Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 6 маусымдағы № 504 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 06 маусымда № 12 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 мамырдағы № 889 "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтіру туралы" қаулысын орындау үшін және тұтынушылардың құқын сақтау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Қызылорда қаласы мен аудандар әкімдері:

      - облыс әкімі аппараты өкілдерінің тұратын баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттің, стандарттау, метрология және сертификаттау органдарының, құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының, коммуналдық мекемелер, пәтерлердің меншік иелерінің ассоциациясы мен пәтерлердің меншік иесі кооперативтері өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылсын және он күн мерзім ішінде есептеу құралдарының көрсеткіштеріне сәйкес коммуналдық қызмет көрсетулердің нақты тұтынылуын айқындау жөнінде жұмыс жүргізсін, тұтынудың жаңа нормаларын енгізсін және орындалғаны туралы облыс әкіміне баяндасын;

      - 1997 жылдың 1 қазанына дейін коммуналдық қызмет жабдықтаушылар есебінен /жеке-суық су мен газ бойынша, ұжымдық-жылу және ыстық су бойынша/, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі үстіміздегі жылдың 29-30 сәуірінде тендердің шешімдерін басшылыққа ала отырып, есептеу құралдарының отандық өндірушілеріне артықшылық беріп, бюджеттік ұйымдар мен тұрғындар үшін есептеу құралдарын сатып алу мен орындауды қамтамасыз етсін;

      - коммуналдық қызметті тұтынуды есептеу құралдарын орнату кестелері бекітілсін;

      - есептеу құралдары орнатылғанға дейін 1997 жылдың 1 мамырынан бастап есептеу құралдары бойынша есептелген орташа нақты тұтыну көрсеткіштерінің негізінде әзірленген жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларына кэффициенттерді енгізсін;

      - коэффициенттерді енгізумен бір уақытта коммуналдық қызмет көрсетулер үшін төлемдер бойынша тиісті қайта есептеу жүргізуді қамтамасыз етсін;

      - пәтерлердің меншік иелері кооперативтермен бірлесіп есептеу құралдарының құнын кезең-кезеңімен өтеудің шарттары мен кестелерін айқындасын;

      - коммуналдық қызмет көрсетулерді берушілер арасында бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау және жылу мен судың ысырабын азайту жөнінде тиісті шаралар қабылдасын;

      - пәтерлердің меншік иелері кооперативтері ассоциациясының және пәтерлердің меншік иелері кооперативтерінің есептеуіне құралдар мен шағын қазандықтарды орнату жұмыстарына жеке тұрғындардың қаражатын тарту жұмыстарын жандандырсын.

      2. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтықкомитеті екі күн мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар назарына коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтыну нормаларына олардың есептеу құралдары арқылы айқындалған нақты тұтынылуына сүйене отырып, коэффициеттер есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептелген коммуналдық төлемдерді қайта есептеу әдістемесін /бұқаралық ақпарат құралдары арқылы/ жеткізетін болсын.

      3. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетті, энергетика және коммуналдық шаруашылық мекемелерінің басшыларына /Ж. Пірімов, Ж. Көшербаев, А.Дулыбаев, К. Иманбаев, Б.Есенов, К.Баймаханов, А.Жүргенбаев и. Назаров/;

      - бір ай мерзім ішінде шығатын өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар құрамын қайта қарап, оларды азайтудың шараларын және ыстық, суық суға, канализацияға, жылуға, газ бен электр энергеиясына қазіргі кезде қолданып жүрген тарифтер қайта қаралсын;

      - тез арада дебиторлық қарыздардың қысқартылуын қамтамасыз етіп, қажетті шаралар қолдансын;

      4. Облыстық құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс салу басқармасының бастығы /К. Баймаханов/, баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитеті төрағасының міндетін атқарушы /Н.Пірімов/ бір ай мерзім ішінде жергілікті атқарушы органдардың тиісті елді мекендерде есептеу құралдарын орнатуды ұйымдастыру жөніндегі жұмысын тексерсін. Тексеру нәтижелері туралы облыс әкіміне баяндасын.

      5. 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызмет көрсетулер үшін /суық және ыстық су, жылу/ ақы алу есептеу құралдарының көрсетуі бойынша жүргізілетін болсын.

      6. Облыстық сертификаттау және стандарттау, метрология орталығы / А. Әмірғалиев/ 1997 жылдың 1 шілдесіне дейін облыста есептеу құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізуге арналған тіркелген сынақ лабораторияларын құру жөнінде шаралар қабылдасын және оларды салыстыруды ұйымдастырсын.

      7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ф. Фаткульдиновке жүктелсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады