Жоғары білім туралы" Заңдарына сәйкес М. Шоқай атындағы экологиялық университеті, дербес "Сейхун" институты, есеп-сауда колледжі, коммерция техникумы жұмыс істеуде. Жеке азаматтардың және еңбек ұжымдарының құрылтайшылығымен 1992-96 жылдары аралығында ашылған осы оқу орындарында бүгінгі күні 1360 студент әртүрлі мамандықтар бойынша білім алуда. Оларға 100-ге жуық оқытушы дәріс береді.
Мемлекеттік емес оқу орындары облыстық әділет басқармасы арқылы мемлекеттік тіркеуден өткен білім қызметін жүргізу құқын беретін лицензиялары бар. Мемлекетті емес жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқу мерзімі 1 жыл 10 айдан 5 жылға дейін, олар экономист, маркетолог, бухгалтер және мұғалімдердім даярлайды.
Оқу процесінде студенттердің аналитикалық, шығармашылық қабілетін дамытуға баса назар аударылған. Емтихан, сынақ, бақылау жұмыстары тест жүйесі бойынша ұйымдастырылып, студенттердің теориялық білімдері ай сайын аттестациялаудан өткізіледі. Мемлекеттік емес оқу орындары педагогикалық ұжымдары студенттерге білім беруде бірқатар нәтижелерге жеткен.
Алайда, мемлекеттік емес оқу орындарының оқу-тәрбие жұмыстарында барлығына тән ортақ кемшіліктер де баршылық
Оқу орындарының оқу-материалдық базалары, оқу ғимараттары жоқ. Оқытушылар саны штатта көрсетілгеннен аз, олардың арасында ғылыми дәрежесі бар оқытушылар көп емес. Кадрлар күрделі қаржы аса көп жұмсалмайтын мамандықтар бойынша даярлануда. Облыстың қажетті мамандарды даярлауға деген талап-тілегі ескеріле бермейді. Соның салдарынан осы оқу орнын бітіргендерді еңбекке орналастыру үлкен проблемаға айналуда.
Оқу процесінде жүйесіздік бар. Арнайы жабдықталған аудиториялар және оқуға қажетті көрнекі құралдар мен ғылыми-әдістемелік оқулықтар қоры жеткіліксіз. Бұл оқу орындары мемлекеттік білім мекемелерімен жалпы, кәсіби және әдістемелік тұрақты қарым-қатынас жасамайды.
Облыстағы мемлекеттік емес оқу орындарының білім берудегі жұмыстарын қолдау және одан әрі дамыту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Үкіметтің білім жүйесін реформалау туралы құжаттарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік емес оқу орындарына:
- аймақты қажет етуіне сәйкес мамандықтар номенклатурасын қайта қарау және өзгерту;
- оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту олардың оқу-әдістемелік және тәрбиелік әлеуетін күшейту;
- ғылыми-педагогикалық кадрлардың сапалық құрамына ерекше назар аудару ұсынылсын.
2. Облыс әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі /Ж. Жонтаева/ Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің мамандары мен оңтүстік аймақтық ректорлар Кеңесінің тәуелсіз сарапшыларын шақырып, мемлекеттік емес оқу орындарындағы білім берудің деңгейі мен сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкес келуін жан-жақты зерттеу, іс жүзінде оқу-әдістемелік көмектер көрсету жұмыстарын ұйымдастырсын.
3. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет /С. Қалиев/ жекеменшік жоғары және арнаулы орта оқу орындарының мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан босаған ғимараттарды сатып алуына немесе кейіннен төлейтін етіп жалға алуына көмектессін.
4. Ы. Жақаев атындағы политехникалық институты /Қ. Бейсенов/ келісім-шарт бойынша Қызылорда есеп сауда колледжін "үздік" бағаға бітірген студенттердің мамандықтарына сәйкес білім алуын жалғастыруына мүмкіндік жасасын.
5. Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бойынша /Ж. Жонтаева/ облыстағы мемлекеттік емес оқу орындарына қолдау және дамыту туралы бағдарлама дайындап, оның орындалуын қамтамасыз етсін.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Г. Алтынбековаға жүктелсін.
Әкімінің міндетін атқарушы | С. Нұрғисаев |