Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 9 қаңтардағы № 31 "Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту шаралары туралы" қаулысына және облыс әкімінің 1996 жылғы 13 сәуірдегі № 181 шешімімен аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне, облыстық басқармалар, комитеттер мен ведомстволар басшыларына бюджеттік мекемелердің желісі мен адам сандарын реттеу және оңтайландыру жүктелді. 1996 жылы облыстық білім, денсаулық, мәдениет басқармаларының басшылары, аудан және Қызылорда қаласы әкімдері бұл жұмысты өз деңгейінде қамтамасыз етпеді, оның ішінде қаулымен белгіленген штаттық бірліктерді қысқарту проценттері сақталмады. Қармақшы, Тереңөзек аудандық білім бөлімдеріне оңтайландыру жұмыстары жыл бойына, Жаңақорған, Шиелі және Сырдария аудандарында 1996 жылдың тек желтоқсан айында жүргізілмеді. Қорытындысында бұл аудандарда бюджет қаржысы үнемделмеді. Үстіміздегі жылдың наурыз айында облыстық әкімшіліктің құрған облыстық комиссияның ықпалымен ғана аудан және Қызылорда қаласында бюджеттік мекемелердің желісін оңтайландыру өз деңгейінде жүргізіліп, жалпы сомасы 694 млн.теңге бюджет қаржысы үнемделді, оның ішінде еңбекақы қоры 411 млн.теңге. Дегенмен, облыс бойынша бюджеттік мекемелерге әлі де жыл соңына дейін 947 млн.теңге қаржы жетіспейді. Елеулі көлемдегі қаржы жыл аяғына дейін еңбек ақыға білім саласында жетіспейді. Бұл сома Қармақшы ауданында 63 млн., Шиелі - 38 млн., Сырдария - 31 млн., Жаңақорғанда - 30 млн., Жалағаш және Арал аудандарында 28 млн., Қазалыда - 27 млн., Қызылорда қаласында - 189 млн.теңге құрады.
Облыста, осындай жағдайларға қарамастан бюджет қаржысын басқа артық шығындарға жұмсау орын алуда. Мемлекеттік органдарда қызметтік автокөліктерге белгіленген лимиттер, қызметтік ғимараттар көлемі және телефондарды қолдану нормативтері сақталмайды. Құқық қорғау органдары мән әскери комиссариат аппараттары мен мемлекеттік органдарының артық ұстап отырған 8 мың шаршы метр, 140 астам төлефонды, лимиттен артық 24 жеңіл автокөліктерге бір жылда барлығы 18,8 млн.теңге бюджет қаржысы шығындалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" және "Қызылорда арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Үкіміне сәйкес экономикалық және әлеуметтік қорлар бюджет қаржысының бос қалдығынан, салыққа жатпайтын аударылым мен жиындардан, торгтар, аймақтық лотериялар, заимдар өткізуден түсетін кірістерден, заңды және жеке түлғалардың ерікті жеке қайырмалдылық жарналарынан құрылады. Осыған қайшы, Қызылорда қаласы әкімі бұл қорларды 392 млн.теңге көлемінде қосылған құнға салынатын салықтан, акцизден, баж салығынан түсетін түсім көлемін көбейтіп, білімге, денсаулыққа, тұрғындық жәрдем қаржыға қаралған қаржы көлемін азайта отырып құрды. Сонымен қатар, қалалық бюджеттік мекемелерді оңтайландыруды жүргізгеннен кейін 520 млн.теңге бюджәт қаржысы жетіспейді, оның ішінде 214 млн. теңге еңбек ақы қорына.
Жыл басынан бері 3 ай мерзім өтседе, политехникалық институт және гуманитарлық университет колледждерінде оңтайландыру жұмыстары төмен деңгейде жүргізілуде, бұл бюджет қаржысын үнемдеуге кері ықпалын тигізеді.
Облыс әкімі 1997 жылдың 21 ақпанындағы № 433 шешімімен аудан және Қызылорда әкімдеріне 1997 жылдың 1 қаңтарына бюджеттік мекемелердің бет есептерінде жиналған бос қалдықтарын бюджет саласы қызметкерлерінің айлығына төленбеген қарыздарын жабуға жұмсау ұсынылды. Бұл ұсыныс тек Қазалы, Қармақшы және Тереңөзек аудандарында орындалып, сәйкесінше 1,5; 3,3 және 0,8 млн.теңге бағытталды.
