Алматы қаласында хайуанаттар ұстау тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Алматы қалалық Мәслихатының шешімі І сайланған XV сессиясының 1997 жылғы 6 қыркүйектегi Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1998 жылғы 15 қантарда N 5 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 118 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 118  шешімімен
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар туралы"  Z934100_  Қазақстан Республикасы Заңының N 40 бабына сәйкес, үй жағдайында қала тұрғындары ұстайтын хайуанаттар санының өсуiн ескере отырып Алматы қалалық Мәслихаты шешiм қабылдады. 
      1. Алматы қаласында хайуанаттар ұстау тәртiбi бекiтiлсiн, берiлiп отыр.

     2. Аудан әкiмдерiне тиiстi қала қызметтерiмен және басқармалармен келiсiм бойынша аудандардағы санитарлық аймақтарды белгiлесiн және хайуанаттарды серуендетуге арналған арнайы алаңдарды жабдықтасын.

     3. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау халықты әлеуметтiк қорғау 

денсаулық сақтау, азық-түлiк пен қызмет көрсету саласы мәселелерi 

жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (А.Ж. Байсарина).

     I сайланған Алматы
     қалалық Мәслихаты
     ХV сессиясының
     төрағасы

     I сайланған Алматы
     қалалық Мәслихатының
     хатшысы

                                       I сайланған Алматы қалалық
                                        Мәслихатының 1997 жылғы
                                        6 қыркүйектегi XV сессиясына
                                        қосымша

              АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ХАЙУАНАТТАР ҰСТАУ ТӘРТIБI 

                      А. Тарау. I. Жалпы ережелер 

      1.1. Осы тәртiп ведомстволық бағыныстылығы мен меншiктiң санына қарамастан ұйымдар мен кәсiпорындарды қоса алғанда Алматы қаласындағы хайуанаттардың барлық иелерiне қолданылады. 
      1.2. Хайуанаттарды ұстаудың мiндеттi шарттары төмендегiдей: 
      - Жыл сайын қайта тiркеу жасау, аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы егiлу, жұқпалы ауруларға қарсы шаралар қолдану және тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк аудандық ветеринарлық емханаларда 2,5 - 3 айлықтарынан бастап диагностикалық тексерiс. Жаңадан алынған хайуанаттар екi апта мерзiмде аудандық ветеринарлық емханаларда тiркелiп, осы жөнiнде тiркеу куәлiгiн алуға тиiс; 
      - санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық тәртiп пен норманы сақтау. 
      1.3. Хайуанаттар тiркеу куәлiгiнсiз көрмеге қатысуға және тұқымдық байқауға жiберiлмейдi. 
      1.4. Хайуанаттарды қаладан тысқары жерге сату мен әкетуге тек белгiленген үлгiдегi ветеринарлық куәлiк толтырылғанда ғана рұқсат етiледi, онда тiркеу куәлiгi негiзiнде Алматы қаласының Ветеринария Комитетi беретiн вакцинация және дегельминтизация күнi көрсетiледi. 
      1.5. Хайуанаттарды суаттар мен өзендерге шомылдыруға тыйым салынады. 
      1.6. Хайуанаттар ветеринарлық маманның ұйғарымы бойынша әкетiледi және оқшауландырылады. 

                2. Хайуанаттар иелерiнiң мiндеттерi 

      2.1. Хайуанаттар иелерi мiндеттi: 
      - оларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес күтуге, iзгiлiкпен қарауға, қараусыз тастамауға, ал ауырған жағдайда ветеринарлық көмекке өз уақытында жүгiнуге; 
      - оларды ұстайтын және серуендететiн орындарды тұрақты санитарлық жағдайда ұстауға; 
      - мемлекеттiк ветеринарлық мекемелер мамандарының талабы бойынша хайуанаттарды өз уақытында тексеруге, диагностикалық тексерiс пен емдеу-сақтандыру шараларына ұсынуға; 
      - адамдар мен хайуанаттар ортасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қабылдауға; 
      - бұдан әрi күтiп ұстау мүмкiн болмаса, хайуанатты басқа иеге беруге немесе ветеринарлық мекемеге беруге; 
      - хайуанатты алғандығы, жоғалтқандығы немесе өлгендiгi туралы тұрғылықты жердегi мемлекеттiк ветеринарлық қызметке хабарлауға; 
      - хайуанаттар адамға немесе хайуанатқа жарақат салса, хайуанат иесi бұл туралы кешiктiрмей таяудағы медициналық және ветеринарлық мекемеге жеткiзуге, ветеринарлық маманның бақылауымен тексерiс пен оқшаулау үшiн мемлекеттiк ветеринарлық емханаға жеткiзуге. 
      2.2. Хайуанатты мемлекеттiк ветеринарлық емхананың оқшауханасында ұстауға байланысты барлық шығын "Ветеринария туралы" 25.07.95 ж. N 2376  U952376_  Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 28 бабының 3 тармағына сәйкес хайуанат иесi есебiнен өтеледi. 
      2.3. Өлiктердi әкету мен тасу үшiн қатты тұрмыстық қалдықтарды тасу жөнiндегi арнайы көлiк кәсiпорынына хабарлануға тиiс. Өлiктi лақтыруға немесе оны жерге көмуге тыйым салынады.

                    3. Хайуанат иелерiнiң құқығы

     3.1. Кез келген хайуанат оның иесiнiң меншiгi болып табылады және барлық меншiк түрi сияқты заңмен қорғалады.

