Ескерту. Мемлекеттік тіркеу бұзылды - мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ретінде Қызылорда облыстық Әділет департаментінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 2/3455 НҚА мемлекеттік тіркеуді бұзу туралы қорытындысымен (1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңының 38-бабы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17 сәуірдегі № 570 "Пәтер иелерінің тұтыну кооперативтерінін қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және пәтер иелерінің кооперативтерінің табысты дамуына жағдайлар жасау мақсатында ШЕШЕМІН ЕТЕМІН:
1. Аудан мен Қызылорда қаласының әкімдері тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын реформалау мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстардағы кемшіліктерге назар аударсын.
2. Аудан мен Қызылорда қаласынын әкімдері және құрылыс тұрғын үй мен аумақтарда құрылыс салу басқармасының тұрғын үй коммуналды-шаруашылық бөлімі /Ахметов Т./ жиырма күн ішінде жеке пәтер тұтынушы кооперативтеріне тұрған үйлердің инвентарлық іс қағаздарымен қоса үй іші желісінің жобалау сметасы құжаттарын тегін беру шараларын қарастырсын:
мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитетімен келісе отырып, 3 ай мерзім ішінде белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үйлердегі мемлекеттік ұйымдардың пайдаланып отырған бөлмелерінен басқа, жекешелендірілмеген тұрғын үй емес үй-жайлар тұтыну кооперативтеріне мүлкін алу құқынсыз берілсін.
3. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі аумақтық комитет тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайларды жалға алған жалгерлермен жасалған шарттарға жалгерлердің тұрғын үйді күту-ұстау жөніндегі шығының тұтынушы кооперативтерімен бірлесіп өтуі жөнінде шаралар қабылдансын, ал жасасқан шарттар бойынша тиісті толықтырулар енгізсін;
тұтыну кооперативтерінің қызметкерлерін орналастыруға қажетті баспананы жалға алу шартындағы белгіленген тарифтік көрсеткіш бойынша бөлінуіне жәрдем көрсетсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ф.Х.Фаткульдиновке жүктелсін.
Әкім | Б. Сапарбаев |