Облыс әкімінің 1996 жылғы 10 ақпандағы № 141 аудандар мен Қызылорда қала әкімдерін, облыстық басқарма басшыларын барлық тұтыну топтарына-су, жылу, газ есептегіш құралдарын орнатуды жүктейтін шешімі қанағаттандығысыз орындалып отыр.
1996 жылы облыс бойынша бюджеттік мекемелерге 45 жылу, 155 су есептегіш құралдары орнатылды. Биылғы жылы әлі 80 жылу және 44 су өлшегіш құралдары орнатылуы қажет.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы білім саласында мекемелерге ғимараттар мен басқа да материалдық базаларды коллективтік және меншіктің басқа да түрлеріне жеңілдіктермен беріліп мемлекеттік емес құрылымды қолдығанымен, оған өту процессі облыс бойыншн өте жәй жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Үкіметі 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысымен, 1997 жылдың қаңтар-қараша айларында мектеп жасына дейінгі балалар, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар мекемелерін аз қамтамасыз және әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балаларын бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етуді сақтай отырып, бірте-бірте өз шығынын өзі өтеуге көшуді жоспарлаған, 1997 жылға реформаны тереңдету жөніндегі шаралараның жан-жақты жоспарын бекітті. Барлық, осындай шаралар бюджет қорын жысын үнемдеген болар еді.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің, облыстық білім, денсаулық және мәдениет басқармаларының басшыларының облыстық бюджеттік мекемелердің құрылымдары мен желісін оңтайландырудағы жұмыстары қанағаттандырғысыз деп табылсын.
2. Қызылорда қаласының әкімі қалалық бюджетті 1997 жылы экономикалық және арнайы экономикалық аймақтың әлеуметтік даму қорларын құрау қолданылып жүрген заңдарға және Қызылордалық арнайы экономикалық аймақ туралы ережеге сәйкестірілсін, бюджеттік мекемелерді қажетті қаржымен қамтамасыз етсін.
3. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық басқарма және ведомство басшылары:
- бюджеттік мәкемелердің құрылымы мен желісін оңтайландыру жұмыстарын аяқтасын және оларды аймақтың халқына әлеулі залалы тимейтіндей қылып әліде қысқартсын;
- мекемелерді сол аймақта ұстаудың мақсатқа сәйкестігін, оның қызметіне нақты қажеттілігін және бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып анықтасын;
- 1997 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша жергілікті бюджеттердің есеп шоттарына жиналған қалған бос қаржыларды бюджет саласы қызметкерлерінің айлыққа төленбеген қарыздарын өтеуге бағытталсын.
- жеке меншік оқу, емдеу-профилактикалық және басқа да мекемелерді ашу жолдарымен әлеуметтік салаларды қаржыландырудың мемлекеттік емес көздерін тарту және мектеп жасына дейінгі балалар, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар мекемелерін аз қамтамасыз және әлеуметтік қорғалмаған отбасыларының балаларын бюджеттен қамтамасыз етуді сақтай отырып, бірте-бірте өз шығынын өзі өтеуге көшуді қамтамасыз етсін;
- коммуналдық қызметтерді төлеуде шығындарды үнемдеу мақсатында жаппай су және жылу есептегіш құралдарын, шағын жылу қазандықтарын қондыруды қамтамасыз етсін;
- төлемдердің бюджетке уақытылы және толық түсуін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтсін, бюджеттің жергілікті салықтар мен жиындар есебінен толықтыру, бюджеттік мекемелердің шығындарын өтеу үшін қосымша кіріс көздерін қарастырсын;
- бюджеттің кірістері мен шығыстары бөлігінің бөлімдеріне белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізсін;
- басқару аппаратын ұстаудағы мемлекеттік қаржыны қатаң үнемдеуді қамтамасыз етсін. Лимиттен артық қызметтік автокөліктерді мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі аймақтық органдары арқылы сатуды, мемлекеттік органдардың алып отырған алаңдары мен қызметтік телефондар санын тиісті қалыпқа келтірсін;
- жүргізілген жұмыстар қорытындысын нақты босатылған адам санымен, үнемделген бюджет қаржысы және экономикалық тиімділігін көрсете отырып, облыстық қаржы басқармасына 1997 жылдың 1 мамырына хабарласын.
Әкім | Б. Сапарбаев |