     Б. Тарау. Ит пен мысық ұстау

     4.1. Рұқсат етiледi:
      - Туысқандық қатынастары жоқ екi және одан да көп отбасы тұратын пәтерлерде, тұрғынжайда, олардың келiсiмiмен және көршiлердi медициналық қарсы айғақ болмаған жағдайда хайуанаттар ұстауға; 
      - ұйымдарда, кәсiпорындар мен мекемелерде азық-түлiк емес дүкендерде және т.б. орындарда иттi қысқа баумен және тұмылдырықпен алып жүруге; 
      - жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда бақтау арқылы хайуанаттарды барлық көлiктермен тасуға; 
      4.2. Тыйым салынады: 
      - қоғамдық орындар мен көлiкте бау мен тұмылдырықсыз серуендетуге, сондай-ақ мас күйiндегi адамдар мен 14 жасқа дейiнгi балалардың алып жүруiне; 
      - хайуанаттарды қоғамдық орындарда, ас үйде, дәлiзде, баспалдақ алаңында, шатырда, подвалда, сондай-ақ балкон мен лоджияда ұстауға; 
      - хайуанаттардың кiре-берiс, баспалдақ алаңын, лифтiнi, сондай-ақ спорт, балалар алаңын, жасыл желектi, тротуарды, парк аумағын ластауына. Егер хайуанат осы орындарда нәжiс тастап кетсе, оны иесi жинауға тиiс; 
      - ит пен мысықты терiмен ет үшiн өсiруге; 
      - қала Ветеринария Комитетiнiң рұқсатынсыз ит сайыстарын өткiзуге. 
      4.3. Дүкенде, ауруханада, дәрiханада, тұрмыс қажетiн өтеу кәсiпорындарында және т.б. жерлерде байлап қалдырған хайуанаттарды қоспағанда қоғамдық орындарда иесiз жүрген ит пен мысық қараусыз болып саналады және арнайы қызметтердiң аулауына жатады. 
      4.4. Тұрғын үйдiң төңiрегiне иттi серуендеткен кезде тыныштық сақтауға, иттердi үргiзбеуге мiндеттi. 
      Бұл хайуанаттар арнайы бөлiнген алаңдарда ғана серуендетiлуге тиiс: 
      - көшеден өткенде және жол жанынан жүргенде жол көлiк оқиғасын болдырмау үшiн иттi бауынан ұстау қажет. 

           5. Үй, ауыл шаруашылық хайуанаттарын, құстар мен 
                              араны ұстау 

      Санитарлық аймақта ауыл шаруашылық хайуанаттарын, құстар мен араны жаюға, айдап өтуге ұстауға тыйым салынады. Санитарлық аймақ аудан әкiмiнiң шешiмiмен белгiленедi. 
      5.1. Үй хайуанаттары, құстар мен ара жеке сектордағы тұрғын үй, мектеп, емдеу мен балалар мекемелерi, парк, хайуанаттар паркi, стадиондар, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорны, сауда, жеңiл өнеркәсiпорны, көп пәтерлi үй, жалпы демалыс орны, балалар сауықтыру лагерi, демалыс үйi, санаторий аумағынан, жасанды суат, шыңырау құдық пен Кiшi Алматы, Весновка, Үлкен Алматы өзендерi мен олардың ағыстары жағалауынан қолданыстағы нормативтерге сәйкес қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған жабық ғимаратта ұстауға тиiс. 
      Бiр қабатты үйлерде бiрден артық отбасы тұрса белгiленген ветеринарлық-санитарлық тәртiптi сақтай отырып осы үйде тұратын көршi отбасылардың келiсiмiмен хайуанаттарды, құстар мен араны ұстауға болады. 
      5.2. Экзотикалық хайуанаттарды ұстауға қала ветеринария комитетiнiң арнайы рұқсаты қажет. 
      5.3. Қоражай ай сайын ақталып, апта сайын дезинфекциялануға тиiс, қи, азық қалдығы мен боқсық бұл үшiн арнайы бөлiнген жерге өз уақытында әкетiлуi қажет. 
      5.4. Сәуiр мен қараша айларының бойында шыбынмен, әртүрлi жұқпалы ауруларды таратушылармен күресу мақсатында үй хайуанаттарын мен құстарды ұстайтын орынды аптасына кемiнде бiр рет инсектицидтiк препараттармен өңдеп отыру керек. 
      5.5. Малды көшеде, алаңда, бақта, паркте және басқа қоғамдық орындарда жаюға тыйым салынады. 
      5.6. Балалардың мектепке дейiнгi мекемелерiнде, мектептерде, оқушылар сарайында, кооперативтерде, жабайы және үй хайуанаттары тек қаланың Ветеринария комитетiнiң рұқсатымен ғана ұстауға.

     5.7. Қазақстан Республикасы Бас Мемветинспекторының 1996 ж. 2 қазанда бекiткен тәртiптi сақтау бойынша көлiктiң барлық түрлерiнде хайуанаттарды әкелуге және тасуға рұқсат етiледi.

              В. Тарау. Хайуанат иелерiнiң осы тәртiптi
                   сақтау жөнiндегi жауапкершiлiгi

     6.1. Осы Тәртiптi сақтамағандығы үшiн хайуанаттар иелерi   U952376_   "Ветеринария туралы" 25.07.95 ж. N 2376 Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына және 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-ІІ ЗРҚ "Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы"   K010155_   Қазақстан Республикасы Кодексімен сәйкес жауапкершiлiк көтередi.<*>

     Ескерту. 6.1 тармақ өзгертілді - Алматы қалалық Мәслихатының ІІ сайланған ІХ сессиясының 2001 жылғы 04 сәуірдегі  шешімімен .  

     6.2. Азаматтың денсаулығына келтiрiлген зақым немесе хайуанаттың мүлiкке келтiрген залал заңда белгiленген тәртiппен хайуанат иесi есебiнен өтеледi.

     I сайланған Алматы қалалық
     Мәслихаты XV сессиясының
     төрайымы

     I сайланған Алматы қалалық
     Мәслихатының хатшысы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады