Төменгi бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 10 маусымдағы № 505 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 13 маусымдағы № 13 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 619 қаулысына сәйкес және "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 1737 қаулысының 3-тармағын орындау үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған төменгі бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу тәртібі бекітілсін.

      2. Аталған Тәртіп Қызылорда арнайы экономикалық аймағына да қолданылады деп белгіленсін.

      Әкім Б. Сапарбаев

  Облыс әкімінің
  1997 жылғы 10 маусымдағы
  № 505 шешімімен
  бекітілген

Төменгі бюджеттерге ресми трансферттер (субвенциялар) бөлу

ТӘРТІБІ

      1. Осы Тәртіп облыстық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарга бөлінетін ішкі ресми трансферттердің (субвенциялардың) (бұдан әрі-трансферттер) нысанасын, сондай-ақ оларды беру тетігін айқындайды.

      2. Объективті себептер бойынша артта қалган аймақтарда әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілді ең аз деңгейін қамтамасыз ету, сондай-ақ нысаналы жалпымемлекеттік бағдарламаларды аудандық (қалалық) бюджеттерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін трансферттер түріндегі қаржыландыру тетігі қолданылады.

      3. Төменгі тұрған бюджеттерге облыстық бюджеттен субвенция түрінде берілетін трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешімімен, олардың нысанасы – осы Тәртіппен айқындалады.

      4. Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстарының хаттауын жасау кезінде инфляция деңгейін және нысаналы бағдармаларды іске асыру мерзімін ескере отырып, трансферттерді айлар бойынша бөледі.

      5. Облыстық қаржы басқармасы облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстарының бекітілген хаттауына сәйкес трансферттердің нысанасын айқындайтын басқарма бастығының өкімі бойынша оларды жергілікті бюджеттерге аударады.

      6. Трансферттер жергілікті бюджеттерге мынадай көрсеткіштердің жай-күйіне байланысты беріледі:

      жалпымемлекеттік салықтар мен алымдар жөніндегі жоспарлардың жыл басынан бастап орындалуы;

      жергілікті бюджеттерге бекітілген салықтар мен алымдар бойынша жоспардың жыл басынан бастап орындалуы;

      өткен айлармен салыстырғанда барлық салықтар мен алымдар бойынша түспеген төлемдердің сомасының өзгеруі және т. б.

      Әр аудан бойынша көрсеткіштердің нақтылы тізбесін және тетігін олардың қолдану облыстық қаржы басқармасы экономика және сауда басқармасымен келісе отырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін, сондай-ақ ерекшеліктерін ескере отырып белгілейді.

      7. Трансферттер белгіленген тәртіппен секвестрлеуге жатады.

      8. Облыстық қаржы басқармасы бөлінген трансферт сомаларының мақсатқа сай пайдаланылуына тоқсан сайын талдау жүргізеді және мақсатқа сай пайдаланылмауы фактілері анықталған жағдайда трансферттерді бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды анықталған тәртіп бұзушылық сомасының көлемінде жұмсауға тиым салуға құқылы.

      9. Облыстық қаржы басқармасы ай сайын облыс әкіміне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне аудан бюджеттеріне бөлінген трансферттер көлемі туралы ақпарат беріп отырады.

      10. Аудан бюджеттеріне трансферттер түрінде белінген бюджет қаражатының максатқа сай және тиімді пайдаланылуына бақылауды қаржы бақылау басқармасы жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады