Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шілдедегі N 113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 5 маусым N 6 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 26 маусымда тіркелді. Тіркеу N 86. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 392 қаулысымен.

  --------------Қаулыдан үзінді-------------

      Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң (бұдан әрi - Агенттiк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының    
Қаржы нарығын және қаржы    
ұйымдарын реттеу мен қадағалау 
жөніндегі агенттігі басқармасының
2004 жылғы 27 желтоқсандағы   
N 392 қаулысына Қосымша    

Күшi жойылды деп танылатын нормативтiк
құқықтық актiлердiң тiзбесi

      7. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 113 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 1998 жылғы 5 маусымдағы N 6 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 86 тiркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлер жинағында жарияланған, 1998 жыл, 2-том)...      

------------------------------------

      Зейнетақы реформасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталатын) Қаулы етеді: 
      1. Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 30 шілдедегі "Бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына қойылатын талаптар туралы" (Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 11 қарашадағы N 191 қаулысымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) N 113  V970361_  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      3 тармақ "1998 жылғы 1 мамырға дейін" сөздерден кейін "Ұлттық комиссияның Директораты рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
      3. Осы Қаулының орындалысына бақылау жасау Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.     

     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Ұлттық комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады